05.07.2006

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы

        РҚАО-ның ескертуі: Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап.  Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексiне  (Салық кодексiне) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4, 5-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45, 46-құжаттар; 2006 жылғы 9 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 10 маусымда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығын құру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 91-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
      "12) Қазақстан Республикасының мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамалық актiсiне сәйкес жария етiлген мүлiктiң құны алып тасталуға тиiс.";

      2) 144-бап мынадай мазмұндағы 40) тармақшамен толықтырылсын:
      "40) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамалық актiсiне сәйкес жария етiлген кiрiстерi.";

      3) 341-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Қазақстан Республикасының мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамалық актiсiнде белгiленген тәртiппен жария етiлген жер учаскелерiне салық жер учаскесi жария етiлдi деп танылған кезден бастап есептеледi.
      Бұл ретте жария еткен кезге дейiн төленген жер салығы осы Кодекстiң 325-бабының 2-тармағына сәйкес есептелген болып саналады.";

      4) 405-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы "алым төлеушiлер болмайды" деген сөздер, 5) тармақшасындағы "жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркегені үшiн төлемнен босатылады" деген сөздер алып тасталып, тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) Қазақстан Республикасының мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамалық актiсiне сәйкес, жылжымайтын мүлiктi жария еткен азаматтар алым төлеушілер болып табылмайды.";

      5) 411-бап мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
      "2. Қазақстан Республикасының мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамалық актiсiне сәйкес, мүлiктi жария еткен азаматтар алым төлеушiлер болып табылмайды.".

      2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер  кодексiне  Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 13, 99-құжат; 2005 ж., N 9, 26-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; 22-құжат):
      43-бап мынадай мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын:
      "13. Қазақстан Республикасының мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамалық актiсiне сәйкес жария етiлген жер учаскелерiне құқық беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды.".

      3. 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Бюджет  кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 8-9, 53-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 14, 55-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 8, 45-құжат):
      46-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) мүлiктi жария ету үшiн алым;".

       2-бап.  Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
       Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.11.16. N  188 , 2007.03.26. N  241   Заңдарымен.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi


Дата вступления в силу:  05.07.2006
Дата изменения акта:  26.03.2007
Дата принятия акта:  05.07.2006
Информация об официальном опубликовании акта:  Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 12, 79-құжат; "Егемен Қазақстан" 2006 жылғы 7 шілде N 158
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  102000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  28752
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  158
Статус акта:  upd
Сфера правоотношений:  026000000000 / 001008000000
Форма акта:  ЗАК
Юридическая сила:  0400
Язык акта:  kaz