12.11.2015

Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бюджет заңнамасын жетiлдiру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

      БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат):
      1) мазмұнында:
      62-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «62-бап. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары және меморандумы»;
      мынадай мазмұндағы 94-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      «94-1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан тартылған кепілдендірілген трансферттің бір бөлігін республикалық бюджеттен қайтару»;
      2) 3-баптың 1-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 12-5) және 14-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «12-5) бюджет қаражатының игерілмеуі – бюджеттік қаражаттың үнемделуін, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтерінің бөлінбеген қалдығын, шартты түрде қаржыландырылатын шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша толық пайдалануға рұқсат етілген, өткен қаржы жылы бөлінген нысаналы даму трансферттерінің қайтарылған сомасын қоспағанда, бюджеттік бағдарлама бойынша төленген міндеттемелердің төлемдері бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарының есепті кезеңнің қорытындылары бойынша қалыптасқан асып түсу сомасы;»;
      «14-2) бюджеттік бағдарламаларды тиімсіз атқару – бюджеттік жүйенің мынадай: нәтижелілік, негізділік, тиімділік, жауапкершілік, бюджет қаражатының атаулылығы мен нысаналы сипаты қағидаттарына сәйкес келмейтін бюджет қаражаттарының жұмсалуы;»;
      30)61)62-1) және 62-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «30) инвестициялық ұсыныс – бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері әзірлейтін тиісті іс-шаралар жиынтығын қоса алғанда, мақсатқа қол жеткізу үшін мемлекеттік, үкіметтік бағдарламаларды және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру шеңберінде мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың орындылығын негіздейтін, мақсатқа қол жеткізу жолдары мен ықтимал қаржыландыру тәсілдерін көрсететін тұжырымдамалық ұсыныс;»;
      «61) нәтижелердің көрсеткіштері – мемлекеттік органның стратегиялық жоспарды, аумақты дамыту бағдарламасын және (немесе) бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі қызметін сипаттайтын нысаналы индикаторлардың, тікелей және түпкілікті нәтижелердің жиынтығы;»;
      «62-1) нысаналы индикатор – стратегиялық жоспардың немесе аумақты дамыту бағдарламасының мақсатына қол жеткізуді санмен өлшейтін көрсеткіш;
      «62-2) өзара өтелетін операциялар – мемлекеттік бюджетті және облыстың бюджетін, сондай-ақ олардың атқарылуы туралы есептерді қалыптастыру кезінде жүзеге асырылатын, қосарланған шотты болдырмау мақсатында бюджеттің бір деңгейінен басқа деңгейіне берілетін трансферттер, бюджеттік кредиттер және басқа да ақша сомаларын алып тастауға байланысты операциялар;»;
      мынадай мазмұндағы 62-3) тармақшамен толықтырылсын:
      «62-3) өңірдің салықтық әлеуеті – үш жылдық кезеңге жалпы сипаттағы трансферттердің мөлшерлерін белгілеу кезінде өңірдің кіріс көлемдерін айқындау үшін есептелетін, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түсімдерінің ең жоғары ықтимал сомасы;»;
      70) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «70) түпкілікті нәтиже – мемлекеттік орган қызметінің тікелей нәтижелерге қол жеткізуіне негізделген стратегиялық жоспардың, аумақты дамыту бағдарламасының және (немесе) бюджеттік бағдарламаның мақсатына қол жеткізуді санмен өлшейтін бюджеттік бағдарлама көрсеткіші;»;
      3) 4-баптың 3)6)12) және 14) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) реалистік қағидаты – бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджет көрсеткіштерінің әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарының, аумақтарды дамыту бағдарламаларының, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының бекітілген (нақтыланған, түзетілген) параметрлеріне, бағыттарына сәйкес келуі;»;
      «6) нәтижелілік қағидаты – стратегиялық жоспарларда, аумақтарды дамыту бағдарламаларында және (немесе) мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларында көзделген нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағдарланған бюджетті әзірлеу және атқару;»;
      «12) тиімділік қағидаты – бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқару;»;
      14) бюджет қаражатының атаулылығы мен нысаналы сипатының қағидаты – бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталына қатысу арқылы бюджет қаражатын стратегиялық жоспарларда, аумақтарды дамыту бағдарламаларында және (немесе) мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларында бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелерінде көзделген нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағыттауы және пайдалануы.»;
      4) 5-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін заңдардың жобалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің оң қорытындысы болған кезде ғана Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілуі мүмкін. Республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін заң жобаларына Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорытындысы Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып, қалыптастырылады.
      Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заңдардың жобалары үшін мұндай қорытындының болуы талап етілмейді.
      Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, Қазақстан Республикасының министрлерi мен өзге де орталық мемлекеттiк органдар басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының, құрылымына ведомство кіретін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары жобаларының республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін ережелері Республикалық бюджет комиссиясының міндетті қарауына жатады.»;
      5) 19-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) арнайы резерв;»;
      6) 20-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Арнайы резерв Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен айқындалатын шығындарға пайдаланылады.»;
      7) 24-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетін түсімдер Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт болып табылады.»;
      8) 32-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «32-бап. Бюджеттік бағдарламалар

      1. Стратегиялық жоспарды әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасы стратегиялық жоспарда айқындалған мақсаттармен өзара байланысты республикалық бюджет шығыстарының бағытын айқындайды.
      Стратегиялық жоспар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасы мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктермен өзара байланысты республикалық бюджет шығыстарының бағытын айқындайды.
      Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасы аумақты дамытудың тиісті бағдарламасында айқындалған мақсаттармен, нысаналы индикаторлармен не мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктермен өзара байланысты жергілікті бюджет шығыстарының бағытын айқындайды.
      2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджеттік бағдарламаны жылжымалы негiзде жыл сайын жоспарлы кезеңге әзiрлейдi және ол тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштерін, жоспарлы кезеңге жоспарланатын бюджет қаражатының көлемін қамтиды.
      Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларды мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен және (немесе) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдармен келісу бойынша бекітеді.
      3. Жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен іс-шараларды іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды нысаналы трансферттерді аударатын жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшісімен келісу бойынша төмен тұрған бюджеттің бюджеттiк бағдарламаларының әкiмшiлерi және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар бекітеді.
      4. Бюджеттік бағдарламалар бюджетті нақтылау немесе түзету кезінде олардың қаржыландыру көлемдері мен нәтижелер көрсеткіштері өзгерген жағдайда мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен және (немесе) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдармен келісу бойынша қайта бекітіледі.
      Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бастамасы бойынша бюджеттік бағдарламаларға тоқсанына бiр реттен жиілетпей тоқсанның екінші айының 25-күніне дейін өзгерістер енгізуге жол беріледі.
      5. Бюджеттік бағдарламалар өзінің мазмұны бойынша біртекті мемлекеттік функциялары, өкілеттіктері мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтері немесе бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қызметінің бағыттары бойынша топтастырылуға тиіс.
      6. Бюджеттік бағдарлама бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын нақтылайтын, стратегиялық жоспардың, аумақты дамыту бағдарламасының мақсатына және (немесе) бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесіне қол жеткізуге бағытталған кіші бағдарламаларға бөлінуі мүмкін.
      Әртүрлі көздер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар үшін бюджеттік кіші бағдарлама қаржыландыру көздерінің әрқайсысы үшін бөлінеді.
      Бюджеттік бағдарламаның кіші бағдарламалары болған кезде тікелей нәтиже көрсеткіштері кіші бағдарламалар деңгейінде көрсетіледі.
      7. Төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы трансферттер бойынша тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштері жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен іс-шараларды іске асыруға бағытталған тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламалар бойынша көрсетіледі.
      Жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебiнен іс-шараларды іске асыруға бағытталған жергілікті бюджеттік бағдарламалар бойынша тікелей нәтиже көрсеткіштері жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар бөлінісінде көрсетіледі.
      8. Әрбір бюджеттік бағдарламаға бюджеттік бағдарлама басшысы — бюджеттік бағдарламаның жоспарлануы мен орындалуын қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің лауазымды адамы бекітіледі.
      Бюджеттік бағдарлама басшысы бюджеттік бағдарламаны сапасыз жоспарлағаны және оның нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізбегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      9. Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) тәртібін және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
      9) 33-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Стратегиялық жоспардың немесе аумақты дамыту бағдарламасының мақсатына, бірыңғай түпкілікті нәтижеге қол жеткізу үшін мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету, күрделі шығыстарды жүзеге асыру, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру, трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беру бойынша шығындар, көрсетілген шығындарды жекелеген кіші бағдарламаларға бөле отырып, бір бюджеттік бағдарламаға біріктірілуі мүмкін.»;
      3-тармақта:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мұндай бюджеттік бағдарламаларды бөлу бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті орталық мемлекеттік органдар айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.»;
      мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Бөлінетін бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижелері бөлінетін бюджеттік бағдарламаны әртүрлі бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында ағымдағы қаржы жылы ішінде бөлетін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасында көрсетіледі.
      Бөлінетін бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелері әртүрлі бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында ағымдағы қаржы жылы ішінде бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлген кезде бөлінетін бюджеттік бағдарламалар есебінен қаражат алатын бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасында көрсетіледі.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалануға бағытталған бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелері қаражатты осы бөлінетін бюджеттік бағдарламалар есебінен алатын бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасында көрсетіледі.»;
      10) 39-1-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Дербес бiлiм беру ұйымдары мен олардың ұйымдарының қызметiне нысаналы салым нәтижелерінің көрсеткiштерi тиiстi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң стратегиялық жоспарларында және (немесе) бюджеттiк бағдарламаларында айқындалады.
      Дербес бiлiм беру ұйымдары мен олардың ұйымдары тиiстi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң стратегиялық жоспарларында және (немесе) бюджеттiк бағдарламаларында айқындалған, өздерiнiң қызметiне нысаналы салым нәтижелерінің көрсеткiштерiне қол жеткiзу үшiн жауапты болады.»;
      11) 39-2-баптың 4-тармағының бірінші және екінші бөліктеріндегі «нәтижелілігінің» деген сөз «нәтижелерінің» деген сөзбен ауыстырылсын»;
      12) 41-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттік тапсырманы жоспарлау бюджетті әзірлеу кезінде мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және монополияға қарсы органның қорытындылары ескеріліп, осы Кодексте белгіленген талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады.»;
      13) 44-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
      «8. Өткен қаржы жылында республикалық немесе облыстық бюджеттен бөлінген, өткен қаржы жылында пайдаланылмаған ағымдағы нысаналы трансферттер сомалары жыл басындағы бюджет қаражаты қалдықтарының және осы трансферттерді бөлген жоғары тұрған бюджетке төменгі тұрған бюджеттен қайтарылған сомалар, пайдаланылмаған ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейін оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтарылуға жатады.»;
      14) 58-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар әзірлеу;»;
      15) 59-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Бюджет комиссиясының қызметін ұйымдастыру тәртібін тиісті бюджет комиссиясының жұмыс органы әзірлейді және айқындайды.»;
      16) 60-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) бюджеттік бағдарламалар;»;
      17) 62 және 63-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «62-бап. Мемлекеттiк органның стратегиялық жоспары және
                меморандумы

      1. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізінде әр үш жыл сайын бесжылдық кезеңге әзірленеді.
      2. Мемлекеттiк органның стратегиялық жоспары мемлекеттiк орган қызметiнiң стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын, нысаналы индикаторларын айқындайды.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетін қоспағанда, мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарын мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша мемлекеттік органның басшысы бекiтедi.
      Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында білім, ғылым және (немесе) денсаулық сақтау салаларымен байланысты мақсаттар болған кезде мемлекеттік органның стратегиялық жоспары білім, ғылым және (немесе) денсаулық сақтау салаларындағы уәкілетті органдармен келісіледі.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің стратегиялық жоспары Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен бекітіледі.
      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы, Қазақстан Рeспубликасының Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы, Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары, мәслихаттардың аппараттары және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар стратегиялық жоспарлар әзірлемейді.
      4. Орталық мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарлары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерiстер мен толықтырулар республикалық бюджет бекiтiлгеннен кейiн пысықталады, Қазақстан Республикасының Президентi республикалық бюджет туралы заңға қол қойған күннен бастап бiр ай мерзiмде бекiтiледi және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк құпиялардың қорғалуы қамтамасыз етіле отырып, күнтiзбелiк он күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.
      5. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге:
      1) Қазақстан Республикасының жаңа заңдары қабылданған не оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген;
      2) жаңа стратегиялық және бағдарламалық құжаттар қабылданған не оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген;
      3) мемлекеттік органның функциялары, құрылымы өзгерген;
      4) нысаналы индикаторларға қол жеткізуге ықпал ететін республикалық бюджеттің параметрлері өзгерген жағдайларда жол беріледі.
      Стратегиялық жоспарларды әзірлеу және бекіту кезіндегі осы Кодекстің белгіленген талаптары мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде сақталады.
      Бюджетті, стратегиялық жоспарларды әзірлеу және бекіту кезіндегі осы Кодекстің белгіленген талаптары мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына бюджетті нақтылаумен байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда сақталады.
      Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына қаржыландыру көлемінің өзгеруіне байланысты өзгерістер мен толықтырулар жобаларын тиісті бюджет комиссиясы қарайды.
      6. Қазақстан Республикасының Президентiне есеп беретін немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдар, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын, ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасына дейін кезекті қаржы жылына арналған меморандумдар жобаларын әзірлейді.
      Меморандум Қазақстан Республикасының 10 жылға арналған Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын іске асыру үшін әзірленеді және қол жеткізуді (орындауды) мемлекеттік органның бірінші басшысы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі жоспарлы кезеңде қамтамасыз етуге міндеттенетін түйінді нысаналы индикаторларды қамтиды.
      Түйінді нысаналы индикаторлар азаматтардың қанағаттанушылық деңгейін арттыруға бағдарланатын және әлеуметтік-экономикалық дамудағы оң өзгерістерді көрсететін негізгі индикаторларды білдіреді.
      Мемлекеттік органның меморандумына – бірінші басшы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының меморандумына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі қол қояды.
      Меморандум республикалық бюджет туралы заңға қол қойылған күннен бастап бір ай мерзімде бекітіледі.
      Қазақстан Республикасының Президентiне есеп беретін мемлекеттік органдардың меморандумдарын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы бекітеді.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдардың және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының меморандумдарын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі бекітеді.
      Қазақстан Республикасының Президентiне есеп беретін мемлекеттік органның меморандумын әзірлеу және оны бағалау тәртібін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы айқындайды.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының меморандумын әзірлеу және оны бағалау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      63-бап. Операциялық жоспар

      Стратегиялық жоспарды іске асыру үшін мемлекеттік орган операциялық жоспар әзірлейді.
      Операциялық жоспар ресурстар, стратегиялық жоспардың мақсаттарына және нысаналы индикаторларына қол жеткізу жөніндегі іс-шаралардың жауапты орындаушылары және жүзеге асыру мерзімдері бойынша байланыстырылған, мемлекеттік органның ағымдағы қаржы жылындағы нақты іс-қимылдарын, сондай-ақ мемлекеттік орган туралы ережеде белгіленген өзге де міндеттерді қамтитын құжат болып табылады.
      Операциялық жоспар жыл сайын әзірленеді және оны мемлекеттік органның бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге лауазымды адам мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде бекітеді.»;
      18) 67-баптың 9 және 10-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Бюджеттік өтінімге түсіндірме жазба:
      1) есепті қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасын;
      2) ағымдағы жағдайдың, орын алып отырған проблемалардың қысқаша сипаттамасын;
      3) жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының жобасында айқындалған мақсаттарға және жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасын;
      4) жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, аумақтық дамыту бағдарламасында айқындалған мақсаттарға және жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасын;
      5) бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған түпкілікті нәтижелерінің сипаттамасын;
      6) бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын нақтылайтын ақпаратты, бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелерінің сипаттамасын қамтиды.
      10. Бюджеттік өтінім жасалуы мен ұсынылуы бойынша Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган оны қарамастан бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне қайтаруға міндетті.»;
      19) 68-бапта:
      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жетекшілік ететін саладағы (аядағы) мақсаттарға қол жеткізу және оларды іске асыру жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелерін ескере отырып:
      1) стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын олардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкестігі, нысаналы индикаторларды таңдаудың дұрыстығы және оларға қол жеткізу дәрежесі тұрғысынан;
      2) нәтижелер көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығы, бюджеттік бағдарламалардың нәтижелер көрсеткіштерінің стратегиялық жоспардың нысаналы индикаторларымен өзара байланысының болуы, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу дәрежесі тұрғысынан бюджеттік бағдарламалар жобаларын қарайды.»;
      2-тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы заттай нормаларға және стратегиялық жоспарлардың жобаларына немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларына және бюджеттік бағдарламалар жобаларына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде, сондай-ақ әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге белгіленген бағалар дерекқоры пайдаланылады;
      2) стратегиялық жоспарлар әзірлейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының көрсеткіштерін стратегиялық жоспарының мақсаттарымен және нысаналы индикаторларымен өзара байланысы тұрғысынан қарайды;»;
      3-тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, аумақтарды дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларына, бюджеттік бағдарламалар жобаларына және қолданыстағы заттай нормаларға сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде, сондай-ақ әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге белгіленген бағалар дерекқоры пайдаланылады;
      2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары нәтижелер көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығы, нәтижелер көрсеткіштерінің аумақтарды дамыту бағдарламаларының мақсаттарымен, нысаналы индикаторларымен өзара байланыстылығы, нәтижелер көрсеткіштеріне қолжетімділік дәрежесі тұрғысынан, сондай-ақ олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.»;
      20) 69-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Орталық мемлекеттік органдар заттай нормаларды бекіту немесе оларды өзгерту туралы Республикалық бюджет комиссиясының қарауына ұсыныстар енгізеді.»;
      21) 71-бапта:
      3-тармақтың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «арнайы резерв мөлшерін бөле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің мөлшері;»;
      4-тармақтың 3) тармақшасы «бағдарламалардың» деген сөзден кейін «(кіші бағдарламалардың)» деген сөздермен толықтырылсын;
      22) 72-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы «бағдарламалардың» деген сөзден кейін «(кіші бағдарламалардың)» деген сөздермен толықтырылсын;
      23) 73-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы «бағдарламалардың» деген сөзден кейін «(кіші бағдарламалардың)» деген сөздермен толықтырылсын;
      24) 74-баптың 1-тармағының екінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) республикалық бюджет жобасына енгізілген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде мыналарды:
      алдыңғы жылғы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасын;
      ағымдағы жағдайдың, орын алып отырған проблемалардың қысқаша сипаттамасын;
      жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының жобасында айқындалған мақсаттар мен жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасын;
      бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған түпкілікті нәтижелерінің сипаттамасын;
      бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын, бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелерінің сипаттамасын қамтитын ақпаратты ұсынады.»;
      25) 75-баптың 1-тармағының үшінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) жергілікті бюджеттің жобасына енгізілген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бөлінісінде мыналарды:
      есепті қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасын;
      ағымдағы жағдайдың, орын алып отырған проблемалардың қысқаша сипаттамасын;
      жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, аумақты дамыту бағдарламасында айқындалған мақсаттарға және жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасын;
      бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған түпкілікті нәтижелерінің сипаттамасын;
      бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын, бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелерінің сипаттамасын қамтитын ақпаратты ұсынады.»;
      26) 77-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Республикалық бюджет туралы заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің жұмыс топтары мен тұрақты комитеттерінің отырыстарында қарау стратегиялық жоспарлардың жоспарланған нысаналы индикаторлары және (немесе) бюджеттік бағдарламалардың түпкілікті нәтижелері туралы орталық мемлекеттік органдар басшыларының баяндамаларын қамтиды.»;
      27) 78-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Тиісті мәслихаттың тұрақты комиссияларында жергілікті бюджет жобасын талқылау жергілікті бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған тікелей және түпкілікті нәтижелері туралы жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері басшыларының баяндамасын қамтиды.»;
      28) 85-бапта:
      4-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының жылдық сомалары бюджеттің бекітілген (нақтыланған, түзетілген) түсімдері мен шығыстарының сомаларына сәйкес болуға тиіс.»;
      9 және 9-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері мен бюджеттік бағдарламалардың кіші бағдарламаларына қатысты және бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың жылдық және ай сайынғы көлемін өзгертпейтін міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістерді дербес енгізеді.
      Бюджеттiң атқарылуы барысында бюджет қаражатының үнемделуi пайда болған жағдайда:
      Республикалық бюджет комиссиясында белгіленген тәртіппен міндетті түрде қарай отырып, қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаражатты бір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) шегінде республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар арасында қайта бөлуге құқылы;
      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті бюджет комиссиясында белгіленген тәртіппен міндетті түрде қарай отырып, қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, жергілікті атқарушы органдар қаражатты бір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) шеңберінде және бір облыс шегінде жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында, сондай-ақ республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен келісу бойынша, жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында қайта бөлуге құқылы.
      9-1. Бюджеттің атқарылуы барысында республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферттер қаражаттары есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, ағымдағы қаржы жылына бекітілген (нақтыланған) республикалық бюджетте көзделген нысаналы даму трансферттері бойынша бір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) ішінде, облысқа, республикалық маңызы бар қалаға, астанаға ағымдағы қаржы жылына көзделген соманың он пайызынан аспайтын көлемде облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана арасында тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қаражатты қайта бөлуге құқылы.
      Бюджеттің атқарылуы барысында облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферттер қаражаттары есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, ағымдағы қаржы жылына бекітілген (нақтыланған) облыстық бюджетте көзделген нысаналы даму трансферттері бойынша бір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) ішінде ауданға (облыстық маңызы бар қалаға) ағымдағы қаржы жылына көзделген соманың он пайызынан аспайтын көлемде аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) арасында тиісті аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен және тиісті жергілікті өкілді органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қаражатты қайта бөлуге құқылы.»;
      мынадай мазмұндағы 9-3 және 9-4-тармақтармен толықтырылсын:
      «9-3. Бюджетті атқару барысында бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қаражатты түпкілікті нәтижелердің жоспарланған көрсеткіштері сақталған жағдайда бюджеттік бағдарлама бойынша жылдық шығыстар көлемін өзгертусіз, бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен:
      1) ағымдағы бір бюджеттік бағдарламаның немесе бюджеттік бағдарламаның ағымдағы бір бюджеттік кіші бағдарламасы шегіндегі іс-шаралар арасында дербес;
      2) қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферттер, жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер қаражаттары есебінен қаржыландырылатын бюджеттік кіші бағдарламаларды қоспағанда, мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша бір бюджеттік бағдарлама шегінде ағымдағы бюджеттік кіші бағдарламалар арасында;
      3) қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферттер және жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер қаражаттары есебінен қаржыландырылатын кіші бағдарламаларды қоспағанда, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша бір бюджеттік даму бағдарламасы немесе бюджеттік бағдарламаның бір кіші даму бағдарламасы шегінде бюджеттік инвестициялық жобалар арасында бюджет комиссиясының қарауынсыз ағымдағы қаржы жылына арналған инвестициялық жобаға шығыстар көлемінің он пайызынан аспайтын көлемде, бюджет комиссиясында белгіленген тәртіппен міндетті түрде қарай отырып, ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік кіші бағдарлама шығыстары көлемінің он пайызынан асатын көлемде;
      4) қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферттер және жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер қаражаттары есебінен қаржыландырылатын кіші бағдарламаларды қоспағанда, мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша бір бюджеттік бағдарлама шегінде дамудың бюджеттік кіші бағдарламалары арасында бюджет комиссиясының қарауынсыз, ағымдағы қаржы жылына бюджеттік кіші бағдарламаның шығыстары көлемінің он пайызынан аспайтын көлемде, бюджет комиссиясының міндетті түрде қарауымен ағымдағы қаржы жылына бюджеттік кіші бағдарламаның шығыстары көлемінің он пайызынан асатын көлемде қайта бөлуге құқылы.
      9-4. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізуді мемлекеттік мекемелердің өтінімдері бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісі жүзеге асырады.
      Бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне қажетті бюджеттік бағдарлама бойынша ай сайынғы шығыстар көлемін өзгертулер бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган арқылы жүзеге асырылады.»;
      29) мынадай мазмұндағы 94-1-баппен толықтырылсын:
      «94-1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан
                  тартылған кепілдік берілген трансферт бөлігін
                  республикалық бюджеттен қайтару

      1. Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке тартылған кепілдік берілген трансферттің бір бөлігін күтілетін кірістер түсімі жоспарланған түсімдерден асып түскен жағдайда бір жыл ішінде қайтаруды жүзеге асырады.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан тартылған кепілдік берілген трансферт бөлігін республикалық бюджеттен қайтару бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.»;
      30) 97-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Есепті кезеңнің соңында квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарындағы қалдықтар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің пайдаланылмаған қаражаты болып табылады және бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуына жатады.»;
      31) 100-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы «бағдарламалар» деген сөзден кейін «(кіші бағдарламалар)» деген сөздермен толықтырылсын.
      32) 104-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша пайдаланылмай қалған қаражат кезеңнің соңындағы бюджет қаражатының қалдықтары болып табылады.»;
      4-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) аяқталу мерзімі осы Кодекстің 157-бабының 1 және 2-тармақтарында және 159-бабының 1-1-тармағында көрсетілген бекітілген құжаттамаға сәйкес бюджеттік инвестицияларды іске асыру кезеңіне сәйкес келетін бюджеттік инвестицияларды одан әрі қаржыландыруға;»;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) республикалық немесе облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің өткен қаржы жылында пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомаларын қайтаруға;»;
      6) тармақшадағы «қайтаруына пайдаланылуы мүмкін» деген сөздер «қайтаруына» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
      «7) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке нысаналы трансферт түрінде тартылған пайдаланылмаған қаражаттың бір бөлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына қайтаруға;
      8) республикалық бюджетке тартылған кепілдік берілген трансферттің бір бөлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына қайтаруға пайдаланылуы мүмкін.»;
      6-тармақтағы «бюджеттік бағдарламаның нәтижелеріне қол жеткізбеуге» деген сөздер «бюджеттік бағдарлама нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізбеуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6-1. Бюджет қаражаты толық игерілген кезде бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізбегені үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.»;
      33) 110-бапта:
      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) шығыстарын қоспағанда, бюджет шығыстарын бекітілген жылдық көлемінің он пайызынан аспайтын сомасына секвестрлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша, он пайыздан астам сомаға секвестрлеу – заңның немесе мәслихат шешімінің негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның секвестр жүргізу туралы қаулысының негізінде бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган осы Кодексте белгіленген тәртіппен бюджет түсімдері мен шығыстарын өзгерту арқылы тиісті бюджетті түзетуді жүзеге асырады.»;
      4-тармақ «бағдарламалар» деген сөзден кейін «(кіші бағдарламалар)» деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақ «бағдарламалар» деген сөзден кейін «(кіші бағдарламалар)» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      «5-1. Секвестр жүргізу кезінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімдерді жасайды және оларды бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органға ұсынады.»;
      34) 113-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Бюджеттік бағдарламаларда айқындалған тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізбегені үшін, оның ішінде бюджет қаражаты толық игерілген кезде қол жеткізбегені үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы және бюджеттік бағдарламаның басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.»;
      35) 126-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есепте оның іске асырылу барысы, мемлекеттік орган қызметінің мақсаттарына, нысаналы индикаторларына қол жеткізудегі прогресс туралы ақпарат қамтылады.»;
      36) 127-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Республикалық бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есепте бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу, бөлінген бюджет қаражатының игерілуі, бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуы туралы ақпарат қамтылады.»;
      37) 128-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылау кезінде Қазақстан Республикасы Парламентінің тұрақты комитеттері республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері басшыларының бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізу туралы баяндамаларын тыңдайды.»;
      38) 129-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «есептен;» деген сөз «есептен тұрады.» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есепте аумақтарды дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларына, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу, бөлінген бюджет қаражатының игерілуі, бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуы туралы ақпарат қамтылады;»;
      39) 130-баптың 2-тармағы төртінші абзацтағы «баяндамасын тыңдайды.» деген сөздер «баяндамасын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
      «әкімдік уәкілеттік берген адамның облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасының іске асырылуы туралы баяндамасын;
      «бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшыларының облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларына қол жеткізуі, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы баяндамаларын тыңдайды.»;
      40) 131-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «есептен;» деген сөз «есептен тұрады.» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есепте аумақтарды дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларына, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу, бөлінген бюджет қаражатының игерілуі, бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуы туралы ақпарат қамтылады;»;
      41) 132-баптың 2-тармағы төртінші абзацтағы «баяндамасын тыңдайды» деген сөздер «баяндамасын» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
      «әкімдік уәкілеттік берген адамның ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасының іске асырылуы туралы баяндамасын;
      «бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшыларының ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларына қол жеткізуі, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы баяндамаларын тыңдайды;»;
      42) 133-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры аудитінің нәтижелерін қоса алғанда, жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 мамырына дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп жасайды.»;
      43) 134-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесе отырып, жыл сайын ағымдағы жылдың 1 маусымынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынады.»;
      44) 151-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігіндегі «салалық бағдарламаларды» деген сөздер «үкіметтік бағдарламаларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      13-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған республикалық бюджеттік инвестициялар бойынша осы Кодекстің 153 және 154-баптарында көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан кейін олардың құны тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген сомадан асатын жағдайда, бюджеттік инвестициялар құнының ұлғаюы ағымдағы қаржы жылында көзделген сомалар шегінде жүзеге асырылады.»;
      45) 169-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Байланысты грант туралы келісімге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік ұйымдар-гранттарды алушылар байланысты гранттарды пайдалануды жүзеге асырады.»;
      46) 190-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Түпкілікті қарыз алушы бюджеттік кредит қаражатын бюджеттік бағдарламаға және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес кредиттік шартта көзделген мақсаттарға ғана пайдаланады.»;
      47) 192-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
      «8. Бюджеттік кредитті өтемеген, өз уақытында өтемеген жағдайда қарыз алушы және түпкі қарыз алушы Қазақстан Республикасының заңдарына және кредиттік шарт талаптарына сәйкес жауаптылықта болады.»;
      48) 193-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеделдетілген оңалту рәсімін қолданғанда немесе қарыз алушыға қатысты оңалту рәсімін енгізген кезде қарыз алушының бюджеттік кредитін оңалту жоспарына сәйкес бір реттен асырмай қайта құрылымдауға рұқсат етіледі.»;
      49) 220-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган өтеуге және көрсетілетін қызметтерге арналған шығыстары республикалық бюджет туралы заңда көзделген мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша қарыз алушылардың тізбесін бекітеді.».
      2. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат):
      29-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) жоспарлы кезеңде бюджет қаражаты шегінде қол жеткізуді (орындауды) қамтамасыз етуге міндеттенетін негізгі нысаналы индикаторлар қамтылатын меморандумға қол қояды;».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев


Дата вступления в силу:  12.11.2015
Дата изменения акта:  12.11.2015
Дата принятия акта:  12.11.2015
Информация об официальном опубликовании акта:  "Егемен Қазақстан" 17.11.2015 ж., № 220 (28698); "Казахстанская правда" от 17.11.2015 г., № 220 (28096); Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 21-ІІ, 132-құжат
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  102000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  95344
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  395-V
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  006001000000 / 001008000000
Форма акта:  ЗАК / ИЗМ / ДОП
Юридическая сила:  0400
Язык акта:  kaz