23.07.1999

Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер енгізілсін:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2709 Z952709_ заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 15, 208-құжат; 1999 жылғы 9 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      49-баптың 4-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
      52-баптың 1) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызмет туралы" заң күші бар Жарлығымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңымен" деген сөздермен ауыстырылсын.
      53-баптың 1-тармағындағы "не біліктілік сыныптары" деген сөздер алып тасталсын.

      2. 1997 жылғы 16 шілдедегі K970167_ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат):
      307-баптағы Ескертудің 2-тармағындағы: "сол сияқты мемлекеттік қызмет туралы заңдарда белгіленген мемлекеттік қызметшілердің жоғары, бірінші және екінші лауазым санаттарына жататын лауазымда істейтін адамдар" деген сөздер алып тасталсын.

      3. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 1998 жылғы 2 шілдедегі

 

Z980267_

  Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы 
Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 15, 209-құжат):
     2-баптың 5-тармағындағы: "сондай-ақ Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік қызмет туралы заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметші 
қызметінің жоғары, бірінші немесе екінші санаттарына жататын қызметтерді 
атқаратын адамдар" деген сөздер алып тасталсын.
     
     2-бап. Осы Заң 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізіледі.
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Омарбекова А.Т. 
     
      
      



Дата вступления в силу:  01.01.2000
Дата изменения акта:  23.07.1999
Дата принятия акта:  23.07.1999
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  102000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  4055
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  454
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  001008000000 / 002004001000 / 030003000000 / 028000000000
Форма акта:  ЗАК
Юридическая сила:  0400
Язык акта:  kaz