26.05.2008

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 136, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжаттар; N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат):

      1) 313-баптың бірінші абзацындағы "мемлекеттік өрт қадағалау" деген сөздер "мемлекеттік өртке қарсы қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 334-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы "қызметті" деген сөз "қызмет органдарын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 355-баптың тақырыбы мен мәтініндегі "төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті" деген сөздер ", мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары мен өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 544-бапта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары";

      бірінші бөлікте:
      "Өртке қарсы күрес қызметі" деген сөздер "Мемлекеттік өртке қарсы қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "осы Кодекстің" деген сөздерден кейін "231 (бірінші бөлігінде), 235 (бірінші бөлігінде)," деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөлікте:
      "Өртке қарсы күрес қызметі", "өртке қарсы қызметтің", "облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) өртке қарсы қызметтің" деген сөздер тиісінше "Мемлекеттік өртке қарсы қызмет", "мемлекеттік өртке қарсы қызметтің", "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік өртке қарсы қызметі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші абзацтағы "өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның" деген сөздер "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
      үшінші абзацтағы "төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы орган органдарының (314" деген сөздер "өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның (229, 314" деген сөздермен ауыстырылсын;

      он тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының (231 (екінші бөлігі), 233, 235 (екінші бөлігі), 356-баптар);";

      отыз жетінші абзац "223-225" деген цифрлардан кейін ", 225-1" деген цифрлармен толықтырылсын.

      2. 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексіне) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4, 5-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45, 46-құжаттар; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 77, 79-құжаттар; N 13, 85-құжат; N 16, 97, 98, 103-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20-құжат; N 4, 33-құжат; N 5-6, 37, 40-құжаттар; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 102, 105-құжаттар; N 15, 106-құжат; N 18, 144-құжат; N 20, 152-құжат; N 24, 178-құжат):

      144-баптың 6) тармақшасындағы "қызметтің" деген сөз "қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 13, 99-құжат; 2005 ж., N 9, 26-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 79, 83-құжаттар; N 16, 97-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 18-құжат; N 14, 105-құжат; N 15, 106, 109-құжаттар; N 16, 129-құжат; N 17, 139-құжат; N 18, 143-құжат; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат):

      14-баптың 1-тармағының 13) тармақшасындағы "төтенше жағдайлар жөніндегі" деген сөздер "төтенше жағдайлар" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 17, 141-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 15, 95-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 18-құжат; N 19, 147-құжат; N 24, 180-құжат):

      1) 32-баптың 2-тармағындағы "саласындағы, төтенше жағдайлар және өнеркәсіп қауіпсіздігі жөніндегі" деген сөздер ", төтенше жағдайлар және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 54-баптың 5-тармағындағы "өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган және Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы" деген сөздер "төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 72-баптың 16) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының" деген сөздер "төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 104-баптың 1-тармағындағы "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органымен және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен" деген сөздер "төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органмен және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 116-баптың 2-тармағындағы, 122-баптың 1-тармағындағы және 125-баптың 1-тармағындағы "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органымен" деген сөздер "төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органмен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 8-9, 53-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 14, 55-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 77, 79-құжаттар; N 13, 86-құжат; N 16, 97-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16-құжат, N 4, 28-құжат; N 13, 98-құжат; N 16, 129-құжат; N 20, 152-құжат; N 23, 176-құжат):

      50-баптың 1-тармағында:

      2) тармақшаның он үшінші абзацындағы "күрес қызметінің" деген сөздер "қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) тармақшаның оныншы абзацы "қорғау," деген сөз "қорғау органдарының және" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 1996 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 11-12, 263-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 1999 ж., N 4, 101-құжат; 2000 ж., N 6, 145-құжат; 2003 ж., N 14, 112-құжат; 2004 ж., N 11-12, 67-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 8, 52-құжат; N 20, 152-құжат):

      1) бүкіл мәтін бойынша:
      "Меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, ұйымдар", "Меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ұйымдар" деген сөздер тиісінше "Ұйымдар" деген сөзбен ауыстырылсын; ", меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан,", "меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан", "меншік нысанына қарамастан" деген сөздер алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы", "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі атқарушы органының", "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органына" деген сөздер тиісінше "уәкілетті орган", "Уәкілетті органның", "уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "өкілеттігі" деген сөз "құзыреті" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "бақылау мен қадағалауды", "бақылау мен қадағалау", "бақылау мен қадағалаудың", "Бақылау мен қадағалаудың" деген сөздер "бақылауды", "бақылау", "бақылаудың", "Бақылаудың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 1-бап мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
      "табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;";

      3) 5-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ұйымдар уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өнеркәсіп объектілерінің қауіпсіздігі декларациясын табыс етеді.";

      4) 11-бапта:
      бірінші бөлік алып тасталсын;
      екінші бөліктің алтыншы абзацы бесінші абзац болып ауыстырылып, осы абзацтағы "қызметке" деген сөз "қызмет органдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 30-бапта ресми тілдегі мәтінге түзету енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;

      6) 31-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "31-бап. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
               жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы
               мемлекеттік бақылау

      Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.".

      7. "Өрт қауіпсіздігі туралы" 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 18, 368-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 1999 ж., N 20, 728-құжат; N 23, 931-құжат; 2000 ж., N 6, 142-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 14, 112-құжат; N 24, 177-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат, 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 20, 152-құжат):

      1) бүкіл мәтін бойынша:
      "меншік нысанына қарамастан", "меншік нысандарына қарамастан," ,"меншік нысандарына қарамастан", "Меншік нысанына қарамастан", "меншік нысанына қарамастан,", "Меншік нысандарына және қай ведомствоға байланыстылығына қарамастан" деген сөздер алып тасталсын;

      "өртке қарсы қызмет органдарының", "өртке қарсы қызметтің органдарын", "Өртке қарсы қызмет органдарының", "өртке қарсы қызмет органдары", "Өртке қарсы қызмет органдары", "өртке қарсы қызмет органының", "өртке қарсы қызмет органы" және "өртке қарсы орган", "өртке қарсы қызмет органдарында", "өртке қарсы қызмет органдарындағы", "Өртке қарсы қызмет органына", "өртке қарсы қызмет органдарына", "өртке қарсы қызмет объектілері", "Өртке қарсы қызмет органдарындағы", "Өртке қарсы қызмет органдарын", "Өртке қарсы қызмет органдарында", "өртке қарсы қызмет органдарымен" деген сөздер тиісінше "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының", "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын", "Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының", "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары", "Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары", "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының", "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы", "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында", "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы", "Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органына", "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына", "Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы", "Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын", "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында", "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган", "өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органға", "өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органына", "өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган", "өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның", "өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органының", "өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органы", "Өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның", "өрт қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган", "өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органымен", "Қазақстан Республикасының Өрт қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы органмен" деген сөздер тиісінше "Уәкілетті орган", "уәкілетті органға", "уәкілетті орган", "уәкілетті органның", "уәкілетті орган", "уәкілетті органмен", "уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 1-бапта:
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау - мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының лауазымды адамдары өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылау мақсатында жүзеге асыратын қызмет түрі;";

      жетінші абзацта:
      "өрт сөндіру органының және оның облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) филиалдарының" деген сөздер "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы), облыстық маңызы бар қалалардағы, аудандардағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "олармен байланысты" деген сөздер алып тасталсын;

      "өртке қарсы құрылымдардың" деген сөздер "мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.";

      3) 4-баптың екінші бөлігіндегі "салалық өртке қарсы қызметтің" деген сөздер "мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 5-бапта:
      жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "- мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары штат санының лимитін белгілейді;";

      он үшінші абзацтағы "мемлекеттік өрт сөндіру мекемелері" деген сөздер "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы он бесінші, он алтыншы және он жетінші абзацтармен толықтырылсын:
      "- міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылуға тиіс ұйымдар мен объектілерде өрт сөндіруге мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары тартылған жағдайда шығатын шығындарды өтеу тәртібін айқындайды;
      - мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің жұмысын жүзеге асыру тәртібін бекітеді;
      - мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері үшін нысанды және арнаулы киім-кешектің үлгілері мен тиесілілік нормаларын белгілейді.";

      5) 6-бапта:

      1) тармақшадағы "салааралық үйлестіру мен мемлекеттік бақылауды" деген сөздер "өрт қауіпсіздігі саласындағы салааралық үйлестіруді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақшадағы ", өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік есепке алуды жүргізеді" деген сөздер алып тасталып, "нормативтерді" деген сөздің алдынан "өрт қауіпсіздігі саласындағы" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 6-1), 9-1), 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:
      "6-1) өртке қарсы қызметтердің өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандарын арнайы даярлау бойынша бағдарламаны, оқу курстарын және біліктілік талаптарын бекітеді;";

      "9-1) осы Заңның 10-6-бабының төртінші бөлігінде көзделген жағдайда, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің қаражаттың орнын толтыруы тәртібін айқындайды;";

      "14) өрт қауіпсіздігі ережелерін бекітеді;
      15) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік есепке алуды жүргізеді.";

      6) 8-бап мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендердегі өрттерді сөндіру.";

      7) 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3-тарау. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының мәртебесі мен құзыреті";

      8) 9-бапта:
      тақырыптағы "және олардың міндеттері" деген сөздер алып тасталсын;

      бірінші бөліктегі "жағдайын" деген сөз "саласындағы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары уәкілетті органнан, уәкілетті органның ведомствосынан, оның аумақтық бөлімшелерінен және мемлекеттік мекемелерден, оның ішінде өрт-техникалық оқу орындарынан тұрады.";

      9) 9-1-бапта:
      бірінші бөлікте:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылауды жүзеге асырады;";

      2) және 7) тармақшалар алып тасталсын;

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "9) қоныстану аумақтарын және мемлекеттік меншіктегі ерекше маңызды объектілерді өрттен қорғауды қамтамасыз етеді.";

      екінші және үшінші бөліктер "(республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы)" деген сөздерден кейін ", облыстық маңызы бар қалалардағы, аудандардағы" деген сөздермен толықтырылсын;

      төртінші бөлік алып тасталсын;

      10) 9-4-бапта:
      бірінші бөлігінде ресми тілдегі мәтінге түзету енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;

      екінші бөліктің 1) тармақшасындағы "жетілуіне" деген сөз "біліктілігін арттыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 9-5-бапта:
      бірінші бөлікте:
      "Уәкілетті орган" деген сөздер "Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "кәсіпкерлік субъектілерінің" деген сөздер "дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлікте:
      екінші және үшінші абзацтардағы "уәкілетті органның", "уәкілетті орган" деген сөздер тиісінше "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының", "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші абзацтағы "уәкілетті органның барлық санаттағы" деген сөздер "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының мемлекеттік бақылау жөніндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бесінші және алтыншы абзацтардағы "уәкілетті органның" деген сөздер "мемлекеттік өртке қарсы қызметтің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жетінші абзацта:
      "(республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздерден кейін ", облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың" деген сөздермен толықтырылсын;

      "барлық санаттағы" деген сөздер "мемлекеттік бақылау жөніндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "уәкілетті органның" деген сөздер "мемлекеттік өртке қарсы қызметтің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктегі "Мемлекеттік мекемелердің және басқа да кәсіпкерлік субъектілерінің" деген сөздер "Дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның" деген сөздермен, "нұсқама" деген сөз "акт" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы және жетінші бөліктермен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарына байланысты жүргізілген мемлекеттік бақылаудың нәтижелері бойынша мемлекеттік инспекторлар мынадай актілер:
      1) тексеру жүргізу нәтижелері бойынша акт;
      2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама;
      3) Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықты жою туралы нұсқама;
      4) Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамасын бұзған жағдайда кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қаулы шығарады.
      Ұлттық қауіпсіздік органдары, қорғаныс, қылмыстық-атқару жүйесі объектілерінде, шахталардың, кеніштердің, кен қазбаларының, ашық көмір разрездерінің жерасты құрылыстарында, орман және тоғай алқаптарының аумақтарында, сондай-ақ әуе, теміржол, теңіз және ішкі су көлігінде өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылауды Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті органдары жүзеге асырады.
      Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының дипломатиялық мекемелерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдердегі өкілдіктерінің өрт қауіпсіздігі қамтамасыз етілуін бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.";

      12) 9-6-бапта:
      тақырыптағы "нормативтік құқықтық актілердің орындалуын" деген сөздер алып тасталсын;

      мәтіндегі "кешенді" деген сөз "жоспарлы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1-тармақтағы "ережелер мен" деген сөздер "ережелерді," деген сөзбен ауыстырылып, "стандарттарды" деген сөздің алдынан "техникалық регламенттерді және" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақ алып тасталсын;

      3-тармақта:
      бірінші бөліктегі "Жоспардан тыс, қарсы, рейдтік тексерулер жүргізу кезінде" деген сөздер "Тексерулер жүргізу басталғанға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
      "Кәсіпкерлік субъектілерін тексеру ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс, арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болған ерекше жағдайларда, сондай-ақ тексерудің елеулі көлеміне байланысты мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының басшысы (не оның орнын ауыстыратын адам) тексеру жүргізу мерзімін ұзартуы мүмкін, бірақ ол күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.
      Тексеру мерзімдері ұзартылған жағдайда тексеруді ұзарту туралы қосымша акт ресімделеді, ол міндетті түрде құқықтық статистика жөніндегі органда тіркеліп, онда тексеру тағайындау туралы бұған дейінгі актінің тіркеу нөмірі мен күні және ұзарту себебі көрсетіледі.";

      5-тармақтың екінші бөлігіндегі "ережелер мен стандарттарды" деген сөздер "ережелерді" деген сөзбен ауыстырылсын;

      7-тармақта:
      бірінші бөліктегі "; түтін тарту жүйесі көзделген тұрғын үйлер" деген сөздер алып тасталсын;

      екінші бөліктегі "бір рет тексереді" деген сөздер "бір реттен жиі тексермейді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тармақта:
      бірінші бөліктегі "оқшау тұрған, дара және топтастырылған үйлер;" деген сөздер алып тасталсын;

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары осы топтағы объектілерді қажеттілігіне қарай, бірақ үш жылда бір реттен асырмай, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініші бойынша тексереді.";

      9-тармақтағы "кем" деген сөз "жиі" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 10 және 11-тармақтармен толықтырылсын:
      "10. Кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді объектілер тобына қарай кезеңділікпен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жүргізеді.
      11. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары кезеңділігін жылына бір реттен асырмай, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініші бойынша:
      қоныстану аумағында - өртке қарсы өтетін аралықтардың, кіреберістердің, өтпе жолдардың, өткелектердің және өртке қарсы сумен жабдықтаудың болуын және олардың жай-күйін;
      көп пәтерлі тұрғын үйлерде - өрт қауіпсіздігінің, түтінді жою жүйесінің, өртті анықтау және сөндіру, ғимараттар мен құрылыстарға өтетін өртке қарсы өтпе жолдардың жай-күйін, сондай-ақ жалпыға ортақ пайдаланылатын үй-жайлардың өртке қарсы жай-күйін;
      жеке және заңды тұлғалардың өтініші бойынша ғана жеке тұрғын үйлер мен тұрғын үй емес құрылыстарда - өрт қауіпсіздігінің нормалары мен ережелерінің сақталуын тексеруді жүзеге асырады.";

      13) 9-6-баптан кейін "3-1-тарау. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің құқықтық жағдайы және олардың қызмет өткеруі" деген сөздермен толықтырылсын;

      14) 9-7-бап алып тасталсын;

      15) 10-1-баптың үшінші бөлігінде:
      "еңбек заңнамасымен" деген сөздерден кейін "және мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен" деген сөздермен толықтырылсын;

      "ішкі істер" деген сөздер "мемлекеттік өртке қарсы қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 10-2-бапта:
      екінші бөлікте:
      "мерзімдері" деген сөз "тәртібі" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Казарма жағдайындағы өрт-техникалық оқу орындарының курсанттары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын нормалар бойынша тамақпен қамтамасыз етіледі.";

      төртінші бөлікте:
      "қырық" деген сөз "отыз бес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Кіші және орта басшы құрам лауазымына - қызмет түрі бойынша орта кәсіптік немесе жоғары кәсіптік білімі бар адамдар, аға басшы құрам лауазымына қызмет түрі бойынша жоғары кәсіптік білімі бар адамдар тағайындалады.";

      оныншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Өрт-техникалық оқу орындарының күндізгі бөлімін бітірген мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында кемінде бес жыл жұмыс істеуге міндетті.";

      мынадай мазмұндағы он бірінші және он екінші бөліктермен толықтырылсын:
      "Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының қызметкері өрт-техникалық оқу орнын бітіргеннен кейін одан әрі бес жыл бойы қызметін өткеруден бас тартқан не осы Заңның 10-4-бабы екінші бөлігінің 5), 7), 9), 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмыстан босатылған жағдайда, ол өзінің оқу кезеңіндегі стипендия төленуіне, тамағына, заттай жабдықталымға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндетті. Ұстап қалуға жататын сома келісім-шарт мерзімі аяқталғанға дейінгі қызмет өткермеген әрбір толық ай үшін барабар есептеледі.
      Өрт-техникалық оқу орны күндізгі бөлімінің әскерге шақырылу жасына жеткен және сабақ үлгермегені, тәртіп сақтамағаны үшін, сондай-ақ өз еркімен оқудан шығарылған курсанттары, егер олар оқу орнына түскенге дейін мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермесе, арнайы есептен шығу үшін тұратын жері бойынша әскери басқарманың жергілікті органдарына жіберіледі.";

      17) 10-3-бапта:
      бірінші бөлікте:
      2) тармақшадағы "елу жас" деген сөздер "елу үш жас" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақшадағы "елу бес" деген сөздер "елу сегіз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қызметте болудың шекті жасына жеткен кезде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің қызмет ету мерзімі мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы басшысының шешімімен бес жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.";

      18) 10-5-бапта:
      "ішкі" деген сөз "өртке қарсы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктегі "беру" деген сөзден кейін ", төмендету" деген сөзбен толықтырылсын;

      19) 10-5-баптан кейін "3-2-тарау. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерін әлеуметтік қорғау және осы органдарды қаржыландыру" деген сөздермен толықтырылсын;

      20) 10-6-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының қызметкері аттестаттау тәртібімен анықталып, қызметіне сай келмеуі бойынша, беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін немесе қызметтік тәртіпті ұдайы бұзғаны үшін жұмыстан шығарылған жағдайда, ол өзіне берілген және тиесілі мерзім бойынша пайдаланылмаған нысанды киім-кешектің құнын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен оның тозуын есепке ала отырып өтеуге міндетті.";

      21) 10-8-бапта:
      екінші бөліктің бірінші абзацындағы "Өртке" деген сөз "Мемлекеттік өртке" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
      "Өрт-техникалық оқу орнында оқудың күндізгі нысаны бойынша білім алатын курсанттарға:
      1) қысқы каникулдық демалыс - ұзақтығы күнтізбелік он төрт күн;
      2) жазғы каникулдық демалыс - ұзақтығы күнтізбелік отыз күн;
      3) оқу орнын аяқтауына байланысты - ұзақтығы күнтізбелік отыз күн демалыс беріледі.
      Оқуда қарызы бар курсанттарға каникулдық демалыс оны өтегеннен кейін беріледі.";

      22) 10-9-баптың бірінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен" деген сөздер алып тасталсын;

      23) 10-10-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-10-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын
                  қаржыландыру

      Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.";

      24) 10-11-бап алып тасталсын;

      25) 11-баптан кейін "3-3-тарау. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласына қатысуы" деген сөздермен толықтырылсын;

      26) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-бап. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет

      1. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет - жеке немесе заңды тұлғалардың өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ ұйымдар мен объектілерде өртпен байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметі.
      Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет міндетті түрде құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      2. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің негізгі міндеттеріне:
      1) тиісті объектілерде өрттің алдын алу және оны сөндіру;
      2) тиісті объектілерде өрт сөндіруге байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жатады.
      3. Өртке қарсы қызмет міндетті түрде құрылатын ұйымдар мен объектілердің өрт қауіпсіздігі мемлекеттік емес өртке қарсы қызметпен шарттар жасасу арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін.
      4. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет осы Заңға және өртке қарсы қызметтің жұмысын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.
      Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет субъектілері өрт қауіпсіздігі саласындағы міндеттерді орындауда мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына жәрдемдесуге міндетті.
      Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің осы Заңда көзделген барлық заңды талаптарын орындауға міндетті.
      5. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметке жұмысқа кәмелеттік жасқа толған және арнайы дайындық пен оқу курсынан өткен Қазақстан Республикасының азаматтары қабылдана алады.
      Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметке жұмысқа психикалық ауруы, денсаулық жай-күйінің шектеулі болуы себепті, маскүнемдігі немесе нашақорлығы бойынша денсаулық сақтау органдарында есепте тұратын, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметке жұмысқа кіру уақытында Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар қабылдана алмайды.
      Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет өз қызметкерлерін мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары үшін белгіленген нормалар бойынша арнайы киім-кешекпен және өртке қарсы жарақтармен қамтамасыз етуге міндетті.
      6. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары үшін белгіленген өрт сөндіру техникасы, өрт-техникалық жарақтары мен жабдықтары бойынша тиісті нормаларға сәйкес келуге тиіс.";

      27) 15-баптың алтыншы бөлігі алып тасталсын;

      28) 16-бапта:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қоныстану аумақтарында, стратегиялық, ерекше маңызды мемлекеттік объектілерде және мемлекет меншігіндегі тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде өрт сөндіруді мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендердегі өрттерді сөндіруді тиісті аумақтағы жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.";

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Басқа объектілердегі өрттерді сөндіруді мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілерде өрт сөндіруге мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын тартқан жағдайда шығындарды өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүргізіледі. Шығындар сомасы республикалық бюджетке есептеледі.";

      төртінші бөлікте:
      "өртке қарсы қызметтер бөлімшелерін" деген сөздер "мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      ", олардың салалық бағыныстылығына қарамастан," деген сөздер алып тасталсын;

      сегізінші бөліктегі "өртке қарсы қызметтің" деген сөздер "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      тоғызыншы бөліктегі "өртке қарсы қызмет органдарының басшыларына" деген сөздер "өртке қарсы барлық қызметтерге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      оныншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің аумақтық органдарының басшылары тиісті облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), облыстық маңызы бар қаланың, ауданның аумағында орналасқан өртке қарсы барлық қызметтерге қатысты аға жедел бастық болып табылады.";

      он екінші бөлікте:
      "авиация" деген сөз "әуе" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "өзен" деген сөз "ішкі су" деген сөздермен ауыстырылсын;

      он төртінші бөліктің бірінші абзацындағы "өртке қарсы қызмет" деген сөздер "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      29) 18-баптың екінші абзацы алып тасталсын;

      30) 24-баптың екінші бөлігінің жетінші абзацындағы "өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылау және олардың бұзылуына жол бермеу" деген сөздер "өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      31) 25-бапта:
      екінші бөлікте:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "- өз қаражаты есебінен ұстайтын мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті осы Заңда белгіленген тәртіппен құруға, қайта ұйымдастыруға және таратуға, сондай-ақ шарттар негізінде мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті тартуға;";

      алтыншы абзацтағы "өртке қарсы қызметтің басқару органдары мен бөлімшелерінен" деген сөздер "мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарынан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "- міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілерде, соның ішінде мемлекеттік емес өртке қарсы қызметпен шарт жасасу негізінде мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті құруға немесе ұстауға;";

      32) 27-бапта ресми тілдегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;

      33) мынадай мазмұндағы 28-1-баппен толықтырылсын:

      "28-1-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары
                 қызметкерлерінің жауапкершілігі және олардың
                 іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану құқығы

      Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері өздерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
      Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.";

      34) 7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "7-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер";

      35) мынадай мазмұндағы 32-баппен толықтырылсын:

      "32-бап. Өтпелі ережелер

      2009 жылғы 1 қаңтарға дейін ішкі қызметтің (өртке қарсы қызметтің) полковнигі немесе ішкі қызметтің (өртке қарсы қызметтің) генерал-майоры арнайы атақтары берілген мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері мынадай шекті жасқа:

      1) ішкі қызметтің (өртке қарсы қызметтің) полковнигі - елу жасқа;

      2) ішкі қызметтің (өртке қарсы қызметтің) генерал-майоры елу бес жасқа жеткенде қызметтен босатылуға құқылы.".

      8. "Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы" 1997 жылғы 27 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 6, 69-құжат; 1998 ж., N 24, 436-құжат; 2000 ж., N 8, 187-құжат; 2004 ж., N 11-12, 67-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 8, 52-құжат; N 9, 67-құжат; N 20, 152-құжат):

      1) бүкіл мәтін бойынша "төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы орган", "төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органның", "төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органға" деген сөздер тиісінше "уәкілетті орган", "уәкілетті органның", "уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      авариялық-құтқару құралдары - техникалық, ғылыми-техникалық және зияткерлік өнім, оның ішінде байланыс пен басқарудың арнайы құралдары, құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстар технологиясы бойынша техника, жабдықтар, жарақтар, мүлік пен материалдар, әдістемелік, бейне-кино-фотоматериалдар, сондай-ақ электронды есептеу машиналарына арналған бағдарламалық деректер базасы және құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған өзге де құралдар;
      авариялық-құтқару құрамасы - негізін арнаулы техникамен, жабдықтармен, жарақтармен, аспаптармен, материалдармен жарақтандырылған және кинологиялық қызметпен қамтамасыз етілген құтқарушылар бөлімшелері құрайтын, құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған дербес немесе авариялық-құтқару қызметінің құрамына енетін құрылым;
      авариялық-құтқару қызметі - негізін өзіне құрылымдық жағынан авариялық-құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды орындайтын атқарушы-құтқарушыларды, кіші, орта және жоғары құрамдағы осы жұмысты басқарушы-құтқарушыларды және осы жұмысты техникалық жағынан қамтамасыз ететін көмекші қызметтерді қамтитын авариялық-құтқару құрамалары, оның ішінде аэромобильді отрядтар құрайтын, қызмет міндеттері жағынан біртұтас жүйеге біріктірілген, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі міндеттерді шешуге арналған басқару органдарының, күштер мен құралдардың жиынтығы;
      әскерилендірілген авариялық-құтқару бөлімі - қауіпті өндірістік объектілерге тәулік бойы қызмет көрсетуге арналған, дара басшылық принциптерімен әрекет етіп, соны басшылыққа алатын және қауіптілігі жоғары жағдайда, құтқарушылардың денсаулығы мен өмірі үшін жол беруге болатын шектегі тәуекелмен авариялық-құтқару жұмыстарын атқаратын мамандандырылған ұйым;
      құтқару жұмыстары - төтенше жағдайлар аймағында адамдарды, материалдық және мәдени құндылықтарды құтқару, қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайларды оқшаулау және соларға тән қауіпті факторлардың ықпалын жою немесе мүмкін болатын ең төменгі деңгейге дейін жеткізу жөніндегі іс-әрекеттер;
      құтқарушы - құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге арнайы даярлық пен аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) өткен азамат;
      құтқарушылардың мәртебесі - құтқарушылардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы;
      табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      төтенше жағдайды жою басшысы - төтенше жағдайды жою кезінде жұмыстар жүргізуді басқаратын немесе өкілеттігіне төтенше жағдайларды жою жатқызылып, орталық немесе жергілікті атқарушы орган тағайындаған басты өкімші және жауапты адам;
      төтенше жағдайларды жою кезіндегі шұғыл жұмыстар - құтқару жұмыстарын жан-жақты қамтамасыз ету, төтенше жағдайларда зардап шеккен халыққа медициналық және басқа да көмек түрлерін көрсету, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау, олардың жұмыс қабілетін қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау жөніндегі қызмет.";

      3) 5-баптың бесінші абзацы "құрамаларына" деген сөзден кейін "(оның ішінде әскерилендірілген, тау-кен құтқару, газдан құтқару, атқыламаға қарсы қызметтеріне)" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 6-баптағы "тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен толықтырылуы мүмкін төтенше және авариялық жағдайларда жүргізілетін басқа да арнайы жұмыстар" деген сөздер "төтенше жағдайларды жою кезіндегі басқа да шұғыл жұмыстар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 9-бапта:
      2-тармақтағы "кәмелетке толған," деген сөздер алып тасталып, "шымырлығына белгіленген талаптарға, сондай-ақ" деген сөздер "шымырлығына," деген сөзбен ауыстырылсын;

      3-тармақта:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының орта, аға және жоғары басшы құрамы жоғары кәсіби білімі бар және арнайы даярлықтан өткен адамдардан жинақталады.";

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Аталған адамдар кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінде және құрамаларында үш ай ішінде тағылымдамадан өткен соң және құтқарушы біліктілігін алғаннан кейін дербес жұмысқа жіберіледі.";

      6) 12-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Аттестаттаудан өткен авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларына - тиісті аттестаттау комиссияларының шешімі негізінде авариялық-құтқару жұмыстарының белгілі бір түрлерін жүргізу құқығына белгіленген үлгідегі куәлік, ал құтқарушыларға құтқарушының куәлігі беріледі.";

      7) 16-баптың 1-тармағында:
      бірінші бөліктің бесінші абзацындағы "соған уәкілетті" деген сөздер алып тасталсын;

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Суда құтқару қызметтерін төтенше жағдайларды жоюға тартуды төтенше жағдайларды жою басшысы жүзеге асырады.";

      8) 18-баптағы "меншік нысандарына қарамастан", ", меншік нысандарына қарамастан" деген сөздер алып тасталсын;

      9) 25-бапта:
      4-тармақтағы "ұзақтығы өзгеруі мүмкін; оларды" деген сөздер "ұзақтығын" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
      "Әрбір үш жыл стаж үшін ақысы төленетін қосымша, ұзақтығы бір күн, бірақ күнтізбелік он бес күннен аспайтын демалыс беріледі.";

      10) 26-бапта:
      2-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
      "3. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының құтқарушыларына еңбек сіңірген жылдары үшін жұмыс стажына қарай ай сайын лауазымдық айлықақысына процент есебімен еңбек сіңірген жылдары:
      үш жылдан асқанда - он бес процент;
      бес жылдан асқанда - жиырма процент;
      он жылдан асқанда - отыз процент;
      он бес жылдан асқанда - қырық процент;
      жиырма жылдан асқанда елу процент мөлшерінде үстемеақы төленеді.
      Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының құтқарушыларына еңбек сіңірген жылдары үшін проценттік үстемеақы төлеу үшін стаж Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен есептеледі.
      4. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының құтқарушылары жалақысының мөлшері олар қызмет көрсететін ұйымдардың тиісті санаттардағы қызметкерлерінің жалақысы мөлшерінен төмен болмайды.".

      9. "Азаматтық қорғаныс туралы" 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 9, 93-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 1999 ж., N 4, 101-құжат; 2000 ж., N 6, 142-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 16, 104-құжат; 2007 ж., N 10, 69-құжат):

      1) бүкіл мәтін бойынша:
      "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы", "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы", "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының", "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органын", "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органымен" деген сөздер тиісінше "Уәкілетті орган", "уәкілетті органның", "уәкілетті органды", "уәкілетті органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "өкілеттігі" деген сөз "құзыреті" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) кіріспенің екінші абзацында:
      "өкілеттігін" деген сөз "құзыретін" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "шетелдік азаматтардың" деген сөздер "шетелдіктердің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      Азаматтық қорғаныс - басқару органдарының мемлекеттік жүйесі мен бейбіт уақытта және соғыс уақытында халықты, шаруашылық жүргізу объектілері мен ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдау (қирату) факторларының әсерінен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиынтығы;
      Азаматтық қорғаныс бөлімдері - Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын Азаматтық қорғаныстың әскер бөлімдері;
      Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылатын, әкімдер, орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар құратын республикалық, облыстық, аудандық, қалалық Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтері;
      Азаматтық қорғаныс күштері - Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері, аумақтық, объектілік құрамалар, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерінің құрамалары, мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жедел-құтқару отрядтары;
      Азаматтық қорғаныс құрамалары - облыстарда, қалаларда, аудандарда, орталық және жергілікті атқарушы органдарда, ұйымдарда құрылатын аумақтық және объектілік құрамалар, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерінің құрамалары;
      Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      Азаматтық қорғаныстың басқару органдары - бейбіт уақытта және соғыс уақытында Азаматтық қорғаныс іс-шараларына басшылық жасайтын және олардың орындалуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, ұйымдар;
      "Баршаңыздың назарыңызға!" дабылы - Азаматтық қорғаныстың дабылдамалармен және басқа да дабыл беру құралдарымен берілетін бірыңғай дабылы. Осы дабыл бойынша халық теледидарларды, радионы және басқа да ақпарат қабылдау құралдарын іске қосып қоюға, беріліп жатқан ақпаратты мұқият тыңдап, іс-әрекет тәртібі мен жүріс-тұрыс ережелері жөніндегі талаптарды орындауға міндетті;
      жедел-құтқару отрядтары - жол қатынасы қиын аудандарда және аса күрделі объектілерде іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған республикалық, облыстық, қалалық, аудандық ұйымдар;
      қорғану құрылыстарының қоры - өндірістік персонал мен халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде арнайы қорғауға арналған қолда бар барлық инженерлік құрылыстардың жиынтығы;
      шаруашылық жүргізу объектілері - өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өндірісінің және қоғам қызметінің басқа да салаларының мүдделері үшін пайдаланылатын үйлер, ғимараттар және басқа да құрылыстар;
      эвакуациялық органдар - халықты, материалдық құндылықтарды қауіпсіз аймаққа эвакуациялау, оларды орналастыруды, өндірістік қызметті және тыныс-тіршілікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар құратын эвакуациялық және эвакуациялық-қабылдау комиссиялары.";

      4) 13-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының құрамында" деген сөздер "Уәкілетті органға ведомстволық бағынысты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4-тарау. Азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен қызметтері, Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау";

      6) 16-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Уәкілетті орган, оның аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері лауазымдарының бір бөлігі әскери қызметшілерден, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінен, ұлттық қауіпсіздік комитетінен, Ішкі істер министрлігінен, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардан ауыстырылған (іссапарға жіберілген) әскери қызметшілерден жасақталады.";

      7) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:

      "17-1-бап. Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау

      Азаматтық қорғаныс іс-шараларының атқарылуын мемлекеттік бақылауды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.";

      8) 19-баптың он екінші абзацы алып тасталсын;

      9) 20-баптың екінші абзацындағы "төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық, қалалық басқармаларды" деген сөздер "уәкілетті органның аумақтық органдарын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 23-бапта:
      алтыншы абзацтағы "жұмысшылар мен қызметшілерді" деген сөздер "қызметкерлерді" деген сөзбен ауыстырылсын;

      тоғызыншы абзацтағы "жұмысшылар мен қызметшілердің" деген сөздер "қызметкерлердің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      11) 24-баптың 1 және 2-тармақтарының бірінші абзацындағы "шетел азаматтары" деген сөздер "шетелдіктер" деген сөзбен ауыстырылсын;

      12) 29-1-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Уәкілетті органда, оның аумақтық органдарында, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінде әскери қызмет өткеріп жүрген адамдар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мәртебені иеленеді және құқықтар мен жеңілдіктерді пайдаланады.".

      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасы уәкілетті органының, оның аумақтық органдарының, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері әскери атақтарына сәйкес айырым белгілері бар әскери нысанды киім (киім-кешек) киіп жүреді.";

      13) 31-баптағы "шетелдік азаматтар" деген сөздер "шетелдіктер" деген сөзбен ауыстырылсын.

      10. "Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы" 2002 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 7-8, 77-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 20, 152-құжат):

      1) бүкіл мәтін бойынша "қадағалау", "қадағалауды" деген сөздер тиісінше "бақылау", "бақылауды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) мемлекеттік инспектор - Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адам;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.";

      3) 4-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы "талаптарының сақталуын" деген сөздер "саласындағы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 7-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      "7-бап. Уәкілетті органның құзыреті";

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;";

      5) тармақша алып тасталсын;

      8) тармақша алып тасталсын;

      13) тармақшадағы "азаматтардың" деген сөз "шетелдіктердің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      14) тармақшадағы "осы қауіп жойылғанға дейінгі кезеңге" деген сөздер "Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 16-1), 16-2), 16-3), 17-1) және 17-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "16-1) мемлекеттік инспекторға бірыңғай үлгідегі куәлік, нөмірлі мөртабан және пломбир беру тәртібін айқындайды;
      16-2) қызметтік куәлік, нөмірлі мөртабан және пломбир үлгісін белгілейді;
      16-3) мемлекеттік инспекторлар актілерінің нысандарын бекітеді;";

      "17-1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптарды белгілейтін нормативтік актілерді бекітеді;
      17-2) өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды келіседі;";

      21), 24) және 26) тармақшалар алып тасталсын;

      5) 11-1-бапта:
      6-тармақтың екінші бөлігіндегі "заңнамасына" деген сөз "заңдарына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      7-тармақтың бірінші бөлігіндегі "уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде" деген сөздер алып тасталсын;

      6) 4-тараудың тақырыбындағы "және олардың себептерін тексеру" деген сөздер алып тасталсын;

      7) мынадай мазмұндағы 13-1 және 13-2-баптармен толықтырылсын:

      "13-1-бап. Аварияларды жою жоспары

      Қауіпті өндірістік объектіде аварияларды жою жоспары әзірленеді.
      Аварияларды жою жоспарында адамдарды құтқару бойынша іс-шаралар, персонал мен авариялық-құтқару қызметтерінің іс-қимылдары көзделеді.
      Аварияларды жою жоспарында:
      1) жедел бөлім;
      2) аварияларды жоюға қатысатын персонал арасында міндеттерді бөлу, олардың іс-қимылдарының дәйектілігі;
      3) авария туындаған жағдайда хабарланатын және оны жоюға қатысатын лауазымды адамдар мен мекемелердің тізімдері болады.
      Аварияларды жою жоспарын ұйым басшысы бекітеді және авариялық-құтқару қызметтерімен және құрамаларымен келісіледі.

      13-2-бап. Оқу дабылдары және аварияларға қарсы жаттығулар

      Қауіпті өндірістік объектілерде оқу дабылдары мен аварияларға қарсы жаттығулар ұйым басшысы бекіткен және уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісілген жоспар бойынша жүргізіледі.
      Оқу дабылын ұйым басшысы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің және авариялық-құтқару қызметінің өкілдерімен бірлесе отырып жүргізеді.
      Оқу дабылының қорытындылары актімен ресімделеді. Актіде жазылған ұсыныстардың орындалуын бақылау ұйым басшысына жүктеледі.";

      8) 14-бап алып тасталсын;

      9) 14-10-баптың 6-тармағы "жариялайды" деген сөзден кейін "немесе уәкілетті органның сайтында орналастырылады" деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 14-13-бапта:
      2-тармақтың 4) тармақшасындағы "түсіндірме жазбаны" деген сөздер "сараптама қорытындысын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақтың екінші бөлігінде:
      "өз шешімімен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасында көзделген тәртіппен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес" деген сөздер алып тасталсын;

      11) 15-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігінде:
      төртінші абзацтағы "барлық санаттағы" деген сөздер "мемлекеттік бақылау жөніндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жетінші абзац "бөлімшелерінің" деген сөзден кейін "мемлекеттік бақылау жөніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Мемлекеттік инспекторға бірыңғай үлгідегі куәлік, нөмірлі мөртабан және пломбир уәкілетті орган белгілеген тәртіппен беріледі.";

      12) мынадай мазмұндағы 15-1, 15-2, 15-3, 15-4 және 15-5-баптармен толықтырылсын:

      "15-1-бап. Мемлекеттік инспектордың құқықтары

      Мемлекеттік инспектордың:
      1) өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйіне тексеру жүргізу мақсатында қауіпті өнеркәсіптік объектілерге белгіленген тәртіпті сақтай отырып кіруге;
      2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының орындалуын тексеру үшін қажетті құжаттармен танысуға;
      3) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда бұзушылықтарды жою туралы акт - нұсқама енгізуге, бұзушылықтарға кінәлі тұлғаларды Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында белгіленген әкімшілік жауаптылыққа тартуға;
      4) адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін ақауы бар техникалық құрылғыларды олардың ақауын жойғанға дейінгі кезеңде, өндірісті тоқтата тұруға, тоқтауға байланысты жағдайларды қоспағанда, техникалық ақауы бар құрылғыларды пайдалануға тыйым салуға құқығы бар.

      15-2-бап. Мемлекеттік инспектордың міндеттері

      Мемлекеттік инспектор:
      1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылауды жүзеге асыруға;
      2) ұйымдардың Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасын сақтауының жай-күйін сипаттайтын көрсеткіштерді жинауға, қорытындылауға, жүйелеуге және оларға талдау жүргізуге;
      3) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге міндетті.

      15-3-бап. Мемлекеттік инспектордың актілері

      1. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарына байланысты жүргізілген мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік инспекторлар мынадай актілер шығарады:
      1) тексеру жүргізу нәтижелері жөніндегі акт;
      2) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама;
      3) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама;
      4) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы бұзылған жағдайда кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қаулы.
      2. Акт нысандарын уәкілетті орган бекітеді.
      3. Мемлекеттік инспекторлардың актілерін жеке және заңды тұлғалар орындауға міндетті.

      15-4-бап. Мемлекеттік инспектордың әлеуметтік қамсыздандырылуы

      Мемлекеттік инспекторлардың өмірі мен денсаулығының сақтандырылуы Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік инспекторлар отбасы мүшелерінің асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік қамсыздандырылуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      15-5-бап. Мемлекеттік инспектордың қызметтік
                міндеттерін орындауына кедергі жасау

      Мемлекеттік инспектордың өз қызметтік міндеттерін орындауы кезінде оған кедергі жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.";

      13) 16-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын барлық ұйымдарда өндірістік бақылау туралы ереже әзірленеді.
      Ережеде өнеркәсіптік қауіпсіздік нормалары талаптарының іске асырылуын бақылайтын тұлғалардың өкілеттігі қамтылуға тиіс.
      Бақылауды жүзеге асыратын тұлғалардың функциялары мен өкілеттігін бекіту ұйым бойынша бұйрықпен ресімделеді.";

      14) 17-бапта "заң актілеріне" деген сөздер "заңдарына" деген сөзбен ауыстырылсын.

      11. "Төтенше жағдай туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 3, 18-құжат; 2006 ж., N 2, 14-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат):

      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) жергілікті жердің коменданты - Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын, төтенше жағдай енгізілген жердегі комендатураның қызметіне басшылық жасайтын және төтенше жағдай режимін қамтамасыз ететін күштер мен құралдарды бірыңғай басқаруды жүзеге асыратын лауазымды адам;
      2) жергілікті жердің комендатурасы - төтенше жағдай енгізілген жерлерде төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Президенті құратын уақытша арнаулы орган;
      3) коменданттық сағат - арнайы берілген рұқсаттамасыз және жеке басын куәландыратын құжаттарсыз көшелерде және өзге де қоғамдық жерлерде не үйлерінен тысқары жерлерде жүруге тыйым салынатын тәулік мезгілі;
      4) төтенше жағдай - азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын қорғау мүдделерінде ғана қолданылатын және мемлекеттік органдар, ұйымдар қызметіне, азаматтардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарына жекелеген шектеулер белгілеуге жол беретін және оларға қосымша міндеттер жүктейтін ерекше құқықтық режим болып табылатын уақытша шара;
      5) төтенше жағдай енгізілетін жерлердің шекаралары - Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше әкімшілік-аумақтық бірліктерінің аумағы;
      6) Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия - төтенше жағдай енгізу кезеңіне Қазақстан Республикасы Президентінің актісімен құрылатын арнаулы мемлекеттік басқару органы.";

      2) 4-баптың 2-тармағы 2) тармақшасының екінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының" деген сөздер "төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 11-баптың 2-тармағындағы "Жарлығымен" деген сөз "актісімен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 13-бапта:
      1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Комендант - Қазақстан Республикасының Президентіне, ал Мемлекеттік комиссия құрылған кезде Қазақстан Республикасының Президенті мен Мемлекеттік комиссия төрағасына бағынады.";

      2-тармақтың 1) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының" деген сөздер "төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 14-баптың 1-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқару органының" деген сөздер "төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 18-баптың 1-тармағында:
      "жұмысқа орналасуына көмек көрсетіледі және" деген сөздер алып тасталсын;
      "тәртіппен" деген сөзден кейін "және шекте" деген сөздермен толықтырылсын.

      12. "Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 14, 102-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 25-құжат; 2007 ж., N 8, 52-құжат):

      13-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы "өртке қарсы" деген сөздер "мемлекеттік өртке қарсы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      13. "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 14, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 25-құжат; 2007 ж., N 8, 52-құжат):

      16-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы "өртке қарсы" деген сөздер "мемлекеттік өртке қарсы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      14. "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., N 1-2, 1-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат):

      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) азаматтық персонал - Қарулы Күштерде мемлекеттік қызметте болатын немесе еңбек қатынастарында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары;
      2) арнаулы әскерлер - Қарулы Күштердің жауынгерлік қызметін (инженерлік, химиялық және техникалық қамтамасыз ету, барлау, байланыс, радиоэлектрондық күрес) қамтамасыз ету жөніндегі арнаулы міндеттерді орындау үшін құрылған әскери бөлімдер мен бөлімшелер;
      3) арнаулы құралымдар - жұмылдыру жарияланған кезде темір жолдар мен автомобиль жолдарын, теңіз және өзен порттарын, әуежайларды, аэродромдарды, байланыс желілерін, газ және мұнай құбырларын, энергиямен және сумен жабдықтау жүйелерін қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды орындау үшін, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының, көлік пен байланыстың кідіріссіз жұмысын ұйымдастыру үшін және медициналық көмек көрсету, өртті оқшаулау және жою үшін құрылатын құралымдар;
      4) аумақты жедел жабдықтау - қорғаныс мақсатындағы міндеттерді жедел шешу үшін пайдалануға көлік құрылыстарын, жол желілерін, қойма шаруашылығын, байланысты, сумен, жылумен және энергиямен жабдықтауды даярлауға және ұдайы әзірлікте ұстап тұруға бағытталған іс-шаралар кешені;
      5) аумақтық қорғаныс - Қазақстан Республикасының халқын, объектілерін және коммуникацияларын қарсы жақтың іс-қимылынан, диверсиялық немесе террорлық актілерінен қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асыратын іс-шаралар жиынтығы, сондай-ақ төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы режимдерін енгізу және қамтамасыз ету;
      6) әскери басқару органдары - әскери басқарудың стратегиялық, жедел-стратегиялық, жедел-аумақтық, жедел-тактикалық, тактикалық және жергілікті органдары;
      7) әскери бөлім - Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ұйымдық-дербес бірлігі болып табылатын мемлекеттік мекеме;
      8) әскери мүлік - Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттік мекемелерінің жедел басқару құқығындағы қорғаныс объектілері, қару-жарақтың, әскери техниканың барлық түрлері, оқ-дәрі, арнайы құралдар мен басқа да мүлік;
      9) әскери техника - Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар жарақтандырылатын қарулар, ұрыс машиналары, аспаптар мен басқа да техникалық құралдар;
      10) әскер түрі - өзіне ғана тән негізгі қарулары мен әскери техникасы, сондай-ақ оларды ұрысқа қолдану тәсілдері бар, Қарулы Күштердің дербес не құрамдас бөлігінің құрамына кіретін түрі;
      11) басқа да әскерлер мен әскери құралымдар - ұлттық қауіпсіздік органдары, Республикалық ұлан, Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері мен әскери-тергеу органдары, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі, төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның басқару органдары мен азаматтық қорғаныс бөлімдері, әскери прокуратура органдары;
      12) жабдықтау нормалары - бейбіт кезде немесе соғыс уақытында әскери қызметшілерге, бөлімшелерге, әскери бөлімдерге (кемелерге) және құрамаларға беруге белгіленген материалдық құралдардың саны;
      13) жауынгерлік әзірлік - Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың белгіленген мерзімдерде өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға дайындығының дәрежесін айқындайтын жағдай;
      14) жауынгерлік міндет - ұрыста (операцияда) белгілі бір мақсатқа белгіленген мерзімде қол жеткізу үшін жоғары тұрған командир (бастық) қойған міндет;
      15) жоғары қолбасшылық (жоғары қолбасшылық құрам) - Қорғаныс министрі, оның орынбасарлары, Қарулы Күштер түрлерінің бас қолбасшылары және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын өзге де лауазымды адамдар;
      16) кәдеге жарату - қару-жарақты, әскери техниканы, арнаулы құралдарды олардың ұрысқа тән қасиеттерін пайдалануды немесе тікелей мақсаты бойынша қолдануды болдырмайтын жағдайға келтіру, сондай-ақ олардың компоненттерін кейіннен пайдалану мақсатында бөлшектеу;
      17) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері (бұдан әрі - Қарулы Күштер) - қорғанысты қамтамасыз ету, агрессияға тойтарыс беру немесе тікелей сыртқы қатерді болдырмау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінен туындайтын міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасы құрған және ұстайтын мемлекеттің әскери ұйымының негізі;
      18) қару-жарақ - әртүрлі қару, оқ-дәрі түрлерінің кешені, бұларды қолдануды қамтамасыз ететін олардың тасығыштары мен құралдары;
      19) Қарулы Күштердің түрі - мемлекеттің белгілі бір салада (құрлықта, теңізде, әуе кеңістігінде) соғыс қимылдарын жүргізуге арналған Қарулы Күштерінің бір бөлігі;
      20) қорғаныс - Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету, егемендігін, аумақтық тұтастығын және оның шекарасына қол сұғылмаушылықты қару-жарақпен қорғау жөніндегі саяси, әскери, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік-құқықтық және өзге де сипаттағы мемлекеттік шаралар жүйесі;
      21) қорғаныс объектілері - Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттік мекемелеріне жедел басқару құқығында бекітіліп берілген жылжымайтын мүлік;
      22) материалдық запастар - Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдарында, базалары мен қоймаларында сақталатын әскери мүліктің белгілі бір саны;
      23) мемлекеттің әскери ұйымы - негізгі қызметі Қазақстан Республикасының қорғанысын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешуге тікелей бағытталған Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жиынтығы;
      24) пайдаланылмайтын әскери мүлік - қару-жарақтан алынған, тікелей мақсатына орай пайдалануға жарамсыз, есептен шығарылған, запаста сақтаудың кепілді мерзімі өткен, Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы басы артық және олар қолданбайтын мүлік;
      25) соғыс жағдайы - мемлекеттер арасындағы соғыс жарияланған (соғыс қимылдары іс жүзінде басталған) кезден бастап ол аяқталғанға (іс жүзінде тоқтатылғанға) дейінгі қарым-қатынастар;
      26) соғыс қатері - туындаған қарама-қайшылықтарды әскери-күш қолдану әдістерімен шешуге, Қазақстан Республикасына қарсы бағытталған соғыс жанжалын (соғысты) тұтандыруға нақты қалыптасқан ниет;
      27) соғыс қаупі - саяси және өзге де мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасына қарсы әскери күш көрсету құралдарын қолдану мүмкіндігін көздеген тұрақсыздық факторы;
      28) соғыс қимылдары - агрессияға тойтарыс беру кезінде алға қойылған жауынгерлік міндеттерді орындау үшін Қарулы Күштердің барлық түрін қолданатын стратегиялық ауқымдағы (ұрыс қимылдарын қоса алғанда) іс-қимылдар кешені;
      29) соғыс уақыты - соғыс кезі жарияланған немесе соғыс қимылдары нақты басталған сәттен бастап, соғыс қимылдарының тоқтатылғаны туралы жарияланғанға дейінгі, бірақ олардың нақты тоқтатылуынан бұрынғы кезең;
      30) техникалық қамтамасыз ету - Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қару-жарақпен және әскери техникамен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын іс-шаралар кешені;
      31) тыл - Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды тыл және техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын әскери бөлімдер;
      32) тыл жағынан қамтамасыз ету - Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жауынгерлік әзірлігін қолдау мақсатында олардың материалдық, көлік, тұрмыстық және өзге де қажеттерін қанағаттандыруға бағытталған іс-шаралар кешені;
      33) ұрыс қимылдары - әскери бөлімдердің, құрамалар мен бөлімшелердің тиісті әскери басқару органдарының басқаруымен жауынгерлік міндеттерді орындау кезіндегі ұйымдасқан іс-қимылдары.";

      2) 19-баптың екінші бөлігіндегі және 29-баптың 2-тармағындағы "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының" деген сөздер "төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын.

      15. "Әскери полиция органдары туралы" 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., N 5, 4-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат):

      1) 7-баптың бірінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы орталық атқарушы органының" деген сөздер "төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 8-баптың 10) тармақшасындағы "меншік нысандарына қарамастан" деген сөздер және 11) тармақшасындағы "меншік нысанына қарамастан" деген сөздер алып тасталсын;

      3) 13-бапта:
      1-тармақтағы ", жұмысшылармен және қызметшілермен" деген сөздер "және азаматтық персоналмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақта:
      "жұмысшылары мен қызметшілерін" деген сөздер "азаматтық персоналын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "еңбек заңнамасымен" деген сөздерден кейін "және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен" деген сөздермен толықтырылсын.

      16. "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., N 14, 60-құжат; 2007 ж., N 9, 67-құжат; N 20, 152-құжат):

      1) 4-баптың 4-тармағындағы "өртке қарсы" деген сөздер "мемлекеттік өртке қарсы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 11-баптың 4-тармағындағы "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы" деген сөздер "Төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 16-баптың 4-тармағындағы "өртке қарсы" деген сөздер "мемлекеттік өртке қарсы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      17. "Міндетті экологиялық сақтандыру туралы" 2005 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., N 23, 90-құжат):

      11-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы "өртке қарсы" деген сөздер "мемлекеттік өртке қарсы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                        Н. Назарбаев


Дата вступления в силу:  26.05.2008
Дата изменения акта:  26.05.2008
Дата принятия акта:  26.05.2008
Информация об официальном опубликовании акта:  "Егемен Қазақстан" 2008 жылғы 4 маусым, N 164-165 (25136); Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., N 6-7, 27-құжат
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  102000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  39777
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  34-IV
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  031011000000 / 001008000000
Форма акта:  ЗАК
Юридическая сила:  0400
Язык акта:  kaz