Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (ерекше бөлім) күшіне енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 1 шілде N 410

      1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (ерекше бөлім) 1999 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енгізілсін. 
      2. 1999 жылғы 1 шілдеден бастап мыналардың күші жойылды деп танылсын: 
      1) 1963 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақ ССР Заңымен бекітілген Қазақ ССР Азаматтық кодексі (Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Ведомостары, 1969 ж., N 24; 1970 ж.,N 28; 1972 ж., N 47; 1973 ж., N 27; 1974 ж., N 4, 26, 46; 1975 ж., N 11; 1976 ж., N 45; 1977 ж., N 15,29; 1982 ж., N 32, 315-құжат; 1983 ж., N 41, 435-құжат; N 49; 527-құжат; 1984 ж., N 36, 447-құжат; 1985 ж., N 19, 192-құжат; N 45, 457-құжат; 1986 ж., N 25, 242-құжат; 1987 ж., N 24, 314-құжат; 1988 ж., N 2, 19-құжат; 1989 ж., N 3, 17-құжат; 1990 ж., N 22, 274-құжат; N 50, 467-құжат; 1991 ж., N 28, 373-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 14, 277-құжат; 1998 жылы 25 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанкая правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы); 
      2) "Қазақ ССР-інің Азаматтық кодексін бекіту туралы" 1963 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақ ССР Заңы (Қазақ ССР Жоғарғы Советі мен Үкіметінің Ведомостары, 1964 ж., N 2); 
      3) "Қазақ ССР-iнiң Азаматтық және Азаматтық iс-жүргізу кодекстерiн күшiне енгiзу тәртiбi туралы" Қазақ ССР Жоғарғы Советi Президиумының 1964 жылғы 25 сәуiрдегi Жарлығының нормалары (Қазақ ССР Жоғарғы Советi мен Yкiметiнiң Ведомостары, 1964 ж., N 20; Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1983 ж., N 46, 500-құжат) Азаматтық кодекске қатысты бөлiгiнде; 
      4) "Экономикалық реформа жүргiзу кезеңiнде азаматтық құқықтық қатынастарды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 30 қаңтардағы қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 4, 71-құжат). 
      3. Алдағы уақытта Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген заң актiлерi мен өзге де нормативтiк-құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (ерекше бөлiм) сәйкес келтiрiлгенге дейiн Қазақстан Республикасының заң актілері мен өзге де нормативтік құқықтық актілері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (ерекше бөлiм) қайшы келмеген жағдайда қолданылады. 
      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (ерекше бөлiм) сәйкес Қазақстан Республикасының заң актілерiмен ғана реттеуге болатын Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) енгiзiлгенге дейiн шығарылған нормативтiк құқықтық актiлерi алдағы уақытта ол күшiне енгiзiлгенге дейiн қолданылады. 
      4. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) оны күшiне енгiзгеннен кейiн туындаған қатынастарға қолданылады. 
      1999 жылғы 1 шiлдеге дейiн туындаған қатынастар бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) оны күшiне енгiзгеннен кейiн туындаған құқықтар мен мiндеттерге қолданылады. 
      5. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (ерекше бөлiм) шарттардың жекелеген түрлерiн жасасу тәртiбi мен нысаны туралы, сондай-ақ оларды мемлекеттік тіркеу туралы нормалары оларды жасасу туралы ұсыныс Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) күшiне енгiзiлгеннен кейiн жiберiлген шарттарға қолданылады. 
      Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (ерекше бөлiм) жекелеген шарт түрлерiнiң мазмұнын айқындайтын нормалары ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн жасалған шарттарға қолданылады. 
      6. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (ерекше бөлiм) жекелеген шарт түрлерiн бұзудың негiздерi туралы, салдары туралы және тәртiбi туралар Шарттың тараптары үшін міндетті нормалары, олардың жасалған күнiне қарамастан, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) күшiне енгiзiлгеннен кейiн күшiнде қала беретiн шарттарға да қолданылады. 
      Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (ерекше бөлiм) шарттың шарттық міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілік туралы тараптарға міндетті нормалары, 1999 жылғы 1 шiлдеге дейiн жасалған шарттарда мұндай тәртiп бұзушылық үшiн өзгеше жауапкершілік көзделген жағдайларды қоспағанда, егер тиісті тәртіп бұзушылыққа Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) күшiне енгiзiлгеннен кейiн жол берiлген болса, қолданылады. 
      7. Мiндеттемедегi тараптардың бiр жеке тұрмыстық мұқтаж үшін тауарларды (жұмысты, қызмет көрсетуді) пайдаланушы, сатып алушы, тапсырыс беруші не сатып алу немесе тапсырыс беру ниеті бар азамат болса, ол Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (ерекше бөлім) сәйкес міндеттемедегі тараптың құқықтарын сондай-ақ "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және оған сәйкес шығарылған өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде тұтынушыға берiлген құқықтарды пайдаланады. 
      8. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (ерекше бөлiм) 922 және 923-баптарының күшi жәбiрленушiге зиян келтiру 1999 жылғы 1 шiлдеге дейiн болған, бiрақ 1996 жылғы 1 шiлдеден бұрын емес және келтiрiлген зиян өтелмей қалған жағдайларда да қолданылады. 
      Аталған Кодекстiң 937 - 946-баптарының күшi азаматтың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiру 1999 жылғы 1 шiлдеге дейiн болған, бiрақ 1996 жылғы 1 шiлдеден бұрын емес және келтірілген зиян өтелмей қалған жағдайларда да қолданылады. 
      9. Азаматтық қатынастарға қатысушылардың құқықтарын бұзушыларға талаптар қоюдың, бұзылған құқықтарды қорғаудың және (немесе) оларды жауапқа тартудың мерзімдерін белгілейтін баптардың күші бұрын қолданылып жүрген азаматтық заңдарда көзделген осындай мерзімдер Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі (ерекше бөлім) күшіне енгізілгенге дейін өтпеген жағдайларда Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (ерекше бөлім) ережелері бойынша есептеледі.
      10. VI "Мұрагерлік құқық" бөлімі баптарының нормалары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (ерекше бөлім) күшіне енгізілгеннен кейін ашылған мұраға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті