Қазақстан Республикасының Кеден кодексiне өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 8 қаңтардағы N 211 Заңы

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 8 мамырдағы N 04.2-09/116. бұйрығымен.

Үзінді:
"Қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитенттерінің аудит шығындарын өтеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Алматы қаласының Өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 9 Төраға м.а. бұйрығының күшін жою туралы

      "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасының заңының  6-бабының  8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Алматы қаласының Өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Ережесінің  17-тармағының  5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы N 166 бекітілген Жарлығына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитенттерінің аудит шығындарын өтеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Алматы қаласының Өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 9 Төраға м.а. бұйрығының күшін жойсын деп танылсын (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелу Реестрінде N 4514 тіркелген, 2007 жылғы 26 қаңтарында N 2021 (24598) "Егемен Қазақстан" жарияланған).
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын қызметін реттеу агенттігінің Тіркеу департаментіне нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелу Реестріне сәйкес жазбаны енгізу мақсатында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің назарына жеткізілсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                    А. Арыстанов
____________________________________________

      "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  6-бабының 8) тармақшасын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 ж. 28 тамызда N 166 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі туралы"  ереженің  17-тармағының 5) тармақшасын басшылыққа ала отырып,  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитенттерінің аудит шығындарын өтеу туралы нұсқаулық бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Заң басқармасы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуі бойынша шаралар қабылдасын.
      3. Агенттіктің Даму департаменті бұйрықтың Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Бұйрықтың орындалуын бақылауды өзімде қалдырамын.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Төрағаның м.а.

Қазақстан Республикасы 
Алматы қаласының өңірлік
қаржы орталығының қызметін
реттеу агенттігі төрағасының
2007 жылғы 9 қаңтардағы 
N 9 бұйрығымен бекітілді

  Қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы
құралдары эмитенттерінің аудит шығындарын өтеу туралы
Нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Осы қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитенттерінің аудит шығындарын өтеу туралы Нұсқаулық (бұдан соң - Нұсқаулық) "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  6-бабының  8) тармақшасын жете талдау мақсатында қабылданды және Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдарын шығару бойынша эмитенттердің қаржы есептілігі аудитінің шығындарын өтеу барысын реттейді.

      2. Нұсқаулықта келесі ұғымдар қолданылады:
      1) аудит шығындарын өтеу - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитенттеріне аудит шығындарына кететін қаражатын төлеу;
      2) қаржы құралдарын орналастыру - арнайы сауда алаңында қаржы құралдарын сату;
      3) арнайы сауда алаңы - Алматы қаласы территориясында қызмет ететін, өкілетті орган анықтайтын, қаржы орталығы қатысушылары қаржы құралдарымен сауданы жүзеге асыратын қор биржасының сауда алаңы;
      4) қаржы орталығы қызметін реттейтін уәкілетті орган (бұдан соң - уәкілетті орган) - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қызметін мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      5) қаржы құралы - қаржы орталығының арнайы сауда алаңында айналымға жіберілген бағалы қағаздар (туынды бағалы қағаздарды қосқанда) және қаржы нарығының басқа да активтері;
      6) эмитент - эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге асыратын тұлға.

  2. Эмитенттің аудит шығындарын қайтару мақсатында
жолдаған өтінішін қарастыру

      3. Аудит шығындарын қайтару мақсатында эмитент уәкілетті органға Нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес формада келесі құжаттарды қоса тіркей отырып, өтініш жолдайды:
      1) эмитенттің қаржы есептілігі аудитін жүргізуге аудиторлық ұйыммен жасаған келісімінің түпнұсқасы немесе нотариалды расталған көшірмесі;
      2) аудит шығындарының төленуін растайтын құжат түпнұсқасы және көшірмесі (құжат көшірмесінің нақтылығы тексерілгеннен соң, түпнұсқа эмитентке қайтарылады);
      3) эмитенттердің ресми тізімге енгізілген қаржы құралдарын қаржы орталығының арнайы сауда алаңында орналастыру фактісін растайтын құжат;
      4) аудиторлық ұйымның аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;
      5) аудиторлық ұйымның эмитентпен аффилиирленбегенін дәлелдейтін жазбаша растау, және Қазақстан Республикасы резиденттері үшін - аудиторлық ұйымдардың "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес аудит жүргізу құқықтарының шектелмейтінін нақтылайтын жазбаша растау;
      6) эмитент өкіліне берілген эмитент атынан құжаттар өткізу және алу құқығын иеленуге нотариалды расталған сенімхат (эмитент-жеке тұлғалар үшін) немесе заңды тұлғаның бірінші басшысының атынан мөрімен куәландырылған сенімхат (заңды тұлғалар-эмитенттер үшін).
      Өткізілген құжаттар жоғарыдағы талаптарға сай болмаған жағдайда, сонымен қатар құжаттар пакеті толық емес түрде өткізілген жағдайда, өтініш уәкілетті органға өткізілген күннен бастап 5 күн көлемінде қарастырылмаусыз қайтарылады.

      4. Аудит шығындарын өтеуге өтініш ағымдағы жылдың бірінші мамырына дейін қабылданады.

      5. Эмитенттерге аудит шығынын өтеу аудит шығындарын өтеуге өтініш берілген жылдан кейінгі келесі жылдың бірінші мамырына дейін жүзеге асырылады.

      6. Уәкілетті орган өтініштерді өткізілген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қарастырады.

      7. Қарастыру нәтижелеріне сәйкес, уәкілетті орган аудит шығындарын өтеу немесе өтеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды, оны шешім қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде эмитентке жіберіледі.

      8. Уәкілетті органның аудит шығындарын өтеу туралы шешімі органның басшысы немесе оның міндетін атқарушының бұйрығы түрінде рәсімделеді.

      9. Аудит шығындарын өтеуден бас тарту жағдайында, уәкілетті орган шешімінде бас тартудың түбегейлі және дәйекті себептері көрсетіледі.

  3. Аудит шығындарын өтеу

      10. Аудит шығындары арнайы сауда алаңы тізіміне қаржы құралдарын енгізу алдында, бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңы тізіміне енгізілген немесе енгізілетін эмитенттер талаптарына сай қаржы есептілігі аудитін өткізбеген эмитенттерге өтеледі, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 8 қыркүйектегі  N 5  бұйрығымен бекітілген талаптарға сай (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде N 4408 тіркелген) бағалы қағаздарға қатысты өтеледі.

      11. Аудит шығындарын өтеу арнайы сауда алаңында ресми тізімге енгізілген эмитенттің қаржы құралдарының орналастыруы аяқталғаннан соң, тек айналым мерзімі бір жылдан асатын эмитент шығарған қаржы құралдары бойынша жүзеге асырылады.

      12. Бір эмитенттің аудит шығындарын өтеу сомасы Республикалық бюджет комиссиясының тиісті жылға арналған шешіміне сай анықталады.
      Аудит шығындарын өтеу, бұл жағдайда, берілген бағдарлама бойынша тиісті қаржы жылына өкілетті органға бөлінген бюджет қаражаты шеңберінде жүзеге асырылады.

      13. Қаржы есептілігі аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды эмитент өз еркімен анықтайды, және қаржы құралдары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілуі мақсатында, Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 8 қыркүйектегі  N 9  бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде N 4413 тіркелген) бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес болуы шарт.

      14. Аудит шығындары эмитентке тек бір рет өтеледі.

  4. Қорытынды ережелер

      Осы Нұсқаулықта реттелмеген басқа мәселелер Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес шешіледі.

                                   Қаржы орталығының арнайы сауда
                                  алаңына жіберілген қаржы құралдары
                                   эмитенттерінің аудит шығындарын
                                   өтеу туралы нұсқаулыққа Қосымша

                                Қаржы орталығының қызметін реттейтін
                                      уәкілетті орган Басшысына   

                        Аудит шығындарын өтеуге
                             Өтініш

Алматы қ.                               "___" ____________200__ ж.

____________________________________________________________________
                     (эмитенттің толық атауы)
_____________________________________________________________ атынан
                      (аты-жөні, лауазымы)

Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу
Агенттігінен "____" __________ 200_ ж."____" ______________ 200_ ж.
аралығындағы, келесі аудиторлық ұйым жүзеге асырған
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      (аудиторлық ұйымның толық атауы, заңды мекен-жайы)
аудит шығындарын өтеуін өтінеді.

      Бұған қоса:

1) жоғарыдағы аудиторлық ұйыммен аудиторлық қызмет көрсетуге "___"
_________ 200 _ ж. N____ келісім жасалғанын;
2) аудит шығындары "___" ___________200 _ ж. төленгенін;
____________________________________________________________________
(аудит шығындарының төленгенін растайтын құжат, нөмірі және күні)
 
3) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының
ресми тізіміне енгізілген қаржы құралдары "___" ___________200__ ж. 
                                       орналастырудың аяқталу күні)
орналастырылғанын;
4) аудиторлық ұйым біздің ұйыммен аффилиирленбегенін, және
(Қазақстан Республикасы резиденттері үшін) "Аудиторлық қызмет
туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес аудит жүргізу
құқықтары шектелмегенін растаймын.

      Төлемнің келесі шотқа жіберілуін сұраймын:
____________________________________________________________________
              (шот нөмірі және банк реквизиттері)  

                                          __________________________
                                                   (аты-жөні)
                                          __________________________
                                                     (қолы)

                                                        М.О.