Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасын жою мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 89-VII ҚРЗ

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:

      1) 10-баптың екінші бөлігіндегі ", бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы" деген сөздер "немесе бас бостандығынан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 11-баптың бесінші бөлігіндегі ", өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе өлiм жазасы" деген сөздер "немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 40-баптың екінші бөлігінің 4) тармағындағы "бостандығынан айыру;" деген сөздер "бостандығынан айыру қолданылуы мүмкін." деген сөздермен ауыстырылып, 5) тармағы алып тасталсын;

      4) 46-бапта:

      үшінші бөліктің төртінші сөйлеміндегі "47-бабының бесінші бөлігінде," деген сөздер алып тасталсын;

      төртінші бөліктің бірінші сөйлеміндегі "– аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ өлім жазасына балама ретінде" деген сөздер "аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 47-бап алып тасталсын;

      6) 56-баптың төртінші бөлігіндегі "өлiм жазасы мен өмір бойына бас бостандығынан айыру" деген сөздер "өмір бойына бас бостандығынан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 58-баптың төртінші бөлігінің үшінші абзацындағы және 60-баптың үшінші бөлігінің үшінші сөйлеміндегі "немесе өлім жазасы", "немесе тиісінше өлім жазасы" деген сөздер алып тасталсын;

      8) 71-баптың бесінші бөлігінде:

      бірінші сөйлемдегі "өлім жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру" деген сөздер "өмір бойына бас бостандығынан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші сөйлемдегі "өлім жазасы өмір бойына бас бостандығынан айырумен ауыстырылады, ал" деген сөздер алып тасталсын;

      9) 72-баптың сегізінші бөлігінің 1) тармағы "тәртібімен" деген сөзден кейін "не өлім жазасын жоятын заңның қолданылуына байланысты" деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 77-баптың бесінші бөлігінде:

      бірінші сөйлемдегі "Өлiм жазасына немесе өмiр бойына бас бостандығынан айыруға" деген сөздер "Өмiр бойына бас бостандығынан айыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші сөйлемдегі "өлiм жазасы өмiр бойына бас бостандығынан айыруға ауыстырылады, ал" деген сөздер алып тасталсын;

      11) 160-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы, 163-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы, 164-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы, 168-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы, 170-баптың төртінші бөлігінің екінші абзацындағы, 175-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацындағы, 177-баптың екінші абзацындағы, 178-баптың екінші абзацындағы, 184-баптың екінші абзацындағы, 255-баптың төртінші бөлігінің екінші абзацындағы, 437-баптың төртінші бөлігінің екінші абзацындағы, 438-баптың төртінші бөлігінің екінші абзацындағы, 439-баптың төртінші бөлігінің екінші абзацындағы, 442-баптың төртінші бөлігінің екінші абзацындағы, 443-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацындағы, 444-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацындағы, 455-баптың екінші абзацындағы ", не өлім жазасына", "не өлім жазасымен", "не өлiм жазасына" деген сөздер алып тасталсын.

      2. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне:

      1) 67-баптың бірінші бөлігінің 5) тармағындағы ", өмiр бойына бас бостандығынан айыру не өлiм жазасы" деген сөздер "немесе өмiр бойына бас бостандығынан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 69-баптың екінші бөлігіндегі "өлiм жазасы немесе өмiр бойына" деген сөздер "өмiр бойына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 271-баптың екінші бөлігіндегі "өлiм жазасы немесе" деген сөздер алып тасталсын;

      4) 402-баптың төртінші бөлігі алып тасталсын;

      5) 485-бапта:

      екінші бөліктің 2) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) адам өмір бойына бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан;";

      үшінші бөлік алып тасталсын;

      6) 490-баптың төртінші бөлігіндегі "өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталған" деген сөздер "өмір бойына бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 656-баптың он үшінші бөлігіндегі "Өмір бойы бас бостандығынан айыру мен айрықша жазалау шарасы – өлiм жазасы" деген сөздер "Өмір бойына бас бостандығынан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне:

      1) 3-баптың 5) тармақшасындағы ", сондай-ақ өлім жазасына сотталғандарды ұстауға" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 14-бапта:

      бірінші бөліктің бірінші сөйлеміндегі және үшінші бөліктегі ", өлiм жазасына" деген сөздер алып тасталсын;

      төртінші бөліктегі ", қамаққа алуға немесе өлім жазасына" деген сөздер "немесе қамаққа алуға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бесінші бөліктегі ", өлiм жазасына" деген сөздер алып тасталсын;

      3) 24-баптың сегізінші бөлігі алып тасталсын;

      4) 27-баптың үшінші бөлігіндегі ", өлiм жазасы" деген сөздер алып тасталсын;

      5) 88-баптың бесінші бөлігіндегі ", өлім жазасы түріндегі жазасы кешірім жасау тәртібімен бас бостандығынан айырумен ауыстырылған" деген сөздер "сотталғандар, өлім жазасы түріндегі жазасы кешірім жасау тәртібімен немесе өлім жазасын жоятын заңның қолданылуына байланысты бас бостандығынан айыруға ауыстырылған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 89-бапта:

      алтыншы бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) өлім жазасы түріндегі жазасы кешірім жасау тәртібімен немесе өлім жазасын жоятын заңның қолданылуына байланысты бас бостандығынан айыруға ауыстырылған сотталғандар;";

      жетінші бөліктің 2) тармақшасы алып тасталсын;

      7) 91-баптың екінші бөлігіндегі "; өлiм жазасына кесiлгендер – басқа санаттағы сотталғандардан" деген сөздер алып тасталсын;

      8) 94-баптың екінші бөлігінің үшінші абзацындағы "өлiм жазасы кешiрiм жасау тәртiбiмен бас бостандығынан айыруға ауыстырылған" деген сөздер "өлiм жазасы түріндегі жазасы кешiрiм жасау тәртiбiмен немесе өлім жазасын жоятын заңның қолданылуына байланысты бас бостандығынан айыруға ауыстырылған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 96-баптың екінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) өлім жазасы түріндегі жазасы кешірім жасау тәртібімен немесе өлім жазасын жоятын заңның қолданылуына байланысты бас бостандығынан айыруға ауыстырылған;";

      10) 104-баптың екінші бөлігінің 6) тармақшасындағы "немесе өлім жазасына" деген сөздер "сотталғандарды, өлім жазасы түріндегі жазасы кешірім жасау тәртібімен немесе өлім жазасын жоятын заңның қолданылуына байланысты бас бостандығынан айыруға ауыстырылған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 113-баптың үшінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) өлiм жазасы түріндегі жазасы кешірім жасау тәртібімен немесе өлім жазасын жоятын заңның қолданылуына байланысты бас бостандығынан айыруға ауыстырылған;";

      12) 140-баптың бірінші бөлігіндегі "өлім жазасы кешірім жасау тәртібімен өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылған" деген сөздер "өлiм жазасы түріндегі жазасы кешірім жасау тәртібімен немесе өлім жазасын жоятын заңның қолданылуына байланысты бас бостандығынан айыруға ауыстырылған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 144-баптың бірінші және төртінші бөліктеріндегі ", сондай-ақ өздеріне қатысты өлiм жазасы туралы үкiм өлiм жазасын орындауға мораторий енгiзiлгенге дейiн немесе мораторийдің қолданылу уақытында күшiне енген адамдар", ", сондай-ақ өздеріне қатысты өлiм жазасы туралы үкiм өлiм жазасын орындауға мораторий енгiзiлгенге дейiн немесе мораторийдің қолданылатын уақытында күшiне енген адамдар" деген сөздер алып тасталсын;

      14) 145-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы алып тасталсын;

      15) 5-бөлім алып тасталсын.

      4. "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      32-баптың 2-тармағы 2) тармақшасының төртінші абзацы алып тасталсын.

      5. "Өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге Екінші Факультативтік Хаттаманы ратификациялау туралы" 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "1989 жылғы 15 желтоқсанда Нью-Йоркте жасалған Өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге Екінші Факультативтік Хаттама ратификациялансын.".

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ