Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгiнiң Үкiметi арасындағы 1994 жылғы 21 наурызда Лондонда Уағдаласышы Мемлекеттер атынан қол қойылған Табысқа және мүлiк құнының өсуiне қосарланған салық салуды жою жә

Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 9 шiлде N 275-I

      Лондонда 1997 жылғы 18 қыркүйекте жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгiнiң Үкiметi арасындағы 1994 жылғы 21 наурызда Лондонда Уағдаласушы Мемлекеттер атынан қол қойылған Табысқа және мүлiк құнының өсуiне қосарланған салық салуды жою және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенциядағы өзгерiстер туралы Хаттама бекiтiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлыбритания және
Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Үкіметі арасында 1994
жылғы 21 наурызда Z960012_Лондонда Уағдаласушы Мемлекеттердің
атынан қол қойылған табыстарға және мүлік құнының өсіміне
қосарланған салық салуды жою және салық төлеуден жалтаруға жол
бермеу туралы Конвенциядағы өзгертулер туралы
Хаттама

(ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 1999 ж., N 5, 92-құжат)
(1998 жылғы 2 қарашада күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж., Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 75 бет)

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Үкіметі:
      Уағдаласушы Тараптардың арасында 1994 жылғы 21 наурызда Лондонда қол қойылған табыстарға және мүлік құнының өсіміне қосарланған салық салуды жою және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Конвенциядағы (бұдан әрі Конвенция деп аталады) өзгертулер туралы Хаттама жасасу ниетімен;
      мына мәселелер туралы уағдаласты:

1-бап

      Конвенцияның 11-бабының 10-тармағы алынып тасталады және төмендегі тармақпен ауыстырылады:
      "10. Осы баптың 2-тармағының ережелеріне қарамастан, бірақ осы баптың 4-тармағының ережелеріне залалын тигізбей, егер:
      а) Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне төленетін проценттерді бірінші аталған Мемлекеттің Үкіметі немесе оның жергілікті өкімет органы яки осы Үкіметтің немесе жергілікті өкімет органының кез-келген жұмыс не құрылымдық бөлімшесі төлесе, немесе
      б) басқа Уағдаласушы Мемлекеттің Үкіметі немесе оның жергілікті өкімет органы яки осы Үкіметтің немесе жергілікті өкімет органының кез- келген жұмыс не құрылымдық бөлімшесі олардың алушысы және нақты иесі болса, олар бірінші аталған Уағдаласушы Мемлекетте салықтан босатылады".

2-бап

      Конвенцияның 25-бабының 7-тармағынан кейін тікелей мынадай жаңа тармақтар қосылады:
      "8. Осы баптың 10-тармағындай, осы Конвенцияда ешнәрсе де Уағдаласушы Мемлекетке кез-келген салық жылында екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын компанияның осы Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекемесіне жатқызылатын пайдаға, осы Конвенцияның 7-бабына сәйкес осы пайдаға есептелген салыққа қосымша, салық салуға кедергі келтіретіндей болып пайымдала алмайды, бұл орайда -
      а) қосымша салық сомасы бұның алдындағы салық жылдарында осындай қосымша салық есебіне қосылмаған компания табысы сомасының 5 процентінен аспайды, және
      б) осы салық жылы тұрақты мекемеге қатысты болатын пайданың сомасы 70000 фунт стерлингтен жоғары болу тиіс.
      9. Осы баптың 8-тармағында "табыс" термині аталған тұрақты мекеме үшін осы баптың 8-тармағы күшінде болған кез-келген салық жылында Конвенцияның 7-бабына сәйкес аталған тұрақты мекемеге қатысты пайданы (Конвенцияның 13(3)-бабына сәйкес кәсіпкерлік мүліктің бір бөлігін құрайтын жылжымалы мүлікті шеттетуден алынған кез-келген табысты қоса) білдіреді, одан Конвенцияның 7 және 13-баптарына сәйкес осындай пайдаға бірінші аталған Уағдаласушы Мемлекетте есептелген барлық салықтар шегеріп тасталады.
      10. Егер және әзірге осы баптың 8-тармағы күшінде болып отырған кез- келген салық жылы үшін Қазақстан мен Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымына мүше мемлекет арасында қосарланған салық салуды жою туралы Конвенция қолданылып отырса, онда ЭЫДҰ-на мүше осы мемлекеттің резиденті болып табылатын компанияның тұрақты мекемесі үшін сол тармақта сипатталған қосымша салық алу көзделмеген болса, онда Біріккен Корольдіктің резиденті болып табылатын компанияның тұрақты мекемесі үшін осы тармақтың күші болмайды".

3-бап

      1. Әрбір Уағдаласушы Мемлекет басқа Мемлекетті өзінің заңдары бойынша осы Хаттаманың күшіне енуі үшін талап етілетін рәсімдердің аяқталғаны туралы дипломатиялық арналар бойынша хабардар етеді.
      2. осы Хаттама осы хабарламалардың соңғысы алынған күннен бастап күшіне енеді және осыдан кейін:
      а) Қазақстанда осы Хаттама күшіне енгеннен кейін келетін күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарынан немесе содан кейін басталатын салық салынатын кезеңдерде пайда болатын салыққа қатысты күшінде болады.
      б) Біріккен Корольдікте:
      (і) осы Хаттама күшіне енген жылдан кейін келетін күнтізбелік жылды 6 сәуірінен немесе содан кейін басталатын кез-келген салық салынатын жыл үшін табыстарға және мүлік құнының өсімінен алынатын табыстарға салынатын салыққа қатысты;
      (іі) осы Хаттама күшіне енген жылдан кейін келетін күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен немесе содан кейін басталатын кез-келген қаржы жылы үшін корпорациялардан алынатын салыққа қатысты;
      Осыны куәландыру ретінде өз Үкіметтері тиісті өкілеттік берген төменде қол қоюшылар осы Хаттамаға қол қойды.
      1997 жылғы қыркүйек айының 18 күні қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде екі дана болып жасалды, барлық үш мәтіннің күші бірдей.

         Қазақстан                  Ұлыбритания және Солтүстік
      Республикасының            Ирландия Біріккен Корольдігінің
        Үкіметі үшін                       Үкіметі үшін