30.06.2022

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдалану, жергілікті мемлекеттік басқару, мемлекеттік шекара, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және ғылым мәселелер

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:

      1) 14-1-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) осы Кодекске және "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтеусіз берілген жер учаскелерінде мемлекеттік әлеуметтік объектілер (мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдар, ауруханалар мен емханалар) салу кезеңіне уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттарын жасасу;";

      2) 16-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) мемлекет мұқтажы үшін алып қойылған жер учаскелерін мемлекеттік әлеуметтік объектілер (мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдар, ауруханалар мен емханалар) салу үшін оларды, оның ішінде жер учаскелерін сәйкестендіру сипаттамаларын өзгертпей, "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органның коммуналдық меншігіне одан әрі өтеусіз бере отырып, мемлекеттік емес жер пайдаланушыларға уақытша өтеусіз жер пайдалануға беру;";

      3) 32-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік әлеуметтік объектілер (мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдар, ауруханалар мен емханалар) салу үшін алып қойылған жер учаскелерінде уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын мемлекеттік емес жер пайдаланушыларға беру туралы шарт жасасу үшін оларды, оның ішінде жер учаскелерін сәйкестендіру сипаттамаларын өзгертпей, "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органның коммуналдық меншігіне одан әрі өтеусіз беру негізгі шарт болып табылады.";

      4) 36-баптың 1-тармағының жетінші абзацы "объектілер" деген сөзден кейін ", сондай-ақ осы Кодекстің 16-бабы 2-тармағының 4-1) тармақшасына және "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік объектілер (мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдар, ауруханалар мен емханалар)" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 84-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы "қаражаты есебінен салу" деген сөздерден кейін "және осы Кодекс пен "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органның коммуналдық меншігіне өтеусіз берілетін мемлекеттік әлеуметтік объектілерді (мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдарды, ауруханалар мен емханаларды) салу" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне:

      1) 12-баптың 3-тармағында:

      екінші бөлік "газ конденсаты," деген сөздерден кейін "тақтатасты мұнай," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Тақтатасты жыныстардағы шикі мұнай тақтатасты мұнай деп танылады.

      Тақтатасты жыныстардағы, қалыпты атмосфералық температура мен қысым кезінде газ тәріздес күйде болатын, көмірсутектердің және құрамында метан басым көмірсутекті емес газдардың көп құрауышты қоспасы тақтатасты газ деп танылады.

      Сазды минералдардың үлпектері мен басқа минералдардың, атап айтқанда кварц пен кальциттің ұсақ бөлшектерінің (қарабалшықтың немесе саздың жұқа бөлшектерінің) қоспасын білдіретін қарабалшықтан, органикалық заттардан түзілген, өткізгіштігі төмен, шөгінді текті ұсақ түйіршікті кесек жыныс тақтатасты жыныс деп танылады.

      Ыдырауы кезінде құрамында метан басым газ бөлінетін табиғи жолмен алынған қатты кристалды заттар газ гидраттары деп танылады.

      Тақтатасты мұнай, тақтатасты газ, табиғи битум, көмір қабаттарындағы метан және газ гидраттарынан алынатын газ дәстүрлі емес көмірсутектерге жатады.";

      2) 64-бап мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "16-1) кен орындарының қорлары мен болжамды ресурстарды сыныптау әдістемесін, пайдалы қазбалардың, оның ішінде дәстүрлі емес көмірсутектерге жатқызылатын қорларын есептеу жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу және бекіту;".

      3. "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" 1998 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 3-бап 14) тармақшасындағы "бекітуге құқылы." деген сөздер "бекітуге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15), 16), 17) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:

      "15) Алматы қаласының дизайн-кодын бекітуге;

      16) жылжымайтын мүлікті ресімдеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссияны құруға, оның құрамын және ол туралы ережені бекітуге;

      17) Алматы қаласында сыртқы жарықтандыру жүйелерін пайдалану қағидаларын бекітуге;

      18) меншік иелерінің келісімі болған кезде азаматтар көп жиналатын орындарда бейнекамералар орнату және бейнебайқау мониторингін жүргізу қағидаларын қоғамдық тәртіпті қорғау және ақпараттандыру салаларындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша бекітуге құқылы.";

      2) 4-бапта:

      6-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-2) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде Алматы қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға, сондай-ақ мұндай қаражатты көп пәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеу бойынша арнаулы жалпықалалық шотқа жіберуге құқылы;";

      мынадай мазмұндағы 9-27), 9-28), 9-29), 9-30), 9-31), 9-32), 9-33), 9-34), 9-35), 9-36) және 9-37) тармақшалармен толықтырылсын:

      "9-27) Алматы қаласының субұрқақ шаруашылығын ұстау және оған техникалық қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

      9-28) автомобиль көлік құралдарынан шығарындыларды өлшеуді жүзеге асыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

      9-29) Алматы қаласының дизайын-кодын әзірлейді;

      9-30) облыстардың жергілікті атқарушы органдары, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер бастамашылық жасаған жобаларды әзірлеуге, қарауға қатысады, олар бойынша тиісті шешімдерді рекреациялық және туристік қызмет аймақтарында туризмді дамыту бөлігінде келіседі, сондай-ақ мемлекеттік ұлттық табиғи парктерді басқару жоспарларын әзірлеуге, нақтылауға және түзетуге қатысады;

      9-31) туристерді тасымалдау жөніндегі көлік қызметтерін ұсыну қағидаларын туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;

      9-32) қала құрылысы кеңесін құрады және оның ережесін бекітеді;

      9-33) Алматы қаласындағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, Алматы қаласының үй-жайларының шегінен тыс ашық кеңістікте және ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      9-34) Алматы қаласындағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, Алматы қаласының үй-жайларының шегінен тыс ашық кеңістікте және ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде сыртқы (көрнекі) жарнама бейнелерін орналастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      9-35) Алматы қаласындағы сыртқы жарықтандыру жүйелерін пайдалану қағидаларын әзірлейді;

      9-36) жылжымайтын мүлікті ресімдеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссия туралы ережені әзірлейді;

      9-37) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 16-бабы 2-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес жер учаскелерін береді;";

      3) мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:

      "4-1-бап. Жылжымайтын мүлікті ресімдеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссия

      1. Жылжымайтын мүлікті ресімдеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті рұқсаттар алмай, өзіне меншік немесе жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскесінде тұлға салған жылжымайтын мүлікке құқықтарды ресімдеу туралы мәселелерді қарайтын, жергілікті атқарушы орган жанындағы алқалы орган болып табылады.

      2. Комиссияның қарауына жататын аумақтар мен объектілерді Алматы қаласының жергілікті өкілді органы бекітеді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген аумақтарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылыс мақсаттары үшін жеке және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігіне немесе жер пайдалануына берілмейтін жер учаскелері жатқызылмайды.

      3. Әкімнің жер мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары комиссия төрағасы болып тағайындалады.

      Комиссияның құрамы Алматы қаласының жергілікті өкілді органының депутаттары, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелері және өзге де адамдар қатарынан қалыптастырылады.

      4. Комиссия Алматы қаласының аумағындағы, құқықтары ресімделмеген жылжымайтын мүлікке құқықтарды ресімдеу мәселелері бойынша қорытынды шығарады.

      Қорытындыны дайындау кезінде комиссия осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жылжымайтын мүліктің сәулет, қала құрылысы, құрылыс талаптарына, экологиялық және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да талаптарға сәйкес келетіні немесе сәйкес келмейтіні туралы мәселелерді қарайды.

      Комиссияның жұмысы туралы ақпарат Алматы қаласы атқарушы органының интернет-ресурсында тоқсан сайын орналастырылады.

      5. Комиссияның қорытындысына комиссияның барлық мүшесі қол қояды және ол ұсынымдық сипатта болады.

      Комиссия мүшесінің ерекше пікірі болған жағдайда, ол қорытындыға қол қоймайды және ерекше пікірі комиссия төрағасына жазбаша түрде ұсынылады.

      6. Алматы қаласының атқарушы органы комиссияның оң қорытындысы негізінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды ресімдеу туралы шешім қабылдайды.".

      4. "Жарнама туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      17-2-баптың 4-тармағы "Осы Заңда" деген сөздерден кейін "және "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында" деген сөздермен толықтырылсын.

      5. "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 5-бап мынадай мазмұндағы 70-44) тармақшамен толықтырылсын:

      "70-44) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламаларды қарау, отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге инвестициялық келісімдер жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасу және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      2) 13-баптың 3-3-тармағында:

      бірінші бөліктің 1) тармақшасындағы "электр энергиясын" деген сөздер "Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден сатып алынған электр энергиясының көлемдерін өткізетін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды қоспағанда, электр энергиясын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөлік алтыншы абзацындағы "мерзімге қолданылмайды." деген сөздер "мерзімге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден сатып алынған электр энергиясының көлемдеріне қолданылмайды.";

      3) 15-3-бапта:

      3-1-тармақтың бірінші бөлігінде:

      мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-2) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараларды іске асыратын, жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен;";

      4) тармақша "2-1)" деген цифрлардан кейін ", 2-2)" деген цифрлармен толықтырылсын;

      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын;";

      4) мынадай мазмұндағы 15-9-баппен толықтырылсын:

      "15-9-бап. Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғылар салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған инвестициялық келісімдер

      1. Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған инвестициялық келісімдер республикалық маңызы бар қалалардағы жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың жұмыс істеп тұрған (бұрыннан бар) электр станцияларымен ғана жасалады.

      2. Уәкілетті органмен отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған инвестициялық келісімді жасасуға ниеттенген энергия өндіруші ұйым отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламаны нарық кеңесінің қарауына жібереді.

      3. Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламамен бірге нарық кеңесіне сондай-ақ:

      1) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі тиісті іс-шара туралы ақпарат;

      2) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараның техникалық-экономикалық негіздемесі;

      3) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараның техникалық-экономикалық негіздемесіне ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы;

      4) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы енгізіледі.

      4. Уәкілетті орган айқындаған мерзімнен кеш ұсынылған және осы баптың 3-тармағына сәйкес келмейтін, отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламалар нарық кеңесінің қарауына қабылданбайды.

      5. Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламалар нарық кеңесіне жіберілгеннен кейін өзгертілуге жатпайды.

      6. Осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес нарық кеңесіне ұсынылған, отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламаларды нарық кеңесі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қарайды.

      7. Нарық кеңесі отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі әрбір инвестициялық бағдарлама бойынша оны іске асырудың орындылығы не орынсыздығы туралы жеке-жеке қорытынды дайындайды.

      8. Нарық кеңесінің қорытындысы негізінде уәкілетті орган отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған инвестициялық келісімді жасасу туралы (жасасудан бас тарту туралы) шешім қабылдайды.

      Энергия өндіруші ұйым отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараны жүзеге асыруды жоспарлайтын республикалық маңызы бар қалада газ тасымалдау инфрақұрылымының болмауы отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған инвестициялық келісімді жасасудан бас тартуға негіз болып табылады.

      9. Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған инвестициялық келісімде мынадай ақпарат:

      1) энергия өндіруші ұйымдардың атауы;

      2) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі қамтылады. Бұл ретте энергия өндіруші ұйымның бірыңғай сатып алушымен отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараны іске асыру шеңберінде пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының көлеміне осы Заңның 15-3-бабының 3-1-тармағы бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларына сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар жасасуына тыйым салынады;

      3) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараны іске асыру үшін тартылған негізгі борышты қайтару ескеріле отырып, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі (айлармен) және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемі есепке алынып, жылдар бойынша ауыспалы шама ретіндегі электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған тариф қамтылады.

      Егер отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғылар кезек-кезекпен және (немесе) кезең-кезеңмен және (немесе) іске қосу кешендерімен енгізілетін болса, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған тарифтер енгізілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының көлемдеріне қарай айқындалады;

      4) осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген күннен бастап кемінде он жыл болатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі;

      5) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыны пайдалануға берудің жоспарлы күніне сәйкес келетін, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың басталған күні;

      6) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі тиісті іс-шара туралы мәліметтер қамтылады.

      10. Уәкілетті орган отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған инвестициялық келісім жасасқаннан кейін бірыңғай сатып алушы осы ұйымдармен инвестициялық келісімде көрсетілген тарифтер бойынша, көлемде және мерзімдерге электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар жасасады.

      11. Осы баптың 10-тармағында көрсетілген шарттар бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу тиісті энергия өндіруші ұйымдар бірыңғай сатып алушыға жүйелік оператордың генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттауды жүргізу актілерін енгізген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап, бірақ осы баптың 9-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген күннен кейін жүзеге асырылады.

      Егер отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғылар кезек-кезекпен және (немесе) кезең-кезеңмен және (немесе) іске қосу кешендерімен енгізілетін болса, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке ақы төлеу енгізілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының көлемдеріне қарай электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған тарифтермен жүзеге асырылады.

      12. Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған инвестициялық келісім жасалған энергия өндіруші ұйымның осы баптың 11-тармағында көрсетілген, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметі іс жүзінде сатып алынған күннен бастап оның электр қуаты жүйелік оператордың генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын жыл сайынғы міндетті аттестаттауына жатады.

      Егер генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына кезекті аттестаттау жүргізу нәтижесінде отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шаралар шеңберінде пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың аттестатталған электр қуатының мәні электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемінен аз болса, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына кезекті аттестаттау жүргізілгенге дейін аттестатталған мәнге дейін төмендетіледі.

      13. Осы баптың шеңберінде отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараның жыл сайынғы амортизациясының шамасы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған тарифке енгізілуге жатпайды.

      14. Осы баптың күші уәкілетті орган Тізілімге енгізген энергия өндіруші ұйымдарға қолданылмайды.".

      6. "Ғылым туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "21-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі – ғылым саласында үздік жетістіктері бар, ғылым саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және шарттарда академия сайлайтын ғалым;";

      2) 4-бап мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-2) Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау қағидалары мен өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;";

      3) 8-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын коммерциялық емес акционерлік қоғам нысанында құрылған Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы:

      1) әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкес ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің басым бағыттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы стратегиялық, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын айқындау жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдайды;

      2) ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындауды және басып шығаруды үйлестіреді;

      3) ғылымды дамыту бойынша форсайттық зерттеулерді дайындауды және жүргізуді үйлестіреді;

      4) ғылым саласында атаулы сыйлықтар мен стипендиялар алуға конкурстар өткізеді;

      5) ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында ғылыми зерттеулер жүргізеді;

      6) ғылыми журналдар шығарады;

      7) халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға қатысады;

      8) ғылымды танымал етуге қатысады;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет саласында жұмыс істейтін ұлттық және салалық академиялар, ғалымдардың қоғамдық бірлестіктер болып табылатын шығармашылық одақтары ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық саясатты қалыптастыруға және іске асыруға, ғылымды дамытудың басым бағыттарын әзірлеуге, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді, ғылыми сыйлықтар алуға ұсынылған жұмыстарды ғылыми-техникалық сараптауға, ғылыми-техникалық саладағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін ғалымдарды кәсіби жұмылдыруға қатысады.

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигіне Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен өмір бойғы ай сайынғы стипендия белгіленеді.".

      7. "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      2) тармақша "оның ішінде" деген сөздерден кейін "құрылтайшысы," деген сөзбен толықтырылсын;

      5) тармақшадағы "энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бір жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемінде тұтынатын" деген сөздер алып тасталсын;

      5-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-1) нысаналы энергия аудиті – ерікті негізде жүргізілетін, нысаналы сипаты және жүргізу көлемі бойынша шектеуі бар энергия аудиті;";

      мынадай мазмұндағы 5-2), 5-3), 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5-2) оқу орталығы – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектісі;

      5-3) тапсырыс берушілер – ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық басқарушы компанияларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар;";

      "8-1) экспресс-энергия аудиті – қысқартылған бағдарлама бойынша және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы менеджмент жүйесі шеңберінде жүзеге асырылатын энергетикалық талдаудың және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі алдыңғы қорытындының нәтижелерін растау мақсатында жүргізілетін энергия аудиті;

      8-2) энергетикалық аудитор (бұдан әрі – энергия аудиторы) – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында сәйкестік сертификаты бар жеке тұлға;";

      9) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) энергетикалық аудит (бұдан әрі – энергия аудиті) энергия үнемдеудің мүмкіндігі мен әлеуетін бағалау мен энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыны дайындау мақсатында энергетикалық ресурстарды пайдалану туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау;";

      "12) энергетикалық тиімділік (бұдан әрі – энергия тиімділігі) – ұсынылған көрсетілетін қызметтер, жұмыстар, шығарылған өнімдер (тауарлар) немесе өндірілген энергетикалық ресурстар көлемінің осыған жұмсалған бастапқы энергетикалық ресурстарға сандық қатынасы;";

      12-2) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 14-1) және 14-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "14-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы менеджмент (бұдан әрі – энергия менеджменті) – объектінің энергетикалық ресурстарын ұтымды тұтынуды қамтамасыз етуге және энергия тиімділігін арттыруға бағытталған әкімшілік іс-қимылдар кешені;

      14-2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы сәйкестік сертификаты – сәйкестікті растау жөніндегі орган беретін, энергия аудиторының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жұмыстарды орындау құзыреттілігін куәландыратын құжат;";

      17-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты – дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға;";

      мынадай мазмұндағы 17-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "17-2) энергия тиімділігі картасы – қаржыландыру көздері, жобаларды іске асыру бойынша іс-шаралар графиктері мен жоспарлары көрсетілген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жобалардың бірыңғай республикалық тізбесі;";

      2) 5-бапта:

      6-8) тармақшадағы "технологиялық процестердің," деген сөздер алып тасталсын;

      6-10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-10) энергия аудитін жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;";

      6-12) тармақшадағы "энергия аудитінің қорытындысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі әзірлейтін," деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 6-15), 6-16) және 6-17) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6-15) энергия тұтыну нормативтерін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      6-16) мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну мониторингі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      6-17) жылына елу мың және одан да көп тонна шартты отынға балама көлемде энергетикалық ресурстарды тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері үшін энергия тиімділігі бойынша нысаналы индикаторларды белгілейді;";

      12-1), 13-1), 13-2), 13-3) және 13-6) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 16-1), 16-2), 16-3), 16-4) және 16-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "16-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бағалау жүргізеді;

      16-2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік сатып алу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мониторингі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      16-3) мемлекеттік сатып алуды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде энергия тиімділігі бойынша талаптар қолданылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      16-4) мемлекеттік сатып алуды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің энергия тиімділігі бойынша талаптарды белгілейді;

      16-5) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік сатып алу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мониторингін жүргізеді;";

      17-3) тармақшадағы "энергия аудиті қорытындыларына" деген сөздер "энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыларға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 6-бапта:

      4-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) уәкілетті органмен келісу бойынша іске асыру мерзімі үш жыл болатын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жол карталарын әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ олардың іске асырылуын жүзеге асырады;";

      5-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) уәкілетті органмен келісу бойынша іске асыру мерзімі үш жыл болатын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жол карталарын әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ олардың іске асырылуын жүзеге асырады;";

      4) 7-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылау тексерулер және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

      Тексерулер және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау осы Заңға және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.";

      5) 2-тарау мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:

      "7-1-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау

      1. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне осындай бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру және оған әкімшілік жүктемені төмендету энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады.

      2. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау әртүрлі көздерден алынған ақпаратты, оның ішінде:

      1) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар ұсынған;

      2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты ұсынған;

      3) бұқаралық ақпарат құралдарынан және өзге де көздерден, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарынан алынған мәліметтер негізінде зерделеу, талдау, салыстыру арқылы жүзеге асырылады.

      3. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

      4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша бақылау субъектісіне бұзушылықтарды жою тәсілі міндетті түрде түсіндіріле отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, анықталған Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды мұндай бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жою туралы ұсыным (бұдан әрі – ұсыным) жасалады.

      5. Ұсыным бақылау субъектісіне қолын қойғызып, жеке өзіне немесе оны жөнелту және алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.

      Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:

      1) қолма-қол тәсілмен – ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;

      2) поштамен – тапсырысты хатпен пошта жөнелтілімін алғаны туралы хабардар етілген күннен бастап;

      3) электрондық тәсілмен – бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап табыс етілді (алынды) деп есептеледі.

      Бақылау субъектісі ұсынымды қабылдаудан бас тартқан кезде оны жеткізетін немесе табыс ететін адам ұсынымға тиісті белгі қояды, ол уәкілетті органға қайтарылады.

      6. Ұсыным, орындаудың неғұрлым ұзақ мерзімі ұсынымның өзінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, ол табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.

      7. Ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда бақылау субъектісі ұсыным табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға қарсылық жіберуге құқылы.

      8. Ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындауға алып келеді.

      9. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізудің жиілігі – жылына екі реттен артық емес.

      10. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері субъектіге (объектіге) бармай профилактикалық бақылауды тіркеудің арнаулы журналында есепке алынуға жатады, ол нөмірленген, тігілген және уәкілетті органның мөрімен бекемделген болуға тиіс.";

      6) 9-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші абзац және 1), 3), 4) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілеріне қатысты Мемлекеттік энергетикалық тізілімге енгізілетін ақпарат:

      1) дара кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірін, оның пошталық мекенжайын, атауын немесе заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірін, оның пошталық мекенжайын, атауын және қызметінің негізгі түрлерін;";

      "3) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының көшірмесін, сондай-ақ осы іс-шаралар жоспарына енгізілетін толықтыруларды және (немесе) өзгерістерді;

      4) есепті кезеңдегі энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу нәтижелерін;";

      "6) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындының көшірмесін қамтиды.";

      7) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Мемлекеттік мекемелер болып табылатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілеріне қатысты Мемлекеттік энергетикалық тізілімге енгізілетін ақпарат:

      1) заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірін, оның пошталық мекенжайын, атауын және қызметінің негізгі түрлерін;

      2) күнтізбелік бір жылдағы заттай және ақшалай мәндегі энергетикалық ресурстар мен суды тұтыну көлемдерін;

      3) есепті кезеңдегі энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар мен энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындының немесе техникалық есептің (бар болған кезде) көшірмесін;

      4) жылыту көздерін және есепті кезеңдегі ғимараттардың, құрылыстардың, құрылысжайлардың ауданы бірлігіне шаққанда жылытуға арналған энергетикалық ресурстардың жұмсалуын;

      5) энергия тұтыну жабдығының тізбесін қамтиды.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы баптың 1 және 1-1-тармақтарында көрсетілген ақпаратты Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтына қағаз немесе электрондық жеткізгіште жыл сайын 1 сәуірге дейінгі мерзімде береді.

      Бұл ретте жылына бір мың бес жүз тоннадан аз шартты отынға барабар көлемде энергетикалық ресурстарды тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты болған кезде ұсынады.";

      7) 11-бапта:

      4-тармақтағы "әзірлеуге тапсырыс берушінің тапсырмасында" деген сөздер "әзірлеуге арналған тапсырмада" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтың екінші бөлігіндегі "Энергия аудитінің қорытындысы" деген сөздер "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытынды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақтағы "энергия аудитінің қорытындысында" деген сөздер "энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 13-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасындағы "2,5" деген цифрлар "1,0-ден жоғары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 14-бапта:

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) заңды тұлғалар жүзеге асыратын энергия аудиті;";

      2-тармақтағы "Заңды тұлғалар" деген сөздер "Кәсіпкерлік субъектілері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) штатында кемінде төрт энергия аудиторы болуға;";

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) заңды тұлғаның бірінші басшысына берілетін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы сәйкестік сертификаты болуға;";

      4-тармақтағы "заңды тұлғалар" деген сөздер "кәсіпкерлік субъектілері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) мынадай мазмұндағы 14-1 және 14-2-баптармен толықтырылсын:

      "14-1-бап. Энергия аудиторының сәйкестігін растау

      Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық стандарттар Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен әзірленеді және бекітіледі.

      Энергия аудиторының сәйкестігін растау "Техникалық реттеу туралы" және "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Қазақстан Республикасының заңдары мен энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

      14-2-бап. Энергия аудиторы

      1. Энергия аудиторы өз қызметін еңбек шарты негізінде бір ғана энергия-аудиторлық ұйымның құрамында және (немесе) дара кәсіпкер ретінде жүзеге асырады.

      2. Дара кәсіпкер болып табылатын энергия аудиторы ғимараттардың, құрылыстардың, құрылысжайлардың ғана энергия аудитін жүргізеді.

      3. Дара кәсіпкер болып табылатын энергия аудиторы уәкілетті орган бекіткен, ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдардың тізбесіне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында сенім білдірілген ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдарға меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде иелік етуге міндетті.";

      11) 16-бапта:

      1-тармақ алып тасталсын;

      2-тармақтағы "(тапсырыс берушінің)" деген сөздер алып тасталсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Энергия аудитінің немесе экспресс-энергия аудитінің нәтижелері бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытынды жасалады.

      Нысаналы энергия аудитінің нәтижелері бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша техникалық есеп жасалады.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері жүргізілген энергия аудитінің немесе экспресс-энергия аудитінің қорытындылары бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытынды алынған күннен бастап алты ай ішінде әзірленеді және бекітіледі.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, жылына бір мың бес жүз және одан да көп тонна шартты отынға балама көлемде энергетикалық ресурстарды тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері әрбір бес жыл сайын бір реттен сиретпей міндетті энергия аудитінен өтеді.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, жылына бір мың бес жүз және одан да көп тонна шартты отынға балама көлемде энергетикалық ресурстарды тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері бір мезгілде мынадай шарттар сақталған:

      1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі алдыңғы қорытынды болған;

      2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау есебінен соңғы бес жыл ішінде кемінде бес пайыз көлемінде энергия үнемдеу әлеуетіне қол жеткізген және (немесе) олардың өнім бірлігіне шаққандағы үлестік энергия тұтынуды бес жыл ішінде кемінде бес пайыз көлемінде төмендеткен;

      3) энергия менеджменті жүйесінің сәйкестік сертификаты болған кезде, міндетті энергия аудитінің орнына экспресс-энергия аудитін жүргізуге құқылы.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Энергия-аудиторлық ұйымдардың немесе дара кәсіпкерлер болып табылатын энергия аудиторларының:

      өтініш білдірген, қатысушысы, кредиторы энергия-аудиторлық ұйымдар және олардың жұмыскерлері немесе дара кәсіпкерлер болып табылатын энергия аудиторлары болып табылатын тұлғаға;

      осы ұйымдардың энергия аудитін жүзеге асыратын жұмыскерлері (энергия аудиторлары) өтініш білдірген тұлғамен еңбек қатынастарында тұратын немесе өтініш білдірген тұлғаның лауазымды адамдарының, сондай-ақ өтініш білдірген тұлға акцияларының (немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он және одан да көп пайызын иеленетін акционердің (қатысушының) жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары болып табылғанда;

      энергия-аудиторлық ұйымның дауыс беретін акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) өтініш білдірген тұлғаға тікелей немесе жанама түрде тиесілі болған жағдайларда энергия аудитін жүргізуіне тыйым салынады. Жанама тиесілілік өзге заңды тұлға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) әрбір келесі үлестес тұлғаға тиесілігін білдіреді;

      осы ұйымдардың энергия аудитін жүзеге асыратын жұмыскерлерінің (энергия аудиторларының) өтініш білдірген тұлғада жеке мүліктік мүдделері бар болғанда;

      энергия аудитін жүргізу жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, егер энергия-аудиторлық ұйымның және олардың жұмыскерлерінің, дара кәсіпкерлер болып табылатын энергия аудиторларының өтініш білдірген тұлға алдында немесе өтініш білдірген тұлғаның олардың алдында ақшалай міндеттемелері бар болса, энергия аудитін жүргізуіне тыйым салынады.";

      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

      "7. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері мынадай:

      1) жылына бір мың бес жүз тоннадан аз шартты отынға балама көлемде энергетикалық ресурстарды тұтынған;

      2) балансында энергетикалық ресурстарды тұтыну объектісі (объектілері) болмаған;

      3) энергетикалық ресурстарды көлік құралдарын пайдалану мақсатында ғана тұтынған;

      4) егер тарихи-мәдени мұра объектісі немесе ғибадат үйі, құрылысы және құрылысжайы болып табылған жағдайларда, міндетті энергия аудитін жүргізбейді.";

      12) 20-бапта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты:";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінен, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінен, дара кәсіпкерлер болып табылатын энергия аудиторларынан, сондай-ақ энергия-сервистік компаниялардан Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыруға және жүргізуге қажетті ақпаратты сұратады және алады;";

      6) тармақша "тізілім субъектілері жүзеге асыратын," деген сөздерден кейін "энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларының тиімділігін бағалау мен талдауды," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6-1) мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну мониторингін жүргізеді және мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну мониторингін жүргізу қорытындылары бойынша есепті өзінің интернет ресурсында орналастырады;

      6-2) уәкілетті органға энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік сатып алу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мониторингін жүргізген кезде және мемлекеттік сатып алуды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде энергия тиімділігі жөніндегі талаптар қолданылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін жаңарту бойынша ұсынымдарды дайындауға жәрдемдеседі;";

      7) тармақшадағы "энергия аудиттері қорытындыларына" деген сөздер "энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ақпараттық, талдамалық және консультациялық қызметтерді көрсетеді;";

      13) 21-бапта:

      1-тармақтың бірінші абзацындағы "2 – 5-тармақтарында" деген сөздер "2, 3, 4 және 5-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтың 3) тармақшасы "өндіруді және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Осы Заңда айқындалған тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды энергия тиімділігі бойынша талаптарға сәйкес жүзеге асыруға міндетті.";

      3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте меншік құқығында жылжымайтын мүлкі жоқ мемлекеттік мекемелер осы Заңның 9-бабының 1-1-тармағында көрсетілген ақпаратты беруден босатылады.";

      мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "3-1. Жылына бір мың бес жүз және одан да көп тонна шартты отынға балама көлемде энергетикалық ресурстарды тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жауапты адамды тағайындауға міндетті.

      3-2. Жылына елу мың және одан да көп тонна шартты отынға балама көлемде энергетикалық ресурстарды тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері уәкілетті орган белгілеген энергия тиімділігі бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.";

      4-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Энергия-аудиторлық ұйымдар және дара кәсiпкер болып табылатын энергия аудиторлары:";

      2) тармақшадағы "уақтылы орындауға;" деген сөздер "уақтылы орындауға міндетті." деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақша алып тасталсын;

      5-тармақтың 2) тармақшасындағы "уақтылы орындауға;" деген сөздер "уақтылы орындауға міндетті." деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақшасы алып тасталсын;

      14) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "23-бап. Уәкілетті органның лауазымды адамының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау

      Жеке және (немесе) заңды тұлғалар уәкілетті органның лауазымды адамының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.";

      15) мынадай мазмұндағы 23-1-баппен толықтырылсын:

      "23-1-бап. Өтпелі ережелер

      Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторының аттестаты бар энергия аудиторы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық стандарттар қабылданған күннен бастап алты ай өткен соң энергия аудиторының сәйкестігін растаудан өтуге құқылы.".

      8. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      60-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің шекара бөлімдерінің (бөлімшелерінің) ғимараттары мен құрылысжайларын, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы автомобиль өткізу пункттерін жобалауды және салуды ұйымдастырады;".

      9. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 2-қосымшаның 369-2-жолы алып тасталсын;

      2) 3-қосымшаның 49-тармағындағы "аудиті мен" деген сөздер "аудиті және (немесе)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      10. "Табиғи монополиялар туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 9-бап мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "2-1) инвестициялық бағдарламаны бекітуге өтініш ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының іс-шараларын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы қорытындыны уәкілетті органға жібереді;

      2-2) табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы есепті қарау қорытындылары бойынша ол келіп түскен күннен бастап күнтізбелік қырық бес күннен кешіктірмей, бекітілген инвестициялық бағдарлама іс-шараларының орындалуын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы өз қорытындысын белгіленген тәртіппен уәкілетті органға жібереді;";

      2) 10-бап мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "2-1) инвестициялық бағдарламаны бекітуге өтініш ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының іс-шараларын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы қорытындыны уәкілетті органға жібереді;

      2-2) Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміндегі табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы есепті қарау қорытындылары бойынша, ол келіп түскен күннен бастап күнтізбелік қырық бес күннен кешіктірмей, бекітілген инвестициялық бағдарлама іс-шараларының орындалуын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы өз қорытындысын белгіленген тәртіппен уәкілетті органға жібереді;";

      3) 21-бапта:

      6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Бекітілген инвестициялық бағдарламаның іске асырылуы және оны іске асыру үшін тартылған қарыз қаражатының қайтарылуы, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларды және (немесе) ұлттық жобаларды іске асыру үшін тартылған қаражаттың қайтарылуы:";

      7-тармақтың екінші бөлігі "Мемлекеттік бағдарламалар" деген сөздерден кейін "және (немесе) ұлттық жобалар" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 22-бапта:

      1-тармақта:

      1) тармақша "тауарлар" деген сөзден кейін "түрінің және" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламаларын" деген сөздер "мемлекеттік бағдарламаларды және (немесе) ұлттық жобаларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тарифті өзгерту уәкілетті органның бастамасы бойынша – жылына екі реттен жиілетпей, ал табиғи монополия субъектісінің бастамасы бойынша жылына бір реттен жиілетпей жүзеге асырылады.";

      5) 26-бапта:

      1-тармақтың 3) тармақшасындағы "энергетикалық аудиттің" деген сөздер "энергия аудитінің немесе экспресс-энергия аудитінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтың бірінші бөлігінде:

      15) және 16) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) бекітілген тарифтік сметаның шығындар баптарын бекітілген тарифтік сметада көзделген мөлшерлердің бес пайызынан аз орындамауды және осы Заңның 33-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, бекітілген тарифтік сметаны орындауға;

      16) осы Заңның 33-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындауға;";

      17) тармақша "туралы есепті" деген сөздерден кейін "электрондық нысанда" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 33-баптың 2-тармағы 4) тармақшасының екінші абзацындағы "энергетикалық аудиттің" деген сөздер "энергия аудитінің немесе экспресс-энергия аудитінің" деген сөздермен ауыстырылсын.

      11. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      2-баптың 3 және 5-тармақтарындағы "2022 жылғы 1 шілдеге дейін" деген сөздер "2023 жылғы 1 шілдеге дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап. Осы Заң:

      1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық стандарттар қабылданған күннен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 7-тармағы 10) тармақшасының төртінші абзацын;

      2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық стандарттар қабылданған күннен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 7-тармағы 1) тармақшасының оныншы және он жетінші абзацтарын, 2) тармақшасының оныншы абзацын, 9) тармақшасының бесінші – тоғызыншы абзацтарын, 10) тармақшасының бесінші – сегізінші абзацтарын, 11) тармақшасының он алтыншы – жиырма екінші абзацтарын, 12) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 13) тармақшасының он екінші және он үшінші абзацтарын және 9-тармағының 1) тармақшасын;

      3) 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 11-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3-бап. Осы Заңның 1-бабының 3-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацы, 2) тармақшасының он төртінші абзацы және 3) тармақшасы 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті рұқсаттар алынбай, осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін салынған жылжымайтын мүлікке қолданылады деп белгіленсін.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ


Дата вступления в силу:  30.06.2022
Дата изменения акта:  30.06.2022
Дата принятия акта:  30.06.2022
Информация об официальном опубликовании акта:  ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 04.07.2022 ж., "Егемен Қазақстан" газеті, 01.07.2022 ж. № 124 (30353);, "Казахстанская правда" газеті, 01.07.2022 г. № 124 (29751)
Место принятия:  100050000000
Орган, принявший акт:  102000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  169422
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  130-VII
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  001000000000 / 001011000000 / 008002000000 / 018000000000 / 022000000000 / 001008000000
Форма акта:  ДОП / ЗАК / ИЗМ
Юридическая сила:  0400
Язык акта:  kaz