"Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 20 шілде N 443


      1-бап. "Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы" 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Z980337_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 24, 446-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. Аталған түзету Заңның қазақша мәтініндегі сөздерді өзгертуді қажет етпейді.
      2. 1-баптың 3)-5), 10) және 11) тармақшаларында, 3-баптың 1 және 2-тармақтарында, 4-бапта, 10-баптың 4 және 5-тармақтарында "кеден" деген сөз алып тасталсын.
      3. 1-бапта:
      1) 11) тармақшада "және басқа да көрсеткіштерге" деген сөздер алып тасталсын;
      2) 12) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "12) елеулі залал келтіру қаупі - Қазақстан Республикасының аумағына ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар жеткізіп беру көлемінің ұлғая түсу салдарынан болашақта отандық өндіріс саласындағы ахуалдың болмай қоймайтын едәуір нашарлауы;
      13) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының сауда және өндірістік қызмет мониторингін жүзеге асыратын, елеулі залалдың бар екендігін немесе оның келтірілу қаупін және қорғау шараларын енгізу қажеттігін анықтау жөнінде іс қарауды жүргізетін мемлекеттік органы.".
      4. 6-бапта:
      1) 2-тармақта "отандық өндірушілердің" деген сөздер "отандық өндірушінің немесе өндірушілер бірлестігінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 3-тармақта:
      "коммерциялық ұйымдар" деген сөздер "және өзге де ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "көрсетуге және" деген сөздерден кейін "қайтарымдық негізде" деген сөздермен толықтырылсын.
      5. 7-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қорғау шараларын қолданудың алдындағы іс қарауды жүргізу жөніндегі өтініш, егер осы өтініш бойынша өз пікірін білдірген отандық тауар өндірушілердің үлесіне Қазақстан Республикасындағы ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар өндірісі жалпы көлемінің елу проценттен астамы келетін болса қарауға қабылданылуы мүмкін.
      Бұл ретте өтінішті қолдайтын отандық өндірушілер үлесіне отандық өндірушілер өндірген ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың көлемінің жиырма бес проценттен астамы келуге тиіс."
      6. 8-бапта:
      1-тармақтың 3) тармақшасында "көрсететін" деген сөзден кейін "және осы саладағы жағдайға әсер ететін сандық көрініспен берілуге болатын" деген сөздермен, "деректер" деген сөзден кейін үтір қойылып, "атап айтқанда:" деген сөздермен толықтырылсын;
      7. 9-бапта:
      1) 1-тармақта "отыз" деген сөз "қырық бес" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Егер уәкілетті орган мәліметтерді жеткіліксіз деп тапса, ол өтініш алынған күннен бастап он күндік мерзімде бұл туралы өтініш берушіге хабарлауға және оған өзінің өтінішін өзгертуге немесе толықтыруға мүмкіндік беруге тиіс.
      Өтініш беруші бұрын берілген өтінішті толықтыратын немесе өзгертетін ақпарат жіберген жағдайда, уәкілетті органда осындай толықтырулар немесе өзгерістер тіркелген күн өтініш қарауға қабылданған күн болып саналады.";
      3) 3-тармақ "жеткілікті дәлелдер болмаса" деген сөздерден кейін ",

сондай-ақ осы Заңның 7-бабының 2-тармағындағы шарттар орындалмаса" деген 
сөздермен толықтырылсын.
     4) 4-тармақта:
     "қабылданғаннан кейін" деген сөздер "қабылданған күннен бастап" деген 
сөздермен ауыстырылсын;
     "көрсете отырып" деген сөздерден кейін "он күндік мерзімде" деген 
сөздермен толықтырылсын.
     8. 10-бапта:
     1) 3-тармақта "отыз күнтізбелік күн ішінде" деген сөздер алып 
тасталсын.
     2) 6-тармақ алып тасталсын;
     9. 12-бапта:


      1) 1-тармақта "мүдделі тұлғаларға сауалдар жіберуге" деген сөздер "мүдделі тұлғалардан қосымша ақпарат сұратуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 2-тармақта:
      "мүдделі тұлғаның" деген сөздерден кейін ", ақпарат жіберген кезде," деген сөздермен толықтырылсын;
      "уәкілетті органның хабарлауында көрсетілген" деген сөздер "уәкілетті орган көрсеткен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10. 13-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Құпия ақпаратты, Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жариялауға, уәкілетті органның лауазымды адамдарының жеке мүдделерінде пайдалануға, үшінші тұлғаларға, сондай-ақ өзге мемлекеттік органдарға беруге болмайды.".
      11. 14-баптың 3-тармағындағы "баспасөз органдарында" деген сөздер "басылымдарда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      12. 16-бапта:
      1) баптың атауындағы "залалды" деген сөзден кейін "немесе оның келтірілу қаупін" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 2-тармақта "себеп-салдарлы байланыстарды анықтау үшін" деген сөздерден кейін "немесе оның келтірілу қаупінің болуын анықтау үшін" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 3-тармақта "елеулі залал келтіретін" деген сөздер "елеулі залал

келтіретін немесе залал келтіру қаупі бар" деген сөздермен ауыстырылсын;
     4) 4-тармақта "ұйғарым шығаруға" деген сөздер "қорытынды беруге" деген 
сөздермен ауыстырылсын.
     13. 1-тармақта:
     "уәкілетті орган шығарған" деген сөздер "уәкілетті орган" деген 
сөздермен ауыстырылсын;
     "жүргізу" деген сөз "жалғастыру" деген сөзбен ауыстырылсын;
     2) 4-тармақта "төлеушінің" деген сөз "импорттаушының" деген сөзбен 
ауыстырылсын.
     3) 5-тармақта "төлеушіден" деген сөз "импорттаушыдан" деген сөзбен 
ауыстырылсын;
     14. 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
     "18-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің уақытша қорғау 
              шараларын енгізу туралы қаулысын жариялау 
     Қазақстан Республикасы Үкіметінің уақытша қорғау шараларын енгізу 
туралы қаулысы ресми басылымдарда жарияланады.
     Жарияланымда уақытша қорғау шараларын енгізудің мерзімдері мен 
негіздемесі болуы тиіс.".
     15. 21-баптың 1-тармағында:
     1) "шешім" деген сөз "Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы" деген 
сөздермен ауыстырылсын;
     2) "баспасөз органдарында" деген сөздер "басылымдарда" деген сөзбен 
ауыстырылсын.
     16. 22-баптың 3-тармағында "тоқтатылуы" деген сөзден кейін 
", өзгертілуі" деген сөзбен толықтырылсын.
     17. 24-бапта:
     1) 2-тармақта "өтініш" деген сөз "уәкілетті органның өтінімі" деген 
сөздермен ауыстырылсын;
     2) 3-тармақтың қазақша мәтіні дұрыс.
     18. 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:
     "26-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорғау шараларын 
              қолдану туралы қаулысын жариялау 


      Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорғау шараларын енгізу туралы қаулысы ресми басылымдарда жарияланады. Жарияланымда сондай-ақ мүдделі тұлғалардың дәлелдерін немесе талаптарын қабылдау немесе қабылдамаудың себептері мен негіздемелері болуы тиіс.".
      19. 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "27-бап. Шешімдерге шағымдану тәртібі
      Мүдделі тұлғалар қорғау шараларын қолдану жөніндегі істі қарау

кезеңінде қабылданған уәкілетті органның шешімі мен іс-әрекетіне Қазақстан 
Республикасының заңдарына сәйкес сот арқылы шағымдануға құқылы."
     20. Мынадай мазмұндағы 28-баппен толықтырылсын:
     "28-бап. Тауарлар импорты кезінде ішкі рынокты қорғау 
              шаралары туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық 
     Тауарлар импорты кезінде ішкі рынокты қорғау шаралары туралы заңдарды 
бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге 
асырылады.".
     2-бап. Осы Заң жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының 
           Президенті 
     
     Оқығандар:
          Қасымбеков Б.А. 
          Омарбекова А.Т.