12.01.2007

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

       РҚАО-ның ескертуі. Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз.

       1-бап.  Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж. N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72,77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; 2006 жылғы 22 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 26 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 338-бапта:
      бірінші бөліктің екінші абзацындағы "айлық есептік көрсеткіштің екіден беске дейінгі" деген сөздер "екі жүз айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасының жиырма бір жасқа дейінгі азаматтарын құмар ойындармен және (немесе) ақшаға, заттарға және өзге де құндылықтарға бәс тігумен айналысуға тарту және рұқсат ету, - 
      үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      2) мынадай мазмұндағы 338-1-баппен толықтырылсын:

      "338-1-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі
                  туралы заңнамасын бұзу

      1. Ойын мекемелерін тұрғын үй қорына жатпайтын ғимараттарда орналастыру туралы талаптарды сақтамау, ойын мекемелерін ғибадат ету ғимараттарында және мемлекеттік органдар мен мекемелердің, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдарының, сондай-ақ әуежайлардың, вокзалдардың ғимараттарында орналастыру, -
      жеке тұлғаларға - жүз, лауазымды адамдарға - екі жүз, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Құмар ойындарды Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген орындардан тыс жерлерде ұйымдастыру және өткізу, -
      жеке тұлғаларға - жүз, лауазымды адамдарға - екі жүз, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Ойын автоматына технологиялық түрде енгізілген ұтыс проценті бойынша талаптарды сақтамау, -
      жеке тұлғаларға - жүз, лауазымды адамдарға - екі жүз, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Ойын бизнесін ұйымдастырушының міндетті резервтерді қалыптастыру, орналастыруды қамтамасыз ету және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен және жағдайларда пайдалану жөніндегі шарттарды орындамауы, -
      лауазымды адамдарға - екі жүз, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Ойын автоматтарын немесе олардың бөлшектерін қабырғаларға, терезе мен есіктің ойықтарына монтаждау, -
      жеке тұлғаларға - жүз, лауазымды адамдарға - екі жүз, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Ойын бизнесін ұйымдастырушының заңнамада көзделмеген ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерін жүзеге асыруы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында онлайн-казино ұйымдастыруы және өткізуі, -
      жеке тұлғаларға - жүз, лауазымды адамдарға - екі жүз, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Ойын бизнесін ұйымдастырушының казино кассалары мен ойын орындарын бейне жазу жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптарды сақтамауы, -
      лауазымды адамдарға - екі жүз, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      8. Бір казинода кемінде жиырма ойын үстелін, ойын автоматтары залында кемінде елу ойын автоматын орнату жөніндегі талаптарды сақтамау, -
      лауазымды адамдарға - екі жүз, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      9. Ойын бизнесін ұйымдастырушының ойын автоматтарын Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес тестілеу және сертификаттау туралы талаптарды бұза отырып пайдалануы -
      лауазымды адамдарға - екі жүз, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      10. Осы баптың бірінші - тоғызыншы бөліктерінде көзделген іс-әрекеттерді әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасау, -
      жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға - үш жүз, дара кәсіпкерлерге және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      3) 541-баптың бірінші бөлігіндегі»338 (бірінші бөлігінде), деген сөздерден кейін "338-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      4) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "ойын бизнесі саласындағы уәкілетті органның (338 (бірінші бөлігі), 338-1-баптар);".

      2. 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексіне  (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж. N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4, 5-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45, 46-құжаттар; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 77, 79-құжаттар; N 13, 85-құжат; N 16, 97, 98, 103-құжаттар; 2006 жылғы 22 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 26 желтоқсанда»"Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған»Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
       РҚАО-ның ескертуі. 1-баптың 2-тармағы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      1) 10-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы "кез келген түрлері" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ құмар ойында және (немесе) бәс тігуде алынатын мүліктік пайда түріндегі табыстар" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 60-бап мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
      "10. Ойын бизнесі салығы.";

      3) 77-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Ойын бизнесі салығын төлеушілер ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асырудан түскен кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.";

      4) 148-баптың 1-тармағының екінші бөлігі "көрсетілген кірістерді" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ құмар ойында және (немесе) бәс тігуде алынған мүліктік пайда түріндегі кірістерді" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 211-баптың 3-тармағының 7) тармақшасындағы "беру өткізу бойынша айналым болып табылмайды." деген сөздер "беру;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      "8) ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру бойынша айналым, өткізу бойынша айналым болып табылмайды.";

      6) 255-бапта "тізбесі осы Кодекстің 257-бабында анықталған қызмет түрлеріне" деген сөздер "осы Кодекстің 257-бабында көрсетілген қызмет түріне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 256-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы "акцизделетін түрлерін" деген сөздер "акцизделетін түрін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 257-бапта:
      тақырыбындағы "мен қызмет түрлерінің тізбесі" деген сөздер "тізбесі және акцизделетін қызмет түрі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Лотереяны ұйымдастыру мен өткізу акцизделетін қызмет түрі болып табылады.";

      9) 258-баптың 4-тармағы алып тасталсын;

      10) 259-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын;

      11) 266-бап алып тасталсын;

      12) 269-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

      13) 271-баптың 6-тармағы алып тасталсын;

      14) мынадай мазмұндағы 14-1-бөліммен толықтырылсын:

"14-1-бөлім. Ойын бизнесі салығы

62-1-тарау. Ойын бизнесі салығы

      367-1-бап. Төлеушілер

      Мыналар:
      1) казино;
      2) ойын автоматтары залы;
      3) тотализатор;
      4) букмекерлік кеңсе қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар ойын бизнесі салығын төлеушілер болып табылады.

      367-2-бап. Салық салу объектілері

      Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде:
      1) ойын үстелі;
      2) ойын автоматы;
      3) тотализатор кассасы;
      4) букмекер кеңсесінің кассасы ойын бизнесіне салық салу объектілері болып табылады.

      367-3-бап. Салық ставкалары

      Салық салу объектісінің бірлігінен ойын бизнесі салығын есептеу мынадай ставкалар бойынша жүргізіледі:
      ойын үстелі - тоқсанына 2 500 айлық есептік көрсеткіш;
      ойын автоматы - тоқсанына 88 айлық есептік көрсеткіш;
      тотализатор кассасы - тоқсанына 375 айлық есептік көрсеткіш;
      букмекер кеңсесінің кассасы - тоқсанына 225 айлық есептік көрсеткіш.

      367-4-бап. Салық кезеңі

      Ойын бизнесі салығын есептеуге және төлеуге арналған салық кезеңі тоқсан болып табылады.

      367-5-бап. Салықты төлеу тәртібі мен мерзімі

      1. Салық кезеңі ішінде төленуге тиісті ойын бизнесі салығы осы Кодекстің 367-2-бабында айқындалған әрбір салық салу объектісіне тиісті салық ставкасын қолдану арқылы айқындалады.
      2. Ойын бизнесі салығы есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша бюджетке төленуге тиіс.

      367-6-бап. Салық есептілігін табыс ету

      Салық төлеушілер салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша салық органдарына ойын бизнесі салығы бойынша декларацияны есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей табыс етуге міндетті.

      367-7-бап. Ойын бизнесі салығын төлеушілердің қосымша төлемі

      1. Қосымша төлем ойын бизнесі саласындағы қызметтен алынған табыс осы баптың 2-тармағында белгіленген кірістің шекті сомасынан асып кеткен жағдайда есептеледі.
      2. Ойын бизнесі салығын төлеушілер үшін салық кезеңі ішіндегі кірістің шекті мөлшері:
      казино қызметінен - 135 000 айлық есептік көрсеткішті;
      ойын автоматтары залы қызметінен - 25 000 айлық есептік көрсеткішті;
      тотализатор қызметінен - 2 500 айлық есептік көрсеткішті;
      букмекер кеңсесі қызметінен - 2 000 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

      367-8-бап. Қосымша төлемді есептеу және төлеу тәртібі

      1. Қосымша төлем кірістің шекті мөлшерінен асып кеткен сомасына отыз процент мөлшеріндегі ставканы қолдану арқылы есептеледі және ол есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 20-ынан кешіктірілмей төленуге тиіс.
      2. Ойын бизнесі салығын төлеушілер ойын бизнесі саласындағы қызметтің бірнеше түрін жүзеге асырған кезде қосымша төлем ойын бизнесі саласындағы әрбір қызмет түрінен алынған табыстан бөлек есептеледі.";

      15)391-бапта:
      2), 3), 5), 8) 9), 10) тармақшалар алып тасталсын;

      6) тармақшадағы ", соның ішінде құмар ойындар" деген сөздер алып тасталсын;

      16) 392-баптың 1-тармағының 1), 6) тармақшалары алып тасталып, 5) тармақша "бойынша" деген сөзден кейін "қызметтер көрсететін жеке кәсіпкерлердің, заңды тұлғалардың, олардың филиалдарының, өкілдіктерінің және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне қолданылады." деген сөздермен толықтырылсын;

      17) 393-баптың 1), 6) тармақшалары алып тасталсын;

      18)438-бапта:
      1-тармақ "беру (қайта рәсімдеу) кезінде" деген сөздерден кейін "және осы тарауда көзделген өзге де жағдайларда" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақта "заң актісінде" деген сөздер "заңнамалық актілерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) 440-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "440-бап. Алымды есептеу, төлеу және төленген сомаларды
                қайтару тәртібі

      1. Алым сомасы, осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ставкалар бойынша есептеледі.
      Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия алатын (алған) төлеушілер үшін лицензиялық алымның мөлшері:
      1) казино мен ойын автоматтары залы үшін - жылына 3 845 айлық есептік көрсеткішті;
      2) тотализатор мен букмекер кеңсесі үшін - жылына 640 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
      2. Алым сомасы лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін алым төлеушінің салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркелген жері бойынша бюджетке енгізіледі.
      Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия алған төлеушілер алым сомасын жыл сайын ағымдағы жылдың 20 қаңтарына дейін төлейді.
      Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асырудың бірінші жылында лицензия алатын төлеушілер алым сомасын лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін төлейді.
      3. Алым төлеген тұлғалар лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін лицензия алудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
      Бұл орайда төленген алым сомасы тиісті лицензиар берген, лицензия алуға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенін растайтын құжатты төлеуші табыс еткеннен кейін қайтарылады.

      20) 531-баптың 3-тармағында:
      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Объектілерді есепке алудың тіркеу карточкасында көрсетілген мәліметтер өзгерген кезде, салық төлеуші салық салу объектілерінің жалпы саны өзгерерден он жұмыс күні бұрын объектілерді есепке алуды тіркеу карточкасына тиісті өзгерістер енгізу үшін тиісті салық органына салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді қайта тіркеу туралы өтініш береді.";

      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруды тоқтатқан кезде, сондай-ақ салық салу объектілерінің жалпы саны шығып қалған кезде объектілерді есепке алудың тіркеу карточкасы қызметті жүзеге асыру тоқтатылған, салық салу объектілері шығып қалған кезден бастап он жұмыс күні ішінде салық органына тапсырылуға тиіс.";

      21) 546-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      "ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыратындарының;".

      3. 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының  Бюджет кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 8-9, 53-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 14, 55-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 79-құжат; N 13, 86-құжат; N 16, 97-құжат; 2006 жылғы 22 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 26 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
       РҚАО-ның ескертуі. 1-баптың 3-тармағы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      1) 46-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) ойын бизнесі салығы;";

      2) 48-баптың 1-тармағы 7) тармақшасының алтыншы абзацы алып тасталсын;

      3) 49-баптың 1-тармағы 7) тармақшасының алтыншы абзацы алып тасталсын.

      4."Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52, 54-құжаттар; N 13-14, 173, 176-құжаттар; N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 15, 151-құжат; N 19-20, 165-құжат; 2003 ж., N 1-2, 2-құжат; N 4, 25-құжат; N 6, 34-құжат; N 10, 50, 51-құжаттар; N 11, 69-құжат; N 14, 107-құжат; N 15, 124, 128, 139-құжаттар; 2004 ж., N 2, 9-құжат; N 5,27-құжат; N 10, 54-құжат; N 14, 82-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, N 91-құжат; N 17, 98-құжат; 2005 ж. N 7-8, 23-құжат; N 11, 37-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 8, 45-құжат; N 13, 85-құжат; N 15, 92-құжат; N 16, 97, 102-құжаттар):

      1) 4-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы "операциясын жүргізуге" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген мерзім шегінде ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерімен айналысуға" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 15-бап мынадай мазмұндағы он үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиялар берудің шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасында айқындалады.";

      3) 18-баптың екінші бөлігінде "Қызметтің" деген сөз "Ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялауды қоспағанда, қызметтің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 19-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген біліктілік талаптарына сай келмесе;".

       2-бап.  Осы Заң, 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 2 және 3-тармақтарын қоспағанда, 2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

      


Дата вступления в силу:  12.01.2007
Дата изменения акта:  12.01.2007
Дата принятия акта:  12.01.2007
Информация об официальном опубликовании акта:  Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 2, 16-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 24 қаңтар N 19
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  102000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  31395
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  220
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  005004003000 / 001008000000
Форма акта:  ЗАК
Юридическая сила:  0400
Язык акта:  kaz