15.06.2004

Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

      Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 1996 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 11-12, 263-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 1999 ж., N 4, 101-құжат; 2000 ж., N 6, 145-құжат; 2003 ж., N 14, 112-құжат):
      1) 1-бапта:
      бесiншi абзацтағы "жарияланған" деген сөз "туындаған" деген сөзбен ауыстырылсын;
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар таралу ауқымына және келтiрген нұқсанның көлемiне қарай объектiлiк, жергiлiктi, өңiрлiк және жаhандық болып бөлiнедi.";
      жетiншi, сегiзiншi, тоғызыншы және оныншы абзацтар алып тасталсын;
      2) 10-бапта:
      сегiзiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "төтенше жағдайлардың сыныпталуын белгiлейдi;";
      он төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "табиғи және техногендiк сипаттағы жаhандық төтенше жағдайлардың зардаптарын жою туралы шешiм қабылдайды;";
      3) 13-баптың үшiншi бөлiгiнiң төртiншi абзацы алып тасталсын;
      4) 19-бап алып тасталсын;
      5) 20-бап мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Төтенше жағдайлар аймағының шекараларын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тағайындалған төтенше жағдайларды жою басшылары Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген төтенше жағдайларды сыныптау негiзiнде айқындайды.";
      6) 24-бап алып тасталсын.

      2. "Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы" 1997 жылғы 27 наурыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 6, 69-құжат; 1998 ж., N 24, 436-құжат; 2000 ж., N 8, 187-құжат):
      1) 1-бапта:
      үшiншi абзацтағы "және материалдармен жарақтандырылған" деген сөздер ", материалдармен жарақтандырылған және кинологиялық қызметпен қамтамасыз етiлген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      оныншы абзацтағы "технологиясы мен авариялылық сипаты жөнiнен ерекше қауiптi өндiрiстерге" деген сөздер "қауiптi өндiрiстiк объектiлерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 7-бапта:
      1-тармақта:
      екiншi абзац "өртке қарсы," деген сөздерден кейiн "суда құтқару," деген сөздермен толықтырылсын;
      үшiншi абзацтағы "және өртке қарсы құрамалар" деген сөздер ", өртке қарсы және суда құтқару құрамалары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Кәсiби авариялық-құтқару құрамалары арнаулы техникамен, жабдықпен, құрал-сайманмен, керек-жарақпен, аспаптармен, материалдармен жарақтандырылады және кинологиялық қызметпен қамтамасыз етiледi.
      Кәсiби авариялық-құтқару құрамаларын жарақтандырудың және кинологиялық қызметпен қамтамасыз етудiң нормаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.";
      3) 17-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Төтенше жағдайларды жою басшысының өкiлеттiгiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.";
      4) 23-бапта:
      2-тармақтың соңғы абзацындағы "пайдалануға" деген сөзден кейiн нүктелi үтiр қойылып, "құқылы." деген сөз алып тасталсын және тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "қызметтiк iздестiру иттерiн қолдануға құқылы.";
      5-тармақтағы "тамақпен" деген сөз "тамақ өнiмдерiмен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті


Дата изменения акта:  15.06.2004
Дата принятия акта:  15.06.2004
Информация об официальном опубликовании акта:  Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 11-12, 67-құжат
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  102000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  20169
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  563
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  031011000000 / 001008000000
Форма акта:  ЗАК
Юридическая сила:  0400
Язык акта:  kaz