2007 жылғы 18 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан - Қытай газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификаци

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі № 330-IV Заңы

      2009 жылғы 14 қазанда Пекинде жасалған 2007 жылғы 18 тамыздағы Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының арасындағы Қазақстан - Қытай газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

2007 жылғы 18 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қытай
газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы
келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
хаттама
(2010 жылғы 16 қыркүйекте күшіне енді -
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары Бюллетені,
2010 ж., N 6, 62-құжат)

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі (бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын),
      2007 жылғы 18 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қытай газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімнің (бұдан  әрі «Келісім» деп аталатын) 16-бабының негізінде,
      Батыс Қазақстаннан Қазақстанның оңтүстігіне газ құбырын салу жобасын уақтылы және табысты іске асыру мақсатында,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 1-бапта:
      үшінші абзацтағы «Қорғасқа дейінгі (ҚХР аумағында)» деген сөздер «ҚХР аумағындағы Қорғас пунктінің ауданына дейін» деген сөздермен ауыстырылсын, «учаскесі» деген сөзден кейін «(бұдан әрі - Бірінші учаске);» деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртінші абзац «учаскесі» деген сөзден кейін «(бұдан әрі - Екінші учаске);» деген сөздермен толықтырылсын;
      бесінші абзацтағы «Газ құбырының Өзбекстан Республикасы мен ҚР шекарасындағы бірінші учаскесінің» деген сөздер «Өзбекстан Республикасы мен ҚР шекарасындағы Бірінші учаскенің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      сондай-ақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Тараптар Уәкілетті ұйымдарға Екінші учаскеге байланысты инвестициялардың негіздемесін әзірлеуді және Уәкілетті ұйымдар арасында Екінші учаске мәселелері бойынша жасалатын жеке келісімде (бұдан әрі - НПК) оның бағытын, қуатын және жобалық қаржыландыру сомасын айқындауды, сондай-ақ Екінші учаскенің операторын айқындауды қоса алғанда, Екінші учаскені салудың кезеңділігін келісуді тапсырады.»;

      2) 3-бап бірінші абзацтан кейін мынадай редакциядағы абзацпен толықтырылсын:
      «Тараптар жобалық шешімдерді одан әрі оңтайландыру үшін алдын ала тиісті шаралар қабылдайды.»;

      3) 4-бапта:
      үшінші абзацтағы «қолдау» деген сөзден кейін «, өзара тұрақты ақпарат алмасуды ұйымдастыру және Газ құбырындағы төтенше, оның ішінде трансшекаралық сипаттағы жағдайлар туралы жедел хабарлау» деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Тараптар жер сілкінісі немесе өзге де төтенше жағдайлар туындаған жағдайда Газ құбырының орнықты жұмыс істеуі жөніндегі іс-шараларды әзірлейді.»;
      «басқасынан бөлек, ҚР қоршаған ортаны қорғау туралы заңнамасында көзделгендерді қоса алғанда, Газ құбырын салу және пайдалану үшін ҚР заңнамасы бойынша талап етілетін жерге қажетті құқықтарды, рұқсаттар мен лицензияларды ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен беруге жәрдем көрсету;» деген абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      «Екінші учаске жобасын іске асыру үшін ҚР-да құрылатын ұйыммен жобалық қаржыландыруға қажетті Екінші учаске бойынша газ тасымалдау туралы келісім (келісімдер) жасасу үшін Қазақстан тарабы Уәкілетті ұйымының немесе осы Уәкілетті ұйымның аффилиирленген компаниясының (аффилиирленген компанияларының) Екінші учаскенің өзін-өзі ақтау мерзімінен кем емес кезеңде «тасымалда немесе төле» («ship or pay») принципі бойынша жылына 5 (бес) млрд.м3 газды беруін қамтамасыз ету, бұл ретте Қазақстан тарабы мұндай келісімнің (келісімдердің) орындалуын қамтамасыз етудің қолайлы тәсілдерін ұсынады;
      Қытай тарабының Уәкілетті ұйымына немесе осы Уәкілетті ұйымның аффилиирленген компаниясына (аффилиирленген компанияларына) тиесілі газ көлемдерін «Бұхара - Орал» магистральдық газ құбырының учаскесі бойынша 13-компрессорлық станциядан «Бозой» компрессорлық станциясына дейінгі бағыт бойынша Екінші учаскеге және Бірінші учаскеге жеткізу үшін тасымалдау мүмкіндігін қамтамасыз ету;
      «Өріктау» газ конденсаты кен орнына арналған жер қойнауын пайдалану құқықтарының Қазақстан тарабының Уәкілетті ұйымы (немесе Қазақстан тарабы Уәкілетті ұйымының аффилиирленген компаниясы) Қытай тарабының Уәкілетті ұйымымен (немесе Қытай тарабы Уәкілетті ұйымының аффилиирленген компаниясымен) бірлесіп құратын бірлескен кәсіпорынға берілуін қамтамасыз ету.»;
      «басқасынан бөлек, ҚХР-дың қоршаған ортаны қорғау туралы заңнамасында көзделгендерді қоса алғанда, Газ құбырын салу және пайдалану үшін ҚХР заңнамасы бойынша талап етілетін жерге қажетті құқықтарды, рұқсаттар мен лицензияларды ҚХР заңнамасында белгіленген тәртіппен беруге жәрдем көрсету;» деген абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Қазақстан тарабының Уәкілетті ұйымы және Қытай тарабының Уәкілетті ұйымы Екінші учаске жобасын іске асыру үшін ҚР-да құрылатын ұйымның жарғылық капиталына бір жолғы салым ретінде 500000000 (бес жүз миллион) АҚШ долларынан енгізген жағдайда Екінші учаске жобасын іске асыру үшін ҚР-да құрылатын ұйымға НПК-ге сәйкес Екінші учаскені салу үшін жобалық қаржыландыруды ұйымдастыруға жәрдемдесу.»;

      4) 5-бапта:
      бірінші абзацтағы «Газ құбырының бірінші учаскесін» деген сөздер «Бірінші учаскені» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацтағы «бірінші» деген сөз «Бірінші» деген сөзбен ауыстырылсын;
      үшінші абзацтағы «Газ құбырының екінші учаскесін» деген сөздер «Екінші учаскені» деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 6-бапта:
      бірінші абзацтағы «Газ құбыры» деген сөздер «Бірінші учаске» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Транзиттік газды Бірінші учаске бойынша ҚР аумағы арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтер тарифі және экспорт мақсаттары үшін газды Бірінші учаске бойынша ҚР аумағы арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтер тарифі жүк жөнелтушілер мен Бірінші учаскенің меншік иесі арасындағы шарттық негізде айқындалады.»;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Табиғи монополиялар саласындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын ҚР-ның құзыретті мемлекеттік органы ҚР табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес, басқасынан бөлек тартылған қарыздарды қайтаруды, салықтарды, алымдар мен бюджетке төленетін өзге де төлемдерді қоса алғанда, Екінші учаскені салу мен пайдалануға арналған шығындарды және пайда табу мүмкіндігін ескере отырып, ҚР аумағында тұтыну үшін Екінші учаске бойынша газды тасымалдауға, экспорт мақсаттары үшін газды Екінші учаске бойынша тасымалдау жөніндегі қызметтерге және транзиттік газды Екінші учаске бойынша тасымалдау жөніндегі қызметтерге есептелген бірыңғай тарифті бекітеді.»;

      6) 7-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Екінші учаскенің жобасын іске асырудың негізгі принциптері мен шарттары НПК-де реттелетін болады. «Өріктау» және «Жаңажол» кенорындарының газ ресурстары Екінші учаске бойынша тасымалдауға арналған шикізаттың негізгі көзі болуы мүмкін екендігін ескере отырып, НПК-де Уәкілетті ұйымдардың «Өріктау» газ конденсаты кен орнын игеру бойынша ынтымақтасуының принциптері мен негізгі шарттары, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ мен оның аффилиирленген компаниялары өндіретін газға газ өндірудің коммерциялық орындылығын қамтамасыз ететін әділ нарықтық баға белгілеу тетігі, сондай-ақ «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ мен оның аффилиирленген компаниялары өндіретін газды ҚР Ақтөбе облысына беру мүмкіндігі міндетті түрде қамтылуы тиіс.»;

      7) 8-бапта:
      бірінші абзацтағы «Газ құбырының», «Газ құбырының» деген сөздер тиісінше «Бірінші учаскенің», «Бірінші учаскенің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацтағы «Газ құбырының бірінші учаскесінің» деген сөздер «Бірінші учаскенің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесінші абзацтағы «Газ құбырының», «Газ құбырына» деген сөздер тиісінше «Бірінші учаскенің», «Бірінші учаскеге» деген сөздермен ауыстырылсын;
      алтыншы абзацтағы «Газ құбырының» деген сөздер «Бірінші учаскенің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      жетінші абзацтағы «Газ құбыры», «Газ құбырының», «Газ құбырының» деген сөздер тиісінше «Бірінші учаске», «Бірінші учаскенің», «Бірінші учаскенің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      сегізінші абзацтағы «қуаттардың бөлінуіне» деген сөздер «Бірінші учаске қуаттарының бөлінуіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
      сегізінші абзацтағы «Газ құбырының» деген сөздер «Бірінші учаскенің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      сегізінші абзацтағы «ретпен» деген сөз «басымдықта» деген сөзбен ауыстырылсын;
      тоғызыншы абзацтағы «Газ құбырының» деген сөздер «Бірінші учаскенің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      он екінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      «Уәкілетті ұйымдардың немесе олардың аффилиирленген компанияларының Екінші учаскенің жобасын іске асыру мақсаттары үшін ҚР аумағында құрылған ұйымдағы қатысу үлестеріне барабар Екінші учаскенің құрылатын қуаттарына қол жеткізу құқықтары болады. Бұл ретте, Екінші учаскенің құрылатын қуаттарына қол жеткізуді осындай бөлуге қарамастан, Уәкілетті ұйым немесе Уәкілетті ұйымның ҚР ішкі нарығы үшін газ беретін аффилиирленген компаниясы (аффилиирленген компаниялары) басым қол жеткізу құқығына ие болады.
      Екінші учаскенің өткізу қабілеті мынадай басымдықта:
      1. Екінші учаскенің технологиялық мұқтаждарына қажетті газ тасымалдау үшін;
      2. ҚР ішінде тұтынуға арналған газды беру үшін;
      3. ҚХР-ға экспорттық газ тасымалдау үшін;
      4. ҚХР-ға транзиттік газ тасымалдау үшін пайдаланылады.
      Осы Келісімде көрсетілген «тасымалда немесе төле» («ship or pay») принципі бойынша Екінші учаскемен газ тасымалдау туралы келісімді (келісімдерді) орындау шеңберінде Екінші учаскенің Қазақстан тарабының Уәкілетті ұйымы немесе осы Уәкілетті ұйымның аффилиирленген компаниясы іс жүзінде пайдаланбаған қуаттары болған жағдайда мұндай қуаттарды пайдаланудың басым құқығы Қытай тарабының Уәкілетті ұйымына немесе осы Уәкілетті ұйымның аффилиирленген компаниясына тиесілі болады. Бұл ретте, Қытай тарабының Уәкілетті ұйымы немесе осы Уәкілетті ұйымның аффилиирленген компаниясы осы басым құқықты пайдалану үшін Екінші учаске бойынша іс жүзінде тасымалдайтын газ көлемдері және үшінші тұлға (үшінші тұлғалар) Екінші учаске бойынша іс жүзінде тасымалдайтын газ көлемдері Қазақстан тарабының Уәкілетті ұйымы немесе осы Уәкілетті ұйымның аффилиирленген компаниясы (аффилиирленген компаниялары) осы Келісімде көрсетілген жылына 5 (бес) млрд. м3 газ беру жөнінде қабылданған міндеттемелерді орындауы үшін тасымалданатын газ көлемдері ретінде ескерілетін болады.»;

      8) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «Газ құбырының құрылысы толық аяқталғанға дейін Бірінші учаске жобасын іске асыру мақсатында ҚР аумағында құрылған ұйымға және Екінші учаске жобасын іске асыру мақсатында ҚР аумағында құрылған ұйымға ҚР заңнамасының нормалары және тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бөлігіндегі өзге де ережелер қолданылмайды. Бұл ретте, өзге шарттар тең болған жағдайда, қазақстандық тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің мейлінше көп пайдаланылуын қамтамасыз ету қажет.»;

      9) 11-бапта:
      екінші абзацтағы «Газ құбырын» деген сөздер «Бірінші учаскені» деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші абзацтағы «ҚР заңнамасында көзделген тәртіппен» деген сөздерден кейін «және көлемде» деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші абзац «ҚР заңнамасында» деген сөздердің алдынан «Бірінші учаскені салу үшін» деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      «Екінші учаске жобасын іске асыру мақсатында ҚР аумағында құрылған ұйым Екінші учаскені салуда пайдалану үшін Екінші учаскені салудың өндірістік процесіне тікелей байланысты және ҚР Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес ҚР аумағына әкелінетін, акцизделетіндерді қоспағанда, тауарларға, материалдар мен жабдықтарға салынатын кедендік баждарды, кедендік алымдарды және қосылған құн салығын төлеуден босатылады.
      Тараптар Екінші учаске жобасын іске асыру мақсатында ҚР аумағында құрылған ұйымды Екінші учаскені салуға тартылған қарыз қаражатын қайтару аяқталған күнге дейін корпорациялық табыс салығын және мүлік салығын төлеуден босатуға келіседі.»;

      10) 13-бапта:
      төртінші абзацтағы «бірінші» деген сөз «Бірінші» деген сөзбен ауыстырылсын;
      төртінші абзацтағы «Газ құбырын пайдалану мәселелері бойынша» деген сөздер «оны пайдалану мәселелері бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 18-бапта:
      бірінші абзацтағы «ұлттық заңнамасына» деген сөздер «заңнамалық актілеріне» деген сөздермен ауыстырылсын.

2-бап

      Осы хаттама Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады және Тараптар мемлекеттерінің заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін бөлігінде ратификацияланған немесе ратификациялаумен тең, Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті басқа мемлекетішілік рәсім орындалған сәтінен бастап уақытта қолданылады.
      Осы хаттама Тараптар дипломатиялық арналар арқылы жазбаша нысанда осы хаттаманы ратификациялағаны немесе ратификациялаумен тең, осы хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті басқа мемлекетішілік рәсімнің орындалғаны туралы соңғы хабарламаны алғаннан кейін күшіне енеді.

3-бап

      2009 жылғы 14 қазанда Пекин қаласында әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің бірдей күші бар.
      Осы хаттаманың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

      Қазақстан Республикасының           Қытай Халық Республикасының
            Үкіметі үшін                          Үкіметі үшін

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұдан әрі Хаттаманың мәтіні қытай тілінде берілген.