Қазақстан Республикасы және Европалық Одақ арасындағы қаржыландыру туралы Меморандумды бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 20 шілде N 449-I


     Алматыда 1997 жылғы 20 қыркүйекте жасалған Қазақстан Республикасы 
және Европалық Одақ арасындағы қаржыландыру туралы Меморандум бекітілсін.

     Қазақстан Республикасының
            Президенті                       

                       
                       1996-1997 Тасис бағдарламасы
                      Қаржыландыру туралы меморандум
     Тараптар:
     Бұдан әрi "Комиссия" деп аталатын Еуропалық қоғамдастық 
комиссиясы бұдан әрi "Қоғамдастық" деп аталатын Еуропалық 
қоғамдастықтың атынан қатыса отырып,
     бiр жағынан және
     бұдан әрi "ҮКIМЕТ" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi 
бұдан әрi "ҚАЗАҚСТАН" деп аталатын Қазақстан Республикасының атынан 
қатыса отырып,            
     екiншi жағынан.


      Екi тараптың Қазақстанда 1996-1999 жылдарға арналған техникалық көмектi жүзеге асыру жөнiндегi Индикативтiк Бағдарламаға (Тасис) келiскенiне орай.

      Екі тарап мыналар туралы келісті:
      1. Қызметтiң нысанасы мен түрi
      Аталған шартта тараптар 1997 қаржы жылы бойынша Тасис бағдарламасының шеңберiнде қоғамдастық Қазақстан үшін 1996-1997 Іс-қимыл бағдарламасында одан әрi белгiленген және 1-қосымшада қоса берілген және Қаржы меморандумының ажырамас бөлiгi болып табылатын субсидиялармен қаржыландыру арқылы техникалық көмектi жүзеге асыратын болады. Көрсетiлген бағдарламаның қолайлылығы үшiн мыналар айқындалды:
      NКА9701 бағдарламасы Атауы: Қазақстанға техникалық көмек
      2. Жүзеге асыру
      Қабылданатын және 1-бапта оған сiлтеме бар және осы туралы белгiленген ережелерге сәйкес және 2-қосымшада қоса берiлген Қаржы меморандумына қолданылатын Жалпы ережелерде қоғамдастықтың бюджетiнен қаржыландырылатын iс-шара осы қаржы меморандумының ажырамас бөлiгi болып табылады.
      Қазақстан үшiн 1996-1997 бағдарламасындағы сияқты осы қаржы меморандумындағы және Жалпы ережелерге өзгерiстер Қаржы меморандумына қолданылады және жазбаша нысанда көрсетiлуi тиiс және тараптардың арасында хаттар алмасу арқылы келiсiле алады.
      3. Одақтың мiндеттемесi
      Қоғамдастық 19000000 ЭКЮ (он тоғыз миллион) сома бөле отырып, Қазақстанға арналған 1996-1997 жылғы Iс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыруға кiрiседi.
      4. Ұзақтығы. Мерзiмiнiң аяқталуы
      Қаржыландыру шарттары жөнiндегi осы Келiсiм оған екi тарап қол қойған уақыттан бастап күшiне енедi.
      Қаржыландыру шарттары жөнiндегi осы Келiсiмнiң мерзiмiнiң

аяқталуы - 2000 жылдың 31 желтоқсаны. Осы мерзiмнен кейiн КА9701 
бағдарламасы бойынша кез келген қаржыландырушы баланс тоқтатылады.
     Қаржыландырудың шарттары жөнiндегi осы Келiсiм мен тиiстi КА9701 
бағдарламасының ұзақтығын ұзарту жазбаша нысанда Үкiметтен негiзделген 
сұрау салу ұсынылуымен келiсiлуi мүмкiн.
     5. Мекен жайлар
     Қаржыландырудың шарттары жөнiндегi осы Келiсiмге қатысты кез 
келген және барлық ақпарат мына мекен-жайларға жолданады:
     
     Комиссия үшін                         Үкімет үшін
     Europian Commission                   Өмірзақ Шүкеев мырза 
     Tacis Programme                       Тасис ЕҚ Үйлестіру Бюросының
     Mr F. Lamcureux                       Тасис Ұлттық Үйлестірушісі
     AN 885/31                             Желтоқсан (бұрынғы Бейбітшілік)
     Rue de Loi 200                        көшесі 115  
     B-1049 Brussels                       514-517 бөлмелер
     Belgium                               480091, Алматы
                                           Қазақстан
     6. Көшiрмелердiң саны
     Қаржыландырудың шарттары жөнiндегi осы Келiсiмге ағылшын 
тiлiндегi екi данаға және орыс тiлiндегi екi данаға қол қойылды. Екi 
тiл де түпнұсқа болып саналады.
     Еуропалық Комиссия үшiн және        Қазақстан Республикасы үшiн
     оның атынан                         және оның атынан
     Аты-жөнi: Ван Ден Брук мырза        Аты-жөнi: Өмiрзақ Шукеев мырза
                                         Лауазымы: Қазақстан
     Лауазымы: Комиссияның мүшесi        Республикасының Вице-Премьері
                                         -Экономика және сауда 
     Күнi: 24-10-97                      министрі
     Жерi                                Күнi: 20.09.97.
                                         Жерi: Алматы

                        Қаржыландыру туралы меморандумға
                          қолданылатын жалпы ережелер
     


      Бiрге "Уағдаласушы тараптар" деп аталатын, бұдан әрi "КОМИССИЯ" деп аталатын Еуропалық қоғамдастық комиссиясы бұдан әрi - "Қоғамдастық" деп аталатын Еуропалық экономикалық қоғамдастықтың атынан қатыса отырып,
      бiр жағынан және
      бұдан әрi "ҮКIМЕТ" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының атынан қатыса отырып.
      Қазақстан Республикасының Қоғамдастық Кеңесiнiң 1991 жылғы 15 шiлдедегi N 2157/91 және 1993 жылғы 19 шiлдедегi N 2053/93 нұсқаулықтарында көзделгендей Қоғамдастықтың техникалық жәрдем көрсету бағдарламасы бойынша ІС-ШАРАЛАР түрiнде көмек алатын ел болып табылатындығына орай.
      Қазақстан Республикасында Қоғамдастықтың техникалық жәрдем көрсету бағдарламасы бойынша қаржыландырылатын IС-ШАРАЛАРДЫ жүзеге асыру үшiн жалпы техникалық, заң және әкiмшiлiк ережелер бекiтiлуi тиiстiлiгiне орай.
      Мыналар туралы келісті:
                                   1-бап
       Қазақстан Республикасындағы экономикалық және әлеуметтiк реформалар процесiн қолдау мақсатында Уағдаласушы тараптардың арасындағы ынтымақтастыққа жәрдем көрсету үшiн Уағдаласушы тараптар жоғарыда айтылған нұсқаулықтарда көрсетiлгендей Қаржыландыру туралы меморандумға қолданылатын осы Жалпы ережелерде бекiтiлген техникалық, заң және әкiмшiлiк құрылымдардың шеңберiнде қаржыландырылатын және өмiрге енгiзiлетiн ІС-ШАРАЛАРДЫ жүзеге асыруға келiстi. IС-ШАРАЛАРДЫ (немесе ІС-ШАРАЛАР жиынтығының) әрқайсысының жекелеген тетiктерi Уағдаласушы тараптар қабылдауы тиiс болатын Қаржыландыру туралы меморандумда (бұдан әрi "Қаржыландыру туралы меморандум" деп аталатын) жазылатын болады.
      Уағдаласушы тараптар барлық ІС-ШАРАЛАРДЫ лайықты орындалуын қамтамасыз ету үшiн барлық қажеттi қадамдарды қолданады.
      Уағдаласушы тараптар оны тиiмдi жүзеге асыру мүддесiнде өзара келiсiм бойынша жекелеген iс-шараларды түрлендiре алады. Мұндай түрлендiру:
      а) бағдарламалардың түрлi сандық компоненттерiн бөлудi Қаржыландыру туралы меморандумның құны жөнiндегi таратылымды көрсетiлген соманы 15% асатын өзгертуге;
      б) бағдарламалардың мазмұнын немесе техникалық элементтерiн айтарлықтай өзгерту жолымен бағдарламаларды бастапқыда айқындалған шарттарда орындауға ықпал етуге әкеп соқтыра алмайды.
                                  2-бап



      Осы Жалпы ережелерде қамтылған, Қаржыландыру туралы меморандумға қолданылатын әрбiр ІС-ШАРА Қаржыландыру туралы әрбiр меморандумға енгiзу ұйғарылатын, осы құжатқа қосымшада жазылған жалпы ережелерге сәйкес жүзеге асырылатын болады.
      Қаржыландыру туралы меморандум, алайда, ІС-ШАРАНЫ жүзеге асыру үшiн қажет болған жағдайда бұл Жалпы ереженi түрлендiре және толықтыра алады.
                                  3-бап



      Осы Жалпы ережелердің шарттары Қазақстан Республикасы мен көмек алатын, бiрақ өзiнің мәнi бойынша Қаржыландыру туралы жекелеген меморандуммен қамтылмаған басқа да елдер үшiн мүдделiлiктi бiлдiретiн аймақтағы мемлекетаралық IС-ШАРАНЫ қоса алғанда, Қоғамдастықтың техникалық жәрдем көрсетуi бағдарламасы бойынша қаржыландырылатын ІС-ШАРАЛАРҒА да қолданылатын болады.
                                  4-бап



      Комиссия осы Жалпы ережелер бойынша қаржыландырылатын ІС-ШАРАЛАРҒА қатысты мәселелер үшiн Қазақстан Республикасында тiркелген (егер ол болса), комиссияның атынан және Қазақстан Республикасының тиiстi билiктерiмен тығыз ынтымақтастықта қаржылық және техникалық басқарудың заңды практикасына сәйкес ІС-ШАРАЛАРДЫ жүзеге асыруды қамтамасыз ететiн өзiнiң өкiлдiгiне ұсыныс жолдай алады.
                                  5-бап



      Осы Жалпы ережелерге қатысты кез келген дау Уағдаласушы тараптардың арасындағы осылайша аталған Жалпы ереженiң мақсаттарын назарға ала отырып проблемаларды шешу үшiн барлық мүмкiн болатын күш-жiгердi жұмсайтын консультациялардың нысанасы болып табылады.
                                  6-бап



      Осы Жалпы ереже оған екi тарап та қол қойған күнi күшiне енедi.
      Олар Қоғамдастық Кеңесiнiң 1991 жылғы 15 шiлдедегi N 2157/91 және 1993 жылғы 19 шiлдедегi N 2053/93 нұсқаулықтарында көзделгендей Қоғамдастықтың техникалық жәрдем көрсету бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын барлық iс-шараларға қолданылатын болады.
                                  7-бап



      Қаржыландыру туралы меморандумға қолданылатын осы Жалпы ереже

1991 жылғы 2 тамызда Еуропалық экономикалық қоғамдастық пен Кеңестiк 
Социалистiк Республикалар Одағы қол қойған Хаттаманы алмастырады және 
тоқтатады.             
     1994 жылғы 4 ақпанда Брюссельде жасалды, көшiрме нұсқалары 
ағылшын және орыс тiлдерiндегi екi түпнұсқалық көшiрмеде, әрбiр 
мәтiннің бiрдей күшi бар.   
      
     Еуропалық                            Қазақстан
     Қоғамдастық                          Республикасының
     Комиссиясы                           Үкіметі
     Сэр Леон БРИТТАН,                    Д. Сембаев,
     Еуропалық қоғамдастық                Қазақстан Республикасы
     Комиссиясының вице-президентi        Премьер-Министрінің
                                          бірінші орынбасары


                                                             ҚОСЫМША



                     Қаржыландыру туралы меморандумға
                        қолданылатын жалпы ережелер

                    I тарау. Іс шараларды қаржыландыру

      1-бап. Қоғамдастықтың көзделіп отырған қаржы қаражаттары

      Қоғамдастықтың бұдан әрi "ЕЭҚ субсидиясы" деп аталатын, көлемi Қаржыландыру туралы әрбiр меморандумда белгiленетiн көзделген қаржы қаражаты лайықты түрде бекiтiлген келiсiм шарттардың немесе жұмыс бағдарламаларының негiзiнде салымдар мен төлемдердi жүзеге асырудың шегiн айқындайды.

      2-бап. Төлемдер

      Төлемдердi аванстар нысанында тiкелей мердiгерге немесе жұмыс бағдарламаларының негiзiнде талап етiлулердi орындау жағдайында Комиссияның немесе Комиссияның қадағалауымен ІС-ШАРАЛАРДЫ орындалуы үшiн жауап беретiн ұйымның атынан мердiгерлерге төлем жүргiзiлетiн, жоба үшiн арнайы арналған банктiк шотқа Комиссия жүргiзетiн болады.
      ІС-ШАРА жұмыс бағдарламаларының негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс болатын әр жолы шотқа аванстық төлемдер қолма қол ақша қозғалысының тиiстi жоспарларына негізделiп жүргiзiлетiн болады.
      Келiсiмшарттар стандарттық келiсiмшарттар мен Еуропалық қоғамдастық комиссиясы қолданатын келiсiм шарттарға арналған жалпы ережелер сияқты халықаралық үлгiлерге сәйкес келетiн болады.

                  ІІ тарау. Материалдық-техникалық жабдықтау

      3-бап. Жалпы жағдайлар

      Техникалық ынтымақтастық жөнiнде келiсiмшарттар және берулер бойынша келiсiмшарттар жасасу үшiн қолданылуы тиiс рәсім төменде қалыптастырылған принциптер ұстаныла отырып, Қаржыландыру туралы меморандумда белгіленетiн болады.

      4-бап. Көздер

      КОМИССИЯ жеке санкцияландырған жағдайларды қоспағанда, келiсiмшарттарды орындау үшiн талап етiлетiн ресурстар мен қызмет көрсетулер Қоғамдастықтан немесе 1991 жылғы 15 шілдедегi N 2157/91 және 1993 жылғы 19 шiлдедегi N 2053/93 нұсқаулықтарда көрсетiлген бенефициари елдерден болуы қажет. Бенефициари елдердің тiзiмi осы келiсiмге қол қою сәтiнде қоса берiледi.
      Жекелеген жағдайларда және Комиссияның ерекше бекiтуiмен көздер РНАRЕ бағдарламасының бенефициари елдерiне, жерорта теңiзi елдерiне дейiн, бiрлесiп қаржыландыру жағдайында iске қатысы бар басқа да үшiншi елдерге дейiн кеңейтiлуi мүмкiн. РНАRЕ бағдарламасы бенефициари елдерiнiң тiзiмi Жалпы ережелерге қол қою сәтiнде қоса берiледi.
      Ұлттық шыққан тегi бiрдей немесе әртүрлi фирмалардың арасындағы топтастыру, консорциум және қоса мердiгерлiк туралы келiсiм көздің аталған ережесiне енедi.

      5-бап. Стандарттық рәсімдерден алшақтау

      Мәселенiң кезек күттiрiлмейтiндiгi немесе ІС-ШАРАЛАРДЫҢ мәнi екiншi дәрежедегi маңыздылығы немесе ерекше сипаты бойынша ақталудың қайда екендiгi айқындалған жағдайларда (мысалы, екi кезеңдi қаржыландыру операциялары, көп фазалы операциялар, жекелеген техникалық ерекшелiктер және т.с.с.) Комиссия жоққа шығару түрiнде:
      - жобалардың конкурсы туралы шектелген хабарландырудан кейiн беру жөнiндегi келiсiмшарттарды орналастыруды;
      - келiсiмшарттарды тiкелей келiсiммен жасасуды санкцияландыра алады.

      6-бап. Берулер бойынша келісімшарттарға қатысудың шарттары

      5-баптың шарттары бойынша берулер бойынша келiсiмшарттарға қатысу үшiн тең жағдай, атап айтқанда, тиiстi уақытта жобалардың конкурсына қатысуға шақыруды жариялау жолымен кепiлдендiрiлетiн болады. Қоғамдастықтың хабарландыруы Қазақстан Республикасы мен басқа да мүдделi мемлекеттер үшiн әдеттегiдей Еуропалық қоғамдастықтың Ресми журналы мен тиiстi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.

      7-бап. Келісімшарттарды ұсыну

      КОМИССИЯ әрбiр операция үшiн таңдалып алынған ұсыныс, әсiресе бiлiктiлiк пен өтiнiш берушiлерге ұсынылатын кепiлдiктер, берулер мен қызмет көрсетулердің шығындары мен сапасы, жүзеге асырудың сипаты мен оған арналған жағдайлар, ұқсатуға арналған шығындар мен техникалық құндылықтар тұрғысынан алғанда, неғұрлым экономикалық тиiмдi болып табылады.
      Берулер бойынша келiсiмшарттар жобалары конкурсының нәтижелері Қоғамдастықтың Ресми журналында жарияланады.

      8-бап. Техникалық жәрдемдесу жөніндегі келісімшарттар

      1. Техникалық жәрдемдесу жөнiндегі келiсiмшарттар, әдетте, жобалардың конкурсы туралы шектелген хабарландырудың iзiн ала немесе ол техникалық, экономикалық немесе қаржылық себептермен өзiн өзi ақтайтын кезде қоғамдастықтың орталық бюджетiне қолданылатын қаржылық нұсқаулыққа сәйкес тiкелей келiсiм рәсiмi арқылы жасалатын болады.
      2. Келiсiмшарттарды не КОМИССИЯ не ол Қаржыландыру туралы меморандумда көзделсе КОМИССИЯ немесе егер ондай болса оның Қазақстан Республикасында тiркелген өкiлi бекiткеннен кейiн көмектi алушы немесе оның артынан қатысатын заңды тұлға дайындайды, талқылайды және жасасады.
      3. Жобалардың конкурсы туралы шектелген хабарландырудың шеңберiнде КОМИССИЯ немесе ол Қаржыландыру туралы Меморандумда көзделсе Комиссияның санкциясымен көмектi алушы немесе оның атынан қатысатын заңды тұлға қатысу үшiн шақырылатын әлеуеттi мердiгерлердің түпкiлiктi тiзiмiн дайындайды.
      4. Тiкелей келiсiм рәсiмдерiнің шеңберiнде КОМИССИЯ немесе ол Қаржыландыру туралы меморандумда көзделсе Комиссияның санкциясымен көмектi алушы немесе оның атынан қатысатын заңды тұлға кандидатты iрiктейдi және келiсiмшарт жасасады.

                       IІІ тарау. Жеңілдіктер беру

      9-бап. Жалпы артықшылықтар

      Комиссия қаржыландыратын ІС-ШАРАЛАРМЕН айналысатын қызметшiлер iссапарға жiберiлген сарапшылардың мәртебесiн алады және ҮКIМЕТ Қазақстан Республикасына осы мақсатпен келген бұл сарапшылар мен олардың отбасы мүшелерiне қызметi сол және осыған ұқсас мақсаттар үшiн Қазақстан Республикасында қажет етiлетiн басқа да экспатрианттардан кем емес құқықтар мен артықшылықтар ұсынады.

      10-бап. Құру, орналастыру, шығу және тұру мүмкіндіктері

      Келiсiмшарттарға қатысуға мүдделi адамдар берулер мен қызмет көрсетулер жөніндегi келiсiмшарттар жағдайында, егер келiсiмшарттың маңыздылығы осыны талап ететiн болса, Қазақстан Республикасына келуге және уақытша орналасуға және тұруға құқық алады. Бұл құқық келiсiмшарт туралы жарияланғаннан немесе жобалардың конкурсына қатысу жарияланғаннан және келiсiмшартты дайындау үшiн зерттеулер жүргiзумен айналысатын қызметшiлер қарастырғаннан кейiн ғана алынады; ол мердiгер аталғаннан кейiнгi бiр айдан кейiн өзiнің күшiн жоғалтады.
      ҮКIМЕТ Қоғамдастық қаржыландыратын келiсiмшарттармен айналысатын қызметшiлерге қызмет көрсетуi үшiн және олардың отбасы мүшелерiне 9-бапта көрсетiлгендей көп жолғы визалар бередi және визалардың Қазақстан Республикасында қолданылу мерзiмдерiн ұзартуды қамтамасыз етедi. Одан басқа, ҮКIМЕТ жоғарыда көрсетiлген iссапарға жiберiлген сарапшыларға, оны келiсiмшарттың сипаты талап еткендегiдей және оны орындау үшiн қажеттi кезеңнiң шегiнде және Қазақстан Республикасының тиiстi заңдары мен тәртiптерiне сәйкес тұрғылықты орынға рұқсат алуға, онда жұмыс iстеуге және қайтуға рұқсат бередi.
      ҮКIМЕТ сарапшылардың келуiне орай оларға және олардың отбасыларына қандай да болмасын қосымша арнайы рұқсат алу қажеттiлiгiнсiз РЕСПУБЛИКАНЫҢ бүкiл аумағы бойынша еркiн жүрiп-тұру және кез келген қалада тұру үшiн рұқсат пен виза бередi.

      11-бап. Жабдықтардың импорты мен оларды қайта экспорттау

      ҮКIМЕТ ІС-ШАРАЛАРДЫ жүзеге асыру үшiн қажеттi кәсiби жабдықтардың және атап айтқанда автомобильдердің импорты үшiн қажеттi рұқсат бередi.
      Іссапарға жiберiлген сарапшылар жобаны орындау мақсатында әкелiнген автомобильдердi осы автомобильдердің келiсiлген жобалар үшiн әкелiнгендiгiн және Қоғамдастықтың немесе тиiстi тұрғыда Қоғамдастықпен осы келiсiлген келiсiмшартты орындауға келiсiмшарт жасасқан ұйымның қарауында екендiгiн қамтитын тiзiмде тiркейдi.
      Одан басқа, ҮКIМЕТ беру мен қызмет көрсетулер жөнiндегi келiсiмшарттарды орындаушы жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасындағы заңдарға сәйкес жоғарыда аталған жабдықтар мен автомобильдердi қайта экспорттау үшiн қажеттi рұқсат бередi.

      12-бап. Импорт пен валюта айырбастауды бақылау

      ҮКIМЕТ ІС-ШАРАЛАРДЫ жүзеге асыру үшiн қоғамдастық мүшелерiнің арасында өзгешелiк белгілеместен импорт пен шетелдiк валютаны сатып алуға рұқсат берудi және валютаны айырбастауды бақылаудың тәртiбiн қолдануды өзiне алады.
      ҮКIМЕТ iссапарға жiберiлген сарапшылар мен олардың отбасыларына техникалық көмек көрсету жөнiндегi келiсiмшарт мерзiмiнiң iшiнде шетелдiк валюталарды Қазақстан Республикасына әкелу және онда сақтау үшiн қажеттi рұқсат бередi.
      Одан басқа, iссапарға жiберiлген сарапшылар мен олардың отбасы мүшелерi өз қалауы бойынша пайдаланылмаған шетелдiк валюталарды әкету құқығын алады.

      13-бап. Салық салу және кеден

      1. Салықтар мен кедендiк баждар ЕҚ-ның субсидиясынан қаржыландырылмайды.
      2. Жабдықтар мен автомобильдердi қоса алғандағы ЕҚ-ның субсидиясынан қаржыландырылатын немесе бiрлесiп қаржыландырылатын келiсiмшарттарды орындаудың шеңберiнде Қазақстан Республикасына әкелiнетiн тауарлардан импорттық баждар, салықтар немесе ҮКIМЕТ немесе қандайда бiр оның органы алатын осындай сипаттағы фискальдық алымдар алынбайды.
      - YКIМЕТ КОМИССИЯНЫ талап етуi бойынша сөз болып отырған импортталатын тауарлар жоғарыда аталған салықтарды, баждарды және алымдарды реттеу туралы қандай да болмасын дауларға қарамастан келiсiмшартты қалыпты орындау үшiн қажет етiлетiндей мерзiмде өткiзу пунктiнен алушыға дейiн өткiзiлетiндiгiне кепiлдiк бередi.
      - ЕҚ-ның субсидиясынан қаржыландырылатын берулер жөнiндегi келiсiмшарт Қазақстан Республикасынан шығатын өнiмдi қамтитын жағдайларда, келiсiмшарт Қазақстан Республикасында берудің сол түрiне қолданылатын iшкi салықтар немесе фискальды алымдар енбейтiн бағаның негiзiнде жасалады және бұл салықтар мен алымдардың тiзiмi жеке ұсынылады.
      3. ЕҚ-ның субсидиясынан қаржыландырылатын келiсiмшарттар Қазақстан Республикасында құжаттарды шығарудың талаптарына немесе тiркеу баждарына немесе мұндай алымдардың барлығына немесе олардың алынып тасталуы тиiс екендiгіне қарамастан бiрдей күшi бар фискальдық алымдарға түспейдi.
      4. ЕҚ-ның субсидиясынан қаржыландырылатын техникалық ынтымақтастық келiсiмшарттары бойынша жұмыс iстейтiн қызметшi-экспатрианттарды қоса алғанда, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасында YКIМЕТ немесе қандай да болмасын оған бағынысты орган алатын:
      - әлеуметтiк сақтандыруға аударымдарды;
      - кәсіпкерлiк қызметке арналған салық пен табыс салығын немесе Қоғамдастықтан немесе Қоғамдастық келiсiмшарт жасасқан ұйымнан алынған кiрiстен осындай сипаттағы алымдарды төлеуден босатылады.
      5. Техникалық ынтымақтастық жөнiндегi келiсiмшарттарда айқындалған мiндеттердi орындауда жұмыс iстейтiн жеке адамдардың (және олардың отбасы мүшелерiнiң) - аталған жерде жұмысқа алынғандарды қоспағанда - жеке пайдалануы үшiн импортталатын азық-түлiк сияқты жеке және үйде пайдалану заттары әкелу баждарынан, салықтардан, Қазақстан Республикасында YКIМЕТ немесе қандай да болмасын оған бағынысты орган алатын осындай күшi бар фискальдық алымдардан босатылады.
      Көрсетiлген жеке және үйде тұтыну заттары келiсiмшарт аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген тәртiптерге сәйкес не қайта экспортталуы не Қазақстан Республикасына сыйға тартылуы мүмкiн. Қазақстан Республикасында бұл көлiк құралдары тек тиiстi келiсiмшарт кезеңiнiң iшiнде ғана пайдаланылуы және осы кезең аяқталғаннан кейiн қайта импортталуы шартымен бар ережелер мен нұсқаулықтарды сақтауға бағындырылып отбасына бiр моторлы қозғалыс көлiгiнің кедендiк баж салынбайтын импортына рұқсат етiлген. Сарапшылар мен олардың отбасы мүшелерi олар өздерiнiң қолында бар жүргiзушi құқығын көрсету арқылы жергiлiктi жүргiзушiлер құқығын ала алады.
      6. Кәсiби жабдықтарды импорттайтын жеке және заңды тұлғалар

11-бапта көрсетiлгендей өздерiнiң қалауы бойынша көрсетiлген жабдыққа 
қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалғандай уақытша 
әкелу жөнiнде артықшылық алады. Әкелу және әкету кезiнде бұл 
жабдықтардың бәрiне кеден баждары, салықтар мен алымдар немесе YКIМЕТ 
немесе қандай да болмасын оған бағынысты орган алатын осындай сипаттағы 
алымдар салынбайды.    
     
                        IV тарау. Төлем рәсімдері 
     
     14-бап. Төлем рәсімдері 
     
     1. ЕҚ-ның субсидияларынан қаржыландырылатын немесе бiрлесiп 
қаржыландырылатын келiсiмшарт бойынша мердiгерлiкке өтiнiш, әдетте, 
ЭКЮ-мен жасалады және төлем ЭКЮ-мен жүргiзiледi. Ерекше негiздемелер 
кезiнде Комиссия жекелеген жағдайларда басқа валюталарды пайдалануға 
рұқсат бередi.          
     2. Мердiгерлiкке өтiнiш ЭКЮ-мен жасалғаннан кейiн тиiстi төлемдер 
төлемнің алдындағы күнге бағам бойынша ЭКЮ-дің құнына баламды негiзде 
келiсiмшартта көрсетiлген валютада жүргiзiлетiн болады.

           V тарау. Уағдаласушы тараптар арасындағы ынтымақтастық 
     
     15-бап. Ақпарат және көмек 
     


      1. КОМИССИЯ сарапшылардың жеке бастары және олардың қарауындағылар туралы, егер ондайлар болса, олар жұмыс iстейтiн келiсiлген жоспар туралы, олардың Қазақстан Республикасына келген күнi, орналасқан жерi және олардың жұмыс iстеу мерзiмiнiң ұзақтығы туралы ҮКIМЕТКЕ кешiктiрмей хабарлайтын болады.
      2. ҮКIМЕТ келiсiлген жобаларды iске асыруды жеңiлдету және осы Жалпы ережелердің шарттарын орындау үшiн талап етiлетiн кез келген әкiмшiлiк көмек көрсететiн болады.

      16-бап. Инспекциялау және тексеру

      1. КОМИССИЯНЫ Еуропалық қауымдастықтың Бақылау комиссиясымен бiрге осындай техникалық және қаржылық миссияларды немесе тексерулердi жүргiзу үшiн өздерiнің сенiмдi тұлғаларын немесе лайықты түрде уәкiлеттi өкiлдерiн, ІС-ШАРАЛАРДЫ жүзеге асыру жөнiнде олар қайсысын қажет деп санаса, сонысын жiберуге құқықтары бар.
      ҮКIМЕТ ақпарат iсiне қатысты және олардың билiгіне өзiнен қандай құжаттар талап етiлсе, соның барлығын бередi және тексеру немесе инспекциялау жүргiзуге нұсқау алған тұлғаның жұмысын жеңiлдету үшiн барлық қажеттi шараларды қабылдайды.
      2. Қаржыландыру туралы Меморандум алушы немесе оның атынан iс-қимыл жасаушы заңды тұлға iс-шараларды жүзеге асыру үшiн қаражат ұсынған жағдайда, КОМИССИЯНЫҢ мақұлдауымен ҮКIМЕТ мыналарды қамтамасыз етуге тиiс:
      (а) Қаржыландыру туралы Меморандум бойынша тиiстi бухгалтерлiк рәсiмдерге сәйкес қаржыландырылған берулер мен қызмет көрсетулердің түпнұсқалылығын белгiлеу үшiн жеткiлiктi есепке алу-тiркеу құжаттамалары мен есеп берулер сақталады;
      (б) Жоғарыда аталған сенiмдi тұлға немесе КОМИССИЯНЫҢ өкiлдерi

және Бақылау комиссиясы Қаржыландыру туралы Меморандум бойынша 
қаржыландырылған пункттерге қатысты барлық құжаттамалар мен есеп 
берулердi тексеруге құқығы бар. 
     
     17-бап. Дамытуға қабылданған іс-шаралар 
     
     Тараптар орынды жерiнде, Қаржыландыру туралы Меморандумда 
көрсетiлген кестеге сәйкес дамытуға қабылданған iс-шараларды бақылай 
алады және IС-ШАРАЛАРДЫ орындауға керi күшi бар бағалау жүргiзе алады 
және нәтижелерi туралы бiрiн бiрi хабардар ете алады.
     
                  VI тарау. Жалпы және түпкілікті ережелер 
     
     18-бап. Консультациялар - дауалар 
     


      1. Қаржыландыру туралы Меморандумның немесе Жалпы ережелер деректерiнiң орындалуына немесе интерпретациясына қатысты кез келген мәселе Уағдаласушы тараптар арасындағы консультациялардың нысанасы, қажет болғанда, Қаржыландыру туралы Меморандумға түзетулер жасауда жетекшiсi болады.
      2. Қаржыландыру туралы Меморандумда немесе Жалпы ережелердің деректерiнде айтылғандар туралы мiндеттемелер орындалмаған жағдайда, тиiстi уақытта қабылданған шаралар түзетуге түспеген болса, КОМИССИЯ ІС-ШАРАЛАРДЫ қаржыландыруды ҮКIМЕТПЕН кеңескеннен кейiн тоқтата тұрады немесе тоқтатады.
      3. ҮКIМЕТ ІС-ШАРАЛАРДЫ жүргiзуден тұтастай немесе iшiнара бас тарта алады. Уағдаласушы тараптар хат алмасу жолымен мұндай бас тартудың мән-жайын келiседi.

      19-бап. Хабарламалар - Мекен-жай

      Тараптар арасындағы олар ұсынған кез келген хабарлама мен кез келген келiсiм IС-ШАРАЛАРДЫҢ нөмiр мен атауына сiлтеме жасалған хат жазысулардың нысанасы болуға тиiс. Мұндай хабарламалар немесе келiсiмдер сол шараға рұқсат алған тарапқа жiберiлген, осы тарап

көрсеткен мекен-жай бойынша жiберiлген хатта баяндалатын болады. Тіпті 
қажет болған жағдайда, телефакс, телеграф немесе телекс арқылы берілген 
хабарлар бірден хатпен расталған жағдайда рұқсат етілетін болады және 
олардың қолданылу күші бар деп есептелетін болады.
     Мекен-жайлар Қаржыландыру туралы Меморандумда көрсетілген. 
     
     Оқығандар: 
         Қасымбеков Б.А.
         Нарбаев Е.Ә.