09.01.2012

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат, № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көшi-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 16 қарашада "Егемен Қазақстан" және 2011 жылғы 19 қарашада "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 209-баптың ескертуі мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Осы баптың төртінші бөлігінің мақсаты үшін асып түсуді айқындау кезінде Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 335-бабының 3-тармағына және (немесе) 338-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес пайдалы қазбаларды өндіру салығына жүргізілген түзетуге байланысты түзілген асып түсу есепке алынбайды.";

      2) 218-1-баптың 7-тармағы алып тасталсын;

      3) 636-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында:

      "жергілiктi атқарушы органдардың (облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) (127, 165, 237-1, 309-1 (жетінші, сегізінші бөліктері), 309-4 (сегізінші, тоғызыншы бөліктері), 342, 343, 357-2 (екінші бөлігі), 346, 347, 348, 350, 351, 352-баптар)" деген сөздер "жергілiктi атқарушы органдардың (облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) (127, 237-1, 309-1 (жетінші, сегізінші бөліктері), 309-4 (сегізінші, тоғызыншы бөліктері), 342, 343, 357-2 (екінші бөлігі), 346, 347, 348, 350, 351, 352-баптар)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілiктi атқарушы органдарының (163-6, 349-баптар) уәкiлеттiк берілген лауазымды адамдарының құқығы бар." деген сөздер "облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілiктi атқарушы органдарының (163-6, 165, 226 (бірінші және екінші бөліктері) 349-баптар) уәкiлеттiк берілген лауазымды адамдарының құқығы бар." деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат, № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат):

      1) 14-1-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "(реконструкциялау), жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту мақсаттары үшін," деген сөздер "(реконструкциялау) мақсаттары үшін, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобалары, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 16-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жер қойнауын пайдалану (өндіру жөніндегі; бірлескен барлау және өндіру жөніндегі; барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін), магистральдық құбыржолдар, мұнай және газ өңдеу объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді салу (реконструкциялау) мақсаттары үшін, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобалары үшін жер учаскелерін беру, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылғанда және қазу үшін магистральдық құбыржолдар салу, "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыру үшін жер учаскелерін мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иеліктен шығару;";

      3) 48-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінің 18) тармақшасындағы "корпорацияларға берілетін жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын беру сауда-саттықтарда (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады." деген сөздер "корпорацияларға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:

      "19) индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне берілетін жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын беру сауда-саттықтарда (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады.".

      3. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж. № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 29 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті органдардың мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі құзыретінің аражігін ажырату және бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұны 31-тараудың мынадай мазмұндағы жаңа 244-4-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "244-4-бап. Тазартылған алтынға салық салу";

      2) 14-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген тәртіппен, Кеден одағына мүше мемлекеттерден импортталатын акцизделетін тауарларды (жеңіл автомобильдерді қоспағанда) алдағы уақытта алатыны туралы салық органдарына хабарлауға міндетті.";

      3) 84-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензия негізінде пайлық инвестициялық қор активтерін сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асыратын басқарушы компаниялар үшін – Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасына сәйкес пайлық инвестициялық қорлар алған және мұндай басқарушы компанияның сыйақысын қоспағанда, пайлық инвестициялық қордың кастодианы солай деп таныған инвестициялық табыстар.";

      4) 99-баптың 1-тармағында:

      1) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) егер осы тармақтың 1-1) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, тәуекелдiк инвестициялаудың жабық пайлық инвестициялық қорлары мен тәуекелдiк инвестициялаудың акционерлiк инвестициялық қорлары төлейтiндердi қоспағанда, дивидендтер;

      1-1) мынадай шарттарды бір мезгілде орындаған кезде:

      дивидендтерді есептеу күніне салық төлеуші тәуекелдік инвестициялаудың осындай акционерлік инвестициялық қорының акцияларына немесе қатысу үлестеріне үш жылдан астам иелік етсе;

      технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институтының тәуекелдік инвестициялаудың осындай акционерлік инвестициялық қорының жарғылық капиталына қатысуы жиырма бес пайыздан астамды құраса, тәуекелдiк инвестициялаудың акционерлiк инвестициялық қорлары төлейтiн дивидендтер;";

      "7) Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық қызметтен акционерлiк инвестициялық қорлар алған және акционерлік инвестициялық қордың кастодианы ескерген инвестициялық табыстар;";

      5) 133-баптың 1-тармағы 4) тармақшадағы "мүліктің құнын азайтуға құқығы бар." деген сөздер "мүліктің құнын;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) ғылым саласындағы уәкілетті органның қорытындысы бойынша ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық деп танылған жұмыстарды орындауға тиісті салық кезеңдерінде нақты жұмсалған шығыстардың 50 пайызы мөлшерінде азайтуға құқығы бар. Осы тармақша Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген жұмыстардың нәтижесі енгізілген жағдайда, өнертабысты, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган салық төлеушіге берген, осындай жұмыстарды жүзеге асыру нәтижесінде алынған өнеркәсіптік меншік объектілеріне арналған қорғау құжаттары болған кезде қолданылады.

      Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жатқызылатын жұмыстардың тізбесін, Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижесін енгізуді растау тәртібін, сондай-ақ қорытындының нысаны мен оны беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Бұл ретте салық төлеушінің қорғау құжатын алуға арналған шығыстары ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауға арналған шығыстар деп танылмайды.";

      6) 237-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, тауарларды өткізу бойынша айналым жасау күні:

      егер тауар тұрған жерінде берілуге тиіс болса, тауарды шарттың талаптарына сәйкес оның тұрған жерінде сатып алушыға немесе ол айқындаған, тауарды жеткізуді жүзеге асыратын тұлғаға немесе ол сенім білдірген тұлғаға беру күні;

      егер сатушының тауарды сатып алушыға оның тұрған жерінде беру жөніндегі міндеті көзделмесе, тауарды шарт талаптарында айқындалған орында сатып алушыға немесе ол сенім білдірген тұлғаға беру күні болып табылады.

      Жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күні жұмыстар орындау, қызметтер көрсету күні болып табылады.

      Бұл ретте қол қойылған:

      орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінде;

      Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттер арасында қол қойылған, жүктерді темір жол көлігімен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде темір жол ынтымақтастығы саласындағы шарттарға (келісімдерге) сәйкес ресімделген, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын құжатта (шот-фактурадан басқа) көрсетілген жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген күн деп танылады.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Осы баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген құжаттарда жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің күні бір күннен артық болған кезде оның неғұрлым ертерек күні жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні болып табылады.

      Егер осы баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген құжаттарда жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні көрсетілмесе, онда осы баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген құжаттар ресімделген күн жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні болып табылады.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Күнтізбелік жыл ішінде осы баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген құжаттар болмаған кезде:

      1) қосылған құн салығы көрсетiлiп, шот-фактура жазылған күннің;

      2) әрбiр төлемдi (есеп айырысу нысанына қарамастан) алу күнiнің қайсысы бiрiншi басталса, сол күн өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.

      9. Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын және қызметiн филиалдар, өкiлдiктер арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместен жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді сатып алған жағдайда, қол қойылған:

      орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінде;

      Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасы мен басқа да мемлекеттер арасында қол қойылған, жүктерді темір жол көлігімен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде темір жол ынтымақтастығы саласындағы шарттарға (келісімдерге) сәйкес ресімделген, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын құжатта көрсетілген жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні сатып алу бойынша айналым жасау күнi деп танылады.

      Егер осы тармақтың бірінші бөлігінің екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген құжаттарда жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні көрсетілмесе, онда осы тармақтың бірінші бөлігінің екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген құжаттар ресімделген күн жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні болып табылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген құжаттарда жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің күні бір күннен артық болған кезде оның неғұрлым ертерек күні жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні болып табылады.";

      7) 243-бапта:

      1-тармақтың 2) және 3) тармақшаларында "жүктің кедендік декларациясы" және "жүктің толық кедендік декларациясы" деген сөздер тиісінше "тауарларға декларацияның көшірмесі" және "тауарларға толық декларацияның көшірмесі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:

      1) және 2) тармақшалардағы "жүктің кедендiк декларациясы" деген сөздер "тауарларға декларацияның көшірмелері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) және 4) тармақшалардағы "жүктің кедендiк декларациясының" деген сөздер "тауарларға декларацияның" деген сөздермен ауыстырылсын.";

      8) 244-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Егер тасымалдауды ресiмдеу осы баптың 3-тармағында белгіленген бiрыңғай халықаралық тасымалдау құжаттарымен жүзеге асырылған болса, осы баптың 1-тармағының мақсаты үшiн тасымалдау халықаралық тасымалдау деп есептеледi.";

      3-тармақтың 1) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "есеп-қисап кезеңi iшiнде экспорттың және ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімдеріне орналастырылған тауарларға декларацияның көшірмесі не есеп-қисап кезеңi iшiнде кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларға декларация;

      орындалған жұмыстардың актiлерi, сатушыдан не көрсетілген жүктерді бұдан бұрын жеткізуді жүзеге асырған басқа да тұлғалардан сатып алушыға не көрсетілген жүктерді одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа да тұлғаларға жүктердi қабылдап алу-тапсыру актiлерi;";

      9) мынадай мазмұндағы 244-4-баппен толықтырылсын:

      "244-4-бап. Тазартылған алтынға салық салу

      1. Алтын өндіруді және шығаруды жүзеге асыратын салық төлеушілердің алтын-валюта активтерін толықтыру үшін өз өндірісі шикізатынан тазартылған алтынды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өткізуі бойынша айналымға нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынады.

      2. Мыналар:

      1) салық төлеуші мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында жасалған алтын-валюта активтерін толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алу-сатудың жалпы талаптары туралы шарт;

      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өткізілген тазартылған алтын құнын растайтын құжаттардың көшірмесі;

      3) тазартылған алтын саны көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тазартылған алтынды алғанын растайтын құжаттардың көшірмесі осы баптың 1-тармағында көрсетілген, нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжаттар болып табылады.";

      10) 248-бапта:

      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) егер осы Кодекстің 244-4-бабында өзгеше белгіленбесе, тазартылған қымбат бағалы металдарды – өз өндірісі шикізатынан дайындалған алтынды, платинаны;";

      16-1) тармақшадағы "бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес болған:" деген сөздер "егер осы Кодекстің 244-4-бабында өзгеше белгіленбесе, бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес болған:" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 262-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Есепке жатқызудың бөлек әдісін пайдаланатын қосылған құн салығын төлеушілердің бір мезгілде салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар мақсаттарында пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызуға жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде жалпы айналымдағы салық салынатын айналымның үлес салмағын қолдануға құқығы бар.";

      12) 263-баптың 5-тармағының 2-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушi мен алушының тұрған жерінің почталық индексі көрсетілмеген мекенжайы;";

      13) 276-12-бапта:

      2-тармақтағы "Экспортталатын" деген сөз "Экспортталатын немесе импортталатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы баптың 2-тармағының мақсаты үшiн мыналар:

      1) экспорттау жағдайында, тауарларды импорттаушыдан экспорттаушы алған, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгенi туралы өтiнiштiң көшiрмесi;

      2) импорттау жағдайында, тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттаған салық төлеушіден алынған тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгенi туралы өтiнiштiң көшiрмесi;

      3) орындалған жұмыстардың актiлерi, сатушыдан не көрсетілген жүктерді бұдан бұрын жеткізуді жүзеге асырған басқа да тұлғалардан сатып алушыға не көрсетілген жүктерді одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа да тұлғаларға жүктердi қабылдап алу-тапсыру актiлерi;

      4) шот-фактуралар растайтын құжаттар болып табылады.

      4. Жүктерді магистральдық құбыржолдар жүйесі бойынша Кеден одағына мүше мемлекеттің бірінің аумағынан сол немесе Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау, егер тасымалдауды ресімдеу мынадай құжаттармен:

      1) орындалған жұмыстардың актiлерiмен, сатушыдан не көрсетілген жүктерді бұдан бұрын жеткізуді жүзеге асырған басқа да тұлғалардан сатып алушыға не көрсетілген жүктерді одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа да тұлғаларға жүктердi қабылдап алу-тапсыру актiлерiмен;

      2) шот-фактуралармен жүзеге асырылса, халықаралық тасымалдау деп есептеледі.";

      14) 387-бап мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "3-1. Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамалық актісіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесінде көзделген инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруды Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамалық актісіне сәйкес жасалған келісімшарт негізінде жүзеге асыратын заңды тұлғалар инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын жер учаскелері бойынша жер салығын есептеу кезінде жер салығының тиісті мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолданады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері жер учаскесін немесе оның бір бөлігін (ондағы үйлермен, құрылыстармен, ғимараттармен бiрге не оларсыз) жалға, өзге де негіздерде пайдалануға беру жағдайларында қолданылмайды.

      Осы тармақтың ережелері келісімшарт жасалған айдың алғашқы күнінен бастап қолданылады және оның қолданысы келісімшарт жасалған күннен бастап жеті жылдан аспайды.

      3-2. Технологиялық парктер Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамалық актісінде көзделген қызметтің негізгі түрін жүзеге асыру үшін бөлінген жер учаскелері бойынша жер салығын есептеу кезінде жер салығының тиісті мөлшерлемелеріне 0,1 коэффициентін қолданады.

      Осы тармақтың ережелерін бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:

      1) Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамасына сәйкес құрылған;

      2) осындай технологиялық парктердің жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестері) құнының елу немесе одан астам пайызы технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институтына тиесілі технологиялық парктер қолдануға құқылы.";

      15) 398-бап мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:

      "6. Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамалық актісіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесінде көзделген инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлғалар пайдалануға алғаш берілген объектілер бойынша Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамалық актісіне сәйкес жасалған келісімшарт негізінде салық базасына 0 пайыз мөлшерлеме бойынша мүлік салығын есептейді.

      Осы тармақтың бірінші абзацының ережелері салық салу объектілерін пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға беру жағдайларында қолданылмайды.

      Осы тармақтың ережелері объектілерді пайдалануға беру жүзеге асырылған айдың 1-ші күнінен бастап, бірақ келісімшарт жасалған күннен кейін қолданылады және ол келісімшарт жасалған күннен бастап жеті жылдан аспайды.

      7. Технологиялық парктер индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамалық актіде көзделген қызметтің негізгі түрін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын объектілер бойынша салық базасына 0,1 пайыз мөлшерлеме бойынша мүлік салығын есептейді.

      Осы тармақтың ережелерін бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:

      1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамаға сәйкес құрылған;

      2) осындай технологиялық парктердің жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестері) құнының елу немесе одан астам пайызы технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институтына тиесілі технологиялық парктер қолдануға құқылы.";

      16) 653-баптың 6-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын.".

      4. "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 7-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының Кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      11-баптың 1-тармағының бесінші бөлігіндегі "оқытушылар лауазымдарында жұмыс iстейтiн, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен расталған құжаттары бар жоғары бiлiмдi шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды." деген сөздер "жоғары білімді оқытушылар лауазымдарында жұмыс iстейтiн, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен расталған құжаттары бар;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы және жетінші бөліктермен толықтырылсын:

      "индустриялық-инновациялық жобаны іске асыру мақсатында индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган біліктілігі жоғары шетел мамандарын тартуға инновациялық грант беру туралы шешім қабылдаған ұйымдарда басшылар және жоғары білімді мамандар лауазымдарында жұмыс істейтін;

      ұлттық даму институттарында, олармен байланысты ұйымдарда басшылар және жоғары білімді мамандар лауазымдарында жұмыс істейтін шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.".

      5. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат, № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., №1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011., №1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңы):

      4-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін шешiмдердiң қабылдануына жол бермеуге;".

      6. "Инвестициялар туралы" 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 4-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат):

      1) 13-баптың 3) тармақшасындағы "гранттар беріледі." деген сөздер "гранттар;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4) инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыратын заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен жер салығына және мүлік салығына жеңілдіктер;

      5) әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен елді мекендерде инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыратын заңды тұлғалар үшін өнеркәсіптік жеңілдіктер беріледі.";

      2) мынадай мазмұндағы 18-1 және 18-2-баптармен толықтырылсын:

      "18-1-бап. Инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыратын заңды тұлғалар (тұлға) үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен жер салығына және мүлік салығына жеңілдіктер

      1. Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын заңды тұлға Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен жер салығы және мүлік салығы бойынша жеңілдіктерге үміттене алады.

      2. Инвестициялық стратегиялық жобалардың тізбесіне енгізу үшін инвестициялық жоба қосылған құны жоғары (қайта жасалуы және қайта өңделуі анағұрлым жоғары) өнім өндіруге бағытталуға, басым қызмет түрлеріне сәйкес келуге, сондай-ақ мынадай критерийлердің біріне жауап беруге тиіс:

      1) инвестициялық жоба Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жоғары технологиялық өнімдерді өндіру қызметі түрлерінің тізбесіне кіретін өнімдерді өндіруге бағытталуға тиіс;

      2) инвестициялық жоба бойынша инвестиция көлемі тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген ең төменгі есептік көрсеткіштің бес миллион еселенген мөлшерінен кем болмауға тиіс.

      3. Инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      18-2-бап. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен елді

       мекендерде инвестициялық стратегиялық жобаларды іске

       асыратын заңды тұлғалар үшін өнеркәсіптік

       жеңілдіктер

      1. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен елді мекендерде инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыратын заңды тұлғаларға өнеркәсіптік жеңілдіктер беру әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен елді мекендерде инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын заңды тұлғаның мынадай:

      1) газға;

      2) электр энергиясына;

      3) жер учаскесін сатып алуға;

      4) ғимараттар, құрылыстар сатып алуға (салуға) арналған шығын түрлері бойынша шығындарының бір бөлігін өтеуді немесе төлеуді қамтиды.

      2. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен елді мекендерде инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыратын заңды тұлғалар үшін өнеркәсіптік жеңілдіктер беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен елді мекендерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.".

      7. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., №4, 28, 33-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32, 43-құжаттар; № 6, 50-құжат):

      34-1-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Екінші деңгейдегі банктерді (Қазақстанның Даму Банкінен және Қазақстанның Тұрғын үй құрылысы жинақ банкінен басқа) қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы, оның ішінде кепілдікті тапсырысты орналастыруы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгілік қағидалары негізінде жүзеге асырылады.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы баптың 1-тармағында атап санамаланған тұлғалар индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға ол белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту бойынша ақпарат беруге міндетті.

      Жергілікті қамту Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезіндегі жергілікті қамтуды есептеудің бірыңғай әдістемесі бойынша айқындалады.".

      8. "Сауда қызметiн реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 6, 44-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат):

      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әкетудi және (немесе) әкелудi сан жағынан шектеулер – тауарлардың сыртқы саудасын сан жағынан шектеу жөнiндегi, квоталарды белгiлеу жолымен енгiзiлуi мүмкiн шаралар;

      2) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәнi – бағаның негiзсiз өсуiне жол бермеу, инфляцияны рұқсат етiлген шекте ұстау және елде макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында белгiленетiн бөлшек сауда бағаларының рұқсат етiлген деңгейi, сауда қызметiнің субъектiсi әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларын осы деңгейге дейін айқындауға құқылы;

      3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағасы – әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәндерi артқан жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін бөлшек сауда бағаларының деңгейі;

      4) бөлшек сауда – сатып алушыға жеке, отбасылық, үй iшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес өзгедей пайдалануға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;

      5) кедендiк баждардың квотадан тыс мөлшерлемесі – белгiленген тарифтiк квотадан тыс әкелiнетiн тауарларға белгiленетiн кедендiк әкелiм бажының мөлшерi (шамасы);

      6) кедендiк баждардың квотаiшiлiк мөлшерлемесі – белгiленген тарифтiк квота шегiнде әкелiнетiн тауарларға белгiленетiн кедендiк әкелiм бажының мөлшерi (шамасы);

      7) көтерме сауда – кейiннен сатуға немесе жеке, отбасылық, үй iшiнде және осындай өзгедей пайдаланумен байланысты емес өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;

      8) қоғамдық тамақтандыру – тамақ өнiмдерiн өндiрумен, қайта өңдеумен, өткiзумен және тұтынуды ұйымдастырумен байланысты кәсiпкерлiк қызмет;

      9) рұқсат – осы Заңға сәйкес сыртқы сауда шарты (келiсiмшарты) негiзiнде сыртқы сауда қызметiне қатысушыға берiлетiн рұқсат ету құжаты;

      10) сауда алаңы – тауарлар сату кезiнде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет етуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға, сатып алушылардың өтуiне арналған, арнайы құрал-жабдық қойылған сауда объектiсiнiң алаңы;

      11) сауда желiсi – ортақ басқарудағы және (немесе) бiрыңғай коммерциялық белгiнi немесе дараландырудың өзге де құралы аясында пайдаланылатын, екi мың шаршы метрден кем емес жалпы сауда алаңы бар, екi және одан да көп сауда объектiлерiнiң жиынтығы;

      12) сауда қызметi – жеке және заңды тұлғалардың тауарларды сатып алу-сатуды жүзеге асыруға бағытталған кәсiпкерлiк қызметi;

      13) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – сауда қызметi саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      14) сауда қызметiнің субъектici – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сауда қызметiн жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      15) сауда объектiсi – арнайы құрал-жабдықпен жарақталған, тауарлар сату кезiнде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет етуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға арналған және пайдаланылатын үй немесе үйдiң бiр бөлiгi, құрылыс немесе құрылыстың бiр бөлiгi, ғимарат немесе ғимараттың бiр бөлiгi, автоматтандырылған құрылғы немесе көлiк құралы;

      16) сауда саясаты – осы Заңда белгiленген мақсаттар мен қағидаттарды iске асыру үшiн мемлекеттiк органдар жүргiзетiн ұйымдастырушылық, құқықтық, экономикалық, бақылау шараларының және өзге де шаралардың жиынтығы;

      17) сыртқы сауда (бұдан әрi – сыртқы сауда қызметi) – тауарларды Қазақстан Республикасынан әкетумен және (немесе) Қазақстан Республикасына әкелумен байланысты сауда қызметi;

      18) тарифтiк квота – кедендiк әкелiм бажының қолданыстағы мөлшерлемесімен салыстырғанда тауардың белгiлi бiр санын (заттай немесе құнымен алғанда) әкелу кезiнде белгiлi бiр кезең iшiнде кедендiк әкелiм бажының неғұрлым төмен мөлшерлемесін қолдануды көздейтiн, үшiншi елдерден шығарылатын тауарлардың жекелеген түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелудi реттеу шарасы;

      19) тауар – сатуға немесе айырбастауға арналған, айналымнан алынбаған кез келген еңбек өнiмi;

      20) тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортын және (немесе) импортын қадағалау – тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспорты және (немесе) импорты серпiнiнің мониторингісі мақсатында белгiленетiн уақытша шара;

      21) тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық – уәкiлеттi орган беретiн лицензияның негiзiнде ұсынылатын тауарлардың жекелеген түрлерiне қатысты сыртқы сауда қызметiн жүзеге асыру құқығы;

      22) iрi сауда объектiсi – сауда алаңы екi мың шаршы метрден кем емес сауда объектiсi;

      23) iшкi сауда – Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сауда қызметi.";

      2) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнің құзыреті

      Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) сауда саясатын жүзеге асыруды ұйымдастырады;

      2) сауда қызметі саласындағы мемлекеттiк бағдарламаларды әзірлейді;

      3) сауда қызметі саласындағы салалық бағдарламаларды бекітеді;

      4) Қазақстан Республикасының iшкi нарығын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;

      5) сыртқы сауда қызметiн кедендiк-тарифтiк реттеу шараларын қолданады;

      6) сыртқы сауда қызметiн тарифтiк емес реттеу шараларын қолданады;

      7) iшкi сауда қағидаларын бекiтедi;

      8) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудiң ең төменгi нормативтерiн бекiтедi;

      9) сауда қызметi саласында шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық пен өзара iс-қимылды және шетелде Қазақстан Республикасының сауда өкiлдiктерiн ашуды жүзеге асырады;

      10) сауда қызметi саласында келiссөздер жүргiзу және үкiметаралық келiсiмдерге қол қою туралы шешiмдер қабылдайды;

      11) уәкiлеттi органды айқындайды;

      12) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағалардың шектi мәндерiн және оларға бөлшек сауда бағаларының шектi рұқсат етiлген мөлшерiн белгiлеу тәртiбiн бекiтедi;

      13) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәндерiн бекiтедi;

      14) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағаларының мөлшерiн бекiтедi;

      15) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.";

      3) 7-1-бап алып тасталсын;

      4) 8-баптың 1) тармақшасындағы "мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын;

      5) 15 және 15-1-баптар алып тасталсын.

      9. "Концессиялар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 88-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; 2011 жылғы 29 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті органдардың мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі құзыретінің аражігін ажырату және бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 17-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) нәтижесінде жеңіп шыққан концессия өтінімін анықтауға негіз болатын барлық критерийлердің, оның ішінде жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің сипаттамасын, оның iшiнде мұндай әрбір критерийдің салыстырмалы мәнін, концессиялық өтінімдерді бағалау және салыстыру тәсiлiнiң сипаттамасын;";

      2) 21-баптың 1-тармағының 18) және 19) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) жергілікті қамту жөнiндегi мiндеттемелердi;

      19) концессионердiң сатып алуды жүргiзу үшiн жоспарланатын жылдың 1 ақпанынан кешiктiрмей тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудың алдағы жылға арналған жылдық бағдарламасын және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген нысан мен мерзімдер бойынша оған сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетiлген қызметтер туралы ақпаратты жыл сайын беру жөнiндегi мiндеттемелерiн қамтуға тиiс.".

      10. "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., №5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; 2011 жылғы 29 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті органдардың мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі құзыретінің аражігін ажырату және бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-баптың 6-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-1) жергілікті қамту – мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауға жұмысқа тартылған Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбегіне ақы төлеу құнының осы шарт бойынша еңбекке ақы төлеудің жалпы қорындағы және (немесе) Қазақстан Республикасы резиденттерінің жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу немесе толық өндіру критерийлеріне сәйкес тауарда (тауарларда) белгіленген қазақстандық шығарылым үлесі (үлестері) құнының мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауардың (тауарлардың) жалпы құнындағы пайыздық қамтылуы;";

      2) 14-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтудың көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау тәртібін айқындайды;";

      3) 14-1-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) мемлекеттік сатып алу саласындағы есептілікті, оның ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтудың көлемі туралы есептілікті техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;";

      4) 17-баптың 4-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жергілікті қамтуды көздеуге міндетті.".

      11. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 29 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған ""Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 24 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 57-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "57-1) халықаралық мектеп – өз бетінше әзірлеген интеграцияланған білім беру бағдарламаларын іске асыратын, Халықаралық Бакалавриат Ұйымында авторландырудан немесе халықаралық институционалдық аккредиттеуден өткен білім беру ұйымы;";

      2) 47-баптың 6-1-тармағы "Назарбаев Зияткерлік мектептерін" деген сөзерден кейін "және халықаралық мектептерді" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 65-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Халықаралық мектеп мәртебесін беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша, ол айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.".

      12. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiн (Салық кодексi) қолданысқа енгiзу туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат, 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 101-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат):

      49-1-баптың бесінші бөлігіндегі "уәкілетті орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкіметі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      13. "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" 2009 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 2-3, 17-құжат; № 24, 133-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат):

      1) 3-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) отандық тауар өндірушілермен және жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушілермен өзара іс-қимыл жасау арқылы жергілікті қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу;";

      2) 7-баптың 5-тармағының екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жергілікті қамту Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі бойынша айқындалады.

      Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту бойынша ақпарат индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде осы уәкілетті органға ұлттық басқарушы холдинг атынан шоғырландырылған түрде ұсынылады.".

      14. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):

      1) 1-баптың 34), 37), 92) және 109) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "34) жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) жергілікті қамту – жұмысты орындау кезінде пайдаланылатын тауарлардың құны және қосалқы мердігерлік шарттарының бағалары шегеріле отырып, жұмысты орындау кезінде пайдаланылатын тауарлардағы, шарттың және (немесе) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу бағасындағы, жұмысты орындауға немесе қызмет көрсетуге арналған шарт бойынша жұмыс орындаушының еңбегіне (қызмет көрсетуге) ақы төлеу қорындағы жергілікті қамту құнының жалпы жиынтық үлесі;";

      "37) кадрлардағы жергілікті қамту – жұмысшылар мен қызметшілерді әрбір санаты бойынша бөле отырып, келісімшартты орындау кезінде жұмысқа тартылған персоналдың жалпы санына пайызбен алғандағы қазақстандық кадрлардың саны;";

      "92) тауардағы жергілікті қамту – Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын, тауарды қайта өңдеуге пайдаланылатын жергілікті материалдар құнының және тауарларды өндіруші шығындарының тауардың түпкілікті құнындағы пайыздық қамтылуы;";

      "109) ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамтуды есептеу үшін қолданылатын тәртіп;";

      2) 16-баптың 55), 59) және 60) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "55) ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекітеді;";

      "59) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шартына енгізілетін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі ең аз жергілікті қамтуды есептеу тәртібін бекітеді;

      60) жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуының жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасаудың және ұсынудың нысандары мен тәртібін бекітеді;";

      62) тармақша алып тасталсын;

      3) 17-баптың 19) және 21) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға жинақтау және талдау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуындағы жергілікті қамту бойынша жалпы ақпаратты беру;";

      "21) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту және кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелерді қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттар талаптарын орындауына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру;";

      4) 19-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "19-бап. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның құзыреті";

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне:";

      16, 21) және 22) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесін әзірлеу;";

      "21) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың шарттарына енгізілетін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі ең аз жергілікті қамтуды есептеу тәртібін әзірлеу;

      22) жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуының жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасау және ұсыну нысандары мен тәртібін мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп әзірлеу;";

      24) тармақша алып тасталсын;

      5) 26-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:

      1) кадрлардағы жергілікті қамтуды есептеу әдістемесін әзірлейді және құзыретті органның келісімі бойынша бекітеді;

      2) жер қойнауын пайдаланушылардың кадрлардағы жергілікті қамту бойынша, сондай-ақ кемсітпеушілік негізде қазақстандық кадрлардың еңбек жағдайлары мен еңбегіне ақы төлеуді қамтамасыз ету бойынша келісімшарттық міндеттемелерді орындауының мониторингін жүзеге асыруға қатысады;

      3) кадрлардағы жергілікті қамтудың ең аз санын есептеу тәртібін бекітеді;

      4) құзыретті органмен келісілген тәртіппен оған жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс талаптарына енгізу үшін кадрлардағы ең аз жергілікті қамтуды ұсынады;

      5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";

      6) 27-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі, кадрлардағы жергілікті қамту мен аумақтарды әлеуметтік дамыту, оның ішінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі бөлігінде жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық міндеттемелерді орындауының мониторингін жүзеге асыруға қатысады;";

      7) 35-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) "Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерімен барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге;";

      8) 47-баптың 2-тармағында:

      6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) кадрлардағы ең аз жергілікті қамту;

      7) тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі ең аз жергілікті қамту;";

      9) тармақша "ғылыми-зерттеу" деген сөздерден кейін ", ғылыми-техникалық" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) 50-баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде:

      4) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) қазақстандық кадрларды оқыту мен олардың біліктілігін арттырудың міндетті бағдарламаларының іске асырылуына қарай өсіп отыруға тиіс кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелер;";

      "6) келісімшарт бойынша жұмыстарды орындауға қажетті тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту бойынша міндеттемелер;";

      7) тармақша "ғылыми-зерттеу" деген сөздерден кейін ", ғылыми-техникалық" деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 58-баптың 3-тармағында:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) кадрлардағы, сатып алынатын тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамтудың мөлшерлерін;";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі болып табылатын жер қойнауын пайдаланушының өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған өтінімінде жоғарыда аталған мәліметтерден басқа қолдануға ұсынылатын технологиялар туралы ақпаратты қамтитын технологиялық бағдарлама болуға тиіс.";

      11) 60-бапта:

      3-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) тауарлардағы, жұмыстардағы, қызметтердегі және кадрлардағы жергілікті қамтудың көлемі;";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қолдануға ұсынылатын технологиялар туралы ақпаратты қамтитын технологиялық бағдарламаның болуы индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі болып табылатын жер қойнауын пайдаланушымен жасалатын өндіруге арналған келісімшарттың қосымша шарты болып табылады.";

      7-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы баптың 3-тармағында көрсетілген шарттар бойынша келісімге қол жеткізілмеген жағдайда құзыретті орган және барлауға арналған келісімшарттың негізінде кен орнын табу мен бағалауды жүргізген тұлға қол қойылған бонустың, тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі және кадрлардағы жергілікті қамтудың, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстардың мөлшерлеріне қатысы бар қайталама конкурстың қажетті шарттарын бірлесіп айқындайды.";

      12) 61-баптың 2-тармағының екінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Келісімшарт: қол қойылған бонусты төлеудің мөлшері мен талаптары бойынша; өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстардың мөлшері мен талаптары бойынша; кадрлардағы жергілікті қамту бойынша; Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталатын шығыстардың мөлшері бойынша; тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту бойынша; жұмысқа тартылған шетелдік персоналға қатысты, мердігерлік жұмыстармен айналысатын персоналды қоса алғанда, қазақстандық персонал үшін еңбекақы төлеудің тең жағдайларын қамтамасыз ету бойынша; Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға осы Заңда белгіленген шығыстар мөлшері бойынша міндеттемелерді қамтуға тиіс.";

      "Келісімшарттың талаптары жер қойнауын пайдаланушының өзі қабылдаған, оның ішінде тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі және кадрлардағы жергілікті қамту бойынша, келісімшартта көзделген салықтық емес сипаттағы төлемдер бойынша міндеттемелерді орындамағаны, тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық төлемі (айыппұлдар, өсімпұлдар) мөлшерін қамтуға тиіс.";

      13) 76-баптың 1-тармағында:

      мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "12-1) тауарларды, көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілер көрсететін ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруды нақты қызмет бойынша жиынтық жылдық табыстың кемінде бір пайызы мөлшерінде жыл сайын жүзеге асыруға міндетті.

      Жер қойнауын пайдаланушының ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауға, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберіндегі қызметпен байланысты, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберіндегі қызметпен байланысты емес, қосылған құны жоғары өнімді (қайта жасалуы жоғары) алуға бағытталған жұмыстарға, экология, еңбекті қорғау, жұмысты қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету, өндірістік қызмет шеңберінде (технологиялық цикл) энергия үнемдеуге жұмсаған нақты шығыстары және (немесе) "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері жүзеге асыратын ғылыми зерттеулерді, сондай-ақ "Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтерін қаржыландыруға арналған шығыстары оның ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемені орындауы болып табылады.

      Осы тармақшаның ережелері келісімшарттардың мынадай:

      кеңінен таралған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге арналған;

      жерасты суларын барлауға және (немесе) өндіруге арналған;

      емдік балшықтарды барлауға және (немесе) өндіруге арналған;

      барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған түрлеріне қолданылмайды;";

      19) және 21) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей, тоқсан сайын құзыретті органға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысандар мен тәртіп бойынша сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есептерді ұсынуға;";

      "21) есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей, жыл сайын құзыретті органға кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есепті ұсынуға;";

      мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "21-1) есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей, тоқсан сайын құзыретті органға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысандар мен тәртіп бойынша ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру бойынша міндеттемелерді орындау жөніндегі есепті ұсынуға;";

      14) 78-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Келісімшарттық міндеттемелерді жергілікті қамту бөлігінде орындауға қатысты, жер қойнауын пайдаланушының тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сатып алуды жоспарлауы және жүргізуі, сондай-ақ қазақстандық мамандарды оқытуға арналған шығындар мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстар туралы ақпарат құпия болып табылмайды.";

      15) 129-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен жер қойнауын пайдалануға арналған бұрын жасалған келісімшарттар бойынша тараптар терминологияны бірізге келтіру, кадрлардағы жергілікті қамту, ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесіне сәйкес есептелген тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту туралы, құзыретті орган бекітетін тәртіппен және нысандар бойынша жоспарланып отырған және нақты жүргізілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы ақпарат беру бөлігінде осы Заңда белгіленген талаптарды басшылыққа алуға міндетті.".

      15. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      134-бапта:

      2-тармақтың 7) тармақшасындағы "қолданбалы" деген сөз алып тасталсын;

      3-тармақтың 5) тармақшасындағы "іргелі" деген сөз алып тасталсын.

      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2-бап. Осы Заң, 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 7), 8) тармақшаларын, 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 2), 16) тармақшаларын, 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 1), 3) тармақшаларын, 4) тармақшасының жетінші абзацын, 6), 9)13) тармақшаларын, 1-баптың 12-тармағын, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 4) тармақшасының екінші – алтыншы абзацтарын, 5), 14), 15) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. НАЗАРБАЕВ



Дата вступления в силу:  09.01.2012
Дата изменения акта:  26.12.2012
Дата принятия акта:  09.01.2012
Информация об официальном опубликовании акта:  "Егемен Қазақстан" 2012 жылғы 26 қаңтардағы № 37-38 (27110); "Казахстанская правда" от 26.01.2012 г., № 29 (26848);
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  102000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  62911
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  535-IV
Статус акта:  upd
Сфера правоотношений:  008003000000 / 001008000000
Форма акта:  ЗАК
Юридическая сила:  0400
Язык акта:  kaz