23.03.2019

Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу туралы

      1-бап. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 4, 217-құжат; 1998 ж., № 20, 245-құжат; 2007 ж., № 10, 68-құжат; 2011 ж., № 3, 29-құжат; 2017 ж., № 5, 9-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2-бапта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысы, оның астанасының мәртебесі заңмен белгіленеді. Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласы болып табылады.";

      3-1-тармақтағы "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ


Дата вступления в силу:  23.03.2019
Дата изменения акта:  23.03.2019
Дата принятия акта:  23.03.2019
Информация об официальном опубликовании акта:  "Егемен Қазақстан" 25.03.2019 ж., № 56 (29535); "Казахстанская правда" от 25.03.2019 г., № 56 (28933) ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 23.03.2019 ж.; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2019 ж., № 5-6, 28-құжат
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  102000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  129702
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  238-VІ
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  001001000000 / 001001001000 / 001008000000
Форма акта:  ЗАК / ИЗМ
Юридическая сила:  0400
Язык акта:  kaz