1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастық негізгі принциптері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы үшінші хаттаманы ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 15 наурыздағы № 2-V Заңы

      2010 жылғы 10 желтоқсанда Мәскеуде жасалған 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы үшінші хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа
қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық
ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісімге
өзгерістер енгізу туралы
ҮШІНШІ ХАТТАМА

      Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (бұдан әрі - ҰҚШҰ) мүше мемлекеттер
      2000 жылғы 20 маусымда қол қойылған 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісімнің негізінде ұжымдық қауіпсіздіктің тиімді жүйесін қалыптастыру үшін ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ұлттық қарулы күштерін қазіргі заманғы қару-жарақпен және әскери техникамен жарақтандыру мүддесінде әскери-техникалық ынтымақтастықты одан әрі жетілдіруге ұмтыла отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімнің 3-бабы "еркін айналыстағы валютадағы" деген сөздерден кейін "және (немесе) Ресей Федерациясының рубліндегі" деген сөздермен, 6-бабының үшінші абзацы "еркін айналыстағы валютамен" деген сөздерден кейін "және (немесе) Ресей Федерациясының рублімен" деген сөздермен және 9-бабының бірінші абзацы "еркін айырбасталатын валютадағы" деген сөздерден кейін "және (немесе) Ресей Федерациясының рубліндегі" деген сөздермен толықтырылсын.

2-бап

      Осы Хаттама Келісімнің 14-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.

      2010 жылғы 10 желтоқсанда Мәскеу қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Хатшылығында сақталады.

      Армения Республикасы үшін         Ресей Федерациясы үшін

      Беларусь Республикасы үшін        Тәжікстан Республикасы үшін

      Қазақстан Республикасы үшін       Өзбекстан Республикасы үшін

      Қырғыз Республикасы үшін

      Көшірмесі дұрыс:
      ҰҚШҰ Хатшылығы
      Құқықтық бөлімінің бастығы
      _________________ К. Голуб

      Орыc тіліндегі мәтінге сәйкес мемлекеттік тілге аударылды.

      Қазақстан Республикасы
      Қорғаныс министрлігі
      Халықаралық ынтымақтастық
      департаменті бастығының
      орынбасары

      полковник                                  Ә. Кулбаев

      2010 жылғы 10 желтоқсанда Мәскеу қаласында қол қойылған 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастық негізгі принциптері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы үшінші хаттаманың куәландырылған көшірмесінің куәландырылған көшірмесі екендігін растаймын.

      Қазақстан Республикасы
      Сыртқы істер министрлігі
      Халықаралық құқық департаментінің
      Басқарма бастығы                           Б. Пискорский