Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы Шекара ауданында қарулы күштердi өзара қысқарту туралы келiсiмдi бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 29 маусым N 243



     Бiшкекте 1997 жылғы 10 қаңтарда қол қойылған Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы Мәңгiлiк достық туралы шарт бекiтiлсiн.
 

    Қазақстан Республикасының
    Президентi


      Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және
Өзбекстан Республикасы арасындағы Мәңгілік достық туралы
 Шарт 
 

     (ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2000 ж., N 1, 14-құжат) (1999 жылғы 15 ақпанда күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж., Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 87 бет)
 
 
      Бұдан әрi қарай "Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы,
      үш мемлекеттің тарихи қалыптасқан берiк байланыстарына сүйене отырып,
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар арасындағы достық қатынастарды, тату-тәттi көршiлiктi, ынтымақтастықты және өзара көмектi нығайту олардың халықтарының түпкiлiктi мүдделерiне сай келедi, бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiк iсiне қызмет етедi деп санай отырып,
      халықаралық құқық нормаларына, ең алдымен БҰҰ Жарғысының, Хельсинки Қорытынды Актiсiнің және ЕҚЫҰ шеңберiнде қабылданған басқа да құжаттардың мақсаттары мен принциптерiне өздерiнiң адалдығын қуаттай отырып,
      өз халықтарының экономикалық дамуы мен рухани өркендеуiнiң негiзi болып табылатын аймақтағы саяси тұрақтылық пен ұлтаралық келiсiм үшiн жауапкершiлiктерiн түсiне отырып,
      Бiртұтас экономикалық кеңiстiк шеңберiнде үш елдің экономикалық ынтымақтастығын тереңдете түсу, оны бұдан әрi қарай дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау, барлық меншiк нысанындағы шаруашылық субъектiлерi арасында тiкелей байланыстар орнату қажет деп санай отырып,
      тарих, мәдениет, тiл мен дәстүрлер тамырластығына негiзделген үш мемлекет арасындағы достық қарым-қатынастарын одан әрi нығайту мақсатында мына төмендегілер жөнiнде уағдаласты:
 
                               1-бап 
 
      Бауырлас және достас мемлекеттер бола отырып, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы өз қарым-қатынастарын кең көлемдегi ынтымақтастық пен өзара сенiм негiзiнде құрады.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар тәуелсiздiктi, егемендiктi, аумақтық тұтастықты және мемлекеттiк шекаралардың мызғымастығын сыйлау, бiр-бiрiнiң iшкi iстерiне қол сұқпау, тең құқықтылық және өзара тиiмдiлiк принциптерi негiзiнде қарым-қатынастарын дамытатын болады.
 
                               2-бап 
 
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар ең алдымен тәуелсiздiк пен егемендiкке, аумақтық тұтастыққа және тәуелсiз саясат жүргiзуге қатер төнуiн болдырмау мәселелерiнде жан-жақты қолдау көрсете отырып, ынтымақтастықты дамытатын болады.
 
                              3-бап 
 
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар басқа Мәртебелi Уағдаласушы Тараптарға қарсы басқыншылық немесе дұшпандық әрекет мақсатында өз аумағын пайдалануға жол бермеуге мiндеттенедi.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың бiреуiнiң пiкiрiнше басқа мемлекеттер тарапынан қарулы басқыншылық қатерiн төндiретiн жағдай туындайтын болса, Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар мұндай жағдайды бейбiт реттеуге жәрдемдесетiн шаралар қабылдау мақсатында, сондай-ақ бiрлескен қорғанысты қамтамасыз ету үшiн үш жақты негiзде, сондай-ақ өздерi қатысушылары болып табылатын халықаралық ұйымдар шеңберiнде де тез арада бiр-бiрiмен тиiстi консультациялар өткiзедi.
 
                               4-бап 
 
      Үш жақты қарым-қатынастарды қалыпты дамытуды қамтамасыз ету, халықаралық аймақтық проблемалар бойынша пiкiрлер алмасу мақсатында Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар әртүрлi деңгейлерде өзара консультациялар өткiзетiн болады.
      Консультациялар барысында Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар оларды Тараптар мүшелерi болып табылатын халықаралық ұйымдарда қарау кезiнде Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың ортақ мүдделерiн қозғайтын аймақтық және ғаламдық мәселелер бойынша позицияларын келiсетiн болады.
 
                               5-бап 
 
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар БҰҰ әлеуетiн барынша толық пайдалану мақсатында ынтымақтастықты жүзеге асыратын болады. Осы мақсатта Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар бейбiтшiлiктi сақтауда және халықаралық қауiпсiздiк пен басқа да салаларда БҰҰ рөлiн нығайту үшiн барлық күш-жiгерлерiн жұмсайды.
 
                               6-бап 
 
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар БҰҰ бiтiмгершiлiк күштерiнiң қызметi принциптерiнде миссияларын орындауға арналған, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының қамқорлығымен Орталық Азия бiтiмгершiлiк күштерi батальонын құруға зор маңыз бередi және батальон қызметiн қамтамасыз ету үшiн барлық қажеттi шараларды қабылдайды.
 
                               7-бап 
 
      Жоғары Уағдаласушы Тараптар аймақтық ынтымақтастықты нығайту аймақ елдерiнiң игiлiгi мен қауiпсiздiгiне жәрдемдесетiнiне нық сенiмдi бола отырып, Орталық Азиядағы ынтымақтастықтың кеңеюiне көмектесетiн болады.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар саяси, экономикалық және қаржыны қоса алғанда, ешқандай да күштеусiз аймақтық ынтымақтастықты жолға қою қажеттiлiгi туралы ортақ пiкiрге келдi.
 
                               8-бап 
 
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың тиiстi ведомстволары үш мемлекет арасындағы достық қатынастар мен ынтымақтастыққа қандай да болмасын зиян келтiрмейтiндей нысанда бiр-бiрiмен өзара бiрлесiп iс-әрекет етедi және даулы мәселелер пайда болған жағдайда оларды өзара сенiм мен түсiнiстiк рухында, егер осындай қажеттiлiк туса, үкiмет деңгейiнде келiсiм комиссияларын құру жолымен шешетiн болады.
 
                               9-бап 
 
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар экономикалық, сауда қатынастарды, мәдениет, ғылым және технология салаларындағы байланыстарды кең ауқымды негiзде және ұзақ мерзiмдiк перспективаларды ескере отырып дамытатын болады.
      Осы мақсатта Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар елдер арасындағы тауарлардың, қызметтер мен капиталдың кең түрде және тиiмдi ауысуына бiрте-бiрте көшу үшiн қажеттi құқықтық, экономикалық, қаржы және сауда жағдайларын жасайды.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар өнеркәсiп, ауыл шаруашылығы, көлiк, туризм, спорт, денсаулық сақтау, байланыс және телекоммуникациялар, энергетика, қоршаған ортаны қорғау салаларындағы ынтымақтастықты нығайтатын болады.
 
                              10-бап 
 
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың бiреуiне тұрғылықты тұру үшiн баратын өз азаматтарына Тараптардың ұлттық заңдарына сәйкес олардың өз меншiгiн, соның iшiнде өндiрiс құралдарына да меншiгiн еркiн пайдалану құқығын бередi.
 
                              11-бап 
 
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар көлiк коммуникациясы, тауарлар транзитi және қызмет көрсету салаларындағы ынтымақтастықты қолайлы және өзара тиiмдi шарттар негiзiнде жүзеге асыратын болады.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар өздерiнiң экономикалық потенциалын Трансазиялық темiр жол және автомобиль магистральдарын қалыптастыруда, сондай-ақ транзиттiк тасымалдар саласындағы ынтымақтастықты дамытуда пайдалану қажеттiгiн растайды.
 
                              12-бап 
 
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар үш елдің мәдениет және бiлiм мекемелерi арасындағы байланыстарды, сондай-ақ мамандардармен алмасуларды көтермелейтiн болады. Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы өз азаматтарының басқа Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың тiлiн, мәдениетiн, өнер шығармаларын, әдебиетiн және баспасын кең түрде үйренуге қол жеткiзудi қамтамасыз етедi.
 
                              13-бап 
 
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар осы саладағы екiжақты және көпжақты шарттарға сәйкес әрекеттене отырып, экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге баса маңыз аударады.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар қоршаған ортаның ластануын болдырмауды және табиғатты тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету үшiн қажеттi барлық шараларды қабылдайды. Олар бiрлескен арнаулы табиғат қорғау бағдарламалары мен жобаларды әзiрлеуге және жүзеге асыруға жәрдемдеседi.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы адамдар тұрмыс-тiршiлiгiне қауiп төндiретiн экологиялық апаттар мен табиғат құбылыстары кезiнде басқа Тараптарға шұғыл көмек көрсететiн болады.
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар аймақтың, соның iшiнде, ең алдымен Әмудария және Сырдария өзендерi бассейндерiнiң, Арал теңiзiнiң бүлiнген экологиялық жүйесiнiң тепе-теңдiгiн қалпына келтiруге ұмтылатын болады. 
 

                              14-бап
 
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар үш елдiң парламенттерi арасындағы байланыстардың кеңеюiне жәрдемдесетiн болады.
 

                              15-бап
 
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар олардың ұлтына, дiни нанымына немесе өзге де айырмашылықтарына қарамастан өз аумағында тұратын екiншi Тарап азаматтарының әлеуметтiк, экономикалық және мәдени құқықтарына, адам құқықтары жөнiндегi жалпыға танымал халықаралық нормаларға сәйкес еркiндiктерiне кепiлдiк бередi.
 
                              16-бап 
 
      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар халықаралық терроризммен, ұйымдасқан қылмыспен, есiрткi заттарды заңсыз сатушылықпен, қару-жарақ, сондай-ақ мәдениет пен өнер ескерткiштерi контрабандасымен және көлiк саласындағы және қылмыстың басқа да түрлерiмен күрестi ынтымақтаса отырып жүргiзетiн болады.
 
                              17-бап
 
     Осы Шарт басқа мемлекеттерге қарсы бағытталмаған және ешқандай нысанда Мәртебелі Уағдаласушы Тараптардың басқа мемлекеттермен іс жүзіндегі екі жақты және көп жақты шарттарынан туындайтын қандай да болсын құқықтары мен міндеттеріне қатысы жоқ.
 
                              18-бап
 
     Осы Шарт БҰҰ Жарғысының 102 бабына сәйкес БҰҰ Хатшылығында тіркелуге тиіс.
 
                              19-бап
 
     Осы Шарт бекітілуге тиіс және Мәртебелі Уағдаласушы Тараптар бекіту грамоталарымен алмасқан күннен бастап күшіне енеді.
     1997 жылғы 10 қаңтарда Бішкек қаласында үш данада, әрқайсысы қазақ, қырғыз, өзбек және орыс тілдерінде жасалды, сондай-ақ барлық мәтіндердің күші бірдей.


        Қазақстан        Қырғыз Республикасы      Өзбекстан

     Республикасы үшін          үшін            Республикасы үшін