"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың:
1) «Ғылым мен техниканы дамытуға аса зор үлес қосқан ғалымдар мен дарынды жас ғалымдарға мемлекеттік стипендиялар төлеу тәртібі туралы нұсқаулығын бекіту туралы» 1997 жылғы 26 мамырда № 118 Қазақстан Республикасы Ғылым министрі - Ғылым академиясының министрлігінің бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1997 жылғы 21 тамызда № 354 тіркелген);
2) «1997 жылғы мемлекеттік ғылыми стипендиялар және оларды төлеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының 1997 жылғы 26 мамырдағы № 118 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 19 мамырдағы № 312 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 11 шілдеде № 3675 тіркелген, 2005 жылы 29 қыркүйекте «Юридическая газета» газетінде № 179 (913) жарияланған);
3) «1997 жылғы мемлекеттік ғылыми стипендиялар және оларды төлеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының 1997 жылғы 26 мамырдағы № 118 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 21 қыркүйектегі № 632 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 11 қазанда № 3881 тіркелген, 2005 жылы 15 желтоқсанда «Юридическая газета» газетінде № 235-236 (969-970) жарияланған) бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Ғылым комитеті (Н.М. Ыбырайым) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Б. Жұмағұлов