29.04.2009

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

       1-бап . Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат;  N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжаттар; N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 56-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 10, 31-құжат; N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 13, 85-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20, 21-құжаттар; N 4, 28-құжат; N 16, 131-құжат; N 18, 143-құжат; N 20, 153-құжат; 2008 ж., N 12, 52-құжат; N 13-14, 58-құжат; N 21, 97-құжат; N 23, 114, 115-құжаттар; 2009 жылғы 11 ақпанда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 12 ақпанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2009 жылғы 21 ақпанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ислам банктерін ұйымдастыру мен олардың қызметі және исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 12 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2009 жылғы 21 ақпанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық әл-ауқат қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және "Қазақстан инвестициялық қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы" 2009 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
      3-бапта:
      1-тармақ "Қазақстан Республикасының азаматтық заңдары" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және" деген сөздермен толықтырылсын;
      8-тармақта:
      "Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын" деген сөздер "Қазақстан Республикасы ратификациялаған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "республика ішінде құжат" деген сөздер "заң" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 9, 65-құжат; N 19, 147-құжат; N 20, 152-құжат; N 24, 178-құжат; 2008 ж., N 21, 97-құжат; N 23, 114-құжат):
      8-бапта:
      үшінші және төртінші абзацтар алып тасталсын;
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында талап етілетін жұмыстарды қоспағанда, қандай да бір адамнан қандай да бір жаза қолдану қаупімен талап етілетін, оны орындау үшін бұл адам ерікті түрде өз қызметін ұсынбаған кез-келген жұмысты немесе қызметті білдіреді.";
      жетінші абзац алып тасталсын.

      3. "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1991 ж., N 52, 636-құжат; 1995 ж., N 19, 117-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 10, 101-құжат; 2004 ж., N 19, 115-құжат; N 23, 142-құжат; 2007 ж., N 10, 69-құжат):
      1) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "2-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасы
      1. Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендерден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.";
      2) 9-тарау алып тасталсын.

      4. "Кәсіптік одақтар туралы" 1993 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 8, 200-құжат; 1995 ж., N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 15, 147-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат):
      1) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "2-бап. Қазақстан Республикасының кәсіптік одақтар туралы
              заңнамасы
      1. Қазақстан Республикасының кәсіптік одақтар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендерден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.";
      2) 8-баптың төртінші бөлігіндегі "Қазақ КСР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы" Қазақ КСР Заңына" деген сөздер "Қоғамдық бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 9-баптағы "Қазақ КСР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы" Қазақ КСР Заңында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және "Қоғамдық бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 10, 242-құжат; 1994 ж., N 8, 140-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; N 17-18, 220-құжат; 1998 ж., N 24, 432-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; 2000 ж., N 20, 380-құжат; 2001 ж., N 2, 14-құжат; 2007 ж., N 10, 69-құжат):
      1) 27-бапта:
      "Қазақстан Республикасы қатысушысы болған" деген сөздер "Қазақстан Республикасы ратификациялаған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "мазмұндалатын" деген сөз "белгіленген" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "қалыптар", "қалыптары" деген сөздер тиісінше "ережелер", "ережелері" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 28-бап алып тасталсын.

      6. "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 23-24, 507-құжат; 1995 ж., N 23, 146-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 10, 56-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 18, 111-құжат; 2009 жылғы 13 ақпанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
      4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "4-бап. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс
              туралы заңнамасы
      1. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендерден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.".

      7. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 23-құжат; N 12, 88-құжат; N 15-16, 100-құжат; N 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 11-12, 262-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 10, 123-құжат; 2003 ж., N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 14, 55-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 4, 24-құжат; N 13, 86-құжат; 2007 ж., N 2,
18-құжат; N 3, 20-құжат; N 4, 33-құжат):
      3-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы "Парламентінің" және 13-баптың бірінші бөлігіндегі "Парламенттің" деген сөздер тиісінше "Парламенті Сенатының" және "Парламент Сенатының" деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; N 23, 416-құжат; N 24,  36-құжат; 1999 ж., N 8, 233, 247-құжаттар; N 23, 920-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 13-14, 174-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; N 23, 309-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 12, 82-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; N 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; 2008 ж., N 15-16, 61-құжат):
      6-баптың 1-тармағындағы "Республика Премьер-Министрінің ұсынысы бойынша" деген сөздер алып тасталсын.

      9. "Қоғамдық бірлестіктер туралы" 1996 жылғы 31 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 234-құжат; 2000 ж., N 3-4, 63-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 13, 53-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат; 2009 жылғы 13 ақпанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
      1) 3-баптың төртінші бөлігінде:
      "актіде" деген сөз "шартта" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "баяндалғаннан" деген сөз "көзделгеннен" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "актінің" деген сөз "шарттың" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) 4-баптың екінші бөлігіндегі "Қоғамдық және мемлекеттік институттардың қосылуына,", "және қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттің қаржыландыруына" деген сөздер алып тасталсын.

      10. "Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы" 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 9, 94-құжат; 1999 ж., N 12, 398-құжат):
      1) 27-бап "сайлау" деген сөзден кейін "және Палаталардың бірлескен комиссияларының төрағаларын қызметтен босату" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 29-бапта:
      8) тармақшадағы "қызметке тағайындауға, қызметке сайлауға және қызметінен босатуға Президентке келісім беру" деген сөздер "Республиканың лауазымды адамдарын қызметке тағайындауға Президентке келісім беру, оларды сайлау, тағайындау, қызметтен босату және ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "9) Парламент комиссияларының құрамына жіберілетін Палаталар депутаттарының кандидатуралары бойынша ұсыныстар енгізеді;";
      10) тармақша алып тасталсын;
      3) 30-бап алып тасталсын;
      4) 58-баптың бірінші бөлігіндегі "5-тармағына" деген сөздер "5) тармақшасына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      11. "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 206-құжат; 1998 ж., N 22, 307-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 15-16, 236-құжат; N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 10, 48-құжат; N 12, 86-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 11, 55-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат):
      8-баптың 6-тармағы "Әділет біліктілік алқасында" деген сөздерден кейін "немесе Қазақстан Республикасы Жоғары Сот кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында" деген сөздермен толықтырылсын.

      12. "Адвокаттық қызмет туралы" 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 22, 328-құжат; 2001 ж., N 15-16, 236-құжат; 2003 ж., N 11, 65-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат):
      9-баптың 3-тармағының 1) тармақшасындағы "Әділет біліктілік алқасына" деген сөздер "Әділет біліктілік алқасында немесе Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      13. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 5, 51-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 9, 49-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат; N 20, 152-құжат):
      9-баптың 2-тармағындағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынуы бойынша" деген сөздер алып тасталсын.

      14. "Әділет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 6, 67-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; N 24, 154-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 10, 52-құжат; N 13, 86-құжат; 2007 ж., N 2, 14, 18-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 18, 143-құжат; 2008 ж., N 10-11, 39-құжат):
      6-баптың 2-тармағындағы "Республика Премьер-Министрінің ұсынуымен" деген сөздер алып тасталсын.

      15. "Төтенше жағдай туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 3, 18-құжат; 2006 ж., N 2, 14-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат):
      10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "10-бап. Төтенше жағдайдың құқықтық режимінің ерекшеліктері
      Парламентті және Парламент Мәжілісін төтенше жағдай кезеңінде таратуға болмайды.".

       2-бап . Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                      Н. Назарбаев


Дата вступления в силу:  29.04.2009
Дата изменения акта:  29.04.2009
Дата принятия акта:  29.04.2009
Информация об официальном опубликовании акта:  Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2009 жыл N 8, 44-құжат; "Егемен Қазақстан" 2009 жыл, 8 мамыр, N 161-164 (25561); "Казахстанская правда" от 09.05.2009 г., N 118 (25862)
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  102000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  45708
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  154
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  001002004000 / 001008000000
Форма акта:  ЗАК
Юридическая сила:  0400
Язык акта:  kaz