23.06.2009

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне экологиялық қауіпті технологияларды, техника мен жабдықты әкелуді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

       1-бап. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 1, 1-құжат; N 20, 152-құжат; 2008 ж., N 21, 97-құжат; N 23, 114-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) мазмұны мынадай мазмұндағы екі жүз отыз тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:

      "199-1-бап. Технологияларға, техника мен жабдыққа қойылатын
                  экологиялық талаптар";

      2) 1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 58-1) және 58-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "58-1) экологиялық қауіпті технологиялар - өндіріс процесінде жүзеге асырылатын және қоршаған ортаға қауіп төндіретін шикізатты, материалды немесе жартылай фабрикатты өңдеу, жасау, олардың жай-күйін, қасиеттерін, нысанын өзгерту әдістерінің жиынтығы;
      58-2) экологиялық қауіпті техника мен жабдық - шаруашылық немесе өзге де қызметте пайдаланылатын және қоршаған ортаға қауіп төндіретін механизмдер, машиналар, құрылғылар, аспаптар;";

      3) 17-бап мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "24-1) экологиялық қауіпті технологиялардың, техника мен жабдықтың тізілімін жүргізеді;";

      4) 41-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) қолданылатын технологияның ең озық қолжетімді технологиялармен және техникалық үлестік нормативтермен сәйкестігі, сондай-ақ техникалық регламенттермен және технологияларға, техника мен жабдыққа қойылатын экологиялық талаптармен сәйкестігі тұрғысынан талдауды;";

      5) 47-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "11) технологияларды, техника мен жабдықты, оның ішінде Қазақстан Республикасына өткізілетіндерін (әкелінетіндерін) қолдану жөніндегі құжаттама;";

      6) 114-бап 36) тармақшасындағы "сақталуына мемлекеттік экологиялық бақылау жүзеге асырылады." деген сөздер "сақталуына;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 37) тармақшамен толықтырылсын:
      "37) технологияларға, техника мен жабдыққа қойылатын экологиялық талаптардың сақталуына мемлекеттік экологиялық бақылау жүзеге асырылады.";

      7) мынадай мазмұндағы 199-1-баппен толықтырылсын:

      "199-1-бап. Технологияларға, техника мен жабдыққа қойылатын
                  экологиялық талаптар

      1. Қазақстан Республикасында технологиялардың, көлік құралдарын қоспағанда, техниканың және жабдықтың қолданылуы осындай технологиялардың, техника мен жабдықтың қоршаған ортаға әсерін бағалау материалдарымен қоса олардың қолданылуын негіздейтін құжаттамаға мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік экологиялық сараптамаға табыс етілетін, технологияларды, техника мен жабдықты, оның ішінде Қазақстан Республикасына өткізілетіндерін (әкелінетіндерін) қолдану жөніндегі құжаттама құрамын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
      2. Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын, мемлекеттік экологиялық сараптаманың нәтижелері бойынша экологиялық қауіпті деп танылған технологиялар, техника мен жабдық шаруашылық және өзге де қызметте қолдануға жатпайды.
      Бұл ретте өткізілген (әкелінген), экологиялық қауіпті деп танылған техника мен жабдық осы Кодексте, Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік салаларындағы және техникалық реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптар сақтала отырып жойылуға, кәдеге жаратылуға немесе қайта өңделуге немесе Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетілуге тиіс.
      3. Мынадай:
      1) қолданылуы осы Кодексте немесе халықаралық стандарттарда белгіленген экологиялық талаптарға сәйкес келмейтін;
      2) қолданылуы нәтижесінде Қазақстан Республикасында оларды залалсыздандыру немесе кәдеге жарату жөніндегі технологиялары жоқ не оларды кәдеге жарату экологиялық зор қатермен байланысты немесе экономикалық жағынан тиімсіз болатын қалдықтар түзілетін технологиялар экологиялық қауіпті деп танылады.
      4. Мынадай:
      1) нормативті пайдаланылу мерзімі аяқталған;
      2) қолданылуы осы Кодексте, Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерінде немесе халықаралық стандарттарда белгіленген экологиялық талаптарға сәйкес келмейтін;
      3) пайдаланылуы нәтижесінде Қазақстан Республикасында оларды залалсыздандыру немесе кәдеге жарату жөніндегі технологиялары жоқ не оларды кәдеге жарату экологиялық зор қатермен байланысты немесе экономикалық жағынан тиімсіз болатын қалдықтар түзілетін техника мен жабдық экологиялық қауіпті деп танылады.
      5. Мемлекеттік экологиялық сараптама технологияларды, техника мен жабдықты экологиялық қауіпті деп таныған жағдайда олар экологиялық қауіпті технологиялардың, техника мен жабдықтың тізіліміне енгізілуге жатады.
      Экологиялық қауіпті технологиялардың, техника мен жабдықтың тізіліміне енгізілген технологияларды, техника мен жабдықты Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға тыйым салынады.".

       2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                        Н. Назарбаев


Дата вступления в силу:  23.06.2009
Дата изменения акта:  23.06.2009
Дата принятия акта:  23.06.2009
Информация об официальном опубликовании акта:  Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2009 жыл N 11-12, 55-құжат; "Егемен Қазақстан" 2009 жылғы 26 маусым, N 218-220 (25617); "Казахстанская правда" от 25.06.2009 г. № 152-153 (25896-25897)
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  102000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  46632
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  164-IV
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  005020000000 / 001008000000
Форма акта:  ЗАК
Юридическая сила:  0400
Язык акта:  kaz