16.07.1999

Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап.  Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1984 жылғы 22 наурызда қабылдаған Қазақ КСР-інің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1984 ж., N 14 (қосымша); N 41, 534-құжат; 1985 ж., N 19, 190, 191-құжаттар; N 32, 325-құжат; N 45, 457-құжат; N 49, 513-құжат; 1986 ж., N 13, 122-құжат; N 25, 242-құжат; N 31, 320-құжат; N 49, 506-құжат; 1987 ж., N 2, 19-құжат; N 16, 201-құжат; N 29, 356-құжат; N 32, 421-құжат; N 41, 503-құжат; N 46, 560-құжат; 1988 ж., N 35, 324-құжат; 1989 ж., N 16, 129-құжат; N 27, 208-құжат; N 45, 364-құжат; N 49, 444-құжат; N 50-51, 458-құжат; 1990 ж., N 12-13, 114-құжат; N 44, 410-құжат; N 48, 445-құжат; N 49, 461-құжат; 1991 ж., N 25, 318-құжат; N 26, 348-құжат; N 28, 373-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., N 4, 96, 98, 100-құжаттар; N 13-14, 323-құжат; N 15, 380-құжат; N 16, 400-құжат; 1993 ж., N 3, 42-құжат; N 4, 70-құжат; N 8, 159,161-құжаттар; N 9, 220, 222-құжаттар; N 20, 468, 469-құжаттар; 1994 ж., N 4-5, 60-құжат; N 8, 134-құжат; N 15, 207-құжат; N 21-22, 272-құжат; 1995 ж., N 1-2, 17-құжат; N 5, 41-құжат; N 8, 55-құжат; N 9-10, 64-құжат; N 15-16, 105-құжат; N 17-18, 110-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 177-құжат; N 14, 274,277-құжаттар; N 15, 281-құжат; 1997 ж., N 6, 66-құжат; N 11, 146, 152-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 208-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11, 12, 176-құжат; N 13, 194-құжат; N 14, 201-құжат; N 22, 310-құжат):
      1) 13-тарау мынадай мазмұндағы 169-9, 169-10-баптармен толықтырылсын:
      "169-9-бап. Ақпарат беру ережелерін бұзу және жазбаша
                  нұсқамаларды орындамау

      Сақтандыру ұйымының лауазымды адамның уәкілетті мемлекеттік органға сақтандыру туралы заңдарға сәйкес талап етілетін ақпаратты беруден жалтаруы, сондай-ақ сенімсіз ақпарат немесе сақтандыру туралы заңдарға сәйкес талап етілетін мәліметтері жоқ ақпарат беруі, не уәкілетті мемлекеттік органның сақтандыру туралы заңдардың анықталған бұзылуын жою туралы жазбаша нұсқамаларын орындамауы, -
      лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің қырықтан жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (немесе әрекетсіздіктер), -
      лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің алпыстан жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      169-10-бап. Сақтандыру ұйымдарының бухгалтерлік есепті және
                  есеп беруді жүргізу ережелерін бұзуы

      Сақтандыру ұйымының лауазымды адамның бухгалтерлік есепті оның белгіленген стандарттарын немесе әдістерін (принциптерін) бұза отырып жүргізуі не ондағы көрсеткіштерді не сақтандыру ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын сақтау туралы мәліметтерді және (немесе) сақтандыру туралы заңдарда белгіленген сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді бұрмалауға апаратын есеп жасауы,-
      лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің қырықтан жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (немесе әрекетсіздіктер),-
      лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің алпыстан жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.".
      2) 237-9-баптың бірінші бөлігі "169-9, 169-10" деген сандармен толықтырылсын.
      3) 248-1-баптың бірінші бөлігінің 6) тармақшасындағы "қадағалау (169-5 - 169-8-баптар)" деген сөздер "және сақтандыруды қадағалау - (169-5 - 169-8, 169-9 және 169-10-баптар)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне  (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2, 3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; 1998 жылғы 30 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне мемлекеттік заңды тұлғалар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 62-баптың 1-тармағы "не" деген сөзден кейін "акционерлік қоғамдар немесе" деген сөздермен толықтырылсын.
      2) 77-бапта:
      2-тармақтың бірінші бөлігіндегі "елу" сөздері "жүз" сөздерімен ауыстырылсын, "шаруашылық серіктестік" деген сөздерден кейін "акционерлік қоғам" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақтың екінші бөлігі "шаруашылық серіктестіктері" деген сөздерден кейін "акционерлік қоғам" деген сөздермен толықтырылсын.
      3) 107-баптың 2-тармағындағы "есеп айырысу" деген сөздер "банктiк" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4) 282-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгiндегi үшiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бұл жағдайда теңгемен төленуге тиiстi сома Ұлттық Банктiң тиiстi шетел валютасы үшiн төлем күнi белгiленген ресми бағамы бойынша не тараптардың келiсiмiмен белгiленген өзге бағаммен айқындалады.".

      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155 заң күшi бар Жарлығына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 23-құжат; N 12, 88-құжат; N 15-16, 100-құжат; N 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 11-12, 262-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат):

      1) 7-баптың екiншi бөлiгiнiң екiншi абзацындағы "банктiк есеп айырысуды" деген сөздер "банктер мен олардың клиенттерi арасындағы ақша аударымдарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 8-бапта:
      г) тармақшасындағы "оның" деген сөз "олардың" деген сөзбен ауыстырылсын;
      д) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлейтiн тәртiппен және шартпен банктердiң және басқа ұйымдардың алған кредиттерi бойынша Қазақстанның Ұлттық Банкi алдындағы борыштарын қайта құрылымдауға құқылы;";
      з) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "з) Қазақстан Республикасында ақша төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру тәртiбiн, жүйесi мен нысанын белгiлейдi, банктер арасында Қазақстан теңгесiмен ақша аударымдарының уақтылы және кiдiрiссiз жүргiзiлуiн қамтамасыз ететiн төлем жүйесiнiң жұмыс iстеуiн ұйымдастырады, банктердiң өздерi пайдаланатын автоматтандырылған жүйелер мен банк ақпаратын қорғаудың сенiмдi, қауiпсiз болуын қамтамасыз ету жөнiндегi ең төменгi талаптарын белгiлейдi;";
      к) тармақшасындағы "есеп айырысу" деген сөздер "ақша төлемдерi мен аударымдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      л) тармақшасында "белгiлейдi" деген сөз "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және басқа да уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсе отырып, бухгалтерлiк есептiң стандарттарын белгiлейдi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      м) тармақшасындағы "есеп айырысу" деген сөздер "ақша төлемдерi мен аударымдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      р) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "р) елдiң есептiк төлем балансын қалыптастырады және төлем балансы көрсеткiштерiнiң қысқа мерзiмдi, орташа мерзiмдi және ұзақ мерзімді болжамды бағаларын әзiрлеуге қатысады, мемлекеттiк кепiлдiгi жоқ мемлекеттік емес сыртқы займдардың шарттарын тіркеу мен мониторингін жүзеге асырады және елдiң жалпы сыртқы борышының бағасын қалыптастырады;";
      с) тармақшасында:
      "сондай-ақ" деген сөз алып тасталсын;
      ", сондай-ақ индоссаттың банк шотындағы қайта есептелген вексельдер сомасын төлеуге қарсылық бiлдiру негiзiнде осы вексель бойынша төлем жасаудан бас тартқан жағдайда," деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы у-1) және у-2) тармақшаларымен толықтырылсын;
      "у- 1) банктер ашатын есеп айырысу-кассалық бөлiмдерiн (жинақ кассаларын) - банктердiң тұрған жерiнен тыс жерде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын, заңды тұлға мәртебесiне ие болмаған және өкiлдiктер немесе филиалдар болып есептелмейтiн, аумақтық жағынан ерекшеленген бөлiмшелерiн, сондай-ақ ломбардтардың тұрған жерiнен тыс жерде ломбардтар ашатын қабылдау пункттерiн ашуға келiсiм бередi және арнайы есебiн жүргiзедi;
      у-2) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес вексельдердi қайта есептеудi жүзеге асырады;";
      3) III тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ІІІ тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің капиталы
                  және резервтері";

      4) 9-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "оның табысынан алынған" деген сөздер "оның таза табысынан алынған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 10-бапта:
      баптың атауындағы "қоры" деген сөз "капиталы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      бiрiншi бөлiкте:
      "қоры" деген сөз "капиталы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "өз" деген сөз "таза" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "осы қор туралы" деген сөздер алып тасталсын;
      екiншi бөлiкте:
      "шығынды банк активтерiнен" деген сөздер "үмiтсiз талаптарынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "банктiк емес активтерден құралады, оған аяқталмаған құрылыс көлемi және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң монетарлық емес өзге де талаптары, сондай-ақ әлеуметтiк сипаттағы төлемдер кiредi." деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 11-баптың екiншi және үшiншi бөлiктерiндегi "жарғылық капитал мен резерв қорын" деген сөздер "жарғылық және резерв капиталын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) IY тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "IҮ тарау. Қазақстан Ұлттық банкінің құрылымы
                 мен органдары. Оларды қалыптастыру
                 тәртібі және құзыреті";

      8) 12-баптың атауындағы және екiншi бөлiгiндегi "басқару" деген сөз алып тасталсын;
      9) 15-бапта:
      бiрiншi бөлiкте:
      "басқару" деген сөз алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы е-1), е-2) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "е-1) банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашу шарттарын белгiлеуге;
      е-2) банктер мен басқа ұйымдардың Қазақстан Ұлттық Банкi берген кредиттері бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi алдындағы борыштарын қайта құрылымдау шарттарын анықтауға;
      л) тармақшасындағы "табыстары мен шығындары" деген "қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      м) тармақшасындағы "жарғылық капиталы мен резерв қорын" деген сөздер "жарғылық және резерв капиталын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) 17-бапта:
      екiншi бөлiктегi "шақырылады" деген сөз "өткiзiледi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      бесiншi бөлiктегi "қатысқан" деген сөз "қатынасқан" деген сөзбен ауыстырылсын;
      алтыншы бөлiктегi "қатысқан мүшелерiнiң" деген сөздер "Басқарма мүшелерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 19-бапта:
      төртiншi бөлiкте:
      "барлық" деген сөз алып тасталсын;
      "(немесе оның орынбасарларының)" деген сөздермен толықтырылсын;
      12) 43-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "шоттарға, салымдарға, аккредитивтерге" деген сөздер "банк шоттарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      13) 46-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "жартысынан" деген сөз "үштен екісiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      14) ҮIII тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      YIII тарау. Ақша төлемі мен аударымын
                  ұйымдастыру";

      15) 48-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "48-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ақша төлемi мен
               аударымын ұйымдастыруға өкiлеттiгi

      Қазақстан Ұлттық Банкi төлем жүйесiнiң қызметiн ұйымдастырады, үйлестiредi және реттейдi, сондай-ақ:
      1) ақша төлемiн және (немесе) аударымын жүзеге асыру тәсiлдерiн қолдану ережелерi мен ерекшелiктерiн, төлем нұсқаулары мазмұнына қойылатын негiзгi талаптарды;
      2) банктер мен олардың клиенттерiне кассалық қызмет көрсету тәртiбiн белгiлейдi.";
      16) 50-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "50-бап. Ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру тәсiлдерi Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру тәсiлдерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде және соларға сәйкес қабылданған нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгіленедi.";
      17) 52-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "52-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiндегi банк шоттарының иелерi

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлеген тәртiппен Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашқан заңды тұлғалар және банктер ондағы банк шоттарының иелерi болып есептеледi.";
      18) мынадай мазмұндағы 52-1-баппен толықтырылсын:

      "52-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ұлттық валютамен
                 операциялары және мәмiлелерi

      Қазақстанның Ұлттық Банкi ұлттық валютамен мынадай операциялар жүргiзедi:
      1) осы Жарлықта көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкiнде ашылған банк шоттарының иелерiне алты айдан аспайтын мерзімге өтімділігі жоғары, тәуекелсіз бағалы қағаздармен және басқа да активтермен қамтамасыз етiлген кредиттер бередi;
      2) өтеу мерзiмi алты айдан аспайтын, саудаға шығарылған бiрiншi сыныпты эмитенттердiң вексельдерiн қайта есепке алады;
      3) мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
      4) Қазақстанның Ұлттық Банкi кредиттердi қамтамасыз ету үшiн жарамды деп есептейтiн, өтеу мерзiмi бiр жылдан аспайтын депозиттiк сертификаттарды, борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
      5) депозиттердi қабылдайды, ақша төлемi мен аударымдарын жүзеге асырады, бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;
      6) туынды қаржы құралдарымен операцияны жүзеге асырады;
      7) қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегi банктер мен қаржы ұйымдарында шоттар ашады;
      8) чек жазып бередi және вексельдер бередi;
      9) егер осы Жарлықта тікелей тыйым салынбаған болса, басқа банк операцияларын, сондай-ақ өз міндеттеріне сәйкес өз атынан мәмілелерді жүзеге асырады.";
      19) 54-баптың бiрiншi бөлiгiнде:
      үшiншi абзац алып тасталсын;
      төртiншi абзацтағы "өндiрiстiк" деген сөз алып тасталсын;
      20) 56-баптың бiрiншi бөлiгiндегi в) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "в) валюта құндылықтарын Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан алып кету және жiберу тәртiбiн белгiлейдi. Резиденттер үшiн Қазақстан Республикасына шетел валютасын және шетел валютасындағы бағалы қағаздарды міндетті түрде аудару тәртiбiн белгiлейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң шетел банктерiнде шот ашу шарттарын анықтайды.";
      21) 57-бапта:
      атауындағы "шетелдiк валютамен" деген сөздер "валюталық құндылықтармен" деген сөздермен ауыстырылсын:
      бiрiншi бөлiктiң үшiншi абзацындағы "кепiлдiк берген" деген сөздердiң алдынан "Қазақстан Республикасының Үкiметi шетел валютасымен" деген сөздермен толықтырылсын;
      22) 58-баптың төртiншi бөлiгiнiң екiншi және бесiншi абзацтарындағы "монетарлық" деген сөз "тазартылған" деген сөзбен ауыстырылсын;
      23) мынадай мазмұндағы 62-1-баппен толықтырылсын:

      "62- 1-бап. Сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау
                  жөнiндегi функциялар мен өкiлеттiктi жүзеге асыру

      1. Қазақстан Ұлттық банкi Қазақстан Республикасының Президентi өзiне жүктеген өкілеттiкке сәйкес сақтандыру қызметін мемлекеттiк реттеудi және қадағалауды жүзеге асырады.
      2. Сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган ретiнде Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мiндеттерi мен мақсаттары осы Жарлықта және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнде белгiленедi.
      3. Қазақстан Ұлттық Банкi сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган ретiнде:
      1) Қазақстан Республикасы сақтандыру рыногының жұмыс iстеуiн, сақтандырушылардың және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолданады, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру және қайта сақтандыру брокерлерiнiң қызметiн мемлекеттiк реттеу жөнiндегi шараларды белгілейдi және iске асырады;
      2) өз құзiретi шегiнде сақтандыру рыногының барлық субъектiлерi үшiн мiндеттi сақтандыру қызметi мен оны қадағалау мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды;
      3) сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары үшiн жарғылық капиталдың ең аз мөлшерiн белгiлейдi;
      4) сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру және қайта сақтандыру брокерлерiнiң қызметiн лицензиялайды;
      5) сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын ашуға, олардың өз еркiмен қайта құрылуына және таратылуына рұқсат бередi, Қазақстан Республикасының аумағында да, республика аумағынан тыс жерлерде де сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының филиалдары мен өкілдіктерін ашуға келiсiм бередi;
      6) сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының Басқарма Төрағалары мен мүшелері, бас бухгалтерлері, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары филиалдарының басшылары мен бас бухгалтерлерi лауазымдарына адамдарды сайлауға (тағайындауға) келiсiм бередi не келiсiм беруден бас тартады;
      7) сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарды тексередi (инспекциялайды);
      3) сақтандыру рыногының субъектiлерiнен өзiнiң бақылау және қадағалау қызметін жүзеге асыруға қажетті ақпарат алып отырады;
      9) өзiнiң бақылау және қадағалау қызметiн қамтамасыз ету үшiн сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру және қайта сақтандыру брокерлерiнiң бухгалтерлiк, статистикалық және өзге есептерiнiң тiзбесiн, нысандарын, беру мерзiмiн белгiлейдi;
      10) сақтандыру статистикасын әзірлеу сақтандыру рыногының жай-күйiне экономикалық талдау жасау үшiн сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары қауымдастықтарынан, одақтары мен бірлестіктерінен, мемлекеттік органдардан қажетті ақпарат алып отырады;
      11) сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарына, сақтандыру және қайта сақтандыру брокерлерiне берiлген лицензиялардың күшiн тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ олардың қызметін заңдарда көзделген негіздемелер бойынша сот тәртібімен тоқтату жөнінде шаралар қолданады;
      12) басқа мемлекеттердiң сақтандыруды қадағалайтын орталық органдарымен қарым-қатынастарда, халықаралық және өзге де сақтандыру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiредi.
      4. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң сақтандыру қызметiн қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган ретiндегi өзге функциялары және өкiлеттiгi сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңдарда белгiленедi.";
      24) 64-баптың екiншi бөлiгiнiң алтыншы абзацындағы "Байқаушы Кеңесiнiң" деген сөздер "Директорлар кеңесiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      25) 66-бапта:
      екiншi бөлiктегi "Банкiнiң" деген сөзден кейiн "жылдық" деген сөзбен толықтырылсын:
      үшiншi бөлiктегi "пайдасы мен шығыны" деген сөздер "қаржы шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      26) 67-бапта:
      бiрiншi бөлiктiң төртiншi абзацындағы "пайдасы мен шығынының", "пайда" деген сөздер "қаржы-шаруашылық қызметi нәтижелерiнiң", "таза табыс" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiктегi "балансының" деген сөз "қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы жылдық баланстың және есептiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      27) 72-баптың екiншi бөлiгiндегi "есеп айырысу ұйымдары" деген сөздер "банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы" 1995 жырығы 17 сәуірдегі N 2198 заң күшi бар Жарлығына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 35-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 14; 274-құжат; 1997 ж., N 12, 183-құжат; 1998 ж., N 5-6; 50-құжат; N 17-18; 224-құжат.):
      1) 6-бапта:
      үшiншi бөлiкте:
      "Банк" деген сөзден кейiн "және сақтандыру (сақтандыру делдалдығын қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "банктердiң филиалдарын және өкiлдiктерiн" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Банктердiң, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының филиалдар және өкiлдiктер болып табылмайтын аумақтық оқшау бөлiмшелерi тиiсiнше банк және сақтандыру заңдарында белгiленген тәртiппен құрылады және есептiк (мемлекеттiк) тiркелуге жатпайды.";
      төртiншi-тоғызыншы бөліктер бесінші-оныншы бөліктер болып есептелсін;
      2) 14-баптың алтыншы бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктердiң, ұйымдардың, сондай-ақ сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тиiстi банк және сақтандыру заңдарында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.".

      5. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2200 заң күшi бар Жарлығына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат, N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7; 80-құжат; N 11; 144-149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195-205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; 1998 жылғы 15 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырылар енгiзу және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының анықтау мен тергеуді жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдары туралы" және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тергеу комитетi және оның органдары туралы" заң күшi бар Жарлықтарының күшi жойылды деп тану туралы" 1998 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 1999 жылғы 8 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Лицензиялау туралы" заң күшi бар Жарлығына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 6-баптың екiншi бөлiгiндегi "операцияларын жасауға" деген сөздерден кейiн "және сақтандыру рыногындағы қызметтi жүзеге асыруға" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 11-баптың 1-тармағындағы 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары мен брокерлерiнiң сақтандыру және қайта сақтандыру саласындағы қызметi;"
      3) 15-бап мынадай мазмұндағы жетiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары мен брокерлерiне сақтандыру және қайта сақтандырумен байланысты қызметтi жүзеге асыру үшiн лицензия беру шарты мен тәртiбi сақтандыру және қайта сақтандыру туралы заңдарда белгiленедi.";
      4) 19-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Сақтандыру және қайта сақтандыру қызметi туралы заңдарда сақтандыру және қайта сақтандыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беруден бас тартудың өзге де негiздерi белгiленуi мүмкiн.".

      6. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 заң күшi бар Жарлығына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 231-құжат; N 19; 370-құжат; 1997 ж., N 5; 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат):

      1) 1-баптың 2-тармағындағы "министрлiгiнде", "министрлiгi" деген сөздер "министрлігі органдарында", "министрлігінің органдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 8-бапта:
      2-тармақта:
      а) тармақшасындағы "жарғылық капиталдағы" деген сөздер жарғылық капиталдардағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "олардың жалпы санынан олардың бiр эмитентiнiң акцияларына" деген сөздер "шығарылған акциялардың жалпы санынан бiр эмитенттiң акциялары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      д) тармақшасы алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы е-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "е-1) бағалы қағаздары қор биржасында листингтен өткен заңды тұлғалардың облигацияларымен мәмілелерді жүзеге асыру";
      3) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:

      "10-1-бап. Банктер қатысатын консорциумдар және басқа да
                 бiрлестiктер

      Кредит беруге және өзге мiндеттердi шешуге байланысты бiрлескен жобаларды іске асыру мақсатында банктер бiрлескен қызметi туралы шарт негiзiнде консорциум құруға және басқа консорциумдар, қауымдастықтар жұмысына қатысуға құқылы.";
      4) 11-бапта:
      баптың атауындағы "мен өкiлдiктерi" деген сөздер "өкiлдiктерi және есеп айырысу-касса бөлiмдерi (жинақ кассалары)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      Қазақстан Республикасында шетелдiң қатысуымен банктердiң филиалдарын ашу тәртiбiн Ұлттық Банк белгiлейдi.";
      5) 12-баптың 2-тармағында:
      "қайта құруға" деген сөздер "үлгiсiн өзгертуге" деген сөздермен ауыстырылсын, "жағдайда" деген сөзден кейiн "ғана" деген сөз қосылсын;
      6) 14-баптың 3-тармағында:
      үшiншi абзацтағы "және пайдалану" деген сөздерден кейiн "(резервтiк капиталын)" деген сөздермен толықтырылсын;
      төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "банк органдарының шешiм қабылдау тәртiбi";
      7) 15-баптың 4-тармағында:
      бiрiншi бөлiгi "деңгейде" деген сөзден кейiн "еншiлес банктердi қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Еншiлес банктер өзiнiң атауына негiзгi банктердiң атауын пайдалануға мiндеттi";
      8) 16-бапта:
      1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Банктiң мемлекет құрылтайшы (қатысушы) ретiнде сатып алатын (иелiк ететiн) акцияларының құнын төлеуге ақша немесе өзге мүлiк енгiзiлуi мүмкiн.";
      2-тармақ
      "осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
      9) 17-бапта:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Оффшорлық аймақтарда тiркелген заңды тұлғалар немесе тiзбесiн Ұлттық Банк бекiтетiн оффшорлық аймақтарда тiркелген заңды тұлғалардың құрылтайшылары (акционерлерi) болып табылатын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының резидент банктерiнiң құрылтайшысы немесе акционерi бола алмайды."
      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      "6. Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғалары, банктердi қоса алғанда, егер оларда тiзбесiн Ұлттық Банк белгiлейтiн негiзгi рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң ең аз талап етiлетiн рейтингi болса Қазақстан Республикасының резидент банктерi акцияларының бес және одан да кеп процентiне ие бола алады.";
      10) 18-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгiндегi "қолданылмайды" деген сөз "да қолданылады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 20-бапта:
      1-тармақтағы "Байқаушы кеңесiнiң" деген сөздер "Директорлар кеңесiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтағы "Байқаушы кеңесiнiң" деген сөздер "және Директорлар кеңесi мүшелерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      12) 21-бапта:
      1-тармақтағы "туралы өтiнiшiне" деген сөздерден кейiн "оның басқа банктер мен қаржы ұйымдарының жарғылық капиталына қатысуы туралы мәлiметтерiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Ұлттық Банк жарғылық капиталына банктiң құрылтайшысы болып табылатын резидент емес заңды немесе жеке тұлға қатысқан банктердiң немесе қаржы ұйымдарының қаржылық жағдайы туралы ақпарат сұратуға құқылы. Аталған банктердiң немесе қаржы ұйымдарының қаржылық жағдайы қанағаттанғысыз болған жағдайда Ұлттық Банк аталған резидент емес заңды немесе жеке тұлғаға резидент банктiң жарғылық капиталына қатысуға рұқсат беруден бас тартуға құқылы.";
      13) 22-баптың 1-тармағында:
      а) тармақшасындағы "жиырма бес" деген сөздер "елу" деген сөзбен ауыстырылсын;
      б) тармақшасындағы "Байқаушы кеңесiнiң" деген сөздер "Басқармасының" деген сөзбен ауыстырылсын;
      14) 25-баптың бiрiншi және екiншi бөлiгiндегi "министрлiгi", "министрлiгiне" деген сөздер "министрлiгiнiң органдары", "министрлiгiнiң органдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      15) 26-баптың 6-тармағындағы бәсiрелiк болып табылады және" деген сөздер алып тасталсын;
      16) 28-баптың 1-тармағындағы "министрлiгiнде" деген сөз "министрлiгiнiң органдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      17) 29-бапта:
      атаудағы "мен өкiлдiктерiн" деген сөздерден кейiн "және есеп айырысу-касса бөлiмдерiн (жинақ кассаларын)" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      "7-1. Банктiң есеп айырысу-касса бөлiмi (жинақ кассасы) - банктiң Ұлттық Банк келiсiмi негiзiнде құрылған, заңды тұлға болып табылмайтын, филиалдық не өкiлдiк мәртебесi жоқ, Қазақстан Республикасының аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерiн орындайтын аумақтық оқшау бөлiмшесi.";
      8-тармақта:
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Есеп айырысу-касса бөлiмдерi (жинақ кассалары) қолданылып жүрген банк заңдарына сәйкес ашылады және жабылады.";
      екiншi бөлiк "органдарына" деген сөздiң алуынан "министрлiгiнiң" деген сөзбен толықтырылсын;
      екiншi бөлiк үшiншi бөлiк болып есептелсін;
      18) 30-бапта:
      2-тармақта:
      а) және б) тармақшаларындағы "депозиттерiн" деген сөз "банк шоттарын ашуды және жүргізуді" деген сөздермен толықтырылсын;
      в) тармақшасындағы "сондай-ақ банктердiң металл шоттарын" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы в-1) тармақшасымен толықтырылсын:
      "в-1) осы адамның иелігiндегi тазартылған бағалы металдардың нақты саны көрiнiс табатын жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргiзу;";
      г) тармақшасы "қабылдау" деген сөзден соң "беруді" деген сөзбен толықтырылсын;
      ж) тармақшасы "төлем, мерзім, қайтарым талаптарына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
      и) тармақшасы "қаражатты" деген сөзден кейін "тазартылған бағалы металдарды және құнды қағаздарды" деген сөздермен толықтырылсын;
      к) тармақшасындағы "(есеп айырысу)" деген сөздер алып тасталсын;
      үшiншi бөлiк "басқа" деген сөзден кейiн "заңды" деген сөзбен толықтырылсын;
      3-тармақта:
      г) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "г) ақша түрiнде орындауды көздейтiн кепiлдiктер беру;";
      мынадай мазмұндағы г-1) тармақшасымен толықтырылсын:
      "г-1) ақша түрiнде орындауды көздейтiн үшiншi адамдар үшiн тапсырымдар және басқа мiндеттемелер беру";
      19) 31-бапта:
      2-тармақта:
      бiрiншi абзацта "банктiң Байқаушы кеңесi" деген сөздер "банк директорларының кеңесі (жабық қоғамда мұндай орган болмаған жағдайда - акционерлердiң жалпы жиналысы)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      ж) тармақшасындағы "банктiң Байқаушы кеңесi" деген сөздер "банк директорларының кеңесі (жабық қоғамда мұндай орган болмаған жағдайда
- акционерлердiң жалпы жиналысы)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      20) 34-бапта:
      1-тармақ "төлем" деген сөзден кейiн "мерзiмi" деген сөзбен толықтырылсын;
      2-тармақта:
      "ережеге" деген сөз "ережелерге" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Байқаушы кеңесi" деген сөздер "банк директорларының кеңесi (жабық қоғамда бұл орган болмаған жағдайда - акционерлердiң жалпы жиналысы)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтың бiрiншi абзацындағы "ереже" деген сөз "ережелер" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5-тармақтағы "банктердiң кепiлдiк операцияларына" деген сөздер "банктердiң кепiлдiктер және кепiлдемелер беру жөнiндегi операцияларына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      21) 35-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Банк бiр заемшыға осы заемшының банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алған заем қаражатының көлемiн шегерiп тастағанда активтердiң орташа жылдық құнынан асып кететiн жалпы сомаға банк кредитiн беруге құқылы емес. Заемшының активтерiнiң орташа жылдық құны есептi жылдың басынан осы кредиттi алған күнге дейiнгi кезеңге есептеледi.";
      4-тармақтағы "банктердiң кепiлдi операцияларын" деген сөздер "банктердiң кепiлдiктер мен кепiлдемелер беру жөнiндегi операцияларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      22) 38-бапта:
      баптың атауындағы "Ақшалай қаражаттар" деген сөздер "Төлемдер және ақшалай қаражаттар" деген сөздермен толықтырылсын 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Банктер Қазақстан Республикасының аумағында төлемдер мен ақша аударымдарын заңдарда белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.";
      2-тармақтағы "Ақшалай қаражаттар" деген сөздерден кейiн "және төлемдер" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақтағы "халықаралық" деген сөзден кейiн "төлемдерiн және" деген сөздермен толықтырылсын;
      23) 40-баптың 7-тармағында:
      "кепiлдiк" деген сөзден кейiн "кепілдемелер" деген сөзбен толықтырылсын;
      "банктiң Байқаушы кеңесiнiң" деген сөздер "банк директорлары кеңесiнiң (жабық қоғамда мұндай орган болмаған жағдайда акционерлердiң жалпы жиналысының)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      24) 41 - бапта:
      баптың атауы мынадаЙ редакцияда жазылсын:
      "41-бап. Банктерге және олардың лауазымдар адамдарына қолданылатын шаралар. Банктiк реттеу тәсiлдерi";
      жетiншi абзац "банктерге" деген сөзден кейiн "немесе олардың лауазымды адамдарына" деген сөздермен толықтырылсын;
      25) 42-баптың 1-тармағының үшiншi бөлiгiнде "бұзғаны үшiн" деген сөздер "банктiң және олардың лауазымды адамдары бұзғаны үшiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      26) 43-баптың атауындағы және 1-тармағындағы "Резервтiк қорлар", "қорының" деген сөздер тиiсiнше "Резервтiк капитал", "капиталдың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      27) 48-баптың 1-тармағында:
      в) тармақшасындағы "есеп айырысу" деген сөздер "төлем" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы л-1) тармақшасымен толықтырылсын:
      "л-1) банктiң қайта құрылу немесе таратылу жолымен өз қызметiн ерiктi түрде тоқтату туралы шешiм қабылдауы.";
      28) 54-баптың 1-тармағының үшiншi бөлiгiндегi "Байқаушы кеңесi" деген сөздер "банк директорларының кеңесi (жабық қоғамда мұндай орган болмаған жағдайда акционерлердің жалпы жиналысы)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      29) 55-баптағы "пайда мен залал туралы есептi" деген сөздер тиiсiнше "кiрiстер мен шығыстар туралы есептi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      30) 69-бап мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      "7-1. Ерiктi түрде таратылу процесiн аяқтаудың мүмкiн еместiгiне байланысты Ұлттық Банк банктiң жұмысын ерiксiз тоқтату (тарату) туралы сотқа жүгiнуге құқылы.";
      31) 73-баптың 7-тармағындағы "министрлiгi" деген сөз "министрлiгiнiң органдары" деген сөздермен ауыстырылсын.

      7. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сақтандыру туралы" 1995 жылғы 3 қазандағы N 2475 U952475_  заң күшi бар Жарлығына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 19, 115-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 15, 279-құжат; 1997 ж., N 11, 143-құжат; N 13-14, 205-құжат):
      1) 1-бапта
      2-тармақтағы "Сақтандыру қызметi-" деген сөздерден кейiн "сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру және қайта сақтандыру брокерлерiнiң уәкiлеттi мемлекеттiк органның тиiстi лицензиясы негiзiнде жүзеге асыратын және" деген сөздермен толықтырылып, "сақтандырушының" деген сөз алып тасталсын;
      "мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Уәкілеттi мемлекеттiк орган - мемлекеттiң сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi мiндеттер мен өкiлеттiктердi заңдарда белгiленген өкiлеттiктерге сәйкес жүзеге асыратын органы.";
      2) 2-бап:
      "нормативтiк" деген сөзден кейін "құқықтық" деген сөзбен толықтырылсын;
      "Үкiметiнiң" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ уәкiлеттi мемлекеттiк органның" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 3-бапта:
      баптың атауындағы "сақтандыру қатынастары" деген сөздер "қатынастары" деген сөзбен ауыстырылсын;
      1-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
      " - уәкiлеттi мемлекеттiк органның сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi өзiнiң қызметi мен өкiлеттiктерiн жүзеге асырумен байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi.";
      4) 5-баптың 4-тармағында:
      "заңдарда" деген сөз "заң актiсiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi сөйлем алып тасталсын;
      5) 8-бапта:
      2-тармақта:
      бiрiншi бөлiк алып тасталсын;
      екiншi бөлiктегi "ұйымдардың" деген сөздер "және қайта сақтандырушы ұйымдардың, шетелдік сақтандыру делдалдарының" сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5-1 және 5-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "5-1. Шетел қатысатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы - акцияларының үштен бірінен астамы мыналардың:
      1) Қазақстан Республикасының резидент еместерiнiң;
      2) акцияларының (қатысушылар салымдарының) үштен бiрiнен астамы Қазақстан Республикасы резидент еместерінiң не соларға ұқсас Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының меншiгiнде және (немесе) басқаруында болатын Қазақстан Республикасының резиденттерi - заңды тұлғалардың;
      3) Қазақстан Республикасының резидент еместерiнiң қаражатын бөлушiлер (сенiм көрсетiлген адамдар) болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттерi не осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетiлген заңды тұлғалардың иелiгiндегi және (немесе) басқаруындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы.
      5-2. Шетел қатысқан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының жиынтық тiркелген жарғы капиталы, уәкiлеттi мемлекеттiк орган рұқсат берген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының барлық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының бiрге тiркелген жарғы капиталының жиырма бес процентiнен аспауға тиiс.";
      6) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-бап. Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының
               құрылуы мен қызметiнiң ерекшелiктерi

      1. Құрылатын сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын мемлекеттiк тiркеудi уәкiлеттi мемлекеттiк органның оны ашуға рұқсаты негiзiнде Әдiлет министрлiгiнiң органдары жүзеге асырады.
      2. Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары акционерлiк қоғам және мемлекеттiк кәсiпорын нысанында құрылады.
      3. Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын ашуға рұқсат беру (кері қайтарып алу) тәртiбi, оларды құрған кезде қойылатын қосымша талаптар, құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, бұл ұйымдарды мемлекеттiк тiркеу және қайта тiркеу, оларды қайта құру және тарату ерекшелiктерi, сондай-ақ олардың қызметiн реттеу (сақтандырушының шарттық қатынастарын қоспағанда) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
      4. Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарына сақтандыруға жатпайтын немесе сақтандыру қызметiнiң нысанасынан тiкелей туындамайтын кәсiпкерлiк қызмет ретiнде (сауда және материалдық өндiрiс саласын қосқанда) мәмiлелер мен операцияларды жүзеге асыруға тыйым салынады.";
      7) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:

      "10-1-бап. Сақтандыру және қайта сақтандыру брокерлерi

      1. Мемлекеттiк уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарға сәйкес келетiн коммерциялық ұйымдар сақтандыру және қайта сақтандыру брокерлерi ретiнде өкiлеттiк етуге құқылы.
      2. Сақтандыру және қайта сақтандыру брокерлерi сақтандырушы делдалдар болып табылады және сақтандырушы, қайта сақтандырушы тараптармен немесе үшiншi тұлғамен тиiстi шарттарда (келiсiмдерде) белгiленген талаптар шегiнде жауапкершiлiкте болады.
      3. Сақтандыру және қайта сақтандыру брокерлерi уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру қызметiн (сақтандыру делдалдығын) жүргiзуге берген тиiстi лицензияның негiзiнде өз қызметiн жүзеге асырады.";
      8) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-бап. Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымының капиталы

      1. Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
      2. Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтайшылары (акционерлерi) сатып алатын акцияларға тек қана ақша төлеуге мiндеттi.
      3. Құрылған сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының жарғылық капиталына акционерлердiң меншiк капиталы шегiнде ақша салынуы мүмкін.
      4. Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай құжаттарында жарияланған жарғылық капиталын олардың акционерлері бұл ұйымдарды мемлекеттiк тiркеу кезiне төлеуге тиiс.";
      9) 35-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "35-бап. Сақтандырушылардың қаржылық орнықтылығын
               қамтамасыз етудiң ең төменгi шарттары

      1. Сақтандырушы өзiнiң қаржылық орнықтылығын қамтамасыз етуге мiндеттi. Қаржылық орнықтылықты қамтамасыз етудiң ең төменгi шарттарына: меншiктi капиталы мен сақтандыру резервтерiнiң қажеттi мөлшерде болуы сақтандырушының жекелеген шарт бойынша ең төменгi мiндеттеме нормативiн сақтауы және уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген сақталуға мiндеттi басқа нормалар мен лимиттердi орындау жатады.
      2. Сақтандырушының меншiктi капиталы сақтандырушының сақтандыру резервтерi мен басқа да мiндеттемелерi (кредиторлық борышы) сомасын шығарып тастағаннан кейiнгi барлық активтерiнiң құны ретiнде белгiленедi. Сақтандырушылардың активтерiнiң көлемiн анықтау әдiсiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
      3. Сақтандыру резервтерi сақтандыру төлемдерiнiң есебiнен құралады. Сақтандыру резервтерiн қалыптастыру тәртiбi мен мөлшерiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
      10) 36-баптың атауындағы және мәтiнiндегi "қоры", "қордың" деген сөздер "капиталы", "капиталдың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 37-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      2. Сақтандыру резервтерін орналастыруды сақтандырушылар бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсе отырып, уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.";
      3 және 4-тармақтар алып тасталсын;
      12) 38-40-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "38-бап. Сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттер

      1. Сақтандырушының, сақтандырудың немесе қайта сақтандырудың жеке шарты бойынша қайта сақтандырушының міндеттемелерінің ең жоғарғы көлемі меншікті капиталы мен сақтандыру резервтерi сомасының 10 процентiнен аспауға тиiс.
      2. Егер сақтандырушы немесе қайта сақтандырушы аталған нормативтен асыра отырып мiндеттемелер қабылдаған жағдайда, олардың артық бөлiгi қайта сақтандырылуға тиiс.
      3. Уәкілеттi мемлекеттiк орган сақтандырушылар мен қайта сақтандырушылар сақтауға міндетті басқа нормалар мен лимиттерді белгiлеуге құқылы.

      39-бап. Есеп және есеп беру

      Сақтандырушылар мен қайта сақтандырушылардың, сақтандыру және қайта сақтандыру брокерлерiнiң бухгалтерлiк, статистикалық және өзге де есеп берулерiнiң тiзбесiн, нысанын, мерзiмiн, сондай-ақ олардың жылдық есептi жариялау мерзiмiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.

      40-бап. Сақтандыру қызметiн мемлекеттiк реттеу және
               қадағалау мiндеттерi

      1. Сақтандыру қызметi мен сақтандыруды қадағалауды мемлекеттiк реттеу мiндеттерi Қазақстан Республикасының сақтандыру жүйесiнiң тұрақтылығын қолдау, сақтандыру ұйымдары мен сақтандыру қызметiнiң өзге де субъектiлерi клиенттерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау, өздерi өткiзетiн сақтандыру мәмiлелерi мен операцияларының сенiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру рыногының субъектiлерi үшiн арнайы талаптар, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары, сақтандыру және қайта сақтандыру брокерлерi үшiн мiндеттi нормативтер белгiлеу болып табылады.
      2. Сақтандыру қызметiн реттеудi және оны сақтандыруды қадағалауды уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.";
      13) 41-бапта:
      баптың атауындағы және бiрiншi абзацтағы "Мемсаққадағалаудың" деген сөз "Уәкілетті мемлекеттік органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) тармақшадағы "қызметiн" деген сөз "қызметiнiң түрiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) сақтандырушылар мен қайта сақтандырушылардың қаржылық орнықтырылығын қамтамасыз етудің ең төменгі шарттарын сақтауды бақылау;";
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен сақтандыру қызметiн жүзеге асыруға берiлген лицензиялардың күшiн тоқтата тұруды қоса алғанда, сақтандырушылардың, қайта сақтандырушылардың, сақтандыру және қайта сақтандыру брокерлерiнiң сақтандыру қызметiн реттеу және оны қадағалау;";
      мынадай мазмұндағы 6-1) - 6-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      "6-1) осы Жарлықта көзделген мәселелер бойынша рұқсаттар мен келiсiмдер беру;
      6-2) Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, сақтанушылардың (сақтандырылғандардың) құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiнде шаралар қабылдау;
      6-3) басқа мемлекеттердiң сақтандыруды қадағалау орталық органдарымен халықаралық және өзге де сақтандыру ұйымдарымен қатынастарда Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiру болып табылады.";
      14) 42-бапта:
      баптың атауындағы және бiрiншi бөлiктегi "Мемсаққадағалаудың" деген сөз "Уәкiлеттi мемлекеттiк органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақшадағы "шетел қатысатын кәсiпорындарды қоса алғанда" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадаЙ мазмұндағы 7-1) - 7-10) тармақшалармен толықтырылсын:
      "7-1) сақтандыру ұйымдары мен басқа сақтандыру қызметi субъектілерiнiң мiндеттi түрде орындауға тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерiн шығаруға;
      7-2) сақтандыру резервтерiн қалыптастыру және пайдалану тәртiбiн белгiлеуге, сақтандырушылар мен қайта сақтандырушылардың қаржылық жай-күйiн бағалау әдiсiн, сондай-ақ олардың қызметiнiң нәтижесiн анықтауға;
      7-3) сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары үшін жарғылық капиталдың ең төменгi мөлшерiн белгiлеуге;
      7-4) сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын ашуға, олардың ерiктi түрде қайта құрылуына және тарауына, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының филиалдары мен өкiлеттiктерiн республика аумағында және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде де ашуға рұқсат беруге;
      7-5) сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының Басқарма төрағалары мен мүшелерi, бас бухгалтерлерi, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары филиалдарының басшылары мен бас бухгалтерлерi қызметiне адамдар сайлауға (тағайындауға) келiсiм беруге немесе келiсiм беруден бас тартуға;
      7-6) сақтандыру қызметiн дербес немесе аудиторлық ұйымдарды тарту арқылы жүзеге асыратын ұйымдарға тексеру жүргiзуге (инспекциялауға);
      7-7) сақтандыру рыногының субъектiлерiнен өзiнiң бақылау және қадағалау қызметiн жүзеге асыруға қажеттi ақпарат алып отыруға;
      7-8) өзiнiң бақылау және қадағалау қызметiн қамтамасыз ету үшiн сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру және қайта сақтандыру брокерлерiнiң бухгалтерлiк, статистикалық және өзге есептерiнiң тiзбесiн, нысанын, тапсыру мерзiмiн белгiлеуге;
      7-9) сақтандыру статистикасын, сақтандыру рыногының жай-күйiне экономикалық талдау әзiрлеу үшiн сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының қауымдастықтарынан, одақтары мен бiрлестiктерiнен, мемлекеттiк органдардан қажеттi ақпарат алуға;
      7-10) заңдарда көзделген негiздемелер бойынша сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарына, сақтандыру және қайта сақтандыру брокерлерiне берiлген лицензиялардың күшiн тоқтата тұру туралы шешімдер, сондай-ақ сотта қарау тәртiбiмен олардың қызметiн тоқтату туралы шаралар қабылдауға құқығы бар.":
      15) 43-бапта:
      2 -тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Сақтандыру қызметiнiң түрлерiн жүзеге асыруға лицензияларды уәкiлеттi мемлекеттiк орган бередi.";
      5-тармақ "Сақтандыру" деген сөзден кейiн "(қайта сақтандыру)" деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақта:
      "сақтандыру делдалының" деген сөздер алып тасталсын;
      "сақтандыру тәуекелдерiн бағалаумен, залалдың мөлшерiн, сақтандыру төлемдерiнiң мөлшерiн анықтаумен" деген сөздер "сақтандыру тәуекелдерiн, сақтандыру төлемдерiнiң мөлшерiн бағалаумен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру және қайта сақтандыру брокерлерiнiң қызметiн лицензиялау тәртiбi мен шарты, сондай-ақ бұл ретте оларға қойылатын талаптар уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгіленедi.
      8. Сақтандыру қызметiн жүзеге асыруға берiлетiн лицензияның нысанын уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтедi.";
      9-тармақтың бірінші бөлiгiндегi "Мемсаққадағалау" деген сөз "Уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      16) 44-баптағы "Мемсаққадағалауға" деген сөз "уәкiлеттi мемлекеттік органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      17) 46-бапта:
      1-тармақта:
      екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "егер өтiнiш берушi осы Жарлықта немесе уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тиiстi құжаттарды беру жөніндегі талаптарды орындамаса;";
      төртiншi абзац "сақтандыру" деген сөзден кейiн "немесе қайта сақтандыру" деген сөздермен толықтырылсын;
      бесінші және алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "егер сақтандыру қызметі субъектiсiнiң жарғылық капиталын қалыптастыру жөнiндегi шарттар орындалмаса не оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудiң ең төменгi шарттары сақталмаса;
      егер лицензиар берген құжаттар (шарттық сақтандыру құжаттамасының үлгiлерi - сақтандыру түрлерi бойынша iшкi ережелер, шарт нысандары және сақтандырудың өзге де талаптарын өзінiң мазмұны бойынша заңдардың талаптарына сай келмесе, лицензия беруден бас тартылуы мүмкiн.";
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын.
      "2-1. Сақтандырушыға және қайта сақтандырушыға сақтандырудың (қайта сақтандырудың) қосымша түрлерiн жүзеге асыруға лицензия беруден бас тартудың негіздемесі уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актiлерiнде белгiленедi."
      18) 47-баптағы "Мемсаққадағалауға" деген сөз "уәкiлеттi мемлекеттiк органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      19) 48-бапта:
      1-тармақтағы "Мемсаққадағалаудың" деген сөз уәкiлеттi мемлекеттiк органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) сақтандырушы қаржылық орнықтылықтың ең төменгi шарттарының бiреуiн болса да орындамаған;
      3) тармақша "ұйғарылған" деген сөзден кейiн "нормативтiк" деген сөзбен толықтырылсын;
      4) тармақша "сақтандыру" деген сөзден кейiн "немесе қайта сақтандыру" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарты бойынша қабылданған мiндеттемелердi жүйелi түрде орындамаған;";
      6) тармақшадағы "Мемсаққадағалау" деген сөз "уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) тармақшадағы "сақтандырушыға", "оның" деген сөздер алып тасталсын;
      5-тармақтағы "сақтандырушыға" деген сөз "орындау үшiн лицензиардың назарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6-1 және 6-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "6-1. Қайта сақтандыру ұйымы (тек қана қайта сақтандыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын) лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру осы баптың 3-тармағының 1), 4), 5), 7) және 8) тармақшаларында белгiленген негiздемелер бойынша жүргiзiледi.
      6-2. Сақтандыру немесе қайта сақтандыру брокерлерi лицензияларының қолданылуы осы баптың 3-тармағының 1), 4), 7) және 8) тармақшаларында белгiленген негіздемелер бойынша тоқтатыла тұрады.";
      20) 49-бапта:
      1 және 3-тармақтардағы "Мемсаққадағалау" және "Мемсаққадағалауға" деген сөздер "уәкiлеттi мемлекеттiк орган" және "уәкiлеттi мемлекеттiк органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "3-1. Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын өз еркiмен тарату осы Жарлықта көзделген шарттарды ескере отырып жүзеге асырылады.
      Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын өз еркімен таратылу тәртібі уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
      3-2. Қайта сақтандыру ұйымына, сақтандыру немесе қайта сақтандыру брокерiне берiлген лицензияны оларды мәжбүрлеп тарату кезiнде қайтарып алу және қолданылуын тоқтату осы баптың 1-3-тармақтарында белгіленген тәртiппен жүргiзiледi.";
      21) 50-баптың атауындағы "күшi шектелген, оны тоқтата тұрған немесе" деген сөздер "қолданылуын тоқтата тұрған немесе оны" деген сөздермен ауыстырылсын;
      22) 51-баптың атауындағы "Мемсаққадағалау" және мәтiнiндегi "Мемсаққадағалаудың" деген сөздер "Уәкiлеттi мемлекеттiк орган" және "уәкiлеттi мемлекеттiк органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      23) 52-баптың атауындағы "Мемсаққадағалау" және мәтiнiндегi "Мемсаққадағалаудың" деген сөздер "Уәкiлеттi мемлекеттiк орган" және "Уәкiлеттi мемлекеттiк органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      24) 53-баптың 1-тармағының төртiншi абзацындағы "актілерi мен нұсқаулықтарын" деген сөздер "құқықтық актiлерiн" деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бухгалтерлiк есепке алу туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2732 заң күшi бар Жарлығына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 171-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 205-құжат):
      1-баптың 2-тармағындағы "жүйесiндегi қатынастары банк туралы заңдармен реттеледi" деген сөздер "және сақтандыру жүйесiндегi банк туралы және сақтандыру туралы тиісті заңдармен реттеледі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      9. "Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы" 1998 жылғы 22 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 5-6, 49-құжат):
      1) 1-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: "Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктердiң ерекшелiктерi банк заңдарымен белгіленуi мүмкiн.".
      2) 9-баптың бiрiншi абзацындағы "елуден" деген сөз "жүзден" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) 65-бапта:
      1-тармақ "шаруашылық серiктестiк" деген сөздерден кейін ", акционерлiк қоғам" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақ "жаңадан пайда болатын" деген сөздерден кейін "акционерлiк қоғам," деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 69-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасындағы "елуден" деген сөз "жүзден" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы "елуден" және "елуге" деген сөздер тиiсiнше "жүзден" және "жүзге" деген сөздермен, "серiктестiк" деген сөз "шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам" деген сөздермен ауыстырылсын.

      10. "Акционерлiк қоғамдар туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж, N 17-18, 223-құжат):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Акционерлiк қоғамдар туралы жалпы ережелер банк және сақтандыру қызметi туралы заң актілерiнде өзге ережелер белгiленбеген жағдайларда қолданылады.";
      2) 2-баптың он жетiншi абзацы мынадаЙ жаңа редакцияда жазылсын:
      "баспасөз басылымы - таралымы кемiнде 30.000 дана болатын мерзiмдi баспасөз басылымы немесе бағалы қағаздар рыногының мәселелерi жөнiнде материалдар жариялайтын мамандандырылған басылым. Баспасөз басылымдарының тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.".

      11 . "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 5, 52-құжат; N 12, 184-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 17-18, 224-құжат):
      1) 2-баптың отыз жетiншi абзацындағы "бағалы қағаздармен" деген сөздер "қаржы құралдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 24-баптың 1-тармағының бiрiншi абзацы "оларды орналастырудың әрбiр алты айдағы" деген сөздерден кейiн "(әрбір алты ай аяқталғаннан кейiн бiр ай iшiнде)" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 37-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Уәкiлеттi органның шешiмi бойынша қор биржасының акционерлерi бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары болып табылмайтын, бiрақ заңдарға сәйкес бағалы қағаздардан басқа өзге қаржы құралдарымен мәмiлелердi жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлғаларға қор биржасының акцияларын сатып алу құқығы берiлуi мүмкін.";
      5-тармақ алып тасталсын;
      4) 38-бапта:
      екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "өзiнiң мүшелерiне қаржы құралдарымен мәмiлелердi жасау немесе тiркеу үшiн арнаулы жабдықталған үйлер және (немесе) арнаулы бағдарламалық-техникалық кешендер болып табылатын сауда алаңдарын (сауда жүйелерiн) бередi;";
      жетiншi абзацтағы "бағалы қағаздар рыногында" деген сөздер "қаржы рыногында (қаржы құралдары мен қаржы қызметтерiнiң рыногында)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 39-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары және бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары болып табылмайтын, бiрақ заңдарға сәйкес бағалы қағаздардан басқа өзге қаржы құралдарымен мәмiлелердi жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлғалар қор биржасының мүшелерi бола алады.";
      6) 40-бапта:
      1-тармақта:
      бiрiншi сөйлемдегi "Қор биржасын басқару" деген сөздер "Қор биржасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi сөйлемдегi "Қор биржасын басқару" деген сөздер "Қор биржасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қор биржасы органдарының құрамына сайланған, бағалы қағаздары осы қор биржасының листингiне енгiзiлген ұйымдардың лауазымды адамдарының дауыстары листинг мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдау кезiнде дауыстарды санағанда есептелмейдi.";
      3-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қор биржасының жоғары органы шешiмдер қабылдаған кезде оның акционерлерiнiң дауыс саны бiрдей болады.";
      7) 42-баптың төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "бағалы қағаздар листингi үшiн";
      8) 44-бапта:
      2-тармақта:
      бiрiншi және екiншi сөйлемдер "Биржалық" деген сөздiң алдынан "Бағалы қағаздармен" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын: "Қор биржасының мүшелерi келiскен кезде биржа олардың бағалы қағаздардың биржадан тыс рыногындағы қызметiн реттеуге құқылы";
      3-тармақта:
      біріншi абзац "Биржалық" деген сөздің алдынан "Бағалы қағаздармен" деген сөздермен толықтырылсын;
      бесiншi абзацта "қаржы құралдарымен" деген сөздер "бағалы қағаздармен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтағы "қаржы құралдарын" деген сөздер "бағалы қағаздарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 46-бапта:
      2-тармақтағы "ережелерін" деген сөз "1-тармақпен белгіленген талаптарды" деген сөздермен, "биржа листингінен" деген сөздер "қор биржасында айналысқа жіберілген бағалы қағаздар санынан (осы бағалы қағаздардың делистингінен)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы "осы бағалы қағаздарды биржа листингінен шығарып тастау" деген сөздер "олардың делистінгі" деген сөздермен, "осы бапта" деген сөздер "осы баптың 1-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап.  Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енгізіледі.
      Осы заңда белгіленген ұйымдастыру-құқықтық нысандағы сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары 1999 жылғы 1 қазанға дейін қайта тіркелуге міндетті.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

     


Дата изменения акта:  16.07.1999
Дата принятия акта:  16.07.1999
Информация об официальном опубликовании акта:  "Егемен Қазақстан" 1999 ж., 3 тамыз N 172
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  102000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  3657
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  436
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  001008000000
Форма акта:  ЗАК
Юридическая сила:  0400
Язык акта:  kaz