06.11.1998

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заң күші бар Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының Президентінің "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464 Конституциялық заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 17-18, 114-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 192-құжат; 1998 ж., N 7-8, 71-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1. 9-баптың 1-тармағының 1)тармақшасы, 52-бап, 53-баптың 2-тармағы, 63-баптың 3-тармағы, 67-бап алып тасталсын.
      2. 9-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының үшінші абзацындағы "осы Жарлықтың Ерекше бөлімінде белгіленген шектен төмен болмауға тиіс" деген сөздер алып тасталсын.
      3. 42-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Сайлаушы (таңдаушы) өзі дауыс беретін кандидат тегінің оң жағындағы бос шаршының не "Барлық кандидаттарға қарсы дауыс беремін" деген жолдың оң жағында орналасқан шаршының ішіне кез келген белгі соғады.
      3. Сайлаушы жергілікті өзін-өзі басқару органы мүшелерін сайлаған кезде өзі дауыс беретін кандидаттар тегінің оң жағындағы бос шаршының не "Барлық кандидаттарға қарсы дауыс беремін" деген жолдың оң жағында орналасқан шаршының ішіне кез келген белгі соғады".
      4. 51-баптағы "бес" деген сөз "жеті" деген сөзбен ауыстырылсын.
      5. 65-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы "дауысын, алайда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың кемінде қырық процентінің" деген сөздер алып тасталсын.
      6. 130-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мәслихаттар депутаттарының бірінші сайлауы 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының және осы Жарлықтың талаптарына сәйкес 1999 жылдың ішінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы тағайындайтын мерзімде өткізіледі. 1994 жылғы 7 наурызда сайланған жергілікті өкілді органдардың өкілеттігі 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мәслихаттар депутаттарының жаңа құрамы сайланғанға дейін қолданыла береді".

      Қазақстан Республикасының
      Президенті


Дата вступления в силу:  06.11.1998
Дата изменения акта:  06.11.1998
Дата принятия акта:  06.11.1998
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  102000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  1476
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  285
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  001008000000 / 001009000000
Форма акта:  КЗАК
Юридическая сила:  0230
Язык акта:  kaz