"Электр тораптық ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Орынбасары - Энергетика және минералдық ресурстар министрiнiң 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 314 бұйрығының күшi жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 25 қазандағы № 329 бұйрығы

Қолданыстағы

      «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабының 1-тармағына және  43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мынадай:
      1) «Электр тораптық ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Орынбасары – Энергетика және минералдық ресурстар министрiнiң 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 314 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2001 жылғы 28 желтоқсанда № 1708 болып тіркелген, «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетені» журналында 2002 жылы жарияланған, № 25-28, 626, 627 құжаттар);
      2) «№ 1708 болып тіркелген «Электржелілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 314 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрiнiң 2004 жылғы 16 қыркүйектегі № 222 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2004 жылғы 27 қыркүйекте № 3106 болып тіркелген, «Заң газеті» 2005 жыл 18 қараша № 150-151 (775) жарияланған);
      3) «Электр тораптық ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 314 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрiнiң 2007 жылғы 26 шілдедегі № 175 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2007 жылғы 9 қыркүйекте № 4859 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2007 жыл 22 тамыз № 128 (1157), «Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында» 2007 жыл маусым – тамыз, жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаментi (С.Қ. Есімханов) бiр апталық мерзiмде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне осы бұйрықтың көшiрмесiн жiберсiн және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.М. Жақсалиевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары -
      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және жаңа технологиялар министрі         Ә. Исекешев