28.08.2009

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат;  N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжаттар; N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 56-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 10, 31-құжат; N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 13, 85-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20, 21-құжаттар; N 4, 28-құжат; N 16, 131-құжат; N 18, 143-құжат; N 20, 153-құжат; 2008 ж., N 12, 52-құжат; N 13-14, 58-құжат; N 21, 97-құжат; N 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., N 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; 2009 жылғы 8 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      156-баптың 4-тармағындағы "заңдарда" деген сөз "заңнамада" деген сөзбен, "ережелері" деген сөз "талаптары" деген сөзбен ауыстырылып, осы тармақ "ережелерінде" деген сөзден кейін ", заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға ұсынылатын мәліметтерден басқа," деген сөздермен толықтырылсын.

      2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 7-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 14, 103-құжат; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 3-4, 16-құжат; N 5, 25-құжат; N 6, 42-құжат;  N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 21-22, 87-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 4, 24, 25-құжаттар; N 8, 45-құжат; N 11, 55-құжат; N 13, 85-құжат; 2007 ж., N 3, 21-құжат; N 4, 28-құжат; N 5-6, 37-құжат; N 8, 52-құжат; N 9, 67-құжат; N 12, 88-құжат; 2009 ж.,  N 2-3, 16-құжат; 2009 жылғы 8 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 765-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      "7. Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен банк салымын беру тоқтатыла тұруы мүмкін.";

      2) 830-баптың 5-тармағында:
      3) тармақша "сот ұйғарымы" деген сөздерден кейін "немесе қаулысы" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға - заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мақсатта және тәртіппен;".

      3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж.,  N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 136, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжаттар; N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат; N 12, 48, 51-құжаттар; N 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; N 15-16, 62-құжат; N 20, 88-құжат; N 21, 97-құжат; N 23, 114-құжат; N 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., N 2-3, 7, 21-құжаттар; 2009 жылғы 8 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауар биржалары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 8 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мынадай мазмұндағы 168-3-баппен толықтырылсын:

      "168-3-бап. Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға
                  (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы
                  іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының
                  заңнамасын бұзу

      1. Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялары туралы ақпаратты құжаттық тіркеу және беру бөлігінде заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуы, -
      жеке тұлғаларға - бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жекеше нотариустар мен адвокаттарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға немесе коммерциялық емес ұйымдарға - айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден екі жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылау ережелерін және оны қамтамасыз ету бағдарламасын әзірлеу, қабылдау және (немесе) орындау жөніндегі міндеттерін орындамауы, -
      жеке тұлғаларға - бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жекеше нотариустар мен адвокаттарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға немесе коммерциялық емес ұйымдарға - айлық есептік көрсеткіштің екі жүз жиырмадан екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сегіз жүзден тоғыз жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Қаржы мониторингі субъектілері лауазымды адамдарының қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға берілген ақпарат туралы өз клиенттері мен өзге тұлғаларды хабардар етуі -
      айлық есептік көрсеткіштің бір жүз қырықтан бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бірінші - үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік) -
      жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бір жүзден бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жекеше нотариустар мен адвокаттарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мыңнан бір мың екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Осы баптың бірінші - үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде үш және одан да көп мәрте жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік) -
      жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бір жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, тауар биржаларының, ойын бизнесі мен лотереялар ұйымдастырушыларының, аудиторлық ұйымдардың лауазымды адамдарына, жекеше нотариустарға, адвокаттарға, дара кәсіпкерлерге - үш жүз сексеннен төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, тауар биржаларына, ойын бизнесі мен лотереялар ұйымдастырушыларына, аудиторлық ұйымдарға - белгілі бір қызмет түріне лицензияның қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып немесе біліктілік аттестатынан (куәлігінен) уақытша айыра отырып немесе нақ сол мерзімге заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұрып не олардан айырып, айлық есептік көрсеткіштің бір мың сегіз жүзден екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      2) 541-баптың бірінші бөлігі "168-1 (бірінші және екінші бөліктерінде)," деген сөздерден кейін "168-3," деген цифрлармен толықтырылсын;

      3) 636-баптың бірінші бөлігінде:
      1) тармақшада:
      он төртінші абзац "338" деген цифрлардың алдынан "168-3," деген цифрлармен толықтырылсын;
      жиырма бесінші абзац "(158 (бұл бұзушылықтарды аудиторлар, аудиторлық ұйымдар жасаса)," деген сөздерден кейін "168-3," деген цифрлармен толықтырылсын;
      жиырма жетінші абзац "167-1 (екінші және үшінші бөліктері)," деген сөздерден кейін "168-3 (бірінші - төртінші бөліктері)," деген сөздермен толықтырылсын;
      отыз екінші абзац "145," деген цифрлардан кейін "168-3," деген цифрлармен толықтырылсын;
      отыз тоғызыншы абзацтағы "(317-1-бап" деген сөздер "(168-3, 317-1-баптар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақша "158," деген цифрлардан кейін "168-3 (бірінші - төртінші бөліктері) (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиаттары жасаған құқық бұзушылықтарға қатысты)," деген сөздермен толықтырылсын.

      4. 2003 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 7-8, 40-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 18, 106-құжат; 2005 ж., N 11, 43-құжат; N 21-22, 86-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 11, 55-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 3-құжат; N 2, 14, 18-құжаттар; N 3, 20-құжат; N 4, 33-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 18, 144-құжат; N 23, 173-құжат; 2008 ж., N 13-14, 58-құжат):

      1) 24-баптың 1-тармағы 23) тармақшасындағы "жүзеге асыруға міндетті." деген сөздер "жүзеге асыруға;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:
      "24) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздерінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтерді табыс етуге міндетті.";

      2) 26-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға - заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес;".

      5. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 23-құжат; N 12, 88-құжат; N 15-16, 100-құжат; N 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 11-12, 262-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 10, 123-құжат; 2003 ж., N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 14, 55-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 4, 24-құжат; N 13, 86-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 4, 33-құжат; 2009 жылғы 8 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      8-бапта:
      у-9) тармақшасындағы "заңдарын" деген сөз "заңнамасын, сондай-ақ заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы у-17) тармақшамен толықтырылсын:
      "у-17) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтерді табыс етеді;".

      6. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 5, 31-құжат; N 10, 51-құжат; N 11, 56, 67-құжаттар; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 140-құжат, 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 11, 55-құжат; N 16, 99-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., N 17-18, 72-құжат; N 20, 88-құжат; N 23, 114-құжат; 2009 ж., N 2-3, 16, 18, 21-құжаттар):

      1) 44-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі "ұйымдарды" деген сөз "мемлекеттік органдарды және (немесе) ұйымдарды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 48-бап мынадай мазмұндағы 1-2 және 1-3-тармақтармен толықтырылсын:
      "1-2. Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарды жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзған жағдайда барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргізуге лицензияның қолданылуын тоқтата тұру жүргізіледі.
      1-3. Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзылған кезде:
      1) осы баптың 1-2-тармағының негізінде лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған бұзушылықтардың белгіленген мерзімде жойылмауы;
      2) осы баптың 1-2-тармағында көрсетілген негіздер бойынша лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түрінде санкция қолданылған, заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптардың қайтадан бұзылуы;
      3) банктің ақшаны жылыстатумен немесе терроризмді қаржыландырумен байланысты мәмілелерге қатысуы лицензиядан айыруға негіз болып табылады.";

      3) 50-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) банктердің қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органды заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы міндетті түрде хабардар етуі;";

      4) 51-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Жеке және заңды тұлғаның банктік шоттары бойынша операцияларын қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда тоқтата тұруы мүмкін.".

      7. "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат;  N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233, 247-құжаттар; N 23, 920-құжат; 2000 ж.,  N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 13-14, 174-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; N 23, 309-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 12, 82-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; N 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; 2008 ж., N 15-16, 61-құжат; 2009 жылғы 8 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      10-баптың 1-тармағы 40) тармақшасындағы "үйлестіруге міндетті." деген сөздер "үйлестіруге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 41) тармақшамен толықтырылсын:
      "41) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздерінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтерді ұсынуға міндетті.".

      8. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 10, 108-құжат; N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233-құжат; N 23, 920-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 6, 72-құжат; N 17, 155-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 20, 152-құжат):
      12-баптың 21) тармақшасындағы "орындауға міндетті." деген сөздер "орындауға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:
      "22) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздерінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтерді ұсынуға міндетті.".

      9. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 437-құжат; 1999 ж., N 8, 237-құжат; N 23, 925-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 1, 1-құжат; N 23-24, 198-құжат; 2003 ж., N 1-2, 9-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 139-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат, N 11, 39-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 69-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 4, 28, 30-құжаттар; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 24, 178-құжат; 2008 ж., N 17-18, 72-құжат; N 20, 88-құжат; N 23, 114, 123-құжаттар):

      1) 40-баптың 9-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарды жинақтаушы зейнетақы қорының жүйелі түрде (қатарынан соңғы он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзуы;";

      2) 42-баптың 8-тармағы мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      "8) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарды жинақтаушы зейнетақы қорының жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзуы.";

      3) 50-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-1) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға - заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мақсатта және тәртіппен;".

      10. "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 206-құжат; 1998 ж., N 22, 307-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 15-16, 236-құжат; N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 10, 48-құжат; N 12, 86-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 11, 55-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; 2009 жылғы 8 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 10-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен
толықтырылсын:
      "3-1) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарды жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзғанда;";

      2) 18-бапта:
      бірінші абзац "Нотариус" деген сөздің алдынан "1." деген цифрмен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
      "2. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мақсатта және тәртіппен нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер мен ақпарат беру нотариаттық іс-әрекеттер құпиясын жария ету болып табылмайды.";

      3) 31-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Нотариустың заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылауды аумақтық әділет органы жүзеге асырады.";

      4) 33-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) нотариустың заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;".

      11. "Адвокаттық қызмет туралы" 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 22, 328-құжат; 2001 ж., N 15-16, 236-құжат; 2003 ж., N 11, 65-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; 2009 жылғы 8 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 12-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптар жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзылған;";

      2) 18-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәліметтер мен ақпарат беру адвокаттық құпияны жария ету болып табылмайды.".

      12. "Ақша төлемі мен аударымы туралы" 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 11-12, 177-құжат; N 24, 445-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2003 ж., N 4, 25-құжат; N 10, 49, 51-құжаттар; N 15, 138-құжат; 2004 ж., N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 14, 55-құжат; 2006 ж., N 11, 55-құжат; 2008 ж., N 23, 114-құжат):

      1) 18-баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) жөнелтуші ақша аудару туралы нұсқауды жасаудың және ұсынудың тәртібіне қойылатын талаптарды және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) шарттың талаптарында белгіленген өзге де талаптарды сақтамаған кезде;
      4) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда бас тартады.";

      2) 35-баптың 5-тармағындағы "Егер" деген сөз - "Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, сондай-ақ егер" деген сөздермен, "заң актілеріне" деген сөздер "заңнамалық актілеріне" деген сөздермен ауыстырылсын.

      13. "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 13, 196-құжат; 2003 ж., N 11, 67-құжат; 2004 ж., N 23, 140-құжат, 2006 ж., N 23, 141-құжат):

      1) 10-баптың 1-тармағы 3) тармақшасындағы "беруге міндетті." деген сөздер "беруге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәліметтерді хабарлауға міндетті.".

      14. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 15, 209-құжат; 1999 ж., N 21, 744-құжат; 2000 ж., N 5, 116-құжат; 2001 ж., N 13-14, 172-құжат; N 17-18, 241-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 10, 56-құжат; 2007 ж., N 17, 140-құжат; N 19, 147-құжат; 2008 ж., N 23, 114-құжат):
      9-баптың 10-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мақсатта және тәртіппен қызметтік құпияны құрайтын мәліметтер ұсынылады.".

      15. "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 22, 309-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 5-құжат; N 8, 52-құжат; 2002 ж., N 23-24, 193-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 86-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 23, 138-құжат; 2005 ж., N 14, 58-құжат; 2006 ж., N 8, 45-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 4, 28-құжат; 2009 ж., N 2-3, 21-құжат):

      1) 7-бап мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
      14-1) аудиторлық ұйымдардың заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;";

      2) 20-баптың 2-тармағы 3) тармақшасындағы "беруге міндетті." деген сөздер "беруге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) өзі қатысушысы болып табылатын аудиторлық ұйымның басшысына заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәліметтерді хабарлауға міндетті.";

      3) 21-баптың 2-тармағы 9) тармақшасындағы "табыс етуге міндетті." деген сөздер "табыс етуге;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      "10) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәліметтерді хабарлауға міндетті.".

      16. "Терроризмге қарсы күрес туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 19, 649-құжат; 2002 ж., N 4, 32-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):
      мынадай мазмұндағы 12-1-баппен толықтырылсын:

      "12-1-бап. Террористік ұйымдарды және террористік қызметті
                 жүзеге асырғаны үшін жауапқа тартылған адамдарды
                 есепке алу

      1. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік орган сот шешімдерінің негізінде терроризмнің алдын алу, анықтау және жолын кесу мақсатында террористік ұйымдарды және террористік қызметті жүзеге асырғаны үшін жауапқа тартылған адамдарды есепке алуды жүргізеді.
      2. Сот ұйымды террористік деп таныған не террористік қызметті жүзеге асырғаны үшін ұйымды тарату арқылы оның қызметін тоқтата тұрған немесе оған тыйым салған не террористік қызметті жүзеге асырғаны үшін адамдарды жауапқа тартқан кезде "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 56-бабының 1-тармағында көрсетілген тиісті органдар ақпараттық есепке алу құжаттарын құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға дереу жолдауға міндетті.".

      17. "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., N 22, 406-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 85-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; 2005 ж., N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 25-құжат; N 8, 45-құжат; N 13, 85-құжат; N 16, 99-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 4, 28, 33-құжаттар; N 8, 52-құжат; N 18, 145-құжат; 2008 ж., N 17-18, 72-құжат; N 20, 88-құжат; 2009 ж., N 2-3, 18-құжат):

      1) 43-бап мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "14-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;";

      2) 54-баптың 1-тармағы 9) тармақшасындағы "төлемеген жағдайларда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокері лицензиясының қолданылуы алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады;" деген сөздер "төлемеген;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
      "11) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарды жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзған жағдайларда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокері лицензиясының қолданылуы алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.";

      3) 55-баптың 1-тармағы 6) тармақшасындағы "келмеген жағдайларда лицензиядан айыру туралы шешім шығаруға құқылы." деген сөздер "келмеген;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
      "7) осы Заңның 54-бабы 1-тармағының 11) тармақшасында көзделген негіздер бойынша лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түрінде санкция қолданылған, заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптар қатарынан соңғы он екі ай ішінде қайтадан бұзылған;
      8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері ақшаны жылыстатумен немесе терроризмді қаржыландырумен байланысты мәмілелерге қатысқан жағдайларда лицензиядан айыру туралы шешім шығаруға құқылы.".

      18. "Әділет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 6, 67-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; N 24, 154-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 10, 52-құжат; N 13, 86-құжат; 2007 ж., N 2, 14, 18-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 18, 143-құжат; 2008 ж., N 10-11, 39-құжат; 2009 жылғы 8 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      12-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Әділет органдары қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздерінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтер ұсынады.".

      19. "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" 2002 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 13-14, 145-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 14, 62-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат):
      8-баптың 1-тармағының 9) тармақшасындағы "сақтауға міндетті." деген сөздер "сақтауға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      "10) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздерінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтер табыс етуге міндетті.".

      20. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 14, 119-құжат; 2004 ж., N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 4, 28-құжат; N 9, 67-құжат; N 17, 141-құжат; 2008 ж., N 15-16, 64-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 20, 88-құжат; N 21, 97-құжат; N 23, 114-құжат; 2009 ж., N 2-3, 16, 18-құжаттар):

      1) 43-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мақсатта және тәртіппен қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға;";

      2) 51-бапта:
      1-тармақтың 10) тармақшасындағы "бұзылған жағдайларда лицензияның қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы." деген сөздер "бұзылған;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
      "11) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптар жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзылған жағдайларда лицензияның қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы.";
      4-тармақтың 3) тармақшасындағы "орындалмаған жағдайларда;" деген сөздер "орындалмаған;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "3-1) осы Заңның 51-бабы 1-тармағының 11) тармақшасында көзделген негіздер бойынша лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түрінде санкция қолданылған, заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптар қатарынан соңғы он екі ай ішінде қайтадан бұзылған;
      3-2) лицензиаттар ақшаны жылыстатумен немесе терроризмді қаржыландырумен байланысты мәмілелерге қатысқан жағдайларда;".

      21. "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 15, 132-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 16, 91-құжат; 2005 ж., N 14, 55-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 13, 85-құжат; N 15, 95-құжат; 2007 ж., N 4, 28-құжат; 2008 ж., N 17-18, 72-құжат):
      9-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Уәкілетті орган қаржы мониторингіне жататын ақшамен (және) немесе өзге де мүлікпен операциялар туралы ақпаратты тіркеу, сақтау және ұсыну бөлігінде қаржы ұйымдарының заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын орындауын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі бақылауды ұйымдастыруын бақылауды жүзеге асырады.".

      22. "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 24, 176-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат):

      1) 7-баптың 2-тармағы 8) тармақшасындағы "сақталуын жүзеге асыруға міндетті." деген сөздер "сақталуын;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      "9) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздерінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтер табыс етуді жүзеге асыруға міндетті.";

      2) 12-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "10-1) террористік қызметті жүзеге асырғаны үшін жауапқа тартылған адамдарды және сот террористік деп таныған ұйымдарды;".

      23. "Жеке кәсіпкерлік туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 3, 21-құжат; N 16, 99-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 17, 136-құжат; 2008 ж., N 13-14, 57, 58-құжаттар; N 15-16, 60-құжат; N 23, 114-құжат; N 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., N 2-3, 18, 21-құжаттар; 2009 жылғы 8 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауар биржалары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 8 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 12 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      аталған Заңға қосымшада:

      18-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау.";

      21-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау.";

      22-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау.";

      27-тармақта:
      екінші абзац "Қазақстан" деген сөздің алдынан "1)" деген цифрмен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2) тармақшамен толықтырылсын:
      "2) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау.";

      31 және 32-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "31. Ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік орган:
      1) ойын бизнесі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының
сақталуын бақылау;
      2) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау.
      32. Сауда қызметін реттеу саласындағы мемлекеттік орган:
      1) Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуын бақылау;
      2) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау.".

      24. "Ойын бизнесі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 2, 15-құжат; 2009 жылғы 8 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 8-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы "сақтауын" деген сөзден кейін ", сондай-ақ заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 12-бап мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:
      "12. Ойын бизнесін ұйымдастырушылар заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.".

      25. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 18, 142-құжат; 2008 ж., N 23, 114-құжат; N 24, 126-құжат; 2009 ж., N 2-3, 16-құжат; 2009 жылғы 24 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы" 2009 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес;".

      26. 2009 жылғы 8 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 7 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Тауар биржалары туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
      24-баптың 3-тармағының 5) тармақшасындағы "шегінде берілуге тиіс." деген сөздер "шегінде;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға: заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мақсаттарда және тәртіппен берілуге тиіс.".

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                    Н. Назарбаев


Дата вступления в силу:  28.08.2009
Дата изменения акта:  28.08.2009
Дата принятия акта:  28.08.2009
Информация об официальном опубликовании акта:  "Егемен Қазақстан" 2009 жыл, 8 қыркүйек, N 293-294 (25691); "Казахстанская правда" от 08.09.2009 г., N 214 (25958)
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  102000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  47703
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  192-ІV
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  031000000000 / 031014000000 / 001008000000
Форма акта:  ЗАК
Юридическая сила:  0400
Язык акта:  kaz