"Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 11 қаңтардағы № 135-VI ҚРЗ.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Зеленов аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 1-24-953 ұсынысы негізінде, Переметный ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Зеленов ауданы Переметный ауылдық округінің Калинин ауылы, Мұнайшы шағын ауданы аумағында ірі қара малдар арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Переметный ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2017 жылғы 17 шілдедегі № 65 "Зеленов ауданының Переметный ауылдық округінің Калинин ауылы, Мұнайшы шағын ауданы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4866 болып тіркелген, 2017 жылғы 28 шілдедегі "Ауыл тынысы" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Переметный ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы (Ф.Мухтарова) осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Переметный ауылдық округі
әкімінің міндетін атқарушы
А.Джумакулов