18.01.1993

Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы

      Осы Заң Қазақстан Республикасындағы тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын және тауар шығарылған жерлердiң атауларын қорғау мен пайдалануға байланысты туындайтын құқылық, экономикалық және ұйымдық қатынастарды реттейдi.
 
                              I БӨЛIМ
                           ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
 
      1-бап. Қазақстан Республикасының тауар таңбаларын, қызмет
             көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлерiнiң
             атаулары туралы заңдары
      Тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын және тауар шығарылған жерлердiң атауларын қорғау мен пайдалануға байланысты туындайтын қатынастар осы Заңмен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен және нормативтiк актiлерiмен реттеледi.
 
      2-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Патент ведомствосы
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Патент ведомствосы (бұдан әрi - Патент ведомствосы) орталық мемлекеттiк басқару органы бола отырып, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты жүргiзедi.
      2. Патент ведомствосы тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын тiркеуге, тауар шығарылған жердiң атауын тiркеуге және пайдалану құқығына берiлген өтiнiмдердi қарауға қабылдайды, олар жөнiнде сараптама жұмыстарын өткiзедi, куәлiк бередi, мемлекеттiк тiзiмдер жүргiзедi, тiркелген тауар таңбалары мен тауар шығарылған жерлердiң атауларын жариялайды, осы Заңды қолдану жөнiнде түсiнiктемелер бередi, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Ұлттық Патент ведомствосы туралы Ережеге сәйкес басқа да мiндеттердi атқарады.
 
      3-бап. Тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын және тауар
             шығарылған жерлердiң атауларын құқылық қорғау
      1. Тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын және тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығы Заңмен қорғалады.
      2. Қазақстан Республикасында тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын және тауар шығарылған жерлердiң атауларын құқылық қорғау оларды осы Заңда белгiленген тәртiппен тiркеу және куәлiк беру негiзiнде немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес берiледi.
      3. Тауар таңбаларын және қызмет көрсету таңбаларын құқылық қорғау шаруашылық жүргiзушi кез келген субъектiге берiлуi мүмкiн.
      Шаруашылық жүргiзушi субъект өзi шығаратын барлық тауарлар (көрсететiн қызметi) үшiн бiр тауар таңбасын немесе түрлi сапалық сипаты бар әр алуан тауар түрлерi (көрсететiн қызметi) немесе тауарлар үшiн бiрнеше тауар таңбасын иелене алады.
      4. Тауар таңбалары мен қызмет көрсету таңбаларын немесе соған шектесiп кету дәрежесiне дейiн ұқсас таңбаны бiртектес тауарлар мен қызмет көрсетуге қатысты шаруашылық айналымына рұқсатсыз енгiзу ол белгiлер иесiнiң айрықша құқығын бұзу болып табылады.
 
      4-бап. Заңда пайдаланылатын ұғымдар
      "Тауар таңбасы және қызмет көрсету таңбасы" (бұдан әрi - "тауар таңбасы") - шаруашылық жүргiзушi бiр субъектiнiң тауарлары мен көрсететiн қызметiн шаруашылық жүргiзушi басқа субъектiнiң бiртектес тауарлары мен көрсететiн қызметiнен ажырату үшiн қолданылатын тiркелген сөздiк, бейнелiк, көлемдiк немесе басқа да таңба;
      "Ұжымдық тауар таңбасы"- одақтың, шаруашылық қауымдастығының, концерннiң немесе өзге де бiрлестiктiң (бұдан әрi - бiрлестiк) сапасы немесе өзге де сипаттамалары бiрыңғай етiп шығарылатын немесе өткiзiлетiн тауарларды белгiлеуге арналған тауар таңбасы;
      "Тауар шығарылған жер атауы" - тауардың ерекше қасиеттерi тек қана немесе негiзiнен оны шығаратын жермен (табиғи жағдайларымен немесе адам факторларымен не табиғи жағдайлары және адам факторларымен бiр мезгiлде) байланысты тауар белгiлеуге пайдаланылатын географиялық объект атауы;
      "Шаруашылық жүргiзушi субъект" - шаруашылық-коммерциялық қызметтi жүзеге асыратын және тауар айналымына қатысушы болып табылатын кез келген заңды ұйым мен нақты адам.
 
                           II БӨЛIМ
       ТАУАР ТАҢБАСЫН ТIРКЕУГЕ БЕРIЛЕТIН ӨТIНIМ ЖӘНЕ ТАУАР
          ШЫҒАРЫЛҒАН ЖЕР АТАУЫН ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫН БЕРУ
 
      5-бап. Өтiнiм беру
      1. Тауар таңбасын тiркеуге, тауар шығарылған жер атауын тiркеуге және оны пайдалану құқығын беруге өтiнiмдi Патент ведомствосына шаруашылық жүргiзушi субъект бередi.
      2. Өтiнiмдi Патент ведомствосында тiркелген патенттiк сенiмдi өкiл арқылы беруге болады. Патенттiк сенiмдi өкiлдiң өкiлеттiгi мүдделi шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң сенiмхатымен куәландырылады.
      3. Шетелдiк заңды ұйымдар немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын нақты адамдар не олардың патенттiк сенiмдi өкiлдерi тауар таңбаларын және шығарылған жерлердiң атауларын тiркеуге байланысты iстердi Патент ведомствосында тiркелген патенттiк сенiмдi өкiлдер арқылы жүргiзедi.
 
      6-бап. Тауар таңбасын тiркеуге берiлетiн өтiнiмге қойылатын
             талаптар
      1. Өтiнiм бiр тауар таңбасына қатысты болуға тиiс.
      2. Өтiнiмде:
      - белгiленген үлгiдегi белгiнi тауар таңбасы ретiнде тiркеу туралы, өтiнiм берушiнiң аты-жөнi, сондай-ақ оның тұратын жерi немесе мекен-жайы көрсетiлген арыз;
      - ұсынылған белгi мен оның сипаттамасы;
      - тауар таңбасын тiркеу сұралып отырған тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң, таңбалардың тiркелуi үшiн халықаралық саралау кластары бойынша топтастырылған тауар тiзбесi қамтылуға тиiс.
      3. Өтiнiмге:
      - белгiленген мөлшерде баж төленгендiгiн растайтын құжат;
      - патенттiк сенiмдi өкiлдiң өкiлеттiгiн куәландыратын (егер өтiнiм сол арқылы берiлсе) құжат қоса тiркелуге тиiс.
      4. Өтiнiмге қоса тiркелетiн құжаттар қазақ немесе орыс тiлiнде табыс етiледi. Егер құжаттар басқа тiлде табыс етiлген болса, өтiнiм берушi екi ай мерзiмде олардың қазақ немесе орыс тiлiндегi аудармасын тапсырады.
      5. Өтiнiм құжаттарына басқа талаптарды Патент ведомствосы белгiлейдi.
 
      7-бап. Ұжымдық тауар таңбасын тiркеуге берiлетiн өтiнiмге
             қойылатын талаптар
      1. Ұжымдық тауар таңбасын тiркеуге берiлген өтiнiмде осы Заңның 6-бабында көзделген құжаттарға қоса ұжымдық тауар таңбасының Жарғысы болуға тиiс.
      2. Ұжымдық тауар таңбасының жарғысында ұжымдық тауар таңбасын өз атына тiркеуге уәкiлеттiк берiлген бiрлестiктiң атауы, осы таңбаны тiркеудiң мақсаты, осы таңбаны пайдалануға құқығы бар субъектiлер тiзбесi, ұжымдық тауар таңбасымен белгiленетiн тауарлар тiзбесi мен бiркелкi сапалық немесе өзге де жалпы сипаттамалары, оны пайдалану шарттары, оның пайдаланылуын бақылау тәртiбi, Ұжымдық тауар таңбасы жарғысының ережесiн бұзғандық үшiн жауаптылық қамтылады.
 
      8-бап. Тауар шығарылған жер атауын тiркеуге берiлетiн өтiнiмге
             қойылатын талаптар және тауар шығарылған жер атауын
             пайдалану құқығын беру
      1. Өтiнiм тауар шығарылған жердiң бiр атауына қатысты болуға тиiс.
      2. Өтiнiмде:
      - тауар шығарылған жер атауын тiркеу және оны пайдалану құқығын беру туралы немесе өтiнiм берушi (арыз берушiлер), сондай-ақ (олардың) тұратын жерiн немесе мекен-жайын көрсете отырып, тiркеуден өткен тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын беру туралы арыз;
      - ұсынылған белгi;
      - белгiлеу үшiн тауар шығарылған жердi (объектiнiң географиялық шекарасын) көрсете отырып тiркеу сұралып отырған тауар түрi;
      - тауардың айрықша қасиеттерiнiң сипаттамасы қамтылуға тиiс.
      3. Өтiнiмге:
      - жергiлiктi басқару органының өтiнiм берушiнiң аталған географиялық объектiде екендiгi және ерекше қасиеттерi сол географиялық объектiге тән табиғи жағдайлармен (және) немесе адам факторларымен айқындалатын тауар шығаратындығы туралы қорытындысы;
      - өтiнiм берiлген тауар шығарылған жер атауына оны шығарған елде шетелдiк өтiнiш берушiнiң құқығын растайтын құжат;
      - белгiленген мөлшерде баж төлегендiгiн растайтын құжат;
      - патенттiк сенiмдi өкiлдiң (егер өтiнiм сол арқылы берiлген болса) өкiлеттiгiн куәландыратын құжат қоса тiркелуге тиiс.
      4. Өтiнiмдiк құжаттар осы Заңның 6-бабындағы 4-тармақта белгiленген талаптарға сәйкес табыс етiледi.
 
      9-бап. Тауар таңбасының басымдығы
      1. Тауар таңбасының басымдығы Патент ведомствосына дұрыс ресiмделген өтiнiмнiң түскен күнi бойынша белгiленедi.
      2. Егер өтiнiм Патент ведомствосына көрсетiлген уақыттан бастап алты ай iшiнде түскен болса, ресми танылған халықаралық көрмелердiң экспонаттарына қойылған тауар таңбаларының басымдығы экспонаттың көрмеде ашық көрсетiле бастаған күнi бойынша белгiленуi мүмкiн.
      3. Егер өтiнiм Патент ведомствосына аталған күннен бастап алты ай iшiнде түссе, тауар таңбасының басымдығы өнеркәсiп меншiгiн қорғау жөнiндегi халықаралық келiсiмдерге (конвенциялық басымдығы) қатысушы шет елде тауар таңбасына бiрiншi өтiнiм берiлген күн бойынша белгiленуi мүмкiн.
      4. Конвенцияда, көрмеде басымдық құқығын пайдаланғысы келетiн өтiнiм берушi мұны тауар таңбасына өтiнiм берген кезде немесе өтiнiм Патент ведомствосына түскен күннен бастап екi ай iшiнде көрсетуге мiндеттi. Бұл осындай талаптың заңды екендiгiн растайтын тиiстi құжаттарды қоса тiркеу, не бұл құжаттарды өтiнiм Патент ведомствосына түскен күннен бастап үш ай мерзiмнен кешiктiрмей тапсыру қажет.
 
      10-бап. Сараптамадан өткiзу тәртiбi
      1. Өтiнiмдi сараптамадан Патент ведомствосы кезең-кезеңмен өткiзедi:
      алдын ала сараптама - оның барысында бiр ай iшiнде өтiнiм мазмұны, қажеттi құжаттардың болуы, сондай-ақ олардың белгiленген талаптарға сай келуi тексерiледi;
      келесi сараптама - өтiнiмге басымдық берiлген күннен бастап есептегенде он екi ай iшiнде өтiнiм жасалып отырған белгi толық сараптамадан өткiзiледi, оның барысында өтiнiм берiлген белгiнiң 4 және 14-баптарда, тауар таңбалары үшiн - 15-баптың 1-тармағында; шығарылған жер атаулары үшiн - 4-баптың төртiншi абзацында және 16-баптың 1, 2, 3-тармақтарында белгiленген талаптарға сәйкестiгi тексерiледi.
      2. Патент ведомствосы сараптаманың кез келген сатысында түсiнiктемелер не қосымша материалдар сұрай алады, олар екi ай iшiнде табыс етiлуге тиiс.
      Өтiнiм берушi қосымша материалдарды немесе көрсетiлген мерзiмдi ұзарту туралы өтiнiштi мерзiмiнде табыс етпеген ретте өтiнiм бойынша iс жүргізу тоқтатылады. Өтiнiм қайтарылып алынған болып есептеледi.
 
      11-бап. Сараптама нәтижелерi жөнiндегi шешiм
      1. Алдын ала жасалған сараптама нәтижелерi жөнiнде өтiнiм берушiге өтiнiмнiң қарауға қабылданғаны және басымдық белгiленгенi туралы не дәлелдi қорытынды түрiнде бас тартылғаны туралы хабарланады. Бұл орайда өтiнiм материалдары қайтарылып берiледi.
      2. Толық сараптама нәтижелерi бойынша Патент ведомствосы тауар

 

таңбаларын тiркеу туралы, тауар шығарылған жер атауларын пайдалану

құқығын тiркеу және беру туралы немесе тiркеуден бас тарту туралы

шешiм қабылдайды.

     3. Сараптаманың шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында

белгiленген тәртiппен дау айтылуы не оның қайта қаралуы мүмкiн.


     12-бап. Өтiнiм берушiнiң құқықтары

     Өтiнiм берушi:

     - өтiнiмдi сараптаманың кез келген сатысында қайтарып алуға;

     - өтiнiмге сараптама жасау барысында туындайтын мәселелердi

қарауға қатысуға;

     - өтiнiм түскен күннен бастап екi ай iшiнде өтiнiм

материалдарының негiзiн өзгертпей, оларды толықтыруға, анықтауға

немесе түзетуге;

     - өткiзiп алынған мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтiнiш

жасауға;

     - қарсы қойылған материалдармен танысуға;

     - шешiм алынған күннен бастап үш ай iшiнде Патент

ведомствосының шағым кеңесiне қарсы пiкiр беруге;

     - шешiм алынған күннен бастап алты ай iшiнде Патент ведомствосы

шағым кеңесiнiң шешiмiне сот тәртiбiмен шағым беруге құқылы.


                            III БӨЛIМ

        ТАУАР ТАҢБАСЫН, ТАУАР ШЫҒАРЫЛҒАН ЖЕР АТАУЫН ТIРКЕУ


     13-бап. Қазақстан Республикасының тауар таңбалары мен тауарлар

             шығарылған жер атауларының мемлекеттiк тiзiмдерi


 
       1. Тауар таңбаларын және тауар шығарылған жер атауларын тiркеу тиiсiнше Тауар таңбаларының мемлекеттiк тiзiмi мен Тауарлар шығарылған жер атауларының мемлекеттiк тiзiмiнде жүргiзiледi.
      2. Тауар таңбаларының мемлекеттiк тiзiмiне тауар таңбасының бейнесi, оның иесi туралы мәлiметтер, тауар таңбасына басымдық берiлген күн және оның тiркелген күнi, тауар таңбасы тiркелген тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтiң тiзбесi, сондай-ақ тауар таңбасының тiркелуiне, оны күшiнде сақтауға қатысты басқа да мәлiметтер және аталған мәлiметтерге кейiннен жасалған барлық өзгерiстерi енгiзiледi. Ұжымдық таңбаны тiркеген кезде оны пайдаланушылар туралы мәлiметтер енгiзiледi.
      3. Тауар шығарылған жер атауларының мемлекеттiк тiзiмiне тауар шығарылған жер атауы, тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының иесi туралы мәлiметтер, тауардың айрықша қасиеттерiнiң сипаттамасы, сондай-ақ тауар шығарылған жер атауының тiркелуiне және тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын беруге қатысты басқа да мәлiметтер, сондай-ақ аталған мәлiметтерге кейiннен жасалған барлық өзгерiстер енгiзiледi.
      4. Мүдделi адамдардың өтiнiшi бойынша Патент ведомствосы тiзiмнен үзiндi бередi.
 
      14-бап. Тауар таңбасын тiркеуден бас тартуға сөзсiз негiздер
      1. Тек қана мынадай белгiлерден тұратын:
      мемлекеттiк елтаңбалар, жалаулар мен эмблемалар, халықаралық немесе үкiметаралық ұйымдардың қысқартылған немесе толық атаулары, ресми бақылау кепiлдiк берушi және сынама белгiлер, мөрлер, наградалар және басқа айырым белгiлерi немесе солардан айырғысыз дәрежеге дейiн жететiн ұқсас белгiлер. Мұндай белгiлер егер бұған тиiстi органдардың немесе олардың иелерiнiң келiсiмдерi болса қорғалмайтын элементтер ретiнде пайдалануы мүмкiн;
      ажыратарлық қабiлетi жоқ;
      тауарлардың белгiлi бiр түрiнiң ретiнде жаппай пайдалануға енгiзiлген;
      жалпы қабылданған нышандар және терминдер болып табылатын;
      тауарлардың түрiн, сапасын, санын, қасиетiн, мақсатын, бағалылығын, сондай-ақ олардың өндiрiлген және өткiзiлген орны мен уақытын көрсететiн тауар таңбаларын тiркеуге жол берiлмейдi.
      2. Осы баптағы 1-тармақтың үшiншi абзацынан бастап алтыншысына дейiн көрсетiлген белгiлер, егер олар басым жағдайға ие болмаса, тауар таңбасының қорғалмайтын элементтерi ретiнде пайдалануы мүмкiн.
      3. Мынадай белгiлердi:
      тауар мен оны дайындаушы жөнiнде жалған немесе шатастыра алатын;
      өзiнiң мазмұны жөнiнен қоғамдық мүдделерге, iзгiлiк пен мораль принциптерiне қайшы келетiн белгiлердi тауар таңбалары немесе олардың элементтерi ретiнде тiркеуге жол берiлмейдi.
 
      15-бап. Белгiлердi тауар таңбасы ретiнде тiркеуден бас тартудың
              өзге де негiздерi
      1. Мынадай белгiлердi:
      бiркелкi тауарлар мен көрсетiлетiн қызметке қатысты Қазақстан Республикасында басқа адамның атына бұрын тiркелген немесе тiркеуге өтiнiм берiлген тауар таңбаларымен;
      басқа адамдардың тiркелмесе де, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес қорғалатын тауар таңбаларымен;
      тауар шығарылған жер атауын пайдалануға құқығы бар адамның атына тiркелетiн тауар таңбасының қорғалмайтын элементi ретiнде енгiзiлуi мүмкiн реттердi қоспағанда, Қазақстан Республикасында қорғалатын тауарлар шығарылған жерлер атауларымен бiрдей немесе ажыратуға болмайтындай дәрежеде ұқсас белгiлердi тауар таңбалары ретiнде тiркеуге болмайды.
      2. Мынадай белгiлер:
      Қазақстан Республикасында қорғалатын өнеркәсiп үлгiлерiн;
      бiркелкi тауарлар жөнiндегi тауар таңбасына өтiнiмге басымдық берiлген күнге дейiн осы атауларды пайдалануға құқық алған басқа адамдарға жататын, Қазақстан Республикасы аумағында жалпыға мәлiм фирмалық атауларды (немесе олардың бөлiктерiн);
      авторлық құқыққа сәйкес қорғалатын белгiлi әдеби, ғылыми және өнер шығармаларының атауларын, өнер шығармалары мен олардың бөлiктерiн;
      адамдардың, олардың мұрагерлерi мен құқылы мирасқорларының мүлiктiк емес жеке құқықтарын бұза отырып, фамилиясын, есiмiн, бүркеншiк атын және осылардан туындаған аты-жөндерiн, портреттерi мен факсимилелерiн, сондай-ақ осы белгiлер Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени игiлiгi болып табылса, тиiстi құзыреттi органның рұқсаты болмайынша;
      олимпиадалық нышандарды көзге елестететiн белгiлер тауар таңбалары ретiнде тiркелмейдi.
 
      16-бап. Тауар шығарылған жер атауларын тiркеу ерекшелiктерi
      1. Географиялық объектiнiң тарихи атауы тауар шығарылған жер атауы болып танылуы мүмкiн.
      2. Тауар шығарылған жер атауы ретiнде географиялық объектiлердiң ауызша атаулары немесе олардың тауарлар түрiн немесе шартты атаулары қосылған атаулары пайдаланылуы мүмкiн.
      3. Географиялық объектiнiң атын иемденгенiмен немесе оның мағынасын бергенiмен тауар шығарылған жерге байланысты емес, бiрақ белгiлi бiр тауар түрiнiң белгiсi ретiнде жаппай пайдаланылып жүрген белгi тауар шығарылған жер атауы болып танылмайды.
      4. Тауар шығарылған жер атауы белгiлi бiр географиялық объектiде тауар шығарушы бiр немесе бiрнеше шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң атына тiркелуi мүмкiн.
      5. Тауар шығарылған жер атауының шаруашылық жүргiзушi бiр немесе бiрнеше субъектiнiң атына тiркелуi осы атауды айрықша қасиеттерi мiндеттi түрде немесе негiзiнен оны өндiрушi жерге байланысты және нақ сол географиялық объектiде орналасқан тауар шығаратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң атына тiркеуге өтiнiм беруге кедергi жасамайды.
      6. Тауар шығарылған жер атауы шаруашылық жүргiзушi бiр немесе бiрнеше субъектiнiң құқығындағы ғана объект болмайды, ол мемлекет игiлiгi болып табылады.
 
      17-бап. Қорғаушы құжат
      1. Осы Заңға сәйкес тiркелген тауар таңбалары мен тауар шығарылған жер атауларына белгiленген үлгiдегi куәлiктер берiледi.
      2. Тауар таңбасына берiлген куәлiк тауар таңбасы ретiндегi

 

белгiнiң тiркелгендiгiн, тауар таңбасы басымдығын, куәлiкте

көрсетiлген тауарлар мен қызметке қатысты тауар таңбасы иесiнiң

ерекше құқығын куәландырады.

     3. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығына берiлген

куәлiк тауар шығарылған жер атауы ретiнде мәлiмделген белгiнiң

тiркелгендiгi мен куәлiк иесiнiң куәлiкте көрсетiлген тауар түрiне

қатысты оны пайдалану құқығын куәландырады.


                             IV БӨЛIМ

                 ҚОРҒАУШЫ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ


     18-бап. Куәлiктiң қолданылу мерзiмi

     1. Тауар таңбасына берiлген куәлiк өтiнiм берiлген күннен

бастап есептегенде он жыл бойы қолданылады.


 
       2. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығына берiлген куәлiк Патент ведомствосына өтiнiм түскен күннен бастап есептегенде он жыл бойы қолданылады.
      3. Куәлiктiң қолданылу мерзiмi куәлiк қолданылуының соңғы жылында куәлiк иесi берген өтiнiш бойынша баж төленген жағдайда әр жолы он жылға ұзартылуы мүмкiн.
      4. Тауар таңбасына немесе тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығына берiлген куәлiктiң қолданылу мерзiмiн ұзарту үшiн куәлiк иесi берген өтiнiш бойынша қосымша баж төленген жағдайда куәлiктiң қолданылу мерзiмi бiткеннен кейiн алты ай мерзiм берiлуi мүмкiн.
 
      19-бап. Тауар таңбасына берiлген куәлiктiң қолданылу мерзiмiн
              ұзарту тәртiбi
      1. Тауар таңбасына берiлген куәлiктiң қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы арыз Патент ведомствосына берiледi. Арызға:
      тауар таңбасына берiлген куәлiк (түпнұсқа);
      белгiленген мөлшерде баж төленгендiгiн растайтын құжат;
      егер куәлiктiң қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы арыз патенттiк сенiмдi өкiл арқылы берiлсе, оның өкiлеттiгiн куәландыратын құжат қоса тiркелуге тиiс.
      2. Тауар таңбасына берiлген куәлiктiң қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы жазба Тауар таңбаларының мемлекеттiк тiзiмiне және тауар таңбасына берiлген куәлiкке жазылады.
 
      20-бап. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығына берiлген
              куәлiктiң қолданылу мерзiмiн ұзарту тәртiбi
      1. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығына берiлген куәлiктiң қолданылу мерзiмiн ұзартуды сұраған арыз Патент ведомствосына берiледi. Арызға:
      куәлiк (түпнұсқа);
      тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығына, берiлген куәлiк иесiнiң белгiлi бiр географиялық объектiде екенiн және куәлiкте көрсетiлген қасиеттерi бар тауарды өндiретiнiн растайтын жергiлiктi өкiмет органының қорытындысы;
      белгiленген мөлшерде баж төленгендiгiн растайтын құжат;
      егер куәлiк мерзiмiн ұзарту туралы арыз патенттiк сенiмдi өкiл арқылы берiлсе, оның өкiлеттiгiн куәландыратын құжат қоса тiркелуге тиiс.
      2. Куәлiктiң қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы жазбаны Тауар шығарылған жер атауының мемлекеттiк тiзiмiне және тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығына берiлген куәлiкке Патент ведомствосы жазады.
 
      21-бап. Тiркеу құжаттарына өзгерiстер енгiзу
      1. Тауар таңбасына (оның iшiнде ұжымдық тауар таңбасына) немесе тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығына берiлген куәлiк иесi тiркеуге қатысты өзгерiстер туралы Патент ведомствосына хабарлайды.
      2. Патент ведомствосы Қазақстан Республикасының тиiстi Мемлекеттiк тiзiмiне және куәлiкке өзгерiстер туралы жазба жасайды.
 
      22-бап. Тiркеу туралы мәлiметтердi жариялау
      Мемлекеттiк тiзiмдерге енгiзiлген тауар таңбасын және тауар шығарылған жер атауын тiркеуге қатысты мәлiметтердi Патент ведомствосы тiзiмге тiркелген күннен бастап алты ай iшiнде ресми бюллетеньде жариялайды. Тiркеуге қатысты мәлiметтердегi одан кейiнгi барлық өзгерiстер де жарияланады.
 
      23-бап. Тауар таңбасын қайтадан тiркеу шарттары
      1. Қолданылу мерзiмi өтiп кеткен тауар таңбасын тiркеудiң қолданылуы тоқтатылған күннен бастап үш жыл iшiнде бұрынғы иесiнiң есiмiмен өзге адамның есiмiне қайта тiркеуге болмайды.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген ереже тауар таңбасы иесi одан тiркеудiң қолданылу мерзiмi бiткенге дейiн бас тартқаны ретте де қолданылады.
 

                                V БӨЛIМ



 
         ТАУАР ТАҢБАСЫ МЕН ТАУАР ШЫҒАРЫЛҒАН ЖЕР АТАУЫН ПАЙДАЛАНУ
 
      24-бап. Тауар таңбасы мен тауар шығарылған жер атауын мiндеттi
              түрде пайдалануды талап ету
      1. Тауар таңбасына немесе тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығына берiлген куәлiк иесi тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жер атауын пайдалануға мiндеттi.
      2. Тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жер атауын шаруашылық айналымға енгiзудiң кез келгенi: дайындау, қолдану, алып келу, сақтау, сатуға ұсыну, оның өзiн немесе сол таңбамен белгiленген тауарды сату, жарнамада, баспа өнiмдерiнде, iс құжаттамасы мен маңдайшаларда қолдану және басқа да iс-әрекеттер пайдалану болып есептеледi.
      3. Делдалдық қызметтi жүзеге асыратын кәсiпкерлер өз таңбасын өздерi сататын тауарларда тауарларды дайындаушының тауар таңбасымен қатар пайдалануға, сондай-ақ бiр-бiрiмен өзара келiскен жағдайда оны дайындаушының таңбасының орнына да қоюға құқылы.
      4. Ұжымдық таңба иелерi болып табылатын шаруашылық жүргiзушi субъектiлер өздерi шығаратын тауарларға ұжымдық таңбамен қатар өздерiнiң тауар таңбаларын қоя алады.
      5. Кез келген мүдделi адам тiркелген күннен бастап бес жыл немесе күшiн жою туралы арыз берудiң алдындағы бес жыл iшiнде мүлде пайдаланылмауына байланысты Патент ведомствосына тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын тiркеудiң күшiн жою туралы арыз бере алады.
      Тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын тiркеудiң пайдаланылмауына байланысты күшiн жою туралы мәселенi шешкен кезде иеленушiнiң тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жер атауын өзiне байланысты емес мән-жайлар себептi пайдалана алмағандығы жөнiнде табыс еткен дәлелдемелерi ескерiлуi мүмкiн.
      6. Тауар таңбасын немесе тiркелген тауар шығарылған жер атауына барабар немесе ұқсас өзге де белгiлердi ол тiркелгенге дейiн кемiнде алты ай iшiнде адал пайдаланып келген адамдар мұндай белгiлердi әрбiр ретте Патент ведомствосы белгiлейтiн мерзiм шегiнде одан әрi пайдалану құқығын сақтап қалады.
 
      25-бап. Сақтандырушылық белгi соғу
      Тауар таңбасына немесе тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығына берiлген куәлiк иесi тауар таңбасымен немесе тауар шығарылған жер атауымен қатар, тауарға немесе оның қабына қолданылып жүрген таңбалар Қазақстан Республикасында тiркелген тауар таңбасы немесе тауар шығарылған жер атауы екенiн көрсететiн белгi соға алады.
 
                               VI БӨЛIМ
                 ТАУАР ТАҢБАСЫ ҚҰҚЫҒЫН БЕРУ ШАРТТАРЫ
 
      26-бап. Құқық беру
      1. Куәлiкте көрсетiлген барлық тауарлар мен көрсетiлетiн қызмет не олардың бiр бөлiгi жөнiндегi тауар таңбасына берiлген ерекше құқықты оның иесi басқа бiр мүдделi шаруашылық жүргiзушi субъектiге шарт бойынша беруi мүмкiн және оның берiлгенi туралы шарт ресiмделiп, мiндеттi түрде Патент ведомствосында тiркеледi.
      2. Куәлiкте көрсетiлген барлық тауарлар мен көрсетiлетiн қызмет немесе олардың бiр бөлiгi жөнiндегi тауар таңбасын пайдалану құқығын тауар таңбасының иесi (лицензиар) басқа мүдделi адамға (лицензиатқа) лицензияланған шарт бойынша берiп, ол Патент ведомствосында мiндеттi түрде тiркелуге тиiс.
      3. Лицензиялық шартта лицензиат тауарларының сапасы лицензиар тауарларының сапасынан төмен болмайтыны және лицензиардың осы шарттың орындалуына бақылауды жүзеге асыруға құқылы екенi көрсетiлуге тиiс.
      4. Егер құқық беру тауар немесе оны дайындаушы орналасқан жер жөнiнде адасушылық туғызуға себеп болуы мүмкiн болса, оны беруге жол берiлмейдi.
      5. Ұжымдық тауар таңбаларына бұл бап қолданылмайды.
 
      27-бап. Тауар таңбасының иесi болып табылатын шаруашылық
              жүргiзушi субъектi қайта құрылған кезде тауар
              таңбасының ауысуы
      1. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер бiрiккен кезде тауар таңбалары жаңадан тiркелген субъектiге ауысады.
      2. Тауар таңбасының иесi болып табылатын шаруашылық жүргiзушi субъектi бөлiнген кезде тауар таңбасы тауар өндiру мен қызмет көрсету билiгiне тиген жаңа тiркелген субъектiге ауысады.
      Тауар таңбасы тiркелген тауарлар өндiрудiң немесе қызмет

 

көрсетудiң бiр бөлiгi тауар таңбасының иесiнде сақталып қалған ретте

шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң екеуi де өздерiнiң келiсiмi бойынша

тауар таңбасын қоса иеленушi деп танылуы мүмкiн.

     3. Тауар таңбасының иесi болып табылатын шаруашылық жүргiзушi

субъект шаруашылық жүргiзушi басқа субъектiмен қосылған кезде тауар

таңбасы соңғысына ауысады.


                               VII БӨЛIМ

         ТАУАР ТАҢБАСЫНА БЕРIЛГЕН КУӘЛIК ПЕН ТАУАР ШЫҒАРЫЛҒАН

     ЖЕР АТАУЫН ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫНА БЕРIЛГЕН КУӘЛIКТIҢ ҚОЛДАНЫЛУЫН

                                ТОҚТАТУ


     28-бап. Тауар таңбасына және тауар шығарылған жер атауын

             пайдалану құқығына берiлген куәлiктердi жарамсыз

             деп тану


 
       1. Егер осы Заңда не Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық келiсiмде белгiленген талаптар бұзылып берiлген болса, тауар таңбасына және тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығына берiлген куәлiк оның бүкiл қолданылу мерзiмi iшiнде толық немесе ішiнара жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
      2. Кез келген мүдделi адам куәлiктiң бүкiл қолданылу мерзiмi iшiнде осы баптың 1-тармағында көрсетiлген негiз бойынша тауар таңбасына және тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығына куәлiк беруге қарсы Патент ведомствосының Шағым кеңесiне қарсылық бере алады.
      Тауар таңбасына немесе тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығына куәлiк беруге қарсылық оның түскен күнiнен бастап алты ай iшiнде қаралуға тиiс. Қарсылық берген адам, сондай-ақ куәлiк иесi ол қаралған кезде қатысуға құқылы.
      3. Патент ведомствосы Шағым кеңесiнiң шешiмiне ол қабылданған күннен бастап алты ай iшiнде Қазақстан Республикасының сот органдарына шағым берiлуi мүмкiн.
 
      29-бап. Куәлiктiң қолданылуын тоқтату
      1. Тауар таңбасы мен тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығына берiлген куәлiктiң қолданылуы оның мерзiмi бiткеннен кейiн тоқтатылады.
      2. Тауар таңбасына немесе тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығына берiлген куәлiктiң қолданылуы:
      тараптардың келiсуiмен Патент ведомствосы Шағым кеңесiнiң шешiмi негiзiнде;
      сот органдары шешiмiнiң негiзiнде;
      тауар таңбасына берiлген куәлiк иесiнiң немесе тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығына берiлген куәлiктi иеленушiнiң Патент ведомствосына берген арызы негiзiнде;
      тауар таңбасы немесе тауар шығарылған жер атауы атына тiркелген заңды ұйым таратылған жағдайда;
      тауар таңбасына немесе тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығына берiлген куәлiк осы Заңның 28-бабының 1-тармағына сәйкес жарамсыз деп танылған ретте;
      тауардың осы тауар шығарылған жер атауы жөнiндегi тиiстi

 

мемлекеттiк тiзiмде көрсетiлген ерекше қасиеттерiнен айырылуына

байланысты;

     ұжымдық тауар таңбасымен белгiленген тауарлардың бiрыңғай

сапалық немесе басқа сипаттамаларынан айырылуына байланысты

мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.

     3. Тауар шығарылған жердiң шетелдiк атауына берiлген куәлiктiң

қолданылуы, аталған негiздерден басқа, шығарылған елiнде оны құқылық

жағынан қорғаудың қолданылуы тоқтатылуына байланысты тоқтатылады.


                              VIII БӨЛIМ

                          ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР


     30-бап. Заңды ұйымдар мен нақты адамдардың тауар таңбалары және

             тауарлар шығарылған жер атаулары туралы заңдарды бұзғаны

             үшiн жауаптылығы


 
       1. Бiркелкi тауарларға тауар таңбасын немесе онымен ұқсас белгiнi, тауар шығарылған жер атауын осы Заң талаптарын бұза отырып пайдаланғаны үшiн кiнәлi нақты адамдар Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес мүлiктiк, әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапты болады.
      2. Тауар таңбасына немесе тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығына берiлген куәлiк иесiне шығын келтiргенi үшiн заңды ұйымдар осы Заңға және Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жауапты болады.
 
      31-бап. Тауар таңбасы иесiнiң құқығын бұзғаны үшiн кiнәлi
              адамның жауаптылығы
      Тауар таңбасы иесiнiң құқығын бұзатын әрекет жасаушы заңды ұйымдар мен нақты адамдар таңба иесiнiң талап етуi бойынша:
      тауар таңбасын немесе онымен айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiнi пайдалануды тоқтатуға, сондай-ақ тауар таңбасы иесiнiң қалауы бойынша, келтiрiлген шығынды толық мөлшерiнде өтеуге немесе оған белгiнi заңсыз пайдалану кезiнде алынған пайданың бүкiл сомасын төлеуге;
      тауардан немесе оның қабынан заңсыз пайдаланылған тауар таңбасын немесе онымен айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiнi алып тастауға және тауар таңбаларын пайдалануға байланысты дауларды қарауға заңмен уәкiлдiк берiлген орган шешiмiн жариялауға мiндеттi.
 
      32-бап. Осы Заңды қолдануға байланысты дауларды қарау
      Осы Заңды қолдануға байланысты даулар Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген тәртiп бойынша қаралады.
 
      33-бап. Баж
      1. Тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жер атауын тiркеуге, куәлiктердiң қолданылу мерзiмiн ұзартуға байланысты операциялар үшiн, сондай-ақ заң жүзiнде мәнi бар өзге де әрекеттер жасағаны үшiн баж алынады.
      Жасалғаны үшiн баж алынатын әрекеттердiң тiзбесiн, оларды төлеудiң тәртiбiн, мөлшерi мен мерзiмiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      2. Өтiнiм берушi, тауар таңбасына және тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығына берiлген куәлiк иесi, сондай-ақ кез келген мүдделi адам баж төлейдi.
 
      34-бап. Шет елдерде тiркеу
      1. Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi тауар таңбаларын шет елдерде тiркеуге немесе оны халықаралық тiркеуден өткiзуге құқылы.
      2. Тауар шығарылған жер атауы шет елдерде ол Қазақстан

 

Республикасында тiркелiп, осы тауар шығарылған жер атауын пайдалану

құқығы алынғаннан кейiн тiркеледi.

     3. Тауар таңбасын халықаралық тiркеуге өтiнiм Патент

ведомствосы арқылы берiледi.


     35-бап. Шетелдiк заңды ұйымдар мен нақты адамдардың құқықтары

     Шетелдiк заңды ұйымдар мен нақты адамдар осы Заңда көзделген

құқықтарды халықаралық шарттарға сәйкес немесе өзара сыйластық

принципi негiзiнде пайдаланады.


     36-бап. Халықаралық шарттар

     Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында осы Заңда

айтылғанынан өзгеше ережелер белгiленген болса, халықаралық шарттың

ережелерi қолданылады.


     Қазақстан Республикасының

             Президентi








Дата изменения акта:  26.07.1999
Дата принятия акта:  18.01.1993
Место принятия:  100055000000
Орган, принявший акт:  102000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  104216
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  1888-XII
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  005012000000
Форма акта:  ЗАК
Юридическая сила:  0400
Язык акта:  kaz