11.07.2017

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

1-бап.Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; №15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; №4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; №5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; №20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; №8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; №19- I, 99, 100, 101-құжаттар; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; №20-VII, 115, 119-құжаттар; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 136, 137-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22- VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 55, 57-құжаттар; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 66, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 10, 23-құжат; 2017 жылғы 19 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер және жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      135-1-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      2. "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; №9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 6, 28-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 128-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат):

      1) 78-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Ата-ана құқықтарын қалпына келтiру ата-ана құқықтарынан айырылған ата-ананың өтініші бойынша сот тәртiбiмен жүзеге асырылады. Ата-ана құқықтарын қалпына келтiру туралы iстер ата-ананың, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қатысуымен қаралады.";

      2) 79-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы iстер қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілінің міндетті түрде қатысуымен қаралады.".

      3. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-І, 13-ІІ, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., №7-ІІ, 55-құжат; №8-ІІ, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; №24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 21-құжат):

      1) мазмұнында:

      мынадай мазмұндағы 50-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "50-1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру";

      177, 373 және 374-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      177-баптың тақырыбында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      "373-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін – Елбасын көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзгедей қолсұғушылық, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының бейнесін бүлдіру, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының заңды қызметіне кедергі жасау";

      374-баптың тақырыбында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндігі мәтін өзгермейді;

      2) 3-бап мынадай мазмұндағы 20-1) тармақпен толықтырылсын:

      "20-1) Қазақстан Республикасының өмірлік маңызы бар мүдделеріне өзге де ауыр зиян – осы Кодекстің 160-бабының екінші бөлігінде, 163-бабында, 164-бабының екінші бөлігінде, 168, 169, 175-баптарында, 179-бабының үшінші бөлігінде, 180-бабының үшінші бөлігінде, 181-бабында, 182-бабының үшінші бөлігінде, 455-бабында көзделген іс-әрекеттерді жасау салдарынан келтірілген зиян;";

      3) 8-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Кодекстің ережелері, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше белгіленбесе, террористік немесе экстремистік қылмыс не бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыс жасалған жағдайларда, не Қазақстан Республикасының өмірлік маңызы бар мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтіргені үшін қылмыстың жасалған жеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қолданылады.";

      4) 15-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қылмыс жасаған уақытта он төрт жасқа толған адамдардың адам өлтiргенi (99-бап), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргенi (106-бап), ауырлататын мән-жайлар кезiнде денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiргенi (107-баптың екiншi бөлiгі), зорлағаны (120-бап), сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерi (121-бап), адам ұрлағаны (125-бап), халықаралық қорғауды пайдаланатын адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасағаны (173-бап), әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздырғаны (174-бап), Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының өміріне қолсұғушылық (177-бап), Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қолсұғушылық (178-бап), диверсия (184-бап), ұрлық (188-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері), тонау (191-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері), қарақшылық (192-бап), қорқытып алушылық (194-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері), ауырлататын мән-жайлар кезiнде автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алғаны (200-баптың екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерi), ауырлататын мән-жайлар кезiнде бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдiргенi (202-баптың екiншi және үшiншi бөлiктерi), терроризм актісі (255-бап), терроризмді насихаттағаны немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақырғаны (256-бап), террористік топ құрғаны, оған басшылық еткені және оның әрекетіне қатысқаны (257-баптың бірінші және екінші бөліктері), террористік немесе экстремистік әрекетті қаржыландырғаны және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік (258-бап), адамды кепiлге алғаны (261-бап), ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасағаны немесе оларды басып алғаны (269-бап), терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлағаны (273-бап), қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқырғаны не қорқытып алғаны (291-бап), ауырлататын мән-жайлар кезінде бұзақылық жасағаны (293-баптың екінші және үшiншi бөлiктері), тағылық (294-бап), есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді жымқырғаны не қорқытып алғаны (298-бап), ауырлататын мән-жайлар кезiнде өлген адамдардың мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлағаны (314-баптың екiншi бөлiгi) және көлiк құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыз еткені (350-бап) үшiн қылмыстық жауаптылыққа жатады.";

      5) 40-баптың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3-1) тармақпен толықтырылсын:

      "3-1) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру;";

      6) мынадай мазмұндағы 50-1-баппен толықтырылсын:

      "50-1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру

      1. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру мемлекеттің сотталған адаммен орнықты саяси-құқықтық байланысты мәжбүрлі тоқтатуынан тұрады, бұл олардың өзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын білдіреді.

      2. Он сегіз жасқа дейін қылмыс жасаған адамдарға Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру тағайындалмайды.";

      7) 160-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға, не өлiм жазасына жазаланады.";

      8) 163-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға, не өлiм жазасына жазаланады.";

      9) 164-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға, не өлiм жазасына жазаланады.";

      10) 168-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға, не өлiм жазасына жазаланады.";

      11) 169-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      12) 170-бапта:

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүлкi тәркiленiп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он екі жылдан он жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүлкі тәркіленіп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға, не өлiм жазасына жазаланады.";

      13) 173-бапта:

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүлкi тәркiленiп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүлкi тәркiленiп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      14) 175-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға, не өлім жазасына жазаланады.";

      15) 177-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "177-бап. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнің – Елбасының өмiрiне қолсұғушылық

      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнің -

      Елбасының өмiрiне оның заңды қызметiне кедергi жасау не осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында жасалған қолсұғушылық -

      Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға, не өлiм жазасына жазаланады.";

      16) 178-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға, не өлiм жазасына жазаланады.";

      17) 179-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он екі жылдан он жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      18) 180-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын айыруға жазаланады.";

      19) 181-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он екі жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он екі жылдан он жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      20) 182-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он екі жылдан он жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      21) 184-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүлкi тәркiленiп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға, не өлiм жазасына жазаланады.";

      22) 255-бапта:

      үшінші бөліктің 2) тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүлкі тәркіленіп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он екі жылдан он жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүлкі тәркіленіп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға, не өлiм жазасына жазаланады.";

      23) 257-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүлкi тәркiленiп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он жылдан он жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүлкi тәркiленiп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он екі жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      24) 261-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      25) 269-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүлкi тәркiленiп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      26) 270-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүлкi тәркiленiп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      27) 373 және 374-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "373-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін – Елбасын көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзгедей қолсұғушылық, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының бейнесін бүлдіру, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының заңды қызметіне кедергі жасау

      1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін – Елбасын көпшілік алдында қорлау немесе оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзгедей қолсұғушылық, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының бейнесін бүлдіру –

      екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      2. Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекеттер –

      үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      3. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының заңды қызметіне кедергі жасау мақсатында оған немесе онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне қандай да бір нысанда ықпал ету –

      бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      374-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне – Елбасына тиіспеушілік кепілдігін бұзу

      Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне – Елбасына және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне тиіспеушілік кепілдігін, оның ішінде мүлкіне, тұрғын және қызметтік үй-жайларына, жеке және қызметтік көлік құралдарына, жазысқан хаттарына, олар пайдаланатын байланыс құралдарына тиіспеушілік кепілдігін, банктік шоттарының банктік құпиялығы және оларға тиіспеушілік, сондай-ақ оларға тиесілі құжаттарға тиіспеушілік кепілдігін қандай да бір нысанда бұзу –

      бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      28) 455-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға, не өлiм жазасына жазаланады.".

      4. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-I, 15-II, 88-құжат; № 19-І, 19- ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 8, 16-құжат):

      1) мазмұнында 105, 107, 108, 164-баптардың, 48-тараудың, 414, 416, 417, 418, 419, 420, 421, 422, 423-баптардың, 49-тараудың, 483, 661, 672-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "105-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың, тергеу бөлімі бастығының, анықтау органы бастығының, прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне өздерінің құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын тұлғалар берген шағымдарды қарау тәртібі";

      "107-бап. Тергеу судьясының қаулыларына шағым жасау, прокурордың өтінішхатын келтіру

      108-бап. Сот үкіміне, қаулыларына шағымдар, прокурордың өтінішхаттары";

      "164-бап. Тергеу судьясының мүлiкке тыйым салуды санкциялау не санкциялаудан бас тарту туралы қаулысын прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау және оған шағым жасау";

      "48-тарау. Заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне апелляциялық шағым жасау, оларды прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау

      414-бап. Үкімдерге, қаулыларға апелляциялық (жекеше) шағым беру, прокурордың өтінішхатын келтіру құқығы";

      "416-бап. Заңды күшіне енбеген үкімдерге, қаулыларға апелляциялық (жекеше) шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын қарайтын соттар

      417-бап. Апелляциялық (жекеше) шағым беру, прокурордың өтінішхатын келтіру тәртібі

      418-бап. Апелляциялық (жекеше) шағым беру, прокурордың өтінішхатын келтіру мерзiмдерi

      419-бап. Апелляциялық (жекеше) шағым беру, прокурордың өтінішхатын келтіру мерзiмін қалпына келтiру тәртiбi

      420-бап. Апелляциялық (жекеше) шағым беру, прокурордың өтінішхатын келтіру туралы хабарлама

      421-бап. Апелляциялық (жекеше) шағым берудің, прокурордың өтінішхатын келтірудің салдары

      422-бап. Бiрiншi сатыдағы соттың қаулысына шағым жасау, оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау

      423-бап. Апелляциялық (жекеше) шағым, прокурордың өтінішхаты

      49-тарау. Апелляциялық шағымдар, прокурордың өтінішхаттары бойынша істерді қарау";

      "483-бап. Судьяның қаулысына шағым жасау және оны прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қайта қарау";

      "661-бап. Алқабилер қатысатын сот шығарған, заңды күшiне енбеген үкiмдер мен қаулыларға шағым жасау және оларды прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау";

      "672-бап. Тәркілеу туралы қаулыға шағым жасау, оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау";

      2) 7-баптың 4) және 30) тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) апелляциялық саты – бiрiншi сатыдағы соттың заңды күшiне енбеген үкiмдерiне, қаулыларына апелляциялық шағымдар мен прокурордың апелляциялық өтінішхаттары бойынша істі мәні бойынша қарайтын сот;";

      "30) наразылық, прокурордың өтінішхаты – прокурордың қылмыстық іс бойынша сот шешіміне өз құзыретi шегiнде және осы Кодексте көзделген тәртiппен енгiзетін, тиісінше прокурорлық қадағалау және ден қою актісі;";

      3) 50-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мерзiмдi қалпына келтiруден бас тартуға осы Кодексте белгiленген тәртiппен шағым жасалуы, ол прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкiн.";

      4) 52-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қылмыстық істерді апелляциялық тәртіппен қарау кемінде үш алқа судьясының құрамында алқалы түрде жүзеге асырылады, ал қысқартылған тәртіппен қаралған, қылмыстық терiс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар туралы істер бойынша соттың үкімдеріне, қаулыларына, үкімді орындау мәселелері бойынша, тергеу судьясының қаулыларына шағымдарды, прокурорлардың өтінішхаттарын қараған кезде судья жеке-дара жүзеге асырады.";

      5) 55-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тергеу судьясының қаулысына осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен шағым жасалуы, ол прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.";

      6) 58-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Негіздер болған кезде және осы Кодексте көзделген тәртіппен, прокурор өз қаулысымен істерді өзінің іс жүргізуіне қабылдауға және бұл ретте, тергеушінің өкілеттіктерін пайдалана отырып, тергеп-тексеруді жеке өзі жүргізуге құқылы. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалауды осыған уәкілеттік берілген прокурор жүзеге асырады.";

      7) 59-баптың екінші бөлігінің 9) тармағындағы "беруге уәкілетті." деген сөздер "беруге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақпен толықтырылсын:

      "10) тергеушінің әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) және шешiмдерiне шағымдарды қарауға уәкілетті.";

      8) 60-баптың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Тергеуші тергеп-тексерілетін іс бойынша прокурордың процестік шешімдерімен, әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) келіспеген жағдайда, ол жоғары тұрған прокурорға бұл жөнінде шағым жасауға құқылы.

      Прокурордың процестік шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған прокурорға шағым жасау олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.";

      9) 62-бапта:

      үшінші бөліктің 3) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) сот тапсырмаларының орындалуын ұйымдастырады.

      Анықтау органының бастығы прокурордың процестік шешімдерімен, әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) келіспеген жағдайда, ол жоғары тұрған прокурорға бұл жөнінде шағым жасауға құқылы.";

      төртінші бөліктің 4) тармағындағы "жүргізуге құқылы." деген сөздер "жүргізуге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақпен толықтырылсын:

      "5) анықтаушының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдарды қарауға құқылы.";

      10) 65-баптың жетінші бөлігінің 3) және 4) тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) іс бойынша келтірілген шағымдар, прокурордың өтінішхаттары және наразылықтар туралы білуге, оларға қарсылықтар беруге;

      4) келтірілген шағымдардың, прокурор өтінішхаттарының және наразылықтардың сотта қаралуына қатысуға;";

      11) 71-баптың алтыншы бөлігінің 20) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "20) іс бойынша келтірілген шағымдар, прокурордың өтінішхаттары және наразылықтар туралы білуге, оларға қарсылықтар беруге және оларды қарауға қатысуға;";

      12) 73-баптың екінші бөлігінің 16) және 17) тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) азаматтық талап қою бөлiгiнде iс бойынша келтірілген шағымдар, прокурордың өтінішхаттары және наразылықтар туралы бiлуге және оларға қарсылықтар беруге;

      17) мәлiмделген шағымдардың, прокурор өтінішхаттарының және наразылықтардың сотта қаралуына қатысуға;";

      13) 74-баптың екінші бөлігінің 13) және 14) тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) азаматтық талап қою бөлiгiнде iс бойынша келтiрiлген наразылықтар, прокурордың өтінішхаттары және шағымдар туралы бiлуге және оларға қарсылықтар беруге;

      14) мәлiмделген шағымдардың, прокурор өтінішхаттарының және наразылықтардың сотта қаралуына қатысуға;";

      14) 87-бапта:

      бірінші бөліктің 2) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы қылмыстық іс бойынша тергеу судьясы ретінде қатысқан болса, тергеу судьясының қаулыларына шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын қараған болса;";

      он екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Қарсылық бiлдiрудi қабылдамау немесе қанағаттандыру туралы қаулы шағым жасауға (прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға, наразылық білдіруге) жатпайды. Қаулымен келiспеу туралы дәлелдер апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына немесе сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхатқа, наразылыққа енгiзiлуi мүмкiн.";

      15) 105-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "105-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың, тергеу бөлімі бастығының, анықтау органы бастығының, прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне өздерінің құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын тұлғалар берген шағымдарды қарау тәртібі

      1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешiмдерiне өздерінің құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын тұлғалар берген шағымдар тергеу бөлімінің бастығына, анықтау органының бастығына, прокурорға немесе сотқа беріледi.

      Өзiнiң жеке әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) немесе шешiмдерiне шағым түскен, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам шағымды өзiнiң түсiндірмелерiмен бiрге тергеу бөлімінің бастығына, анықтау органының бастығына дереу жіберуге мiндеттi.

      Тергеу бөлімі бастығының, анықтау органы бастығының әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) және шешiмдерiне шағымдар прокурорға берiледi. Өзiнiң жеке әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) немесе шешiмдерiне шағым түскен тергеу бөлімінің бастығы немесе анықтау органының бастығы шағымды өзiнiң түсiндірмелерiмен бiрге тиiстi прокурорға дереу жіберуге мiндеттi.

      Прокурордың әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) және шешiмдерiне шағымдар жоғары тұрған прокурорға берiледi. Осы Кодекстің 106-бабында көрсетілген мәселелер бойынша шағымдар сотқа беріледі және осы бапта көзделген тәртіппен қаралады.

      2. Прокурор, тергеу бөлімінің бастығы, анықтау органының бастығы шағымды алған кезден бастап жеті тәулiк iшiнде оны қарауға және шағым берген тұлғаны қабылданған шешім туралы хабардар етуге мiндеттi. Ұстап алу, күдікті деп тану, күдіктінің іс-әрекетін саралау, лауазымнан шеттету кезiндегі заңды бұзушылық туралы шағымдар алынған кезден бастап үш тәулiк iшiнде қарауға жатады. Шағымды тексеру үшiн қосымша материалдарды талап етіп алдыру не өзге де шаралар қолдану қажет болатын айрықша жағдайларда, шағым берген тұлғаға бұл жөнінде хабарлай отырып, шағымды он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмде қарауға жол берiледi.

      3. Шағымды қарау нәтижесінде тергеу бөлімінің бастығы, анықтау органының бастығы прокурордың алдында шағым жасалған шешiмнің күшін жою немесе оны өзгерту туралы өтінішхат беруге, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның орындауы үшін міндетті нұсқаулар, анықтау органына тапсырмалар беруге құқылы.

      Шағымды қарау нәтижесiнде шағым жасалған шешiмнің күшін жойып немесе оны өзгертіп, шағымды толық немесе iшiнара қанағаттандыру туралы не шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешiм қабылдануы мүмкiн.

      Бұл ретте, бұрын шығарылған шешiм, егер бұл шағым берген тұлғаның немесе соның мүддесіне орай шағым берiлген тұлғаның жағдайын нашарлатуға алып келетін болса, өзгертілмейді.

      4. Шағым берген тұлға шағым бойынша қабылданған шешiм және одан әрi шағым жасау тәртiбi туралы хабардар етілуге тиіс. Шағымды қанағаттандырудан бас тарту уәжді болуға тиiс.";

      16) 107-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "107-бап. Тергеу судьясының қаулыларына шағым жасау, прокурордың өтінішхатын келтіру";

      бірінші бөліктің 10) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) қарап-тексеруді, тінтуді, алуды, жеке тінтуді санкциялау не санкциялаудан бас тарту туралы қаулысына шағым жасауға, ал прокурор өтінішхат келтіруге құқылы.";

      екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Тергеу судьясының осы баптың қағидаларына сәйкес шығарған қаулысына жария етілген кезінен бастап үш тәулік ішінде тергеу судьясы қаулы шығарған сот арқылы облыстық және оған теңестірілген сотқа осы баптың бірінші бөлігінде аталған тұлғалар шағым жасауы, сондай-ақ оған прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін. Дәлелді себеппен өткізіліп алынған мерзім мүдделі тұлғаның өтінішхаты бойынша осы Кодекстің 50-бабына сәйкес қалпына келтірілуі мүмкін.

      3. Шағым беру немесе прокурордың өтінішхатын келтіру осы Кодекстің 55-бабы бірінші бөлігінің 8) және 10) тармақтарында және осы баптың бірінші бөлігінің 1), 2), 7) және 10) тармақтарында көрсетілген мәселелер бойынша қаулыда көрсетілген шешімдердің орындалуын тоқтата тұрмайды.

      4. Шағым жасауға, прокурордың өтінішхатын келтіруге арналған мерзім өткеннен кейін материалдар шағыммен, прокурордың өтінішхатымен бірге облыстық немесе оған теңестірілген сотқа жіберіліп, бұл жөнінде арыз иесіне және әрекеттері мен шешімдеріне шағым жасалған тұлғаға және прокурорға хабарланады. Облыстық немесе оған теңестірілген соттың шағымды, прокурордың өтінішхатын қарау нәтижелері бойынша қабылдаған шешімі түпкілікті болып табылады.

      5. Облыстық немесе оған теңестірілген соттың судьясы осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген қағидалар мен мерзімдерді сақтай отырып, шағым, прокурордың өтінішхаты сотқа келіп түскен кезден бастап үш тәуліктен кешіктірмей тергеу судьясы қаулысының заңдылығын және негізділігін тексеруді жүзеге асырады.

      Облыстық немесе оған теңестірілген сот судьясының шағымды, прокурордың өтінішхатын қарау нәтижелері бойынша шығарған қаулысы жария етілген кезінен бастап заңды күшіне енеді.

      6. Жабық сот отырысына прокурор және күдіктінің қорғаушысы қатысады. Сондай-ақ отырысқа күдікті, оның заңды өкілі, жәбірленуші, оның заңды өкілі, өкілі және шағым жасалған шешімде құқықтары мен мүдделері қозғалатын басқа да адамдар қатыса алады, шағымды, прокурордың өтінішхатын қарау уақыты туралы уақтылы хабарланған кезде олардың келмей қалуы бұлардың сотта қаралуына кедергі болмайды.";

      17) 108-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "108-бап. Сот үкіміне, қаулыларына шағымдар, прокурордың өтінішхаттары

      Бірінші сатыдағы соттардың үкіміне, қаулыларына шағымдар, прокурордың өтінішхаттары осы Кодекстің 48-тарауының қағидаларына сәйкес беріледі. Заңды күшіне енген сот шешімдерін қайта қарау туралы шағымдар, наразылықтар, өтінішхаттар осы Кодекстің 52-тарауында белгіленген қағидаларға сәйкес беріледі.";

      18) 148-баптың алтыншы және он бірінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Тергеу судьясы үйқамақты, кепілді қолдануды санкциялаудан бас тарту туралы қаулы шығарған жағдайда, прокурор осы Кодекстің 107-бабында белгіленген қағидалар бойынша оған өтінішхат келтіруге құқылы.";

      "11. Күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстауды санкциялау немесе одан бас тарту туралы қаулыға осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен шағым жасалуы, ол прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.";

      19) 153-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қылмыстық қудалау органының бұлтартпау шарасын өзгерту не оның күшін жою туралы қаулысына шағым жасау, оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау осы Кодекстің 100-106-баптарында көзделген тәртіппен жүргізіледі.";

      20) 158-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Тергеу судьясы өтінішхатты және істің ұсынылған материалдарын қарап шығып, лауазымнан уақытша шеттетуді санкциялау не санкциялаудан бас тарту туралы қаулы шығарады. Лауазымнан уақытша шеттетуді санкциялау немесе одан бас тарту туралы қаулыға осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен шағым жасалуы, ол прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.";

      21) 164-баптың тақырыбы және бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "164-бап. Тергеу судьясының мүлiкке тыйым салуды санкциялау не санкциялаудан бас тарту туралы қаулысын прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау және оған шағым жасау

      1. Тергеу судьясының күдіктінің, айыпталушының, оның әрекеттері үшін заң бойынша материалдық жауаптылықта болатын тұлғаның мүлкіне тыйым салуды санкциялау немесе одан бас тарту туралы қаулысына осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен шағым жасалуы, сондай-ақ ол прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.";

      22) 165-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Тергеу судьясы өтінішхатты және істің ұсынылған материалдарын қарап шығып, жақындауға тыйым салуды санкциялау не санкциялаудан бас тарту туралы қаулы шығарады. Жақындауға тыйым салуды санкциялау немесе одан бас тарту туралы қаулыға осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен шағым жасалуы, ол прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.";

      23) 193-баптың бірінші бөлігінде:

      12) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органнан істі алып қояды және осы Кодексте белгіленген тергеулігіне сәйкес оны басқа сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына береді; тергеп-тексерудің объективті және жеткілікті болуын қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты ерекше жағдайларда, қылмыстық қудалау органының не қылмыстық процеске қатысушының жазбаша өтінішхаты бойынша істі бір органнан екінші органға береді не өзінің іс жүргізуіне қабылдайды және оларды осы Кодексте белгіленген тергеулігіне қарамастан тергеп-тексереді;";

      мынадай мазмұндағы 12-1) тармақпен толықтырылсын:

      "12-1) азаптаулар, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 17-тарауында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға құқылы.

      Бас Прокурор ерекше жағдайларда өз бастамасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуді осы Кодексте белгіленген тергеулігіне қарамастан прокурорға тапсыруға құқылы;";

      24) 217-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Тергеу судьясы өтінішхатты алынған кезінен бастап үш тәулік ішінде қарайды және нәтижелері бойынша өтінішхатты қанағаттандыру не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы уәжді қаулы шығарады. Өтінішхат қанағаттандырылған жағдайда, тергеу судьясы алғаш мүмкіндік болған кезде жауап алу уақытын тағайындайды, бұл жөнінде прокурорға, күдіктіге және іске қорғаушы ретінде қатысатын оның адвокатына хабарланады. Тергеу судьясының өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулысына осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен шағым жасалады және ол прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралады. Тергеу судьясының өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартуы айғақтарды сақтауға қою туралы өтінішхатты сотқа жіберу үшін негіздердің болуын көрсететін мән-жайлар туындаған жағдайда, осы баптың бірінші бөлігінде аталған тұлғалардың қайтадан жүгінуіне кедергі болмайды. Кәмелетке толмағандардың айғақтарын сақтауға қою туралы өтінішхат міндетті түрде қанағаттандыруға жатады.";

      25) 226-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Эксгумация жүргізу немесе одан бас тарту туралы қаулыға осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен шағым жасалуы, ол прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.";

      26) 310-баптың екінші, төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Облыстық және оған теңестірілген сот аудандық және оларға теңестірілген соттардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, сондай-ақ қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларына апелляциялық (жекеше) шағымдар, прокурордың өтінішхаттары бойынша істерді апелляциялық тәртіппен қарайды.";

      "4. Облыстық және оларға теңестірілген соттар қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында тергеу судьясының қаулыларына шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын қарайды.

      5. Үкімді орындау сатысында облыстық және оларға теңестірілген соттар бірінші сатыдағы соттардың осы Кодекстің 475 және 476-баптарында көрсетілген мәселелерді қараған кезде шығарған қаулыларына жекеше шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын апелляциялық тәртіппен қарайды.";

      27) 311-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Әскери сот гарнизондардың әскери соттарының, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың заңды күшіне енбеген, оның ішінде осы Кодекстің 475, 476-баптарында көрсетілген мәселелерді қараған кезде шығарған үкімдері мен қаулыларына апелляциялық (жекеше) шағымдар, прокурордың өтінішхаттары бойынша істерді апелляциялық тәртіппен қарайды.";

      28) 318-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Тараптардың істiң бұл соттың соттылығына жатпайтыны туралы арыздарын осы сот шешедi. Соттың соттылық мәселесі бойынша шығарған қаулысына жоғары тұрған сотқа шағым жасалуы мүмкiн, оның шешiмi түпкiлiктi болып табылады және шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға, наразылық білдіруге жатпайды.";

      29) 344-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Басты сот талқылауында дәлелдемелерді зерттеу мәселелері бойынша шығарылған қаулылар шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға, наразылық білдіруге жатпайды. Басты сот талқылауы барысында шығарылған қаулылармен келіспеу апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына, наразылыққа енгізілуі мүмкін.";

      30) 349-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Ескертулердi қарау нәтижелерi бойынша судья олардың дұрыстығын куәландыру не оларды қабылдамау туралы уәждi қаулы шығарады, бұл шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға, наразылық білдіруге жатпайды, мұнымен келіспеу апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына, наразылыққа енгізілуі мүмкін. Хаттамаға және судьяның қаулысына ескертулер басты сот талқылауының хаттамасына қоса тiгiледi.";

      31) 398-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 6-1) тармақпен толықтырылсын:

      "6-1) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру туралы шешім;";

      32) 401-баптың 4) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) үкiмге апелляциялық шағым жасау не оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау тәртiбi мен мерзiмi туралы нұсқау;";

      33) 48-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "48-тарау. Заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне апелляциялық шағым жасау, оларды прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау";

      34) 414-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "414-бап. Үкімдерге, қаулыларға апелляциялық (жекеше) шағым беру, прокурордың өтінішхатын келтіру құқығы";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Апелляциялық тәртіппен сот актісін қайта қарау туралы прокурордың апелляциялық өтінішхатын істі қарауға мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысқан прокурор келтіруі мүмкін. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар және олардың орынбасарлары, аудандардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар өздерінің құзыреті шегінде істі қарауға қатысу-қатыспауына қарамастан, үкімді қайта қарау туралы прокурордың апелляциялық өтінішхатын келтіруі мүмкін.";

      35) 415-баптың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілгендерді қоспағанда, бірінші сатыдағы соттардың заңды күшіне енбеген қаулыларына осы тарауда көзделген тәртіппен жекеше шағым берілуі, прокурордың өтінішхаты келтірілуі мүмкін.

      3. Бұлтартпау шарасы, ақшалай өндіріп алуды қолдану туралы қаулылардан басқа, сот талқылауы барысында шығарылған, осы Кодекстің 10-бабының екінші бөлігінде көрсетілген мәселелер жөніндегі, сондай-ақ процеске қатысушылардың дәлелдемелерін, өтінішхаттарын зерттеу тәртібі мен тәсіліне, сот отырысы залында тәртіп сақтауға қатысты қаулылар осы тараудың қағидалары бойынша қайта қарауға жатпайды. Жоғарыда көрсетілген қаулыларға қарсылықтар үкімге келтірген апелляциялық шағымдарда, прокурордың өтінішхаттарында баяндалуы мүмкін.";

      36) 416 және 417-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "416-бап. Заңды күшіне енбеген үкімдерге, қаулыларға апелляциялық (жекеше) шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын қарайтын соттар

      1. Аудандық және оларға теңестірілген соттардың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың заңды күшіне енбеген үкімдеріне, қаулыларына апелляциялық (жекеше) шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың апелляциялық сатысы қарайды.

      2. Гарнизондардың әскери соттарының, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың заңды күшіне енбеген үкімдеріне, қаулыларына апелляциялық (жекеше) шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын Әскери сот қарайды.

      3. Егер іс бойынша үкім және қаулы шығарылса, онда үкімге апелляциялық шағымдар, прокурордың өтінішхаттары және қаулыға жекеше шағымдар, прокурордың өтінішхаттары облыстық немесе оған теңестірілген соттың апелляциялық сатысының бір отырысында қаралады.

      4. Басты сот талқылауы барысында шығарылатын, бұлтартпау шарасы және ақшалай өндіріп алуды қолдану туралы қаулыларға жекеше шағымдар, прокурордың өтінішхаттары іс бойынша іс жүргізу аяқталғанға дейін апелляциялық сатыда қаралады. Көрсетілген шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын апелляциялық сатыда қарау қылмыстық істі бірінші сатыдағы сотта одан әрі қарауды үзбейді.

      417-бап. Апелляциялық (жекеше) шағым беру, прокурордың өтінішхатын келтіру тәртібі

      1. Үкім, қаулы шығарған сот арқылы апелляциялық (жекеше) шағымдар беріледі, прокурордың өтінішхаттары келтірiледi. Апелляциялық сатыға тiкелей келiп түскен апелляциялық (жекеше) шағымдар, прокурордың өтінішхаттары осы Кодекстiң 420-бабының және 421-бабы екiншi бөлiгiнiң талаптарын орындау үшiн үкім, қаулы шығарған сотқа жiберілуге жатады.

      2. Істі қайтадан қарау кезінде шығарылған үкімге, қаулыға осындай тәртіппен шағым жасалуы, ол прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.";

      37) 418-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "418-бап. Апелляциялық (жекеше) шағым беру, прокурордың өтінішхатын келтіру мерзiмдерi";

      бірінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Үкім, қаулы жария етілген күннен бастап он бес тәулiк iшiнде апелляциялық (жекеше) шағымдар беріледі, прокурордың өтінішхаттары келтіріледі, ал күзетпен ұсталатын сотталған адам оларды өзіне үкімнің, қаулының көшiрмесi табыс етілген күннен бастап дәл сондай мерзiмде бере алады.";

      "3. Мерзiмдi өткізіп алып берiлген апелляциялық (жекеше) шағым, прокурордың өтінішхаты үкімді, қаулыны шығарған соттың қаулысымен мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхат болмаған кезде осы негіз көрсетіле отырып, авторға қайтарылады. Егер шағымды, прокурордың өтінішхатын бірінші сатыдағы сот қабылдаған соң оларды беру мерзімінің өткізіп алынғаны апелляциялық сатыда анықталса, апелляциялық саты судьясы өз қаулысымен оларды қараусыз қалдырады.";

      38) 419, 420, 421, 422 және 423-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "419-бап. Апелляциялық (жекеше) шағым беру, прокурордың өтінішхатын келтіру мерзiмін қалпына келтiру тәртiбi

      1. Апелляциялық (жекеше) шағым беру, прокурордың өтінішхатын келтіру мерзімі өткізіп алынған жағдайда шағымды, прокурордың өтінішхатын беруге құқығы бар адамдар үкімді, қаулыны шығарған сот алдында өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхат бере алады. Апелляциялық (жекеше) шағымды, прокурордың өтінішхатын беру мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхат жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында берілуі мүмкін. Мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхатты сот отырысында – істің басты сот талқылауы кезінде төрағалық еткен судья, ал ол ұзақ уақыт (кемінде бес тәулік) болмаған кезде осы соттың басқа судьясы қарайды, ол өтінішхат қозғаған адамды түсініктеме беру үшін шақыртуға құқылы.

      2. Судьяның өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіруден бас тарту туралы қаулысына тиісті облыстық немесе оған теңестірілген сотқа шағым жасалуы, прокурордың өтінішхаты бойынша сонда қайта қаралуы мүмкін, ол өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіруге және осы Кодекстің 420-бабында және 421-бабының екінші бөлігінде жазылған талаптарды сақтай отырып, шағым, прокурордың өтінішхаты бойынша істі қарауға құқылы. Соттың апелляциялық шағым берудің, прокурордың өтінішхатын келтірудің өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіру туралы қаулысымен келіспейтін процеске қатысушылар апелляциялық сатының отырысы басталғанға дейін немесе сонда өз дәлелдерін беруге және осы қаулының күшін жою туралы өтінішхат беруге құқылы. Мұндай өтінішхат қанағаттандырылған жағдайда, апелляциялық саты өз қаулысымен апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын қараусыз қалдырады.

      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген сот процеске қатысушының өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мүмкіндігін шектейтін заң бұзушылық кезінде (сот отырысының хаттамасын уақтылы дайындамау, іске қатысатын, сот ісін жүргізу тілін білмейтін адамға сот актісінің көшірмесін аудармасыз табыс ету, сот актісінің қарар бөлігінде шағым жасау мерзімін көрсетудегі дәлсіздіктер), сондай-ақ оның шағымды уақтылы беруіне немесе прокурордың өтінішхатын келтіруіне объективті түрде кедергі келтіретін өзге де мән-жайлар болған кезде апелляциялық (жекеше) шағым берудің, прокурордың апелляциялық өтінішхатын келтірудің өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіруге міндетті.

      4. Апелляциялық саты судьясының өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы қаулысы шағыммен, прокурордың өтінішхатымен және басқа да материалдармен бірге үкімді, қаулыны шығарған сотқа осы Кодекстің 420 және 421-баптарында көзделген әрекеттерді орындау үшін дереу жіберіледі.

      420-бап. Апелляциялық (жекеше) шағым беру, прокурордың өтінішхатын келтіру туралы хабарлама

      1. Үкімді, қаулыны шығарған сот апелляциялық (жекеше) шағымның берілгені, прокурордың өтінішхатының келтірілгені туралы сотталған адамға немесе ақталған адамға, оның қорғаушысына, өкіліне, айыптаушыға, жәбірленушіге және оның өкіліне, сондай-ақ шағым, прокурордың өтінішхаты олардың мүдделерін қозғайтын болса, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге немесе олардың өкілдеріне хабар береді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға шағымның, прокурордың өтінішхатының көшірмелері не үкімді, қаулыны шығарған соттың интернет-ресурсы арқылы олардың электрондық көшірмелерімен танысу мүмкіндігі туралы хабарлама жіберіледі. Бұл ретте тараптарға жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанын- да шағымға, прокурордың өтінішхатына қарсылықтар беру құқығы түсіндіріліп, оларды ұсыну мерзімі көрсетіледі. Тараптарға қайта қарау үшін шағым, прокурордың өтінішхаты келтірілген сот актісімен келісуі туралы өз дәлелдерін беру құқығы да түсіндіріледі. Шағымға, прокурордың өтінішхатына келіп түскен қарсылықтар, тараптардың дәлелдері іске қоса тігіліп, апелляциялық сатыда жиынтық түрде қаралуға жатады.

      3. Тараптар жаңа материалдарды апелляциялық сатыға апелляциялық (жекеше) шағымға, прокурордың өтінішхатына қарсылықпен бірге немесе бөлек ұсынуға немесе оларды талап етіп алдыру және зерттеу туралы, сондай-ақ өздері көрсеткен жәбірленушілерді, куәларды, сарапшыларды, мамандарды сотқа шақырту және олардан жауап алу туралы өтінішхат беруге құқылы.

      421-бап. Апелляциялық (жекеше) шағым берудің, прокурордың өтінішхатын келтірудің салдары

      1. Апелляциялық (жекеше) шағым беру және прокурордың өтінішхатын келтіру, бұлтартпау шарасы туралы шешімді қоспағанда, үкімнің, қаулының заңды күшіне енуін және оларды орындауға келтіруді тоқтата тұрады.

      2. Бірінші сатыдағы сот үкімге, қаулыға шағым жасау, оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау және осы Кодекстің 420-бабының талаптарын орындау үшін белгіленген мерзім өткеннен кейін бір тәуліктен кешіктірмей, істі келіп түскен шағымдармен, прокурордың өтінішхатымен, оларға қоса берілген құжаттармен, сондай-ақ оларға қарсылықтармен бірге тиісті соттың апелляциялық сатысына жібереді.

      422-бап. Бiрiншi сатыдағы соттың қаулысына шағым жасау, оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау

      1. Осы Кодекстің 344-бабының төртінші бөлігінде көрсетілген алып қоюларды қоспағанда, бірінші сатыдағы соттың қаулысына осы Кодекстің 414-бабында көрсетілген адамдар жекеше шағым, прокурордың өтінішхатын келтіре алады.

      2. Бiрiншi сатыдағы соттың қаулыларына жекеше шағым, прокурордың өтінішхаты жоғары тұрған сотқа қаулы шығарылған күннен бастап он бес тәулiк iшiнде берiледi және апелляциялық iс жүргiзу қағидалары бойынша қаралады. Үкім шығарумен аяқталған сот талқылауы кезінде шығарылған қаулыға шағым берілген, прокурордың өтінішхаты келтірілген жағдайда, іс үкімге шағым жасау үшін белгіленген мерзім өткен соң ғана жоғары тұрған сот сатысына жіберіледі.

      423-бап. Апелляциялық (жекеше) шағым, прокурордың өтінішхаты

      1. Апелляциялық шағымда, прокурордың өтінішхатында:

      1) шағым, прокурордың өтінішхаты жолданып отырған тиісті апелляциялық сатыдағы соттың атауы;

      2) шағым берген немесе прокурордың өтінішхатын келтірген адамның процестік жағдайы, тұрғылықты жері немесе тұрған жері, онымен хабарласудың байланыс құралдарының нөмірлері көрсетіле отырып, ол туралы деректер;

      3) шағым берілген, прокурордың өтінішхаты келтірілген үкім немесе қаулы және осы шешімді шығарған соттың атауы;

      4) үкімнің, қаулының қай бөлігінде немесе оларға толық көлемде шағым берілгенін, прокурордың өтінішхаты келтірілгенін көрсету;

      5) шағым берген, прокурордың өтінішхатын келтірген адамның өз пікірі бойынша сот үкімінің, қаулысының дұрыс еместігі неде екендігі, сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыру немесе істі қарау кезінде заңның қандай нормаларының бұзылғаны және мұның ол бойынша шешім қабылдауға әсер еткені туралы дәлелдері және оның өтінуінің мәні;

      6) шағымның, прокурор өтінішхатының авторы өз талаптарын негіздейтін, оның ішінде бірінші сатыдағы сот зерттемеген дәлелдемелер;

      7) шағымға, прокурордың өтінішхатына қоса берілетін материалдардың тізбесі;

      8) шағым берілген, прокурордың өтінішхаты келтірілген күн және шағым авторының, өтінішхат келтірген прокурордың қолтаңбасы қамтылуға тиіс.

      2. Егер берілген шағым, прокурордың келтірілген өтінішхаты осы талаптарға сәйкес келмесе, олар берілген деп есептеледі, бірақ үкім шығарған сот оларды толық ресімдеу мерзімін көрсете отырып, кері қайтарады. Егер көрсетілген мерзім ішінде апелляциялық (жеке- ше) шағым, прокурордың өтінішхаты қайта жасалғаннан кейін сотқа ұсынылмаса, олар берілмеген деп есептеледі, бұл туралы шағым, прокурордың өтінішхаты авторына хабарланады. Апелляциялық сатыдағы сот шағымды осы баптың бірінші бөлігіне сәйкес ресімдеу үшін осындай тәртіппен қайтаруға құқылы.

      3. Тараптар апелляциялық (жекеше) шағымның, прокурордың өтінішхатының негіздерін растау ретінде шағыммен бірге немесе оны бергеннен кейін апелляциялық сатыдағы сотқа жаңа материалдар ұсынуға немесе оларды талап етіп алдыру және зерттеу, сондай-ақ өздері көрсеткен куәлардан, жәбірленушілерден, сарапшылардан, мамандардан жауап алу, бірінші сатыдағы сот тергеуі олқылықтарының орнын толтыруға бағытталған өзге де әрекеттер жасау туралы өтінішхат беруге құқылы.

      4. Апелляциялық (жекеше) шағым берген, прокурордың өтінішхатын келтірген адам сот отырысы басталғанға дейін өзінің шағымын, прокурор өтінішхатын өзгертуге не жаңа дәлелдермен толықтыруға құқылы. Бұл ретте прокурордың қосымша өтінішхатында немесе прокурордың өтінішхатын өзгерту туралы оның арызында, сол сияқты жәбірленушінің, жекеше айыптаушының немесе өкілдердің үкімге шағым жасау мерзімі өткеннен кейін берілген қосымша шағымында, егер прокурордың бастапқы өтінішхатында немесе шағымда сотталған адамның жағдайын нашарлату туралы талап болмаса, осындай мәселе қойыла алмайды. Сот актісіне шағым жасау мерзімі өткеннен кейін іс бойынша іс жүргізуге кіріскен қорғаушы шағымды өзгерте алады не жаңа дәлелдермен толықтыра алады, іске бұрын қатысқан қорғаушы берген шағымдағы дәлелдердің қосымша дәйектемелерін ұсына алады.

      5. Үкімге, қаулыға шағым жасаған, прокурордың өтінішхатын келтірген адам апелляциялық сатыдағы сот отырысы басталғанға дейін өз шағымын, прокурордың өтінішхатын кері қайтарып алуға құқылы. Прокурордың өтінішхатын жоғары тұрған прокурор да кері қайтарып алуы мүмкін. Қорғаушы, заңды өкіл өз шағымын сотталған адамның келісімімен ғана кері қайтарып алуға құқылы. Сотталған адам өзінің қорғаушысы, заңды өкілі берген шағымды кері қайтарып алуға құқылы, көрсетілген адамдардың шағымдарын оның кері қайтарып алуы сот үшін міндетті болып табылады.";

      39) 49-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "49-тарау. Апелляциялық шағымдар, прокурордың өтінішхаттары бойынша істерді қарау";

      40) 424 және 426-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "424-бап. Апелляциялық қараудың нысанасы

      1. Апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық шағымдар, прокурордың өтінішхаттары бойынша істе бар және қосымша ұсынылған, апелляциялық сатының отырысында зерттелген материалдар бойынша iстiң нақты мән-жайын анықтаудың және қылмыстық заңды қолданудың дұрыстығын, іс бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыру кезiнде қылмыстық-процестік заң нормаларының сақталуын, бiрiншi сатыдағы сот үкiмiнiң немесе қаулысының әділдігін, заңдылығын және негiздiлiгiн осы Кодекстің 426-бабының бірінші бөлігінде белгіленген шектерде тексередi.

      2. Алқабилер қатысқан соттың үкімдеріне, қаулыларына шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын қарау тәртібі осы Кодекстің 69-тарауының қағидалары бойынша жүзеге асырылады.";

      "426-бап. Істі апелляциялық сатыда қараудың шектері

      1. Істі апелляциялық тәртіппен қарайтын сот үкімнің, қаулының заңдылығын, негізділігін, әділдігін тек шағымға немесе прокурордың өтінішхатына қатысты бөлігінде және шағымға немесе прокурордың өтінішхатына қатысы бар сотталғандарға қатысты ғана тексереді.

      2. Егер істі қараған кезде басқа сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғаны, бұл заңсыз үкімнің, қаулының шығарылуына әкеп соққаны анықталса, сот осы Кодексте көзделген қағидаларды сақтай отырып, оның шағым жасалмаған, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралмаған бөліктерінде де және өздері туралы шағым, прокурордың өтінішхаты берілмеген адамдарға қатысты да күшін жоюға немесе оны өзгертуге құқылы.

      Үкімді өздері туралы шағым, прокурордың өтінішхаты берілмеген адамдарға қатысты өзгертуге немесе оның күшін жоюға шағым, прокурордың өтінішхаты өзіне қатысты болатын адамға қатысты үкімнің күші жойылған немесе ол өзгертілген жағдайда ғана және қылмыстық құқық бұзушылықты бірлесіп жасаған басқа да сотталғандардың әрекеттерін саралауды сәйкес келтіру үшін ғана жол беріледі.

      3. Сот бірінші сатыдағы соттың үкіміне апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты бойынша істі қарай отырып, жекеше шағымдар, прокурордың өтінішхаттары болмаған кезде де, егер соттың жекеше және өзге де қаулылары апелляциялық сатының шағымдар, прокурордың өтінішхаттары бойынша қабылдаған шешіміне қарама-қайшы келсе немесе істің материалдарына және заңға сәйкес келмесе, олардың күшін жоюға немесе оларды өзгертуге құқылы.

      4. Апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын, оларға қарсылықтарды және тараптардың дәлелдерін қарау бойынша шығарылған қаулымен (үкіммен) осы сот сатысында іс бойынша іс жүргізу аяқталады.";

      41) 427-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Егер шағымдардағы, прокурордың өтінішхаттарындағы дәлелдерді тексеру үшін тиісті процестік әрекеттерді орындау қажет болса, судья іс келіп түскен күннен бастап он тәулік ішінде істі апелляциялық сатыда қарауға дайындау туралы қаулы шығарады, онда алқа отырысына тиісті адамдарды (сотталған адамды, ақталған адамды, жәбірленушіні, куәларды, сарапшыларды, мамандарды) шақыру және олардан жауап алу туралы, материалдарды талап етіп алдыру және істі дұрыс шешу үшін қажетті өзге де әрекеттерді жасау туралы нақты көрсетеді. Судья қаулыда дайындық әрекеттерін орындау үшін қажетті уақытты ескере отырып, істі апелляциялық сатыда қарау күнін көрсетеді. Судьяның апелляциялық сатыдағы отырысты дайындау туралы қаулысының көшірмесі шығарылған күнінен бастап үш тәулік ішінде процеске қатысушыларға жіберіледі.";

      42) 428-баптың бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Апелляциялық сатыдағы сот шағымдары, прокурордың өтінішхаты бар қылмыстық іс келіп түскен бойда сот отырысын тағайындайды, істі қараудың уақыты мен орны туралы тараптарға хабарлайды.

      2. Күзетпен ұсталатын сотталған адамнан өзінің жағдайын нашарлатуға бағытталған шағымды немесе прокурордың өтінішхатын қарау кезінде апелляциялық сатыдағы сот отырысына қатысу туралы өтінішхат келіп түскен кезде апелляциялық сатыдағы сот істі сотталған адамның тікелей қатысуымен не аталған адамның қашықтықтан қатысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып қарау туралы қаулы шығарады, оны орындау үшін тиісті органдарға жібереді.";

      "4. Қорғаушының апелляциялық сатыда қатысуы осы Кодекстің 67-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда жүзеге асырылады. Кәмелетке толмаған сотталған адамға қатысты іс қаралған кезде не сотталған адамның жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылған, жәбірленушінің (азаматтық талапкердің), олардың өкілдерінің апелляциялық шағымы, прокурордың өтінішхаты бойынша іс қаралып жатқан не іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу және істі бірінші сатыдағы сотта қарау айыпталушының қатысуынсыз жүзеге асырылған жағдайларда не апелляциялық сатының жаңа дәлелдемелерді зерттеуі кезінде қорғаушының апелляциялық сатыда қатысуы міндетті.

      5. Осы Кодекстің 414-бабына сәйкес үкімге шағым жасау құқығы берілген тұлғалар, сондай-ақ үкім шығарылғаннан кейін тапсырма алған сотталған (ақталған) адамның қорғаушысы немесе жәбірленушінің өкілі соттың апелляциялық отырысына барлық жағдайда жіберіледі. Оларға өздерінің өтінуі бойынша берілген шағымды немесе прокурордың келтірілген өтінішхатын не оларға қарсылықтарды негіздеп сөйлеу үшін сөз беріледі.";

      43) 429-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Кодекстің 29-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, апелляциялық саты істерді ашық сот отырысында қарайды. Төрағалық етуші сот отырысын ашады, қандай іс қаралып жатқанын және кімнің апелляциялық (жекеше) шағымдары немесе прокурордың өтінішхаты бойынша екенін жариялайды. Содан кейін төрағалық етуші сот құрамын, іс бойынша тараптар болып табылатын, қатысып отырған адамдардың тегін, сондай-ақ аудармашылардың тегін жариялайды.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер процеске қатысушы бірінші сатыдағы соттың үкімге, қаулыға апелляциялық шағым жасаудың, оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қараудың өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіру туралы қаулысының заңдылығын тексеру туралы өтінішхатты мәлімдесе, онда бұл өтінішхат қарсылық білдірулерді шешкен бойда тікелей қаралуға жатады. Апелляциялық саты өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы қаулыны заңсыз деп таныса, оның күшін жою және мерзімі өткізіп алынып берілген шағым, прокурордың өтінішхаты бойынша апелляциялық іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы шығарады. Егер өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру дұрыс деп танылса, апелляциялық саты шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын осы бапта көзделген тәртіппен қарауды жалғастырады.";

      алтыншы және жетінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Сот тергеуін жүргізгеннен кейін сот процеске қатысушылардың сөздерін сот жарыссөздерін жүргізу қағидалары бойынша тыңдайды, олар өз шағымдарының, прокурор өтінішхаттарының не оларға қарсылықтарының уәждері мен дәлелдерін баяндайды. Тараптар өз сөздерінде бірінші сатыдағы сот зерттеген материалдарға да, апелляциялық сатыда зерттелген қосымша материалдарға да сілтеме жасауға құқылы. Шағымды берген, прокурордың өтінішхатын келтірген процеске қатысушы бірінші болып сөз сөйлейді, егер олар бірнешеу болса, сот олардың пікірлерін ескере отырып, олардың сөз сөйлеу кезектілігін белгілейді. Егер шағымда, прокурордың өтінішхатында сотталған (ақталған) адамның жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылса, қорғаушы тарап айыптаушы тараптың сөзі тыңдалғаннан кейін сөз сөйлейді.

      7. Апелляциялық сатыдағы сотқа қатысатын прокурор қаралып жатқан апелляциялық шағымдар бойынша пікірін айтады, прокурордың өтінішхатында көрсетілген дәлелдерді баяндайды, іс бойынша жасалған сот актілерінің заңдылығы туралы қорытынды береді, сондай-ақ қажет болған жағдайларда мемлекеттік айыптауды қолдайды.";

      44) 430-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Апелляциялық шағыммен немесе прокурордың өтінішхатымен бірге келіп түскен істі қараған кезде сот үкімнің заңдылығын тексеру және істі дұрыс шешу мақсатында тараптардың өтінішхаты бойынша:";

      45) 431-бапта:

      бірінші бөліктің 1) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) бірінші сатыдағы соттың үкімін, қаулысын – өзгеріссіз, ал апелляциялық (жекеше) шағымды, прокурордың өтінішхатын қанағаттандырусыз қалдыру;";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Апелляциялық сатыдағы сот шағымдарда, прокурордың өтінішхатында көрсетілген шектерде және негіздер бойынша ғана сотталған (ақталған) адамның жағдайын нашарлататын шешім қабылдауға құқылы.";

      46) 432-баптың бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Апелляциялық сатыдағы сот істі қараған кезде, егер шағымдарда, прокурордың өтінішхатында осы туралы өтіну болса, азаматтық талап қою бөлігінде үкімнің заңдылығын, негізділігін және әділдігін де тексереді және осы Кодекстің 170-бабының талаптарын сақтай отырып, шешім қабылдайды.";

      "3. Азаматтық талап қою бойынша сотталған адамның жағдайын нашарлататын шешім қабылдауға айыптаушы тараптың шағымдарында немесе прокурордың өтінішхатында тиісті дәлелдер болған кезде ғана жол беріледі.";

      47) 436-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Істе сот отырысы хаттамасының болмауы шағым жасалған (прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралған) сот актісінің күшін жою үшін негіз болып табылмайды. Мұндай жағдайларда апелляциялық сатыдағы сот істі толық ресімдеу үшін бірінші сатыдағы сотқа жібереді.";

      48) 438-баптың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Апелляциялық сатыдағы сот жазаны жеңілдетуге немесе неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдануға байланысты, сол сияқты сотталған адамның әрекеттерін қайта сараламастан, неғұрлым қатаң жаза тағайындау туралы шешім қабылдауға құқылы. Айыптаушы тараптың шағымдарында немесе прокурордың өтінішхатында тиісті дәлелдер болған кезде ғана және солардың шегінде ғана сотталған адамның жағдайын нашарлататын шешім қабылдауға жол беріледі. Неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдану сотталушыға тағылған және бірінші сатыдағы сотта айыптаушы тараптан қолдау тапқан айыптау шегінен шықпауға тиіс.

      3. Бірінші сатыдағы сот қылмыстық құқық бұзушылықты мемлекеттік және жекеше айыптаушылардың айыпты онша ауыр емес айыпқа өзгертуіне байланысты осы Кодекстің 337-бабы жетінші бөлігінің негізінде саралау туралы шешім қабылдаған жағдайларда, апелляциялық саты неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдануға құқылы емес, алайда ол жазаның мерзімін немесе мөлшерін шағымдардағы, прокурордың өтінішхаттарындағы дәлелдер шегінде ұлғайтуға не сотталған адамға үкімде көрсетілгеннен гөрі басқа неғұрлым қатаң жаза түрін тағайындауға құқылы.";

      49) 439-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын қараған кезде осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 3) - 10) тармақтарында және 36-бабының бірінші бөлігінде көзделген негіздер болған кезде үкімнің күшін жояды және істі тоқтатады.";

      50) 440-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Апелляциялық саты тек прокурордың өтінішхаты бойынша не жәбiрленушiнiң немесе оның өкiлiнiң, сондай-ақ сот арқылы ақталған, ақталу негiздерiмен келiспеген адамның шағымы бойынша ғана ақтау үкімiнiң, істі тоқтату туралы қаулының немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешiмнiң күшiн жоя алады.";

      51) 441-баптың бірінші бөлігінің 2) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) шағым немесе прокурордың өтінішхаты бойынша ақтау үкімінің күшін жоюға және айыптау үкімін шығаруға;";

      52) 442-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Апелляциялық сатыдағы сот сотталған адамның жағдайын нашарлататын шешімдерді, егер осы негiздер бойынша прокурор өтінішхат келтірсе немесе жекеше айыптаушы, жәбiрленуші, олардың өкiлдерi шағым берсе ғана қабылдауға құқылы.";

      53) 443-бапта:

      екінші бөліктің 3) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) апелляциялық шағым берген немесе прокурордың апелляциялық өтінішхатын келтірген адамдар;";

      үшінші, төртінші және алтыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қаулының сипаттау-уәждеу бөлiгiнде сот актісінің, берiлген шағымдардың, прокурордың келтірілген өтінішхатының, оларға қарсылықтардың дәлелдері мәнінің қысқаша мазмұндамасы, сондай-ақ шағым бермеген процеске қатысушылардың басқа да процеске қатысушының шағымына, прокурордың өтінішхатына қарсылықтармен қатар ұсынылған сот актісімен келісетіні немесе келіспейтіні туралы дәлелдері, апелляциялық сатыдағы сотқа қатысқан адамдардың пікірлері, сондай-ақ қабылданған шешiмнің уәждері қамтылуға тиiс.

      4. Жаңа дәлелдердің болмауына байланысты шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде апелляциялық қаулының сипаттау-уәждеу бөлiгiнде сот актісіне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.";

      "6. Апелляциялық қаулының қарар бөлігінде апелляциялық сатыдағы соттың шағым немесе прокурордың өтінішхаты бойынша шешімі, қаулының заңды күшіне ену уақыты, оған шағым жасаудың тәртібі мен мерзімдері көрсетіледі.";

      54) 446-бапта:

      бірінші бөліктің 1) және 2) тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) белгіленген мерзімде берілген, кейбір сотталғандарға қатысты апелляциялық шағымдар, прокурордың өтінішхаты, үкімге, қаулыға апелляциялық шағым жасау құқығы берілген басқа да процеске қатысушылардың шағымдары апелляциялық сатыдағы сотқа істі басқа да процеске қатысушылардың шағымдары бойынша қарағаннан кейін келіп түссе;

      2) шағым жасаудың, прокурордың өтінішхатын келтірудің өткізіп алынған мерзімін сот істі апелляциялық сатыда басқа да процеске қатысушылардың шағымдары бойынша қарағаннан кейін осы Кодексте көзделген тәртіппен қалпына келтірсе, бірінші сатыдағы сот үкімінің заңдылығын тексеру кезінде шығарылған бірінші апелляциялық үкімнің, қаулының күші жойылмастан, істі апелляциялық сатыда қайтадан қарауға жол беріледі.";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Апелляциялық сатыдағы сот сотталған адамның, оның қорғаушысының немесе өкілінің шағымдарын осы адамға қатысты іс прокурордың апелляциялық өтінішхаты, басқа да процеске қатысушылардың шағымдары бойынша қаралған жағдайларда да қарауға міндетті.";

      55) 470-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Аудандық және оған теңестірілген соттар, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сот, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот, гарнизонның әскери соты шығарған бірінші сатыдағы соттың үкімдері, егер оларға шағым жасалмаса немесе олар прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралмаса, апелляциялық шағым жасаудың және прокурордың өтінішхатын келтірудің мерзімі өткен соң заңды күшіне енеді және орындауға енгізуге жатады.

      2. Іс апелляциялық сатыда қайта қаралған жағдайда, егер үкімнің күші жойылмаса, ол апелляциялық қаулы шығарылған күні күшіне енеді. Егер апелляциялық (жекеше) шағымдар, прокурордың өтінішхаты апелляциялық сатыдағы сот отырысы басталғанға дейін кері қайтарып алынса, апелляциялық саты шағымның, прокурордың өтінішхатының кері қайтарып алынуына байланысты іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы шығарған күні үкім заңды күшіне енеді.";

      56) 471-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бiрiншi сатыдағы соттың қаулысы шағым жасаудың немесе прокурордың өтінішхатын келтірудің мерзiмi өткен соң не жекеше шағым берілген немесе прокурордың өтінішхаты келтірілген жағдайда, iстi жоғары тұрған сот қарағаннан кейiн заңды күшiне енедi және орындауға енгізіледі.

      2. Соттың шағым жасалуға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуға немесе наразылық білдірілуге жатпайтын қаулысы шығарылған бойда дереу күшiне енедi және орындауға енгізіледі.";

      57) 483-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "483-бап. Судьяның қаулысына шағым жасау және оны прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қайта қарау

      Үкiмдi орындауға байланысты мәселелердi шешу кезiнде шығарылған сот қаулыларына осы Кодекстiң 48, 49-тарауларында белгiленген қағидалар бойынша апелляциялық тәртіппен шағым жасалуы және олар прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкiн.";

      58) 505-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Соттың іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта бастау туралы өтінішхатты қарау қорытындылары бойынша шығарылған қаулысы сот кеңесу бөлмесінен шыққан соң жария етіледі, бұл ретте ол сотқа қатыспаған мүдделі тұлғалардың назарына жеткізіліп, оған шағым жасау, оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау, оған наразылық білдіру тәртібі түсіндіріледі. Қаулының көшірмесі прокурорға және өтінішхатты мәлімдеген тұлғаға жіберіледі. Өзге мүдделі тұлғаларға қаулының көшірмесі олардың өтінуі бойынша жіберіледі.";

      59) 507-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бірінші, апелляциялық сатылардағы соттың іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта бастау туралы өтінішхатты қарау қорытындылары бойынша шығарылған қаулыларына шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын, наразылықтарды осы Кодекстің 502-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адамдар тиісті жоғары тұрған сотқа қаулы шығарылған күннен бастап он бес тәулік ішінде бере алады.

      2. Жоғары тұрған сот көрсетілген қаулыларға шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын, наразылықтарды қарауды апелляциялық, кассациялық шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын, наразылықтарды қарау үшін көзделген тәртіппен жүзеге асырады. Жоғары тұрған соттың шағым жасалған қаулыны өзгеріссіз қалдыру, оның күшін жою немесе оны өзгерту туралы қаулысы түпкілікті болып табылады және одан әрі шағым жасалуға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуға, наразылық білдірілуге жатпайды.";

      60) 515-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Істi сот талқылауында көрсетілген адамның дәлелдемелердi зерттеуге және сот жарыссөздерiне қатысуға; сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертулер беруге; соттың қаулысына шағым жасауға және шағым жасалып отырған шешiмдердiң көшiрмелерiн алуға; iс бойынша берілген шағымдар, прокурордың келтірілген өтінішхаттары мен наразылықтар туралы бiлуге және оларға қарсылықтар беруге; мәлiмделген шағымдардың, прокурордың өтінішхаттарының, наразылықтардың сотта қаралуына қатысуға құқығы бар.";

      61) 516-баптың үшінші бөлігінің 11) және 12) тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) iс бойынша берілген шағымдар, прокурордың келтiрілген өтінішхаттары мен наразылықтар туралы бiлуге және оларға қарсылықтар беруге;

      12) мәлiмделген шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын және наразылықтарды сотта қарауға қатысуға құқығы бар.";

      62) 519-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді аудандық немесе оған теңестірілген соттың судьясы қарайды. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, есі дұрыс емес адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың үкіміне, қаулысына берілген немесе келтірілген апелляциялық шағымдар немесе прокурордың өтінішхаты бойынша қылмыстық істі қараған кезде қарауы мүмкін.";

      63) 523-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Сот кеңесу бөлмесiнде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдануды тоқтату, өзгерту немесе ұзарту, сол сияқты оны тоқтатудан, өзгертуден немесе ұзартудан бас тарту туралы қаулы шығарады және оны сот отырысында жария етеді. Соттың қаулысы процеске қатысушылардың шағымдары бойынша не прокурордың өтінішхаты бойынша апелляциялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.";

      64) 529-баптың тоғызыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қылмыстық теріс қылық туралы іс бойынша сот шешіміне осы Кодексте көзделген тәртіппен және мерзімдерде жалпы негіздерде шағым жасауға, оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға және наразылық білдіруге болады.";

      65) 559-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы немесе уәкілетті прокурор прокурордың (соттың) санкциясын талап ететін процестік әрекеттерді жүргізу, қылмыстық қудалауды жүзеге асыру, адамдарды ұстап беру (экстрадициялау), адамдарды уақытша ұстап беру (экстрадициялау) немесе транзиттік тасымалдау, уақытша беру, сотталғандарды және психикасының бұзылуынан зардап шегетін, өздеріне медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамдарды беру, үкімдерді тану және орындау кезінде құқықтық көмек туралы сұрау салулармен (тапсырмалармен, өтінішхаттармен) жүгінеді және шетелдік құзыретті органдардың тиісті сұрау салуларын қарайды.";

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының құзыретті органы шет мемлекеттің құзыретті органына прокурордың (соттың) санкциясын талап етпейтін процестік әрекеттерді жүргізу кезінде құқықтық көмек туралы сұрау салулармен (тапсырмалармен, өтінішхаттармен) жүгінеді және шетелдік құзыретті органдардың тиісті сұрау салуларын қарайды.";

      66) 588-баптың төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тергеу судьясы уақытша күзетпен ұстаудан бас тарту туралы қаулы шығарылған жағдайда, сонымен бір мезгілде қаулыны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау және облыстық немесе оған теңестірілген сотта істі қарау кезеңінде іздестіріліп жатқан адамды күзетпен ұстау туралы шешім қабылдайды.

      5. Тергеу судьясының осы қаулысына шағым жасау, оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау және оның заңдылығы мен негізділігін тексеру осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.";

      67) 589-баптың бесінші және алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Тергеу судьясының осы қаулысына шағым жасау және оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен облыстық немесе оған теңестірілген сотқа жүзеге асырылады, ол осы баптың төртінші бөлігіне сәйкес оның заңдылығы мен негізділігін тексереді.

      6. Тергеу судьясы экстрадициялық қамаққа алуды қолданудан бас тарту туралы қаулы шығарылған жағдайда, сонымен бір мезгілде қаулыны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау және облыстық немесе оған теңестірілген сотта істі қарау кезеңінде іздестіріліп жатқан адамды күзетпен ұстау туралы шешім қабылдайды.";

      68) 627-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сот үкімді шығарумен бір мезгілде осы Кодекстің 401-бабында санамаланған мәселелерді шешуге тиіс.

      Үкімнің көшірмесі шығарылған күнінен бастап бес тәуліктен кешіктірілмейтін мерзімде сотталған адамға, оның қорғаушысына және прокурорға табыс етіледі.

      Келісімдік іс жүргізуде қаралған іс бойынша сот үкіміне осы Кодексте көзделген тәртіппен және мерзімдерде жалпы негіздерде шағым жасауға, оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға және наразылық білдіруге болады.";

      69) 658-баптың бірінші бөлігінің 4) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) үкiмнiң қарар бөлiгiнде үкiмге шағым жасау және оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау тәртiбi туралы түсiндіру қамтылуға тиiс.";

      70) 659-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қылмыстық істі сотталушының есі дұрыс еместігін анықтауға байланысты тоқтату және оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану не қолданбау туралы қаулыға осы Кодексте көзделген тәртіппен шағым жасалуы, ол прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.";

      71) 661-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "661-бап. Алқабилер қатысатын сот шығарған, заңды күшiне енбеген үкiмдер мен қаулыларға шағым жасау және оларды прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау

      Алқабилер қатысатын соттың заңды күшiне енбеген үкiмдерi мен қаулыларына шағым жасау, оларды прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау тәртiбi осы тарауда белгiленген ерекшелiктер ескеріліп, осы Кодексте көзделген қағидалармен айқындалады.";

      72) 662-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Апелляциялық сатыдағы сот алқабилер қатысатын соттың үкімдеріне, қаулыларына шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын қараған кезде үкім, қаулы шығарған соттың қылмыстық және қылмыстық-процестік заңның нормаларын сақтағанын тексереді және осының негізінде үкімнің, қаулының заңдылығын, негізділігін және әділдігін тексереді.";

      73) 672-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "672-бап. Тәркілеу туралы қаулыға шағым жасау, оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау

      Соттың тәркілеу туралы қаулысына осы Кодексте көзделген тәртіппен шағым жасалуы, ол прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы, оған наразылық білдірілуі мүмкін.".

      5. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 17, 91-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 7, 33-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129, 131-құжаттар; 2017 ж., № 8, 16-құжат):

      1) мазмұнында:

      30-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "30-бап. Жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау және өтеу заңдылығының сақталуын қадағалау";

      мынадай мазмұндағы 71-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "71-1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру түріндегі жазаны орындау тәртібі";

      2) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "30-бап. Жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау және өтеу заңдылығының сақталуын қадағалау

      Жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау және өтеу заңдылығының сақталуын жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүзеге асырады.";

      3) мынадай мазмұндағы 71-1-баппен толықтырылсын:

      "71-1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру түріндегі жазаны орындау тәртібі

      1. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру туралы үкім шығарған сот үкім заңды күшіне енгеннен кейін оның көшірмесін уәкілетті органға "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жібереді.

      2. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыруды тіркеу Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      3. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыруды тіркеу кезінде Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат алып қойылады.

      4. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған адамға, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, азаматтығы жоқ адамның куәлігі беріледі.";

      4) 171-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әкімшілік қадағалау жазасын өтеген адамдарға:".

      6. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; 2017 жылғы 19 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер және жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнында 830, 831, 832, 833, 834, 835, 836, 837, 838, 839, 841, 846, 851-баптардың, 47-тараудың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "830-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым жасау, прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіру, наразылық білдіру құқығы

      831-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым жасау, оны прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қайта қарау және наразылық білдіру тәртiбi

      832-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым жасау, прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіру, наразылық білдіру мерзiмi

      833-бап. Шағымның, прокурордың апелляциялық өтінішхатының, наразылығының мазмұны

      834-бап. Шағым берiлуiне немесе прокурордың апелляциялық өтінішхат, наразылық келтіруiне байланысты қаулының орындалуын тоқтата тұру

      835-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын немесе наразылығын қарау мерзiмдерi

      836-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын жоғары тұрған сот судьясының, жоғары тұрған орган басшысының немесе оның орынбасарының жеке-дара қарауы

      837-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарауға әзiрлеу

      838-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау

      839-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы бойынша шешiм";

      "841-бап. Судьяның, органның (лауазымды адамның) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыда жазылған iстiң нақты мән-жайлары туралы түйіндерінің шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сәйкес келмеуi";

      "846-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы бойынша қаулыны жария ету";

      "851-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген қаулыларды қайта қараудың кассациялық тәртібі

      47-тарау. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша заңды күшiне енген қаулыларды және оларға шағымдарды, прокурордың апелляциялық өтінішхаттарын, наразылықтарын қарау нәтижелері бойынша қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау";

      2) 759-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша іс жүргiзу процесiнде заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды мемлекет атынан тiкелей өзі де, өзiне бағынысты прокурорлар арқылы да Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүзеге асырады.";

      3) 760-баптың бірінші бөлігінде:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер бойынша iс жүргiзудi тексеру, қаулылардың және өзге де актілердің заңдылығын бағалау нәтижелерi бойынша прокурор:";

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға сотқа–апелляциялық өтінішхат, кассациялық наразылық, органға (лауазымды адамға) наразылық келтіруге;";

      4) 761-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген әрекеттер жасалған жағдайда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi, iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау кезінде iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау хаттамаларында тиiстi жазба жасалады.";

      5) 823-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әкiмшiлiк қамаққа алу туралы қаулы шығарылған жағдайда қаулының көшiрмесi прокурорға дереу жiберiледi.";

      6) 825-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау нәтижелері бойынша қабылданған қаулыдағы жаңылыс, қате жазуларды және арифметикалық қателерді түзету осы бапта белгіленген тәртіппен жүргізіледі.";

      7) 826-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Органның (лауазымды адамның) ұсынуына мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік сотқа оны алған күннен бастап он тәулік ішінде шағым жасалуы мүмкін. Соттың жекеше қаулысына оны алған күннен бастап он тәулік ішінде шешімі шағым жасалуға, наразылық білдіруге жатпайтын жоғары тұрған сотқа шағым берілуі, прокурордың апелляциялық өтінішхаты және наразылығы келтірілуі мүмкін.";

      8) 830-баптың тақырыбы, бірінші, екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "830-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым жасау, прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіру, наразылық білдіру құқығы

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға осы Кодекстiң 744, 745, 746, 747 және 748-баптарында көрсетілген адамдар шағым жасауы, ол прокурордың апелляциялық өтінішхаты және наразылығы бойынша қайта қаралуы мүмкін.

      2. Мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк сот және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот судьясының әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулысына жоғары тұрған сотқа шағым берілуі, прокурор апелляциялық өтінішхат келтіруі мүмкiн.

      3. Осы Кодекстің 818-бабы екінші бөлігінің тәртібімен судья (сот) шығарған сотты құрметтемеушілік фактісі туралы іс бойынша қаулыға жоғары тұрған сатыдағы сотқа шағым берілуі, прокурордың апелляциялық өтінішхаты және наразылығы келтірілуі мүмкін. Жоғарғы Сот алқасының сотты құрметтемеушілік фактісі туралы іс бойынша сот отырысында шығарған қаулылары қайта қаралуға жатпайды.";

      9) 831-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "831-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым жасау, оны прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қайта қарау және наразылық білдіру тәртiбi

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы iс бойынша қаулы шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) жiберiледi, олар шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы келіп түскен күннен бастап үш тәулік iшiнде оларды iстiң барлық материалдарымен бірге тиiстi сотқа, жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) жiберуге мiндеттi.

      2. Сотты құрметтемеушілік фактісі туралы iс бойынша қаулыға осы Кодекстің 830-бабының үшінші бөлігіне сәйкес шағым жасалған, прокурор апелляциялық өтінішхат келтірген, наразылық білдірген жағдайларда, сот фактінің анықталған бөлігінде сот отырысы хаттамасынан үзінді көшірмені қаулыға қоса береді.

      3. Шағымды қарауға уәкілеттік берілген сотқа немесе жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) шағым берілуі мүмкін.

      Наразылық – жоғары тұрған органға (лауазымды адамға), ал прокурордың апелляциялық өтінішхаты сотқа ұсынылады.

      4. Судьяның әкiмшiлiк қамаққа алу түрiнде жаза қолдану туралы қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты жоғары тұрған сотқа шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты алынған күнi жіберілуге жатады.

      5. Егер шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау солар берілген немесе ұсынылған судьяның құзыретiне жатпайтын болса, шағым, өтінішхат ведомстволық бағыныстылығы бойынша жiберiледi.";

      10) 832-баптың тақырыбы, бірінші, екінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "832-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым жасау, прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіру, наразылық білдіру мерзiмi

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы қаулының көшiрмесi табыс етілген күннен бастап он тәулік iшiнде, ал егер осы Кодекстiң 744, 745, 746, 747 және 748-баптарында аталған тұлғалар iстi қарауға қатыспаса, оны алған күннен бастап берiлуi мүмкiн.

      2. Салықтық тексеру нәтижелері бойынша анықталған "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексінде) белгіленген салықтық міндеттеменің немесе Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы және міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында көзделген міндеттердің орындалмауына немесе тиісті түрде орындалмауына байланысты шығарылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға оның көшiрмесi табыс етілген немесе алынған күннен бастап отыз тәулік iшiнде шағымдар берілуі, прокурордың апелляциялық өтінішхаты және наразылығы келтірілуі мүмкiн.";

      "4. Шағым беру, прокурордың апелляциялық өтінішхат, наразылық келтіру мерзімін өткізіп алу оларды қарауға қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылмайды. Істі дұрыс шешу үшін мерзімдер мен олардың мәнін сот шағымның, прокурордың апелляциялық өтінішхатының мазмұнына қарамастан тексереді.";

      11) 833-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "833-бап. Шағымның, прокурордың апелляциялық өтінішхатының, наразылығының мазмұны

      1. Жазбаша түрде не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында шағым берiледi, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы келтіріледі және онда:

      1) шағым берiлетін, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы келтірілетін соттың, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) атауы;

      2) шағым берген тұлғаның, апелляциялық өтінішхат, наразылық келтірген прокурордың тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) (заңды тұлғаның дәл атауы), тұрақты тұрғылықты жерi немесе тұрған жерi (пошталық мекенжайы);

      3) құқықтық актiсiне немесе әрекетiне апелляциялық өтінішхат, наразылық келтіріліп отырған органның немесе мекеменiң атауы не лауазымды адамның тегi мен лауазымы;

      4) шағым жасалып, апелляциялық өтінішхат бойынша қайта қаралып немесе прокурор наразылық білдіріп отырған құқықтық актiнiң немесе әрекеттiң мазмұны, сондай-ақ шағым берген тұлға, апелляциялық өтінішхат, наразылық келтірген прокурор құқықтық акт немесе әрекеттер өздерiнiң құқықтарын немесе бостандықтарын бұзады деп есептейтiн себептер;

      5) шағым берген тұлғаның, апелляциялық өтінішхат, наразылық келтірген прокурордың айқын тұжырымдалған өтінуі, талабы көрсетiлуге тиiс.

      2. Шағымға, апелляциялық өтінішхатқа, наразылыққа осы Кодекстің 744, 745, 746, 747 және 748-баптарында аталған адамдар, прокурор қол қояды. Заңды тұлғаның атынан берiлетін шағымға оның өкiлi немесе осыған уәкiлеттiк берілген басқа да адам қол қояды.

      3. Егер басқа тұлғаның мүддесiнде шағым берілсе, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы келтірілсе, оларда мүддесi үшін шағым беретін, апелляциялық өтінішхат немесе наразылық келтіретін адамның аты мен тегi, тұрақты тұрғылықты жерi немесе тұрған жерi (пошталық мекенжайы) көрсетілуі қажет. Шағымға өкiлеттiктi растайтын құжат қоса беріледі.

      4. Сот, орган (лауазымды адам) шығарған, шағым жасалып, қайта қаралып немесе наразылық білдіріліп отырған құқықтық актінің көшірмесі, сондай-ақ шағымда, апелляциялық өтінішхатта, наразылықта келтірілген дәлелдерге негiздеме ретінде өзге де құжаттар қоса беріле отырып, екі данада шағым беріледі, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы келтіріледі.

      5. Егер берілген шағым, прокурордың келтірілген апелляциялық өтінішхаты, наразылығы осы баптың бірінші бөлігінде көзделген талаптарға сәйкес келмесе, олар берілді деп есептеледі, бірақ толық ресімдеу үшін мерзімі көрсетіле отырып қайтарылады. Егер көрсетілген мерзім ішінде шағым, апелляциялық өтінішхат, наразылық қайта жасалғаннан кейін сотқа, жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) берілмесе, олар берілмеді деп есептеледі.";

      12) 834-баптың тақырыбы және үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "834-бап. Шағым берiлуiне немесе прокурордың апелляциялық өтінішхат, наразылық келтіруiне байланысты қаулының орындалуын тоқтата тұру";

      "3. Прокурордың апелляциялық өтінішхат, наразылық келтіруі қаулының орындалуын олар қаралғанға дейiн тоқтата тұрады.";

      13) 835, 836 және 837-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "835-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын немесе наразылығын қарау мерзiмдерi

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы келіп түскен күнінен бастап он тәулік ішінде қарауға жатады.

      2. Әкiмшiлiк қамаққа алу туралы қаулыға шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, егер жауаптылыққа тартылған адам әкiмшiлiк қамаққа алуды өтеп жатса, олар берiлген, келтірілген кезден бастап бiр тәулiк iшiнде қарауға жатады.

      3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардан өтiнiшхаттар түскен не iстiң мән-жайларын қосымша анықтау қажет болған жағдайларда, шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау мерзiмiн iстi қарап жатқан жоғары тұрған судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) ұзартуы мүмкiн, бірақ ол он тәуліктен аспауға тиіс. Сот, орган (лауазымды адам) шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау мерзімін азаматтық, қылмыстық немесе әкімшілік сот ісін жүргізуде қаралып жатқан басқа іс шешілгенге дейін оны қарау мүмкін болмаған кезде, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіз болған салықтық және (немесе) кедендік тексерулердің нәтижелеріне жоғары тұрған органға шағым жасалған жағдайда, тоқтата тұруға міндетті. Мерзімді ұзарту туралы уәжді ұйғарым шығарылады.

      836-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын жоғары тұрған сот судьясының, жоғары тұрған орган басшысының немесе оның орынбасарының жеке-дара қарауы

      Мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік сот және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот судьясының, органның (лауазымды адамның) әкімшілік құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған лауазымды адам немесе жоғары тұрған органның басшысы (басшының орынбасары) жеке-дара қарайды.

      Осы Кодекстің 818-бабының екінші бөлігінде көзделген тәртіппен судья (сот) шығарған, сотты құрметтемеушілік фактісі туралы іс бойынша сот қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын жоғары тұрған соттың судьясы жеке-дара қарайды, ал мұндай қаулыны апелляциялық сатыдағы сот шығарған жағдайда, жоғары тұрған сатыдағы сот алқасы қарайды.

      837-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарауға әзiрлеу

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарауға әзiрлеу кезiнде судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам):

      1) іс бойынша iс жүргiзудi болғызбайтын мән-жайлардың бар-жоғын анықтайды;

      2) өтiнiшхаттарды шешедi, қосымша материалдарды талап етіп алдырады, шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау үшiн қатысуы қажет деп танылған адамдарды шақырады, қажет болған кезде судья сараптама тағайындайды;

      3) егер шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау өздерінің құзыретiне жатпаса, оларды істің барлық материалдарымен ведомстволық бағыныстылығы бойынша жiбередi.";

      14) 838-баптың тақырыбы, бірінші, екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "838-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау

      1. Судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарауға кiрiскенде:

      1) шағымды, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты кiмнің қарайтынын; қандай шағым, апелляциялық өтінішхат, наразылық қарауға жататынын; шағымды кiм бергенiн, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты кім келтіргенін жариялайды;

      2) iс бойынша өзiне қатысты қаулы шығарылған жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкiлiнiң, сондай-ақ шағымды, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты қарауға қатысу үшiн шақыртылған адамдардың келгенiне көз жеткiзедi;

      3) іс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардың келмеу себептерiн анықтайды және олардың қатысуынсыз шағымды, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты қарау туралы не шағымды, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты қарауды кейiнге қалдыру туралы шешiм қабылдайды;

      4) шағымды, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты қарауға қатысатын адамдарға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi;

      5) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты, ал қажет болған кезде істің өзге де материалдарын жария етеді.

      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау кезінде iсте бар және қосымша ұсынылған материалдар бойынша шығарылған қаулының заңдылығы мен негiздiлiгi тексерiледi. Судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) шағымның, прокурордың апелляциялық өтінішхатының, наразылығының дәлелдерiмен байланысты болмайды және iстi толық көлемде тексередi, бұл ретте олар жаңа фактiлердi анықтауға және жаңа дәлелдемелердi зерттеуге құқылы.

      3. Судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) шақыртылған адамдардың келмеуіне, iс бойынша қосымша материалдарды талап етіп алдыруға, сараптама тағайындауға байланысты және шағымды, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты толық, жан-жақты және объективтi қарау үшiн қажет болған басқа да жағдайларда шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарауды кейiнге қалдыруға құқылы.";

      15) 839-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "839-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы бойынша шешiм";

      бірінші бөлікте:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарап шығып, судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) мынадай:";

      1) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қаулыны – өзгеріссіз, ал шағымды, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру туралы;";

      "5) егер шағымды, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты қарау кезiнде қаулыны құқығы жоқ судья, орган (лауазымды адам) шығарғаны анықталса, қаулының күшiн жою және iстi ведомстволық бағыныстылығы бойынша қарауға жiберу туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдайды.";

      екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау нәтижелерi бойынша шешiм iс бойынша қаулыға шағым, апелляциялық өтінішхат, наразылық бойынша қаулы түрiнде шығарылады. Қаулыда осы Кодекстiң 822-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген мәлiметтер қамтылуға тиiс.

      3. Мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк сот және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот судьясының қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша жоғары тұрған сот судьясының қаулысына, сондай-ақ осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасында көзделген жағдайда шығарылған судьяның қаулысына осы Кодекстiң 46-тарауында көзделген тәртiппен наразылық білдірілуі мүмкiн.";

      16) 840-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) судьяның, органның (лауазымды адамның) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыда жазылған iстiң нақты мән-жайлары туралы түйіндерінің шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сәйкес келмеуi;";

      17) 841-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "841-бап. Судьяның, органның (лауазымды адамның) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыда жазылған iстiң нақты мән-жайлары туралы түйіндерінің шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сәйкес келмеуi

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыда жазылған iстiң нақты мән-жайлары туралы түйіндердің шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сәйкес келмейтiнiн анықтап, судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) бұл қаулының күшiн толық немесе iшiнара жояды және шағымды, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты қараудың нәтижелерiне сәйкес жаңа қаулы шығарады.

      2. Судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау процесiнде зерттелген дәлелдемелердi бағалай келіп, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыда анықталмаған немесе қаулы шығарған судья, орган (лауазымды адам) назарға алмаған фактiлердi дәлелдендi деп тануға құқылы.";

      18) 842-баптың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау нәтижесiнде жасалған әрекетке берiлген заңдық бағаны дұрыс емес деп танып, жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) құқық бұзушылықтың саралануын заңның онша қатаң емес әкiмшiлiк жаза көзделген бабына өзгертуге құқылы.

      3. Судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау нәтижелерi бойынша неғұрлым қатаң әкiмшiлiк жаза көзделетін заңды қолдануға немесе осы негiздер бойынша жәбiрленушi шағым берген, прокурор апелляциялық өтінішхат, наразылық келтірген жағдайда ғана неғұрлым қатаң әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.";

      19) 844-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) кiнәлi тұлғаға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулымен айқындалғаннан неғұрлым қатаң жаза қолдануы мүмкiн, бiрақ оны осы негiз бойынша жәбiрленушi шағым берген, прокурор апелляциялық өтінішхат, наразылық келтірген жағдайда ғана қолданады.";

      20) 845-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) iс бойынша іс жүргiзудi тоқтатудың негiзсiздiгiне жәбiрленушiнiң шағымы бойынша не прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы бойынша ғана әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы шығара отырып, iс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы қаулының күшiн жоюы мүмкiн.";

      21) 846, 848 және 851-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "846-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы бойынша қаулыны жария ету

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы бойынша қаулы шығарылғанынан кейін дереу жария етіледі.

      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы бойынша қаулының көшірмесі шығарылғанынан кейiн үш тәулiкке дейiнгi мерзiмде iс бойынша өзіне қатысты қаулы шығарылған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне, шағымды өзi берген немесе оның өтiнуi бойынша берілген жағдайда жәбiрленушiге, апелляциялық өтінішхат, наразылық келтірген прокурорға табыс етіледі немесе жiберiледi.

      3. Әкiмшiлiк қамаққа алу туралы iс бойынша қаулыға шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қаулы – қаулыны орындайтын органның (лауазымды адамның), сондай-ақ бұл өзiне қатысты шығарылған тұлғаның назарына қаулы шығарылған күнi жеткiзiледi.";

      "848-бап. Істерді талап етіп алдырудың және заңды күшіне енген сот актілеріне наразылық келтіру туралы өтінішхаттарды қараудың тәртібі мен себептері

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, мамандандырылған сот алқасының төрағасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар кассациялық тәртіппен тексеру үшін тиісті соттан талап етіп алдыруы мүмкін.

      2. Осы Кодекстің 851-бабының төртінші бөлігінде аталған тұлғалардың өтінішхаттары, сол сияқты өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бастамалары істерді талап етіп алдыруға себеп болып табылады.

      3. Істі талап етіп алдыру туралы сұрау салуды сот ол сотқа келіп түскен күннен бастап жеті тәуліктен кешіктірмей орындайды. Сұрау салу жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында жіберілуі мүмкін.

      4. Осы Кодекстің 851-бабының бесінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер кассациялық тәртіппен қайта қарауға жатпайды.

      5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген қаулылар осы Кодекстің 851-бабының бесінші бөлігінде көзделген негіздер болған кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының, мамандандырылған сот алқасы төрағасының ұсынуы бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының не оның орынбасарының наразалығы бойынша қайта қаралуы мүмкін.

      6. Ұсыну, наразылық іспен бірге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасына жіберіледі.

      Наразылықтың көшірмелерін прокурор іске қатысатын тұлғаларға жібереді.

      7. Іс талап етіп алдырылған жағдайда, ұсыну енгізу немесе кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхат іс түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      8. Ұсынуды енгізу немесе наразылық келтіру туралы өтінішхат жазбаша түрде не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында беріледі және мыналарды:

      1) өтінішхат жолданған лауазымды адамның атауын;

      2) өтінішхат беретін тұлғаның атауын; оның тұрғылықты жерін немесе тұрған жерін және іс бойынша процестік жағдайды;

      3) бірінші, апелляциялық сатыларда істі қараған соттарды және олар қабылдаған шешімдердің мазмұнын көрсетуді;

      4) өтінішхат берілетін сот актісін көрсетуді;

      5) мыналарды:

      қаулыны орындау адамдардың өмірі, денсаулығы үшін не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін қандай орны толмас ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін екенін;

      қаулы адамдардың белгісіз тобының қандай құқықтары мен заңды мүдделерін немесе өзге де жария мүдделерді бұзатынын;

      қабылданған қаулы соттардың, уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануында бірізділікті қалайша бұзатынын көрсетуді;

      6) өтінішхат беруші тұлғаның өтінуі неден тұратынын көрсетуді қамтуға тиіс.

      9. Өтінішхат беретін тұлға немесе оның өкілі өтінішхатқа қол қоюға тиіс. Өкіл берген өтінішхатқа сенімхат немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын өзге де құжат қоса берілуге тиіс.

      10. Өтінішхат осы баптың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, оны берген тұлғаларға қайтаруға жатады.

      11. Өтінішхат берген тұлға өтінішхат қаралғанға дейін кассациялық сатыдағы сотқа өтініш беру арқылы оны кері қайтарып алуға құқылы.";

      "851-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген қаулыларды қайта қараудың кассациялық тәртібі

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы кемінде үш судьяның алқалы құрамында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының, мамандандырылған сот алқасы төрағасының ұсынуы, Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры мен оның орынбасарларының наразылығы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша заңды күшiне енген сот қаулысының заңдылығын және негiздiлiгiн тексеруге құқылы.

      2. Әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған адамның не өзiне қатысты әкiмшiлiк iс жүргiзу тоқтатылған адамның жағдайын нашарлататын жағына қарай ұсыну, наразылық соттың қаулысы заңды күшiне енген күннен бастап бiр жыл iшiнде берiлуі мүмкін.

      3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулыларға, оларға шағым, наразылық бойынша соттың қаулыларына наразылық келтіру осы Кодекстің 833-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

      4. Әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған адамның, жәбірленушінің, олардың заңды өкілдердің, қорғаушыларының, заңды тұлғалар өкілдерінің, сондай-ақ өздерінің орталық органдары арқылы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) ұсынуды енгізу және кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхат беруге құқығы бар.

      5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды кассациялық тәртіппен қайта қарауға:

      1) қабылданған қаулыны орындау адамдардың өмірі, денсаулығы үшін не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін болатын;

      2) қабылданған қаулы адамдардың белгісіз тобының құқықтары мен заңды мүдделерін немесе өзге де жария мүдделерді бұзатын;

      3) қабылданған қаулы соттардың, уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануында бірізділікті бұзатын жағдайлар негіздер болып табылады.

      6. Наразылық келтірген прокурор наразылық қаралғанға дейін кассациялық сатыдағы сотқа өтініш беру арқылы оны кері қайтарып алуға құқылы. Наразылықты кері қайтарып алу қайтадан наразылық келтіруге кедергі болмайды.";

      22) 47-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "47-тарау. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша заңды күшiне енген қаулыларды және оларға шағымдарды, прокурордың апелляциялық өтінішхаттарын, наразылықтарын қараудың нәтижелері бойынша қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау";

      23) 852-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулылар және шағымдарды, прокурордың апелляциялық өтінішхаттарын, наразылықтарын қараудың нәтижелерi бойынша қаулылар жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қаралуы мүмкін.";

      24) 857-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Арызды қайтару туралы ұйғарымға шағым жасалуы, прокурордың өтінішхаты немесе наразылығы бойынша қайта қаралуы мүмкін.";

      25) 860-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Соттардың, органдардың (лауазымды адамдардың) жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қаулының күшін жою туралы және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қаулыны қайта қарау туралы арызды қанағаттандырудан бас тартуы туралы шешімдеріне белгіленген тәртіппен шағым жасалуы, олар прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы бойынша қайта қаралуы мүмкін.";

      26) 883-баптың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      1) егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым жасалмаса немесе оған прокурор апелляциялық өтінішхат, наразылық келтірмесе, қаулыға шағым жасау үшiн белгiленген мерзiм өткеннен кейiн;

      2) шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы бойынша қаулы шығарылғаннан кейiн дереу;";

      27) 890-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Кодекстiң 834-бабына сәйкес қаулының орындалуы тоқтатыла тұрған жағдайда, ескіру мерзiмінiң өтуi шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы қаралғанға дейiн тоқтатыла тұрады.".

      7. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-V, 20-VI, 114-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 8, 16-құжат):

      1) мазмұнында:

      118, 161, 275, 288-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "118-бап. Сот шығыстарына байланысты мәселелер бойынша сот актілеріне жеке шағым беру, прокурордың өтінішхат келтіруі";

      "161-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұйғарымдарға шағым жасау, прокурордың өтінішхат келтіруі";

      "275-бап. Іс жүргізуді тоқтата тұру туралы соттың ұйғарымына шағым жасау, прокурордың өтінішхат келтіруі";

      "288-бап. Соттың шешімі, оған шағым жасау, оны прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қайта қарау, наразылық келтіру және орындау";

      320-баптың тақырыбы алып тасталсын;

      398, 399-баптардың, 52-тараудың, 401, 402, 403, 404, 405, 406, 407, 408, 409-баптардың, 53-тараудың, 429, 433-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "398-бап. Баланы қайтару туралы немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы іс бойынша соттың шешіміне апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын беру мерзімі және істі апелляциялық сатыдағы сотта қарау мерзімі

      399-бап. Баланы қайтару туралы немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арыз бойынша соттың ұйғарымына жеке шағымды, прокурордың өтінішхатын беру және қарау мерзімі";

      "52-тарау. Сот актілеріне апелляциялық шағым жасау, прокурордың апелляциялық өтінішхаттар келтіруі

      401-бап. Сот шешімдеріне апелляциялық шағым жасау, прокурорлардың апелляциялық өтінішхаттар келтіру құқығы

      402-бап. Апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын қарайтын соттар

      403-бап. Апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын беру тәртібі мен мерзімдері

      404-бап. Апелляциялық шағымның, прокурордың өтінішхатының мазмұны

      405-бап. Бiрiншi сатыдағы соттың апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын алғаннан кейiнгi әрекеттерi

      406-бап. Апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын қозғаусыз қалдыру

      407-бап. Апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын қайтару

      408-бап. Апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына пікір

      409-бап. Апелляциялық шағымнан, прокурордың өтінішхатынан бас тарту және оларды кері қайтарып алу";

      "53-тарау. Апелляциялық шағым, покурордың өтінішхаты бойынша істерді қарау";

      "429-бап. Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымдарына (қаулыларына) шағым жасау, прокурордың өтінішхат келтіру тәртібі мен мерзімдері";

      "433-бап. Іс апелляциялық тәртіппен қаралғаннан кейін келіп түскен апелляциялық (жеке) шағымды, прокурордың өтінішхатын қарау тәртібі";";

      2) 27-бапта:

      төртінші бөлік мынадай редакция жазылсын:

      "4. Астана қаласының соты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қарауына жатқызылған істерден басқа инвестициялық даулар бойынша азаматтық істерді бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша қарайды.

      Астана қаласының соты инвесторлардың инвестициялық қызметіне байланысты инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы өзге де дауларды да:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаның (оның филиалының, өкілдігінің);

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шетелдіктің қатысуымен құрылған, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы шетелдік инвесторға тиесілі заңды тұлғаның;

      3) инвестицияларды жүзеге асыруға мемлекетпен жасалған келісімшарты болған кезде инвесторлардың қатысуымен қарайды.";

      3) 34-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Істің осы соттың қарауына жатпайтыны туралы тараптардың арыздарын осы сот шешеді. Істі басқа сотқа беру туралы мәселе бойынша ұйғарым шығарылады. Ұйғарымға апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады және шағым жасауға, наразылық білдіруге жатпайды.";

      4) 41-баптың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы арызды қарау нәтижелері бойынша соттың ұйғарымы шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды. Ұйғарыммен келіспеу туралы дәлелдер апелляциялық шағымға, прокурордың апелляциялық өтінішхатына, сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхатқа немесе кассациялық наразылыққа енгізілуі мүмкін.";

      5) 54-бапта:

      бірінші, екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Азаматтық істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерінің заңдылығына мемлекет атынан жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры тікелей де, өзіне бағынысты прокурорлар арқылы да жүзеге асырады.

      2. Прокурор осы Кодексте көзделген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында іс бойынша қорытынды беру үшін процеске кірісуге құқылы.

      Мемлекет мүдделерін қозғайтын істер бойынша, қоғамдық мүдделерді немесе өздерін өз бетінше қорғай алмайтын азаматтарды қорғау талап етілгенде, сондай-ақ прокурордың қатысу қажеттігін сот танығанда прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуы міндетті.

      Прокурордың көрсетілген өкілеттіктері тиісті ақпаратты соттың интернет-ресурсында орналастыру арқылы қарауға тағайындалған істердің барлығы туралы соттың уақтылы хабарлауы арқылы қамтамасыз етіледі.

      3. Прокурор:

      1) физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өз бетінше құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыра алмайтын тұлғалардың;

      2) шектелмеген тұлғалар тобының;

      3) адамдардың, қоғамның және мемлекеттің, егер бұл адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін орны толмас салдарларды болғызбау үшін қажет болса, бұзылған құқықтарын қалпына келтіру және мүдделерін қорғау үшін заңнамаға сәйкес сотқа талап қоюмен, арызбен жүгінуге құқылы.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "3-1. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда, прокурор талап арызды сотқа мүдделі тұлғаның өтінуі мен арызына қарамастан беруі мүмкін.";

      6) 70-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы арызды қарау нәтижелері бойынша сот ұйғарым шығарады, оған сәйкес дәлелдемелерді қамтамасыз ету бойынша процестік әрекеттерді жасайды не одан бас тартады. Ұйғарымға апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды. Шығарылған ұйғарымға қатысты істен бөліп алынған материал жеке шағыммен, прокурордың өтінішхатымен бірге апелляциялық сатыдағы сотқа жіберіледі.";

      7) 74-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Сот тапсырмасы туралы ұйғарымда қаралатын істің мәні, тараптар туралы мәліметтер қысқаша жазылады, анықтауға жататын мән-жайлар, тапсырманы орындаушы сот жинауға тиіс дәлелдемелер көрсетіледі. Бұл ұйғарым ол жолданған сот үшін міндетті. Сот тапсырмасы туралы ұйғарым шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды.";

      8) 82-баптың тоғызыншы бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сараптама "Сот-сараптама қызметі туралы" 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде жүргізіледі. Сараптама тағайындау туралы ұйғарым шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды. Ұйғарыммен келіспеу туралы дәлелдер апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына енгізілуі мүмкін.";

      9) 98-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сот тез бүлінетін заттай дәлелдемелерге билік ету туралы ұйғарым шығарады, ол шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды.";

      10) 106-бапта:

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік баж төленбеген кезде талап арыз қараусыз қалдырылады және талап қоюшыға қайтарылады. Соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.";

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы азамат берген талап қоюлар бойынша сот мемлекеттік баж төлеуді тиісті шешім қабылданғанға дейін кейінге қалдырады, бұл жөнінде ұйғарым шығарылады. Ұйғарым шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды. Ұйғарыммен келіспеу туралы дәлелдер апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына енгізілуі мүмкін. Шешім қабылданған кезде сот мемлекеттік баж төлеуге байланысты шығыстарды шешім пайдасына шығарылмаған тарапқа артады.";

      11) 112-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сот тұлғаны заң көмегіне ақы төлеуден және оның өкілдік етуіне байланысты шығыстарды өтеуден босату туралы немесе өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарады, ол шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды. Шығарылған ұйғарыммен келіспеу туралы дәлелдер апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына енгізілуі мүмкін.";

      12) 118-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "118-бап. Сот шығыстарына байланысты мәселелер бойынша сот актілеріне жеке шағым беру, прокурордың өтінішхат келтіруі

      Сот шығыстарына байланысты мәселелер бойынша сот актілеріне осы тарауда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.";

      13) 126-баптың үшінші, алтыншы және жетінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Сот заңды бұзған жағдайда сот актілеріне шағым жасау, прокурордың өтінішхат немесе наразылық келтіруі не процеске қатысушының өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға мүмкіндігін шектейтін (іске қатысатын адамға сот актісінің көшірмелерін уақтылы жібермеу; егер сот актісі осы тұлға білетін тілге аударылмаса, сот ісін жүргізу тілін білмеу; құқық мирасқорлығын дұрыс ресімдемеу) сот актілеріне шағым жасау үшін, сондай-ақ уақтылы шағым беруге, прокурордың өтінішхат немесе наразылық келтіруіне кедергі болған өзге де мән-жайлар болған кезде сот осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген өткізіп алған мерзімді қалпына келтіруге міндетті.";

      "6. Өткізіп алған процестік мерзімді ұзартудан немесе қалпына келтіруден бас тарту туралы соттың ұйғарымына жеке шағым берілуі, прокурордың өтінішхаты, наразылығы келтірілуі мүмкін.

      7. Процестік мерзімді ұзарту немесе қалпына келтіру туралы соттың ұйғарымы шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды.";

      14) 142-баптың екінші бөлігінің екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сот бұйрығының күшiн жою туралы соттың ұйғарымы шағым жасауға және прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды.

      Сот бұйрығының күшiн жоюдан бас тарту туралы соттың ұйғарымына жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.";

      15) 147-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Шешімге – осы шешімнің күшін жою туралы арыз беру мерзімі өткеннен кейін, ал егер арыз берілсе, осы арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы сот ұйғарым шығарғаннан кейін бір ай мерзімде апелляциялық шағым берілуі, прокурор апелляциялық өтінішхат келтіруі мүмкін.";

      16) 148-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Прокурор мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделер үшін берген талап арызда мемлекеттік немесе қоғамдық мүдденің мәні неден көрінетіндігіне негіздеме, қандай заңды мүдделердің бұзылғаны, сондай-ақ қолдануға жататын заңға сілтеме болуға тиіс. Прокурор жеке не заңды тұлғаның мүдделері үшін өтініш жасаған жағдайда, талап арызда жеке не заңды тұлғаның өзінің талап қоюды беруі мүмкін еместігінің себептеріне негіздеме болуға тиіс. Талап арызға, әрекетке қабілетсіз тұлғаның мүдделері үшін талап қоюды беру жағдайларынан басқа кезде, прокурордың талап қоюмен сотқа жүгінуіне жеке не заңды тұлғаның немесе оның заңды өкілінің келісімін растайтын құжат қоса берілуге тиіс.";

      17) 149-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "1-1. Осы Кодекстің 27-бабының төртінші бөлігінде және 28-бабының 2) тармақшасында көзделген тәртіппен берілетін талап арызға:

      1) инвестор мен уәкілетті мемлекеттік орган арасында жасалған инвестициялық келісімшарттың көшірмелері;

      2) инвестордың инвестициялық қызметін растайтын құжаттар қоса беріледі.";

      18) 151-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Талап арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарымға шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.";

      19) 152-бапта:

      бірінші бөліктің 3) тармақшасы мынадай редакция жазылсын:

      "3) талап арыз осы Кодекстің 148-бабының, 149-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 5) тармақшаларының, 1-1-бөлігінің талаптарына сәйкес келмесе және істі сот талқылауына дайындау сатысында кемшіліктерді жоюдың мүмкін еместігі анықталатын болса;";

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Талап арызды қайтару туралы соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.";

      20) 161-баптың тақырыбы, бірінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "161-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұйғарымдарға шағым жасау, прокурордың өтінішхат келтіруі

      1. Талап қоюды қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұйғарымдарға апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.";

      "4. Талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы немесе талап қоюды қамтамасыз ету шарасының бірін басқасымен ауыстыру туралы жеке шағым беру, прокурордың өтінішхат келтіруі ұйғарымның орындалуын тоқтата тұрады.";

      21) 164-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "1-1. Осы Кодекстің 27-бабының төртінші бөлігінде және 28-бабының 2) тармақшасында көзделген даулар бойынша азаматтық істерді сот талқылауына дайындау талап арыз соттың іс жүргізуіне қабылданған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. Аса күрделі істер бойынша бұл мерзім судьяның ұйғарымы бойынша бір айға қосымша ұзартылуы мүмкін.";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Істі сот талқылауына дайындау мерзімін ұзарту туралы ұйғарым шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды.";

      22) 167-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Бірнеше талап қоюды біріктіру немесе ажырату туралы ұйғарым шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды. Ұйғарыммен келіспеу туралы дәлелдер апелляциялық шағымда, прокурордың өтінішхатында көрсетілуі мүмкін.";

      23) 170-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Талап қоюдан бас тарту қабылданған жағдайда, сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарады, оған апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.";

      24) 177-баптың төртінші және жетінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Егер татуласу келісімі заңға қайшы келсе немесе басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, сот оны бекітпейді. Татуласу келісімін бекітуден бас тартылған жағдайда, сот бұл жөнінде ұйғарым шығарады, ол шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды. Ұйғарыммен келіспеу туралы дәлелдер апелляциялық шағымда, прокурордың өтінішхатында көрсетілуі мүмкін.";

      "7. Татуласу келісімін бекіту туралы ұйғарымға апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.";

      25) 235-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Түзетулер енгізу туралы мәселе бойынша соттың ұйғарымына шағым жасалуы, ол прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.";

      26) 236-бапта:

      екінші бөлікте:

      үшінші абзацтың бірінші сөйлеміндегі "және оған шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "Қосымша шешімге апелляциялық шағым берілуі, прокурордың апелляциялық өтінішхаты келтірілуі мүмкін.";

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қосымша шешім шығарудан бас тарту туралы соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.";

      27) 237-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Шешiмді түсiндiру туралы соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.";

      28) 238-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Шешiмдi орындауды кейiнге қалдыру немесе оның мерзiмiн ұзарту туралы, оны орындау тәсілі мен тәртiбiн өзгерту туралы мәселе бойынша соттың ұйғарымына жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.";

      29) 239-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Алып берiлген ақша сомаларын индекстеу туралы соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.";

      30) 240-баптың бірінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бiрiншi сатыдағы соттың шешiмi, егер шешімге шағым жасалмаса немесе прокурор апелляциялық өтінішхат келтірмесе, апелляциялық шағым жасау, прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіру мерзімі өткеннен кейін заңды күшіне енеді.";

      "5. Апелляциялық шағым берілген, прокурор апелляциялық өтінішхат келтірген жағдайларда шешім, егер оның күші жойылмаса және (немесе) ол өзгертілмесе, апелляциялық сатыдағы сот қаулысы жария етілген кезден бастап заңды күшіне енеді, ал осы Кодекстің 27-бабы төртінші бөлігінің қағидалары бойынша қаралған істер бойынша шешімдер Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасының қаулысы жария етілген күннен бастап заңды күшіне енеді.";

      31) 242-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.";

      32) 244-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Шешiмдi дереу орындау туралы мәселе бойынша соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкiн, оның шешімі түпкілікті болып табылады. Шешiмдi дереу орындау туралы ұйғарымға жеке шағым беру, прокурордың өтінішхат келтіруі осы ұйғарымның орындалуын тоқтата тұрады.";

      33) 246-баптың төртінші бөлігінде:

      бірінші абзацта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "осы Кодекстің 177-бабының жетінші бөлігіне сәйкес татуласу келiсiмін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекiту туралы ұйғарымдарына жеке шағымдар берілуі, прокурор өтінішхаттар келтіруі мүмкін.";

      34) 248-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Шешiмнiң орындалуын бұру туралы бірінші сатыдағы соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкiн, оның шешімі түпкілікті болып табылады.";

      35) 249-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сот орындаушысының ұсынуын судья ол сотқа келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде шешеді. Сот борышкерді және өндіріп алушыны сот орындаушысының келіп түскен ұсынуы туралы хабарландырады, сот отырысының өткізілетін уақыты мен орнын хабарлайды. Сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісінше хабарландырылған борышкердің немесе өндіріп алушының келмей қалуы істі қарауға кедергі болып табылмайды. Судья сот орындаушысының ұсынуын қарап, ұйғарым шығарады, оған жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.";

      36) 252-баптың бесінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Атқарушылық әрекеттерді жүргізу туралы қаулыға санкция беруден бас тарту туралы соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.";

      37) 253-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Белгiленген мерзiм өткiзіп берілген, мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхат және растайтын құжаттар қоса берілмеген атқару парағын беру туралы арызды сот қарамай қайтарады, бұл жөнінде ұйғарым шығарылады. Ұйғарымға апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкiн, оның шешімі түпкілікті болып табылады.";

      38) 254-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Төрелік шешімді мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беру туралы арыз бойынша шығарылған соттың ұйғарымына жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкiн.";

      39) 255-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Сот төрелік шешімді орындау туралы мәселе бойынша ұйғарым шығарады, оған осы Кодекске сәйкес жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.";

      40) 262-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сырттай шешімнің күшін жою туралы не сырттай шешімнің күшін жоюдан бас тарту туралы соттың ұйғарымы шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды.";

      41) 264-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Сырттай шешiмге – осы шешiмнiң күшiн жою туралы арыз беру мерзiмi өткеннен кейін, ал егер арыз берілсе, осы арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы сот ұйғарым шығарған күннен бастап бір ай ішінде іске қатысатын адамдар апелляциялық шағым беруі, прокурор апелляциялық өтінішхат келтіруі мүмкін.";

      42) 270-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жеке ұйғарымға мүдделерiне оның қатысы бар тұлғалар осы Кодекстiң 429-бабының төртінші бөлiгiнде көзделген тәртiппен жеке шағым беруі және прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.";

      43) 275-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "275-бап. Іс жүргізуді тоқтата тұру туралы соттың ұйғарымына шағым жасау, прокурордың өтінішхат келтіруі

      Осы Кодексте көзделген жағдайларда іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.";

      44) 276-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы соттың ұйғарымы шағым жасауға және прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды.";

      45) 278-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы соттың ұйғарымына осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.";

      46) 280-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Талап арызды қараусыз қалдыру туралы соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.";

      47) 285-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Ескертулерді қарау нәтижелері бойынша шығарылған соттың ұйғарымы шағым жасауға және прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды. Ұйғарыммен келіспеу туралы дәлелдер апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына енгізілуі мүмкін.";

      48) 288-баптың тақырыбы, бірінші, екінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "288-бап. Соттың шешімі, оған шағым жасау, оны прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қайта қарау, наразылық келтіру және орындау

      1. Арыз негiздi деп танылған соттың шешiмi бұзылған сайлау құқығын қалпына келтiру үшiн негiз болып табылады.

      2. Егер "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, "Республикалық референдум туралы" 1995 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында өзгеше көзделмесе, шешімнің көшірмелері тапсырылған күннен бастап үш күн ішінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне апелляциялық шағым берілуі, прокурор апелляциялық өтінішхат келтіруі мүмкін.

      Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы шағым жасауға және наразылық білдіруге жатпайды.";

      "4. Егер "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, "Республикалық референдум туралы" 1995 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында өзгеше көзделмесе, осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген шешімдерге апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты, прокурордың кассациялық шағымы, наразылығы сотқа келіп түскен күннен бастап үш күн мерзімде, ал дауыс беру күніне дейін бес күннен аз қалғанда, дауыс беру күні және сайлаудың, республикалық референдумның қорытындылары жарияланғанға дейін келіп түскендер дереу қаралады.";

      49) 295-баптағы "Бұл мерзімді" деген сөздер "Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, бұл мерзімді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      50) 296-баптың бірінші бөлігінде:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап бiр ай мерзiмде сот арызды азаматтың, заңды тұлға өкілінің, шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айтылып отырған мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, қоғамдық бірлестік, ұйым басшысының, лауазымды адамның немесе мемлекеттік қызметшінің немесе олардың өкілдерінің қатысуымен қарайды.";

      мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:

      "Осы Кодекстің 54-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда прокурордың қатысуы міндетті.

      Шешімдерге, әрекеттерге (әрекетсіздікке) осы Кодекстің 27-бабының төртінші бөлігінде және 28-бабының 2) тармақшасында көзделген тәртіппен берілетін дау айту туралы арыз осы Кодекстің 183-бабының екінші бөлігінде белгіленген мерзімде қаралады.";

      51) 314-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бала асырап алу туралы істерді сот бала асырап алушылардың өздерінің (бала асырап алушының), қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілдерінің міндетті түрде қатысуымен қарайды.";

      52) 320-бап алып тасталсын;

      53) 326-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Азаматты әрекетке қабілеті шектеулі, әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамның өз жалақысына, стипендиясына немесе өзге де кірістеріне өз бетінше билік ету құқығын шектеу туралы немесе одан айыру туралы арызды сот азаматтың өзінің, арыз берушінің, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілінің қатысуымен қарайды.";

      54) 330-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "330-бап. Кәмелетке толмағанды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау туралы арызды қарау

      Кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау туралы арызды сот арыз берушінің, ата-анасының (ата-анасының біреуінің), бала асырап алушылардың (бала асырап алушының), қамқоршысының, сондай-ақ қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілінің қатысуымен қарайды.";

      55) 337-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Іс азамат емдеуге жатқызылған және істің қозғалуына бастамашы болған медициналық ұйым өкілінің және өзіне қатысты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы мәселе шешіліп жатқан азамат өкілінің қатысуымен қаралады.";

      56) 347-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Іс азаматтың, мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы ұсыну енгізген денсаулық сақтау ұйымы немесе ішкі істер органдарының қылмыстық атқару жүйесі өкілінің қатысуымен қаралады.";

      57) 370-баптың төртінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұйғарымға апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.";

      58) 372-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Соттың ұйғарымы апелляциялық тәртіппен шағым жасауға және прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды.";

      59) 384-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы арыз шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның міндетті түрде қатысуымен қаралады.";

      60) 396-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Баланы қайтару туралы немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арыз қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның міндетті түрде қатысуымен қаралады.";

      61) 398 және 399-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "398-бап. Баланы қайтару туралы немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы іс бойынша соттың шешіміне апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын беру мерзімі және істі апелляциялық сатыдағы сотта қарау мерзімі

      1. Баланы қайтару туралы немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы іс бойынша соттың шешіміне апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты осы Кодекстің 52-тарауында белгіленген қағидаларға сәйкес түпкілікті нысанда соттың шешімі қабылданған күннен бастап он күн ішінде берілуі мүмкін.

      2. Апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты бойынша келіп түскен баланы қайтару туралы немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы іс осы Кодекстің 52-тарауында белгіленген қағидаларға сәйкес апелляциялық сатыдағы сотқа келіп түскен күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде қаралады.

      399-бап. Баланы қайтару туралы немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арыз бойынша соттың ұйғарымына жеке шағымды, прокурордың өтінішхатын беру және қарау мерзімі

      1. Баланы қайтару туралы немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арыз бойынша соттың ұйғарымына осы Кодекстің 52-тарауында белгіленген қағидаларға сәйкес ұйғарым шығарылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген жеке шағым, прокурордың өтінішхаты осы Кодекстің 429-бабында көзделген қағидаларға сәйкес іс апелляциялық сатыға берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей қаралады.";

      62) 400-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Баланы қайтару туралы немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы арызды қабылдаудан бас тарту туралы, қайтару туралы, қараусыз қалдыру туралы, баланы қайтару туралы немесе қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру, қайта бастау немесе тоқтату туралы сот ұйғарымдарының көшірмелері, бірінші сатыдағы соттың көрсетілген ұйғарымдарына жеке шағым немесе прокурордың өтінішхаты бойынша апелляциялық сатыдағы сот шығарған ұйғарымның көшірмесі тиісті ұйғарым шығарылған күннен кейінгі күннен кешіктірілмей, Қазақстан Республикасының халықаралық шарты бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасында тағайындалған уәкілетті органға (бұдан әрі осы бапта – орталық орган), сондай-ақ осы бала туралы дауға байланысты іс, егер мұндай іс туралы ұйғарым шығарған сотқа мәлім болса, іс жүргізуінде жатқан сотқа жіберіледі.";

      63) 52-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "52-тарау. Сот актілеріне апелляциялық шағым жасау, прокурордың өтінішхаттар келтіруі";

      64) 401-баптың тақырыбы, бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "401-бап. Сот шешімдеріне апелляциялық шағым жасау, прокурорлардың өтінішхаттар келтіру құқығы

      1. Осы тарауда көзделген қағидаларға сәйкес заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне апелляциялық тәртіппен апелляциялық шағым берілуі, прокурор апелляциялық өтінішхат келтіруі мүмкін.";

      "3. Апелляциялық өтінішхат келтіру құқығы істі қарауға қатысқан прокурорға тиесілі. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар және олардың орынбасарлары, аудандардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар және олардың орынбасарлары өз құзыреті шегінде істі қарауға қатысу-қатыспауына қарамастан, шешімге апелляциялық өтінішхат келтіруге құқылы.";

      65) 402 және 403-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "402-бап. Апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын қарайтын соттар

      Аудандық және оларға теңестірілген соттар шығарған шешімдерге апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын облыстық және оған теңестірілген соттың азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы кемінде үш алқа судьясының алқалы құрамында қарайды.

      Осы Кодекстің 27-бабы төртінші бөлігінің қағидалары бойынша қаралған істер бойынша шығарылған шешімдерге апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы кемінде үш алқа судьясының алқалы құрамында қарайды.

      Аудандық және оларға теңестірілген соттар оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен шығарған шешімдерге апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын, ұйғарымға жеке шағымды, прокурордың өтінішхатын судья жеке-дара қарайды.

      403-бап. Апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын беру тәртібі мен мерзімдері

      1. Апелляциялық шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты шешім шығарған сот арқылы беріледі. Тікелей апелляциялық сатыға келіп түскен шағым, прокурордың өтінішхаты осы баптың екінші бөлігінің және осы Кодекстің 405-бабының талаптарын орындау үшін шешім шығарған сотқа жіберілуге жатады.

      2. Апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты іске қатысатын адамдардың санына қарай көшірмелерімен қоса сотқа беріледі. Қажет болған жағдайларда судья шағым берген немесе өтінішхат келтірген тұлғаны шағымға, прокурордың өтінішхатына қоса берілген жазбаша дәлелдемелердің көшірмелерін іске қатысатын адамдардың санына қарай беруге міндеттей алады.

      3. Апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты, осы Кодексте белгіленген жағдайларды қоспағанда, түпкілікті нысанда шешім шығарылған күннен бастап, ал сот талқылауына қатыспаған адамдар өздеріне шешімнің көшірмелері жіберілген күннен бастап бір ай ішінде беруі мүмкін.

      4. Мемлекеттік сатып алудың өткізілуін тексеру қорытындысы бойынша уәкілетті органның шешімдеріне, қорытындыларына, нұсқамаларына дау айту туралы істер бойынша апелляциялық шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты шешім шығарылған күннен бастап он күн ішінде берілуі мүмкін.

      5. Апелляциялық шағым беру немесе прокурор өтінішхат келтіру үшін мерзімді қалпына келтіру туралы мәселені бірінші сатыдағы сот осы Кодекстің 126-бабында көзделген тәртіппен қарайды";

      66) 404-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "404-бап. Апелляциялық шағымның, прокурор өтінішхатының мазмұны";

      бірінші бөлікте:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Апелляциялық шағымда, прокурордың өтінішхатында:";

      1) тармақшадағы "шағым, наразылық" деген сөздер "апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақшадағы "шағым, наразылық" деген сөздер "апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақшадағы "наразылық білдірілетін" деген сөздер "прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қайта қаралатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5), 6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) шағым жасалып отырған немесе прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қайта қаралып отырған шешімнің заңдылығын қандай бөлігінде тексеру керек екендігіне және шағымды, прокурордың өтінішхатын беретін тұлғаның қандай өзгерістер енгізуді талап ететініне нұсқау;

      6) шағымға, прокурордың өтінішхатына қоса берілетін құжаттардың тізбесі;

      7) шағым, прокурордың өтінішхаты берілген күн және шағымды, прокурордың өтінішхатын беретін адамның қолтаңбасы қамтылуға тиіс. Өкіл қол қойған шағымға сенімхат немесе істе мұндай құжат болмаса, өкілдің өкілеттігін куәландыратын өзге де құжат қоса берілуге тиіс.";

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Электрондық құжаттар нысанында шағым берілген, прокурордың өтінішхаты келтірілген кезде олар оны беретін адамның немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Электрондық құжаттар нысанындағы шағымға, прокурордың өтінішхатына құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Апелляциялық шағымда, прокурордың өтінішхатында бірінші сатыдағы сотта мәлімделмеген талаптар болмауға тиіс.

      Бірінші сатыдағы сотқа ұсынылмаған жаңа дәлелдемелерге сілтеме жасауға, егер шағымда, прокурордың өтінішхатында оларды бірінші сатыдағы сотқа ұсынудың мүмкін еместігінің негіздемесі болса, оның ішінде, егер адам бірінші сатыдағы сотта іске қатысуға тартылмаса, сондай-ақ егер бірінші сатыдағы сотта оларды зерттеу және (немесе) талап етіп алдыру туралы өтінішхат мәлімделіп, бірақ ол қанағаттандырусыз қалдырылса, жол беріледі.";

      67) 405, 406 және 407-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "405-бап. Бiрiншi сатыдағы соттың апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын алғаннан кейiнгi әрекеттерi

      1. Бірінші сатыдағы соттың судьясы мерзімінде берілген және осы Кодекстің 403 және 404-баптарының талаптарына сәйкес келетін апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын алғаннан кейін мынадай әрекеттерді жасайды:

      1) шағым, прокурордың өтінішхаты келіп түскеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей іске қатысатын адамдарға шағымның, прокурор өтінішхатының көшірмелерін және оларға қоса берілген жазбаша дәлелдемелерді не соттың интернет-ресурсы арқылы бұлардың электрондық көшірмелерімен танысу мүмкіндігі туралы хабарлауды жібереді.

      Тараптарға ұсыну мерзімі көрсетіле отырып, олардың шағымға, прокурордың өтінішхатына жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында қарсылық білдіру құқығы түсіндіріледі;

      2) шағым жасау, прокурордың өтінішхат келтіруі үшін белгіленген мерзім өткеннен кейін істі апелляциялық сатыдағы сотқа жібереді.

      2. Апелляциялық шағым жасау, прокурордың өтінішхат келтіруі үшін белгіленген мерзім өткенге дейін азаматтық істі соттан ешкім талап етіп алдыра алмайды. Іске қатысатын адамдар, сондай-ақ іске қатысуға тартылмаған, бірақ құқықтары мен міндеттеріне қатысты сот шешім қабылдаған тұлғалар сотта іс материалдарымен, сондай-ақ келіп түскен шағымдармен және оларға берілген қарсылықтармен танысуға құқылы.

      406-бап. Апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын қозғаусыз қалдыру

      1. Осы Кодекстің 403-бабының екінші бөлігінде және 404-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін апелляциялық шағым берілген, прокурордың апелляциялық өтінішхаты келтірілген кезде судья шағымды, прокурордың өтінішхатын қозғаусыз қалдыратын ұйғарым шығарады және шағым берген адамға, өтінішхат келтірген прокурорға кемшіліктерді түзету үшін мерзім тағайындайды.

      2. Егер апелляциялық шағым берген адам, өтінішхат келтірген прокурор ұйғарымдағы нұсқауларды белгіленген мерзімде орындаса, шағым, прокурордың өтінішхаты сотқа алғашқы ұсынылған күні берілді деп есептеледі.

      3. Апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын қозғаусыз қалдыру туралы ұйғарым шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды.

      407-бап. Апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын қайтару

      1. Апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты оларды берген адамға мынадай жағдайларда:

      1) шағымды, прокурордың өтінішхатын қозғаусыз қалдыру туралы ұйғарымдағы судьяның нұсқаулары белгіленген мерзімде орындалмағанда;

      2) шағым берген адам, өтінішхат келтірген прокурор өтінгенде;

      3) егер қайта қарау мерзімі өтіп кетсе және шағымда, прокурордың өтінішхатында оны қалпына келтіру туралы арыз болмаса немесе оны қалпына келтіруден бас тартылған кезде;

      4) егер шағымды, прокурордың өтінішхатын оларды беруге немесе оларға қол қоюға құқығы жоқ адам берсе, қайтарылады.

      2. Апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын қайтару туралы ұйғарымды сот:

      1) осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген жағдайда – сот белгілеген мерзім өткен күннен бастап;

      2) қалған жағдайларда – шағым, прокурордың өтінішхаты келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады.

      Апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын қайтару туралы ұйғарымға жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.";

      68) 408-баптың тақырыбы және бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "408-бап. Апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына пікір

      1. Іске қатысатын адам апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына пікірді апелляциялық сатыдағы сотқа, іске қатысатын басқа да адамдарға апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына қатысты қарсылықты растайтын құжаттарды қоса бере отырып жібереді.

      Апелляциялық сатыдағы сотқа жіберілетін пікірге іске қатысатын басқа да адамдарға пікірдің жіберілгенін растайтын құжат та қоса беріледі.";

      69) 409-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "409-бап. Апелляциялық шағымнан, прокурордың өтінішхатынан бас тарту және оларды кері қайтарып алу";

      бірінші бөліктің екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "Прокурор соттың шешіміне өтінішхатты апелляциялық сатыдағы сот қаулы шығарғанға дейін кері қайтарып алуға құқылы.

      Апелляциялық шағымнан бас тарту, шағымды, прокурордың өтінішхатын кері қайтарып алу бірінші немесе апелляциялық сатыдағы сотқа жазбаша арыз беру арқылы ресімделеді.";

      екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Апелляциялық шағымнан бас тартуды қабылдау туралы апелляциялық сатыдағы сот, егер шешімге басқа да адамдар шағым жасамаса және жоғары тұрған прокурор өтінішхат келтірмесе, апелляциялық іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарады. Ұйғарым шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды. Шағымды қайта беруге жол берілмейді, ал берілген жағдайда шағым қайтарылады.

      3. Шағым, прокурордың өтінішхаты кері қайтарылып алынған жағдайда, сот қайтару туралы ұйғарым шығарады, ол шағым жасауға және наразылық білдіруге жатпайды. Шағым, прокурордың өтінішхаты осы Кодекстің 403-бабының үшінші бөлігінде белгіленген мерзімдерде қайта берілуі мүмкін.";

      70) 411-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Іс қаралғанға дейін апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық шағым берген адамның, өтінішхат келтірген прокурордың арызы бойынша, осы Кодекстiң 243-бабында санамаланған істер бойынша шешімдерден басқа, бірінші сатыдағы сот қабылдаған және осы Кодекстің 244-бабында көзделген тәртіппен дереу орындауға жіберілген шешімнің орындалуын тоқтата тұруға құқылы.";

      71) 53-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "53-тарау. Апелляциялық шағым, покурордың өтінішхаты бойынша істерді қарау";

      72) 412-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "412-бап. Апелляциялық қараудың нысанасы

      Апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты бойынша апелляциялық сатыдағы сот істе бар және осы Кодекстің 413-бабы екінші бөлігінің талаптарына сәйкес ұсынылған материалдар бойынша істің нақты мән-жайларының анықталуының, материалдық құқық нормаларының қолданылуы мен түсіндірілуінің дұрыстығын, сондай-ақ істі қарау мен шешу кезінде азаматтық процестік заң нормаларының сақталуын тексереді.";

      73) 414-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Істі апелляциялық шағыммен, прокурордың өтінішхатымен бірге алған апелляциялық сатыдағы соттың судьясы бірінші сатыдағы соттың осы Кодекстің 405-бабының талаптарын орындауын тексереді. Бірінші сатыдағы сот осы Кодекстің 405-бабының талаптарын орындамаған жағдайда, іс кемшіліктерді жою үшін бірінші сатыдағы сотқа қайтарылуы мүмкін.

      2. Судья апелляциялық шағымда, прокурордың өтінішхатында баяндалған дәлелдерді ескере отырып, істі апелляциялық сатыдағы соттың іс жүргізуіне қабылдау және істі қарауға дайындау туралы ұйғарым шығарады. Іс жүргізуге қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде судья осы Кодекстің 165-бабында көзделген әрекеттерді жүргізеді.";

      74) 415-баптың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасында іс сотқа келіп түскен күнінен бастап екі ай мерзімде қаралады.";

      75) 417-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "417-бап. Істі талқылаудың басталуы

      1. Төрағалық етуші апелляциялық сатыдағы соттың сот отырысын ашады және қандай іс, кімнің апелляциялық шағымы, өтінішхаты бойынша және қай соттың шешімі қарауға жататынын, апелляциялық сатыдағы сот құрамын, сот отырысының хатшысын, сондай-ақ істі қарауға қатысатын болса, прокурорды хабарлайды. Төрағалық етуші іске қатысатын адамдардың және өкілдердің қайсысы келгенін анықтайды, келгендердің жеке басын анықтайды, лауазымды адамдар мен өкілдердің өкілеттіктерін тексереді және іске қатысатын адамдардың құқықтарымен және міндеттерімен таныстырылғанына көз жеткізеді. Құқықтарымен және міндеттерімен таныстырылмағаны анықталған жағдайда, сот бұл жөнінде мәлімдеген адамдарды таныстырады. Егер қарсылық білдірулер мәлімделсе, олар осы Кодекстің 41-бабында белгіленген тәртіппен шешіледі.

      2. Сот отырысына келген, іске қатысатын адамдардың және өкілдердің түсініктемелерін сот тыңдайды. Шешімге екі тарап шағым жасаған жағдайда, талап қоюшы бірінші болып сөйлейді. Апелляциялық шағым берген адамның, өтінішхат келтірген прокурордың және іске қатысатын басқа да адамдардың, олардың өкілдерінің түсініктемелерінен кейін апелляциялық сатыдағы сот дәлелдемелерді зерттеуге көшеді.";

      76) 420-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Апелляциялық шағым берген адам, апелляциялық өтінішхат келтірген прокурор қатыстылығы, жарамдылығы, анықтығы тұрғысынан дау айтқан дәлелдемелер істегі басқа дәлелдемелердің жиынтығымен бірге сотта зерттеуге және бағалауға жатады.";

      77) 421-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сот жарыссөздері осы Кодекстің 217-бабында көзделген қағидалар бойынша өткізіледі, бұл ретте апелляциялық шағым берген адам немесе өтінішхат келтірген прокурор және (немесе) оның өкілі бірінші болып сөз сөйлейді. Шешімге екі тарап шағым жасаған жағдайда, талап қоюшы бірінші болып сөз сөйлейді.";

      78) 424-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) шешімді – өзгеріссіз, ал шағымды, прокурордың өтінішхатын қанағаттандырусыз қалдыруға;";

      79) 426-бапта:

      бірінші бөліктің 3) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын берген адам, іске қатысатын басқа да адамдар және өкілдер;";

      "6) апелляциялық шағымның, прокурор өтінішхатының және оларға пікірдің қысқаша мазмұны;";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жаңа дәлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде қаулының уәждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.

      Апелляциялық шағымда, прокурордың өтінішхатында бірінші сатыдағы сотта қараудың нысанасы болып табылмайтын дәлелдерге сілтеме жасалған жағдайда, апелляциялық қаулының уәждеу бөлігінде көрсетілген сілтемелер мен дәлелдердің сот отырысында қарауға және зерттеуге қабылданбау негіздері көрсетілуге тиіс.";

      80) 429 және 433-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "429-бап. Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымдарына (қаулыларына) шағым жасау, прокурордың өтінішхат келтіру тәртібі мен мерзімдері

      1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, сондай-ақ соттың ұйғарымы істің одан әрі қозғалу мүмкіндігіне бөгет болатын жағдайларда бірінші сатыдағы соттың ұйғарымына осы Кодекстің 401-бабында аталған адамдар жеке шағым беруі, өтінішхат келтіруі мүмкін. Егер ұйғарым іске қатыспайтын адамдардың құқықтары мен мүдделеріне қатысты болса, олар да соттың ұйғарымына шағым жасауға құқылы.

      Жеке шағым, прокурордың өтінішхаты ұйғарым түпкілікті нысанда дайындалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде беріледі.

      2. Бірінші сатыдағы соттың қалған ұйғарымдарына, оның ішінде сол жерде сот отырысының хаттамасына енгізіле отырып шығарылған ұйғарымдарға жеке шағым, прокурордың өтінішхаты берілмейді, бірақ қарсылықтар апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына енгізілуі мүмкін.

      3. Шешім шығарумен аяқталған сот талқылауы кезінде шығарылған ұйғарымға жеке шағым берілген, прокурор өтінішхат келтірген жағдайда, шешімге шағым жасау үшін белгіленген мерзім өткеннен кейін ғана іс жоғары тұрған сот сатысына жіберіледі. Бұл ретте, егер шешімге апелляциялық шағым берілсе, прокурор апелляциялық өтінішхат келтірсе, жеке шағымды, прокурордың өтінішхатын тексеруді істі апелляциялық тәртіппен қарайтын сот сатысы жүргізеді.

      4. Жеке шағым, прокурордың өтінішхаты осы ұйғарымды шығарған сотқа іске қатысатын адамдардың санына қарай құжаттардың көшірмелерімен қоса беріледі, бұларды судья оларға жібереді немесе тапсырады. Судья жеке шағымды, прокурордың өтінішхатын алғаннан кейін азаматтық істі немесе материалдарды апелляциялық сатыдағы сотқа жібереді.

      5. Жеке шағым, прокурордың өтінішхаты апелляциялық шағымдар мен прокурордың өтінішхаттарын қабылдау және қарау үшін осы тарауда белгіленген тәртіппен қабылданады және қаралады.

      Осы Кодекстің 414-бабында көзделген тәртіппен апелляциялық сатыдағы сот іске қатысатын адамдарға жеке шағымды, прокурордың өтінішхатын қарау уақыты мен орны туралы хабарлайды. Іске қатысатын адамдардың апелляциялық сатыдағы соттың сот отырысына келмеуі оларды қарауға кедергі болмайды.

      6. Жеке шағымды, прокурордың өтінішхатын қарау нәтижелері бойынша апелляциялық сатыдағы сот:

      1) соттың ұйғарымын – өзгеріссіз, ал жеке шағымды, прокурордың өтінішхатын қанағаттандырусыз қалдыру;

      2) сот ұйғарымының толық немесе бір бөлігінде күшін жою және мәселені бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға беру;

      3) сот ұйғарымының толық немесе бір бөлігінде күшін жою және мәселені мәні бойынша шешу;

      4) ұйғарымды өзгерту туралы ұйғарым шығарады.

      7. Талап арыздарды қайтару, іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру, талап арыздарды қараусыз қалдыру мәселелері жөніндегі жеке шағым немесе прокурордың өтінішхаты бойынша шығарылған апелляциялық сатыдағы соттың ұйғарымдары шағым жасауға және наразылық білдіруге жатпайды. Осы Кодексте белгіленген жағдайларда апелляциялық сатыдағы соттың істің одан әрі қозғалу мүмкіндігіне бөгет болатын ұйғарымдарына шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкін.";

      "433-бап. Іс апелляциялық тәртіппен қаралғаннан кейін келіп түскен апелляциялық (жеке) шағымды, прокурордың өтінішхатын қарау тәртібі

      1. Белгіленген мерзімде немесе өткізіп алынған мерзім қалпына келтірілгеннен кейін берілген апелляциялық (жеке) шағым, прокурордың өтінішхаты апелляциялық сатыдағы сотқа іс басқа шағымдар бойынша қаралғаннан кейін келіп түскен жағдайда, сот мұндай шағымды, прокурордың өтінішхатын өзінің іс жүргізуіне қабылдауға міндетті.

      2. Апелляциялық (жеке) шағымды, прокурордың өтінішхатын қарау нәтижелері бойынша және негіздер болған кезде апелляциялық сатыдағы сот бұрын шығарылған сот актісінің күшін жояды және келіп түскен шағым, прокурордың өтінішхаты бойынша жаңа қаулы, ұйғарым қабылдайды.

      Мұндай негіздер болмаған кезде апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы, ұйғарым шығарады.";

      81) 435-баптың екінші бөлігінде:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы заңды күшiне енген сот актiлерiне өз бастамасы бойынша да, осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдардың өтінішхаты бойынша да ұсыну енгізуге құқылы.";

      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры заңды күшiне енген сот актiлерiне өзінің бастамасы бойынша да, осы Кодекстің 54-бабының екінші бөлігінде көзделген істер бойынша өзіне берілген, осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдардың өтінішхаттары бойынша да наразылық келтіруге құқылы.";

      82) 454-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Бұрын жасалған сот актiлерiнің апелляциялық немесе кассациялық тәртiппен күшi жойылғаннан кейiн шығарылған жаңа сот актiлерiне өтiнiшхат, ұсыну, наразылық, прокурордың өтінішхаты олардың күшiн жою уәждеріне қарамастан, жалпы негiздерде берiлуi, келтiрiлуi мүмкiн.";

      83) 461-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Арызды қайтару туралы соттың ұйғарымына осы Кодекске сәйкес шағым жасалуы және ол прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.";

      84) 463-баптың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша сот актісінің күшін жою туралы бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттардың ұйғарымдары шағым жасауға, наразылық білдіруге, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды. Ұйғарыммен келіспеу туралы дәлелдер апелляциялық және кассациялық шағымдарға, прокурордың апелляциялық өтінішхатына және наразылығына енгізілуі мүмкін.

      3. Жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша сот актісін қайта қарау туралы арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттардың ұйғарымдарына осы Кодекске сәйкес шағым жасалуы, наразылық білдірілуі және олар прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.";

      85) 465-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сот төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхатты қарау нәтижелерi бойынша төрелік шешiмнiң күшiн жою не өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарады. Соттың ұйғарымына осы Кодекске сәйкес жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкiн.";

      86) 503-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Белгiленген мерзiм өтіп кеткен соң берілген не қажеттi құжаттар қоса берілмеген атқару парағын беру туралы арызды сот қараусыз қайтарады, бұл жөнінде ұйғарым шығарылады, оған осы Кодексте белгiленген тәртiппен жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкiн.";

      87) 505-баптың төртінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін шығарылған сот актілеріне осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасалуы, наразылық білдірілуі және олар прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.".

      8. "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1991 ж., № 52, 636-құжат; 1995 ж., № 19, 117-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 10, 101-құжат; 2004 ж., № 19, 115-құжат; № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат; 2015 ж., № 22-V, 158-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат; № 23, 118-құжат):

      1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерін реттейді.";

      2) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-бап. Азамат және мемлекет

      Қазақстан Республикасының азаматтығы адамның мемлекетпен орнықты саяси-құқықтық байланысын айқындайды, бұл олардың өзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын білдіреді.

      Қазақстан Республикасында әрбiр адамның азаматтық алуға құқығы бар. Қазақстан Республикасында азаматтық осы Заңға сәйкес алынады және тоқтатылады.

      Қазақстан Республикасының азаматын азаматтығынан, өзiнiң азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға болмайды, сондай-ақ Қазақстанның шегінен тыс жерге аластауға болмайды. Террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өмірлік маңызы бар мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтіргені үшін соттың шешімімен ғана Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыруға жол беріледі.

      Қазақстан Республикасы өзінің мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдары арқылы Республика азаматтарының алдында жауапты, ал Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының алдында жауапты. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясымен заңдарын сақтауға, Қазақстан Республикасының мүдделерін, оның аумақтық тұтастығын қорғауға, әдет-ғұрыпқа, дәстүрге, мемлекеттік тілге және оның аумағында тұратын барлық ұлттардың тілдеріне құрметпен қарауға, Қазақстан Республикасының күш-құдіретін, егемендігін және тәуелсіздігін нығайтуға жәрдемдесуге міндетті.";

      3) 17-баптың бірінші бөлігінде:

      4) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) ұлтаралық, конфессияаралық және дiни араздықты қоздыратын болса, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк тiлiнiң қолданылуына қарсы әрекет жасаса;";

      "12) осы Заңның 21-бабының бірінші бөлігі 8) тармақшасының негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтса;";

      мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:

      "13) осы Заңның 20-1-бабының негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса, оның өтініші қабылданбайды.";

      4) 19-бапта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту;";

      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру салдарынан тоқтатылады.";

      5) мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын:

      "20-1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру

      Террористік қылмыстарды, сондай-ақ салдарынан Қазақстан Республикасының өмірлік маңызы бар мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтірген, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін соттың шешімімен ғана Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыруға жол беріледі.";

      6) 30-бапта:

      бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрып жатқан адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуын тiркейдi;";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау тәртібін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі әзірлейді және бекітеді.";

      7) 31-бапта:

      бірінші бөлікте:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұрып жатқан адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша өтініштер қабылдайды және қажетті құжаттармен бірге оларды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына жібереді;";

      мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұрып жатқан адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуын тiркейдi;";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтініштерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қабылдау, ресімдеу және қарау тәртібін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі әзірлейді және бекітеді.";

      8) 37-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "37-бап. Азаматтық алу және оны тоқтату мерзімінің есептелуі";

      екінші бөлік мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру туралы соттың үкімі заңды күшіне енген күні;".

      9. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-II, 148-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 6, 11-құжат; № 9, 21-құжат):

      1) 3-баптың екінші бөлігінде:

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымын және жалпы штат санын бекітуі;";

      мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Президентiмен келісу бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесiн Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының бекiтуі;";

      2) 15-баптың үшінші бөлігінде:

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымын, жалпы штат санын және Қазақстан Ұлттық Банкi туралы ереженi, сондай-ақ оларға өзгерiстер мен толықтыруларды қарайды, мақұлдайды және Қазақстан Республикасының Президентiне бекiтуге ұсынады;";

      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "13-1) Қазақстан Республикасының Президентiмен келісу бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесiн бекiтеді;";

      3) 20-1-баптың тоғызыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомстволары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентiмен келісу бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасы бекітетін Қазақстан Ұлттық Банкі қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі негізінде белгіленеді.".

      10. "Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 2001 ж., № 8, 50, 54-құжаттар; № 21-22, 285-құжат; 2006 ж., № 5-6, 31-құжат; 2007 ж., № 3, 23-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 122-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 21, 118-құжат; 2015 ж., № 22-І, 143-құжат; № 22-V, 158-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 131-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат):

      22-баптың екінші бөлігінде:

      4) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) егер ол ұлтаралық, конфессияаралық және дiни араздықты қоздырса;";

      "12) егер ол бұрын "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтса;";

      мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:

      "13) егер ол бұрын "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса, тыйым салынады.".

      11. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы" 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 19, 118-құжат; № 23, 142-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184, 190-құжаттар; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 13-14, 144-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 11, 59-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат):

      1) 1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі – Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын және күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шегінде жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін арнаулы мемлекеттік орган.";

      2) 1-2-баптың 2-тармағының 6) және 7) тармақшаларында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      3) 2-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      4) 8-баптың 8) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      5) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "24-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жұмысында заңдылықтың сақталуын қадағалау

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң сотқа дейінгі тергеп-тексеру, жедел-іздестіру және қарсы барлау қызметі, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтау салаларындағы жұмысында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды Бас Прокурор және ол арнайы уәкiлеттік берген прокурорлар жүзеге асырады.".

      12. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 143-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 18, 366-құжат; 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 782-құжат; 2001 ж., № 10, 121-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2003 ж., № 15, 131-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 94-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 11, 59-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; 2012 ж., № 1, 1-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; 2014 ж., № 11, 67-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 19- II, 106-құжат; № 22-I, 140-құжат):

      1) 10-баптың үшінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      2) 11-баптың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" (Первый Президент Республики Казахстан – Елбасы Нурсултан Назарбаев)".

      13. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 33-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; 2015 ж., № 21- III, 135-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 8, 16-құжат; 2017 жылғы 15 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 12-баптың 12-1) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      2) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "25-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметiнде заңдылықтың сақталуын қадағалау

      Ұлттық қауiпсiздiк органдарының анықтау, тергеу, әкімшілік іс жүргізу және жедел-iздестiру қызметi заңдылығының сақталуына жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және ол уәкiлеттік берген прокурорлар жүзеге асырады.".

      14. "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау туралы" 1996 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 13, 272-құжат; 2002 ж., № 18, 159-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 5-6, 40-құжат; 2009 ж., № 24, 122-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 21-I, 125-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат):

      2-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әкімшілік қадағалау жазасын өтеген адамдарға:".

      15. "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң комитеттерi мен комиссиялары туралы" 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 9, 94-құжат; 1999 ж., № 12, 398-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2015 ж., № 21-II, 130-құжат):

      56-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Республика Президентінің заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеуге құқығы бар, бұл тиісті заң жобалары бірінші кезектегі тәртіппен екі ай ішінде қабылдануға тиіс екенін бiлдiредi.".

      16. "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 448-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 19, 150-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; 2014 ж., № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 23, 118-құжат):

      31-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "31-бап. Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау саласындағы заңдылықтың сақталуын қадағалау

      Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау саласындағы заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүзеге асырады.".

      17. "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 6, 190-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; 2009 ж., № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 24, 152-құжат; 2011 ж., № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 13, 62-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат):

      7-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Күдікті немесе айыпталушы шетелдікті күзетпен ұстау орны туралы немесе ол орнының өзгергені туралы хабарлама көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне, Ішкі істер министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, қылмыстық-атқару жүйесiнің уәкiлеттi органына, сондай-ақ ол азаматы болып табылатын мемлекеттің елшілігіне, консулдығына немесе өзге де өкілдігіне жіберіледі.".

      18. "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 649-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 15-16, 71-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 11, 61-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 79-құжат; № 22-I, 140-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат):

      1) 7-баптың 11) тармақшасы "ұлтаралық" деген сөзден кейін "және конфессияаралық" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "24-бап. Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңдылықтың сақталуын қадағалау

      Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оған бағынысты прокурорлар жүзеге асырады.".

      19. "Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы" 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 10, 241-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 73-құжат, 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2014 ж., № 8, 44-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат, 2016 ж., № 24, 126-құжат):

      6-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-бап. Мемлекеттiк қорғау шараларын жүзеге асыру кезiнде заңдылықтың сақталуын қадағалау

      Мемлекеттiк қорғау шараларын жүзеге асыру кезiнде заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалау Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына және оған бағынысты прокурорларға жүктеледi.".

      20. "Күзет қызметі туралы" 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 14-15, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 12, 51-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2014 ж., № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат):

      22-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "22-бап. Күзет қызметi саласындағы заңдылықтың сақталуын қадағалау

      Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметi саласындағы заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының прокуратурасы және оның аумақтық органдары жүзеге асырады.".

      21. "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; №19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 21-I, 121, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-I, 47, 49-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 8, 16-құжат):

      1) 23-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мәслихаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен және Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының төрағаларымен консультациялардан кейін тоқтатады, сондай-ақ мәслихат өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдаған ретте де оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылады.";

      2) 23-1-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "23-1-бап. Мәслихаттың облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдерін қызметке тағайындауға, сондай-ақ тағайындауға мәслихаттардың келісімі талап етілетін әкімдер қызметіне кандидатураларды тағайындауға келісім беру тәртібі";

      4-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) облыс, республикалық маңызы бар қала не астана әкiмдерi қызметіне кандидатураларды тағайындауға үшінші рет келісім бермеген жағдайда, тиісті мәслихаттың өкілеттігін мерзiмiнен бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен және Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының төрағаларымен консультациялардан кейін тоқтатуға құқылы;";

      3) 32 және 36-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "32-бап. Облыстық маңызы бар қала және облыс ауданы, облыстық маңызы бар қаладағы аудан, республикалық маңызы бар қаладағы аудан және астана ауданы әкімін қызметке тағайындау, қызметтен босату және оның өкілеттігін тоқтату тәртібі

      1. Облыстық маңызы бар қала және облыс ауданы әкімін:

      осы Заңда белгіленген тәртіппен тиісінше облыстық маңызы бар қала және облыс ауданы мәслихатының келісімімен облыс әкімі қызметке тағайындайды;

      облыс әкімі оның өкілеттігін тоқтатады және қызметтен босатады.

      2. Облыстық маңызы бар қаладағы аудан әкімін:

      осы Заңда белгіленген тәртіппен облыстық маңызы бар қала мәслихатының келісімімен облыстық маңызы бар қала әкімі қызметке тағайындайды;

      облыстық маңызы бар қала әкімі оның өкілеттігін тоқтатады және қызметтен босатады.

      3. Республикалық маңызы бар қаладағы аудан және астана ауданы әкiмін:

      осы Заңда белгіленген тәртіппен республикалық маңызы бар қала және астана мәслихатының келісімімен республикалық маңызы бар қала және астана әкімі қызметке тағайындайды;

      республикалық маңызы бар қала және астана әкімі оның өкiлеттiгiн тоқтатады және қызметтен босатады.

      4. Облыстық маңызы бар қала және облыс ауданы, облыстық маңызы бар қаладағы аудан, республикалық маңызы бар қаладағы аудан және астана ауданы әкiмiн Қазақстан Республикасының Президенті өзінің ұйғаруы бойынша қызметтен босатуы мүмкін.";

      "36-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін қызметке сайлау, қызметтен босату тәртібі

      1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі ұсынған және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісілген жиырма бес жасқа толған кандидатуралар арасынан баламалы негізде төрт жыл мерзімге қызметке сайлайды.

      2. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі жергілікті қоғамдастық пен облыс әкімінің келісімімен қызметтен босатады.";

      4) мынадай мазмұндағы 36-1-баппен толықтырылсын:

      "36-1-бап. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын өткізу

      1. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін сайлау тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.

      Кандидаттардың осы Заңда белгіленген шекте сайлауға қатысуға тең құқықтары бар.

      2. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауын өткізген кезде дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланды деп есептеледі.

      Облыстық, аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары әкімдер сайлауын әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын сайлау органдары болып табылады.

      Облыстық сайлау комиссиясы:

      1) әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында сайлау туралы заңнаманың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

      2) төмен тұрған аумақтық сайлау комиссияларының қызметіне басшылық етеді; олардың шешімдерінің күшін жояды және тоқтата тұрады; сайлау науқанын өткізу үшін бөлінген жергілікті бюджет қаражатын олардың арасында бөледі; төмен тұрған аумақтық сайлау комиссияларының қызметі үшін қажетті материалдық-техникалық жағдайлардың жасалуын бақылайды; төмен тұрған аумақтық сайлау комиссияларының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) келіп түскен арыздар мен шағымдарды қарайды; тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде құрылған төмен тұрған аумақтық сайлау комиссияларының Орталық сайлау комиссиясының шешімдерін орындауын ұйымдастырады;

      3) сайлауды әзірлеу мен өткізуге байланысты мәселелер бойынша сайлау комиссияларының, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың есептерін, сондай-ақ сайлау туралы заңнаманың сақталуы мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктер органдарының ақпаратын тыңдауға құқылы;

      4) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы:

      1) әкімдер сайлауын тағайындайды және оның өткізілуін қамтамасыз етеді;

      2) әкімдікке ұсынылған кандидаттарды, олардың сенім білдірілген адамдарын тіркейді, оларға тиісті куәліктер береді, осы Заңда көзделген жағдайларда оларды тіркеу туралы шешімнің күшін жояды;

      3) дауыс беруге арналған бюллетеньдердің мәтіндерін бекітеді және олардың дайындалуын ұйымдастырады;

      4) дауыс беруге арналған пункт дайындайды, дауыс беруге арналған кабиналар мен жәшіктердің жасалуын қамтамасыз етеді;

      5) әкім сайлауындағы дауыс беру нәтижелерін анықтайды, сайланған әкімді тіркейді, сайлау нәтижелері туралы хаттаманы аудан (облыстық маңызы бар қала) әкіміне береді;

      6) қайта сайлау өткізеді;

      7) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және осы Заңға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым жасалады.

      3. Сайлау күні туралы хабарды аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік тұрғындарының назарына жеткізеді.

      Кандидатураларды жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы сайлауды тағайындаған кезден бастап жүргізілуі мүмкін.

      Әкімдікке кандидаттарды ұсыну аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің ұсынуын және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында әкімдікке кандидат болып дауысқа түсуге келісімі туралы кандидаттардың өтініштерін беру арқылы жүргізіледі.

      Әкімдікке кандидаттарды ұсыну туралы аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің ұсынуын өзі аудандық (қалалық) сайлау комиссиясынан дауыс беруге дейінгі екі күннен кешіктірмей кері қайтарып алуы мүмкін.

      Бұл жағдайларда тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы кандидатты тіркемейді не кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жояды және қабылданған шешім туралы аудан (облыстық маңызы бар қала) әкіміне хабарлайды.

      Кандидаттарды ұсыну сайлауға дейінгі отыз күн қалғанда басталады және жиырма бес күн қалғанда аяқталады.

      Егер кандидаттардың барлығы тіркелгенге дейін өз кандидатураларын алып тастаса немесе кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталатын күні әкімдікке екі кандидаттан кем тіркелсе, аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мен тіркеу мерзімін ұзартады, бірақ ол он күннен аспайды.

      Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы кандидаттың оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтайды, бұл жөнінде тиісті хаттама жасайды.

      Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тіркеуге дейін тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталатын айдың бiрiнші күніне кірістері және мүлкі туралы декларациялар тапсырады.

      Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері және мүлкі туралы мәліметтердің анықтығын мемлекеттік кіріс органдары декларацияларды алған күннен бастап жеті күн ішінде тексереді.

      Бұл ретте кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері туралы және мүлкі туралы мәліметтер ұсыну жөніндегі мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн ішінде ұсынады.

      Кандидаттар туралы мәліметтер ұсыну жөніндегі аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының талаптарын алған өзге де мемлекеттік органдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап екі күн ішінде ұсынады.

      4. Кандидаттарды тіркеу мынадай құжаттар болған кезде жүзеге асырылады:

      1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі қызметіне тиісті кандидаттарды ұсыну туралы аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің ұсынуы;

      2) әкімдікке кандидат болып дауысқа түсуге келісімі туралы өтініш;

      3) әкімдікке кандидат туралы өмірбаяндық деректер;

      4) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      5) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері туралы және мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде салық органының анықтамасы.

      5. Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы:

      1) кандидаттарды тiркеу аяқталғаннан кейiн жетінші күннен кешiктiрмей жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілмен әрбiр кандидаттың тегiн, атын, әкесiнiң атын (болған кезде), туған жылын, атқаратын қызметін (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерiн, кандидаттың қалауына қарай оның саяси партияға қатыстылығы мен ұлты туралы мәлiметтердi көрсете отырып, тіркеу туралы хабарлайды;

      2) тiркелген кезде кандидаттарға тиiстi куәлiк бередi;

      3) мынадай:

      кандидатты ұсыну қағидалары бұзылған;

      кандидат лауазымдық немесе қызмет жағдайының артықшылықтарын пайдаланған;

      сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталғанға дейін кандидаттың сайлау алдындағы үгiтті жүргiзу фактілері анықталған;

      сот таңдаушыларды сатып алу фактiлерiн анықтаған;

      Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес, декларацияны тапсыру кезіне кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкі туралы мәлiметтердiң анық еместiгi анықталған;

      осы Заңда көзделген өзге де талаптар сақталмаған жағдайларда, кандидатты тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешiмнің күшiн жояды.

      Кандидатты тіркеуден бас тартуға немесе оны тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға кандидат жоғары тұрған аумақтық сайлау комиссиясына немесе сотқа үш күн мерзімде шағым жасауы мүмкін.

      6. Кандидаттарды тіркеу дауыс беруге дейін он бес күн қалғанда аяқталады.

      Кандидат тіркеуге дейінгі кезеңде және дауыс беруге дейін екі күн қалғанда аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына бұл жөнінде жазбаша өтiнiш бере отырып, өз кандидатурасын алып тастай алады.

      Бұл жағдайларда тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы кандидатты тiркемейдi не кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды және қабылданған шешім туралы аудан әкіміне хабарлайды.

      Тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін кандидаттардың барлығы шығып қалған жағдайда, сайлау мерзімін ұзарту туралы мәселені аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы шешеді.

      Дауыс беруге дейін екі күн қалғанда кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшін жоюға немесе бұрын тiркеуден алынған кандидатты қалпына келтіруге жол берілмейдi.

      7. Сайлау алдындағы үгiт осы Заңға сәйкес тiркеу аяқталған күннен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгi жергілiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

      Сайлау алдындағы үгiт:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сайлау алдындағы жария iс-шараларды (сайлау алдындағы жиналыстарды және таңдаушылармен кездесулердi) өткiзу;

      2) баспа және өзге де үгiт материалдарын шығару және (немесе) тарату арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ қызметтік мiндеттерiн орындау кезінде олардың лауазымды адамдарына, сайлау комиссияларының мүшелеріне, діни бірлестіктерге сайлау алдындағы үгітті жүргізуге, кез келген сайлау алдындағы үгiт материалдарын таратуға тыйым салынады.

      Сайлау науқаны үшiн арнайы әзiрленген баспа материалдарын, оның iшiнде безендiрiлген материалдарды, сондай-ақ омырауға тағатын белгiлердi, жалаулар мен жалаушаларды тегiн таратуды қоспағанда, таңдаушыларға тегiн тауарлар, көрсетілетін қызметтер, бағалы қағаздар ұсыну, сондай-ақ ақша төлеу арқылы сайлау алдындағы үгiттi жүргiзуге тыйым салынады.

      Кандидаттардың өзінің сайлау алдындағы бағдарламасын үгіттеуге және насихаттауға құқығы бар.

      Кандидаттар өздерiне сайлау науқанын жүргiзуге көмектесетiн, сайлау алдындағы үгiттi жүргізетін, мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен, сайлау комиссияларымен қарым-қатынастарда кандидаттардың мүдделерiн білдіретін, бесеуден аспайтын сенiм бiлдiрген адамдарының болуына құқылы.

      Кандидаттар сенiм бiлдiрген адамдарын өз қалауы бойынша айқындайды және тiркеу үшiн олар туралы аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына хабарлайды.

      Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы сенім білдірілген адамдарды тіркегеннен кейін оларға тиісті куәліктер береді.

      Сенiм білдiрілген адам Қазақстан Республикасының азаматы болуға, мәслихат депутаты, қандай да бiр сайлау комиссиясының мүшесi, мемлекеттiк саяси қызметшi лауазымында орналасқан адам болмауға тиiс.

      Сенiм білдiрілген адамдар өздеріне кандидат берген өкілеттіктер шегінде әрекет етеді.

      Сенім білдiрілген адамдар сайлау науқаны аяқталғаннан кейiн немесе жеке өз бастамасымен не кандидаттың шешiмiмен өз мәртебесiн жоғалтады.

      Сайлау күнi және оның қарсаңындағы күнi кез келген сайлау алдындағы үгiтке тыйым салынады.

      Дауыс беруге арналған пункттерден тыс жерде бұрыннан ілулi тұрған баспа үгiт материалдарын сол орындарында қалдыруға болады.

      8. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландырылады.

      Бюджет қаражатын жұмсауды аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жергілікті бюджет қаражатынан:

      1) сайлау комиссияларын ұйымдастыруға және оның қызметіне;

      2) үй-жайларды жалға алуға;

      3) iссапар шығыстарына;

      4) кандидаттардың сайлау алдындағы жария іс-шараларын өткiзуге және кандидаттардың үгiт баспа материалдарын шығаруға;

      5) кандидаттардың көлік шығыстарына;

      6) сайлау комиссиясының үй-жайы мен дауыс беруге арналған пунктте орналастырылатын әкімдікке кандидаттар туралы ақпараттық плакаттарды дайындауға арналған шығыстар жабылады.

      Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдігіне кандидаттарға сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге бөлінетін қаражат мөлшерін тиісті облыстық сайлау комиссиясы айқындайды.

      9. Әкімдер сайлауында кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті осы Заңда белгіленген тәртіппен құрылатын сайлау қорларының қаражатынан қаржыландырылуы мүмкін.

      Әкімдікке кандидаттың сайлау қорын:

      1) жалпы сомасы заңнамада белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен жиырма бес еседен артық аспауға тиiс кандидаттың өз қаражаты;

      2) жалпы сомасы заңнамада белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен елу еседен артық аспауға тиiс Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарының ерiктi қайырмалдықтары құрайды.

      Сайлау қорын құрайтын ақша тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы банктерде немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашатын арнаулы уақытша шотқа есепке жатқызылады. Көрсетілген шот бойынша кiрiстер есепке жазылмайды және төленбейдi. Сайлау қорының ақшасына билік ету құқығы тек кандидатқа ғана тиесілі болады.

      Сайлау қорытындысы анықталғаннан кейін бес күннен кешіктірмей кандидат аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына өзінің сайлау қоры қаражатының пайдаланылуы туралы есеп ұсынуға міндетті.

      10. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері сайлауын Қазақстан Республикасының тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы әкімнің өкілеттік мерзімінің аяқталуына дейінгі қырық күннен кешіктірмей тағайындайды және бір ай ішінде өткізіледі. Әкімнің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, сайлау өкілеттік мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап үш ай ішінде өткізіледі.

      Әкімдер сайлауында дауыс беру және сайлау қорытындысын анықтау "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген сайлау рәсімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      Таңдаушылардың дауыстары тең болған жағдайда, қайта дауыс беру өткізіледі.

      Қайта дауыс беру сайлау күні өткізіледі.

      Әкімді сайлау тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты депутаттары – таңдаушылар отырысында өткізіледі.

      Таңдаушылардың тізімдерін аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары тиісті мәслихат хатшысының ұсынуы бойынша жасайды және дауыс беруге арналған пунктте ілінеді.

      Егер таңдаушылардың отырысына тиiсті аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты депутаттарының кемінде үштен екісі қатысса, ол заңды болады.

      Аудандық (қалалық) мәслихаттың хатшысы таңдаушылардың отырысында төрағалық етушi болып табылады.

      Мәслихаттың хатшысы аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына ұсынатын отырыс хаттамасы таңдаушылар отырысының өткізілу фактісін куәландыратын құжат болып табылады.

      Таңдаушылардың отырысына тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері қатысады.

      Таңдаушылардың отырысы өткізілетін үй-жайда аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы әкімдерді сайлау бойынша дауыс беруге арналған пунктті ұйымдастырады.

      Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелері бойынша сайлау нәтижелері туралы хаттама жасайды.

      Отырыс аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының төрағасы әкімдерді сайлау бойынша дауыс беру нәтижелерін жария еткеннен кейін жабылады.

      Егер сайлау жарамсыз деп танылса не қайта дауыс беру сайланған кандидатты анықтауға мүмкіндік бермесе, аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы қайта сайлау өткізу туралы шешім қабылдайды.

      Қайта сайлау алғашқы сайлаудан кейін екі ай мерзімнен кешіктірілмей өткізіледі. Қайта сайлау кезінде жүзеге асырылуы көзделген сайлау іс-шаралары "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және осы Заңға сәйкес өткізіледі.

      Қайта сайлау өткізу туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.

      11. Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы сайлау өткізілген күннен бастап бес күн мерзімде сайланған әкімді тіркейді. Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының сайланған әкімді тіркеу туралы шешімі аудан (облыстық маңызы бар қала) әкіміне және тиісті мәслихатқа ұсынылады.

      Әкім қызметіне орналасу арнайы тексерудің оң нәтижелері алынғаннан кейін жүзеге асырылады. Арнайы тексерудің нәтижелері алынғанға дейін адам әкімнің міндеттерін уақытша атқарады.

      Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау қорытындысын және сайланған әкімді тіркеу туралы хабарламаны әкімнің тегін, атын, әкесінің атын (болған кезде), туған жылын, атқаратын қызметін (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерін, әкімнің қалауына қарай оның саяси партияға қатыстылығы мен ұлты туралы мәлiметтерді көрсете отырып жариялайды.

      Облыстық, аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы таңдаушылардың тізімдерін жасау қағидалары, дауыс беру және дауыстарды санау, сайлау қорытындыларын анықтау тәртібі бұзылған, осы Заңды басқа да бұзушылықтар болған жағдайларда, егер бұл әрекеттер таңдаушылардың ерік білдіру нәтижелерін дұрыс анықтауға мүмкіндік бермейтін болса, әкімдер сайлауын жарамсыз деп тануы мүмкін.";

      5) 39-2-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан халқының бірлігін, елдегі ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге;".

      22. "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің-Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы" 2001 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 15-16, 223-құжат; 2010 ж., № 11, 59-құжат):

      1) Заңның тақырыбында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      2) 1-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Заңмен "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" 2000 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 2-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Отан алдында сіңірген ерекше еңбегін атап өту құрметіне Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы (бұдан әрі – Мемлекеттік сыйлық) тағайындалады.";

      2-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "қоғамдық, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді орнықтыруға, Республиканың көпұлтты халқының бірлігін нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін;".

      3) 2-баптың 1-тармағында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      4) 5-баптың 1 және 2-тармақтарындағы "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы", "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының" деген сөздер тиісінше "Мемлекеттік сыйлық", "Мемлекеттік сыйлықтың" деген сөздермен ауыстырылсын.

      23. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., №5, 51-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 9, 49-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., №8, 44-құжат; 2010 ж., №24, 143-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат; №19-І, 19-II, 96-құжат; № 21, 118-құжат; №23, 138-құжат; 2015 ж., №22-II, 148-құжат; № 22-V, 154-құжат; 2017 жылғы 22 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      28-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дипломатиялық қызмет персоналының еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесі негiзiнде белгiленедi.".

      24. "Әділет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; №5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 24, 145, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; №14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):

      1) 6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Әдiлет министрлiгiн Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісімен консультациялардан кейін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі енгізген ұсынумен қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.";

      2) 30-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Әдiлет органдары қызметкерлерінің еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесiне сәйкес жүзеге асырылады.".

      25. "Соғыс жағдайы туралы" 2003 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 4, 22-құжат; 2005 ж., № 14, 56-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат):

      9-баптың бірінші бөлігінің 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) соғыс жағдайы күшiнде болған кезеңде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынуымен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымын айқындайды;".

      26. "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 1-2, 1-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 5, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 19-II, 104-құжат; № 22-I, 140-құжат; 2017 жылғы 15 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      27-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қарулы Күштерде, басқа да әскерлep мен әскери құралымдарда заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оған бағынысты әскери прокурорлар жүзеге асырады.".

      27. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; №7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-IV, 113-құжат; №21- III, 135-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 17, 18-құжаттар):

      1-баптың 37-1) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      28. "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" 2008 жылғы 20 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 17-18, 70-құжат; 2010 ж., № 11, 59-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат; 2015 ж., № 19-I, 98-құжат):

      7-баптың 2-тармағында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      29. "Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы" 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 23, 114-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; 2015 ж., № 21-I, 125-құжат):

      24-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "24-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы заңдылықтың сақталуын қадағалау

      Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды прокуратура органдары жүзеге асырады.".

      30. "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 136-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):

      9-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы, 11-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы және 48-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын.

      31. "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" 2010 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., №8, 40-құжат; № 24, 149-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 21-I, 125-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; 2017 жылғы 15 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      10-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады;".

      32. "Сыртқы барлау туралы" 2010 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 10, 46-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; 2014 ж., № 7, 33-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 118-құжат; 2015 ж., № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат):

      21-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының аумағында сыртқы барлау саласындағы заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және ол уәкілеттік берген прокурорлар жүзеге асырады.".

      33. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., №7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 100-құжат; № 20-IV, 113-құжат; №23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 9, 22-құжат; 2017 жылғы 15 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      16-6-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік авиация инспекторлары Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес белгіленетін ақшалай ризықпен қамтамасыз етіледі.".

      34. "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 7, 34, 36-құжаттар; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-I, 111-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 148-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 154-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; №24, 123-құжат):

      1) 12-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Прокуратура органдарының қызметкерлерін қоспағанда, құқық қорғау органдарына қызметке кіретін және аға және жоғары басшы құрамның басшы лауазымдарына тағайындалатын адамдарға, құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарының түлектеріне, бұрын құқық қорғау органдарында қызмет өткерген адамдарға сынақ мерзiмi белгiленбейдi.";

      2) 29-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:

      "9. Прокуратура органдарының орта және аға басшы құрамның басшы лауазымдарына тағайындалатын адамдарға үш айға дейін сынақ мерзімі белгіленуі мүмкін.";

      3) 64-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қызметкерлердің ақшалай ризығы Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес белгiленедi және ақшалай жабдықталымды және қызмет өткерудiң ерекше жағдайлары үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленетін үстемеақыларды қамтиды.".

      35. "Назарбаев Университет", "Назарбаев Зияткерлiк мектептерi" және "Назарбаев Қоры" мәртебесi туралы" 2011 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 2, 20-құжат; 2012 ж., № 5, 36-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2015 ж., № 14, 72-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат):

      1) кіріспеде орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      2) 6-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Жоғары қамқоршылық кеңестің тұңғыш төрағасы болып табылады.";

      3) 12-1-баптың 1 және 6-тармақтарында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      36. "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 21-22, 114-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19- II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 154, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 131-құжат):

      1) 7-баптың екінші бөлігінде:

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;";

      мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар өтініш бере алмайды.";

      2) 48-баптың бірінші бөлігінде:

      4) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) егер ол ұлтаралық, конфессияаралық және дiни араздықты қоздырса;";

      "12) егер ол бұрын "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтса;";

      мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:

      "13) егер ол бұрын "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса, тыйым салынады.";

      3) 49-баптың бірінші бөлігінде:

      6) және 16) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) ұлтаралық, конфессияаралық және дiни араздықты қоздыртқан;";

      "16) егер бұрын "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтса;";

      мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:

      "17) егер бұрын "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса, көшіп келушілерге Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсат беруден бас тартылады не бұрын берiлген рұқсаттың күші жойылады.".

      37. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 3-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 94-құжат; 2013 ж., №14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; № 12, 87-құжат; № 24, 126-құжат):

      1) 15-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі – күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұйымдастырушы және үйлестіруші орган болып табылатын, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін арнаулы мемлекеттік орган;";

      2) 19-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қазақстандық патриотизмге, ұлтаралық және конфессияаралық келісімге негiзделген мемлекеттік идеологияны қалыптастыруға;";

      3) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "27-бап. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы заңдылықтың сақталуын қадағалау

      Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының прокуратурасы жүзеге асырады.".

      38. "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2012 ж., № 4, 31-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; №16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 148-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 154-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 жылғы 15 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      72-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қызметкерлер Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес белгіленетін ақшалай ризықпен қамтамасыз етіледі.".

      39. "Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 10-құжат; № 3, 15-құжат; №14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 11, 56-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2017 жылғы 15 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 19-баптың 2-тармағының бірінші абзацындағы "Қарулы Күштерде" деген сөздер "Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 24-баптың 2-тармағының төртінші бөлігіндегі "Қарулы Күштердегі" деген сөздер "Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 39-1-баптың тақырыбында және 1-тармағында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      40. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 9-құжат, № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 21, 122, 123-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; №20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 71-құжат; № 24, 131-құжат; 2017 ж., № 9, 17-құжат; 2017 жылғы 15 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      78-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "78-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау саласындағы заңдылықтың сақталуын қадағалау

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау саласындағы заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және ол уәкiлеттiк берген прокурорлар жүзеге асырады.".

      41. "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 12-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат; 2016 ж., № 24, 131-құжат):

      23-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жеке басты куәландыратын құжаттарды алдын ала тергеу, анықтау органдарының лауазымды адамдары, сондай-ақ лауазымды адамдар әкімшілік іс жүргізу және азаматтықты жоғалтуды және одан айырылуды ресімдеу барысында алып қояды.".

      42. "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 7, 35-құжат; 2015 ж., № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат):

      28-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Прокуратура органдары дербес деректер және оларды қорғау саласындағы заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады.".

      43. "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 14, 85-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 20-IV, 113-құжат; №22-I, 140-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат; 2017 ж., № 10, 23-құжат):

      1) 1-баптың 22) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      2) 7-баптың 15) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      3) 31-бапта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      44. "2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., №22, 133-құжат; 2015 ж., № 5, 22-құжат; № 22-VІІ, 162-құжат):

      көрсетілген Заңға 1-қосымшадағы "Елбасының" деген сөз "Елбасы" деген сөзбен ауыстырылсын.

      45. "Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы" 2015 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 11, 55-құжат):

      22-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "22-бап. Бітімгершілік қызмет саласындағы заңдылықтың сақталуын қадағалау

      Бітімгершілік қызмет саласындағы заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және ол уәкілеттік берген прокурорлар жүзеге асырады.".

      46. "Қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 21-I, 120-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат):

      1-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі және 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоғамдық кеңестер – осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік органдарды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп, министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін органдар, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік басқару органдары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша құратын консультативтік-кеңесші, байқаушы органдар.";

      "5. Қоғамдық кеңестердің республикалық деңгейіне, осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік органдарды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп, министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін органдар құратын қоғамдық кеңестер жатады.".

      47. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 153-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 123-құжат):

      1) 12-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Министрліктердің жауапты хатшыларының мәртебесі мен өкілеттігін Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді.";

      2) 53-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметшілерін қоспағанда, мемлекеттiк қызметшiлердің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес жүзеге асырылады.".

      48. "2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-VII, 163-құжат; 2016 ж., № 5, 34-құжат; № 16-17, 105-құжат):

      көрсетілген Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларда орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      49. "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23-II, 173-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; 2017 ж., № 6, 11-құжат):

      16-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакция жазылсын:

      "3. Аудандық сот судьясының, облыстық сот судьясының және Жоғарғы Сот судьясының лауазымына бос орынның ашылуы туралы ұсыну, сондай-ақ аудандық сот төрағасының өкілеттік мерзімінің өтуі Кеңестің конкурс жариялауы үшін негіздер болып табылады.

      4. Кеңестің аудандық сот судьясының, облыстық сот судьясының және Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыруын Кеңес аппараты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында – конкурсқа дейін кемінде бір ай бұрын, ал аудандық сот төрағасының лауазымына орналасу үшін аудандық сот төрағасы өкілеттігінің мерзімі өткенге дейін қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.".

      50. "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-I, 46-құжат):

      1) 1-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) заңнамалық акт – Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заң, конституциялық заң, кодекс, шоғырландырылған заң, заң, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және Мәжiлiсiнің қаулылары;";

      2) 7-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық жарлықтары;";

      3) 10-баптың 2-тармағының 2) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары;";

      "4) Қазақстан Республикасының шоғырландырылған заңдары, заңдары;";

      4) 22-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) акт нысанына нұсқау: Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасының конституциялық заңы; Қазақстан Республикасының кодексi; Қазақстан Республикасының шоғырландырылған заңы; Қазақстан Республикасының заңы; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы; Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының қаулысы; Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң қаулысы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы; Министрдiң бұйрығы; орталық мемлекеттiк орган басшысының бұйрығы; ведомство басшысының бұйрығы; орталық мемлекеттiк органның қаулысы; мәслихаттың шешiмi; әкiмдiктің қаулысы; әкiмнің шешiмi; тексеру комиссияның қаулысы және нормативтiк құқықтық актiнiң осы Заңда көзделген өзге де нысаны;";

      5) 25-баптың 5-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Заңнамалық актілерге сілтеме жасау кезінде олардың тіркелген нөмірлерін көрсету талап етілмейді.";

      6) 35-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заңдарына, конституциялық заңдарына, кодекстерiне, шоғырландырылған заңдарына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарына – Қазақстан Республикасының Президентi;";

      7) 58-бапта:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Нормативтiк құқықтық актiлерде қамтылатын нормаларға ресми түсіндірме беру уәкілетті органдардың не жеке және заңды тұлғалардың бастамасы бойынша "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Осы тарауда белгіленген, нормативтік құқықтық актілерге ресми түсіндірме беру тәртібі мен шарттары "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын заңға түсіндірме беруге қолданылмайды.";

      8) 59-баптың 3-тармағы және 60-баптың 1-тармағы алып тасталсын;

      9) 62-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы баптың талаптары осы Заңның 60-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайларда қолданылмайды.";

      10) 64-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Конституциялық емес деп танылған, оның ішінде адамның және азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп танылған жеке-дара қолданылатын құқықтық актілердің күші жойылады және қолданылуға жатпайды.".

      51. "2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 21, 115-құжат; 2017 ж., № 3, 4-құжат):

      көрсетілген Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларда орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      52. "Қарсы барлау қызметі туралы" 2016 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 24, 125-құжат):

      20-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қарсы барлау қызметін жүзеге асыру кезінде заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және ол уәкілеттік берген прокурорлар жүзеге асырады.".

      53. "Волонтерлік қызмет туралы" 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 24, 132-құжат):

      6-баптың 2-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) халықтар арасындағы татулықты, достық пен келісімді нығайтуға, әлеуметтік, ұлтаралық, конфессияаралық, этносаралық, діни шиеленістерді болғызбауға қатысу;".

      54. "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 24, 130-құжат):

      36-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "36-бап. Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу саласындағы заңдылықтың сақталуын қадағалау

      Прокуратура органдары мемлекет атынан дактилоскопиялық және геномдық тіркеу саласындағы заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады.".

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Н.НАЗАРБАЕВ


Дата вступления в силу:  11.07.2017
Дата изменения акта:  11.07.2017
Дата принятия акта:  11.07.2017
Информация об официальном опубликовании акта:  "Егемен Қазақстан" 14.07.2017 ж., № 133 (29114); "Казахстанская правда" от 14.07.2017 г., № 133 (28512); ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 20.07.2017 ж.
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  102000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  113407
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  91-VI
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  001001000000 / 001008000000
Форма акта:  ДОП / ЗАК / ИЗМ
Юридическая сила:  0400
Язык акта:  kaz