09.12.2004

Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық iс жүргiзу, Қылмыстық-атқару кодекстерiне және Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне қылмыстық iстердi тергеу рәсiмдерiн жеңiлдету, қылмыстардың кейбiр құрамдарын қылмыстық сипа

      Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат):

      1) 39-баптың үшiншi бөлiгi "айыру" деген сөзден кейiн "және қоғамдық жұмыстарға тарту" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 46-баптың үшiншi бөлiгiндегi "он алты жасқа" деген сөздер "он сегiз жасқа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 48-баптың бесiншi бөлiгiнде:
      а) тармағындағы "жетi жылдан астам мерзiмге" деген сөздер алып тасталсын;

      б) тармағындағы ", сондай-ақ абайсызда жасалған қылмыстары үшiн жетi жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға" деген сөздер алып тасталсын;

      4) 62-бап мынадай мазмұндағы 3-1-бөлiкпен толықтырылсын:
      "3-1. Үкiм заңды күшiне енгенге дейiн үйде қамауда ұстау уақыты бас бостандығынан айыру, қамау түрiндегi жаза мерзiмiнiң бiр күнiне екi күн, бас бостандығын шектеу түрiнде ұстауға - бiр күнге бiр күн, түзеу жұмыстары мен әскери қызмет бойынша шектеуге - екi күнге бiр күн, ал қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазалау мерзiмiне - қоғамдық жұмыстардың екi сағаты үйде қамауда ұстаудың бiр күнi есебiмен есептеледi.";

      5) 64-баптың үшiншi бөлiгi "жағдайда," деген сөзден кейiн "не шартты түрде сотталған адам бақылаудан жасырынса," деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 72-баптың үшiншi бөлiгiндегi "сегiз" деген сөз "он төрт" деген сөзбен ауыстырылсын;

      7) 79-бапта:
      бiрiншi бөлiктiң д) тармағы алып тасталсын;

      алтыншы бөлiк алып тасталсын;

      8) 81-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "81-бап. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан
               және жазадан босату

      1. Кiшiгiрiм ауырлықтағы қылмыс жасаған немесе бiрiншi рет орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған кәмелетке толмаған адамды, егер оны қылмыстық жауаптылыққа тартпай-ақ түзеуге болады деп белгiленсе, сот оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн. Бұл ретте оған осы Кодекстiң 82-бабында көзделген тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкiн.
      2. Кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаны үшiн бiрiншi рет сотталған кәмелетке толмаған адамды, егер оны түзеуге осы Кодекстiң 82-бабында көзделген тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен қол жеткiзуге болады деп танылса, сот оны жазадан босатуы мүмкiн.";

      9) 84-бапта:
      а) тармағында "үштен" деген сөз "төрттен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      б) тармағында "жартысын" деген сөз "үштен бiрiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      в) тармағында:
      "аса ауыр қылмысы" деген сөздердiң алдынан "адам өмiрiне қол сұғумен ұштаспаған" деген сөздермен толықтырылсын;

      "үштен екiсiн нақты өтегеннен кейiн қолданылуы мүмкiн." деген сөздер "жартысын;" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы г) тармағымен толықтырылсын:
      "г) адам өмiрiне қол сұғумен ұштасқан аса ауыр қылмысы үшiн сот тағайындаған жазаның кемiнде үштен екiсiн нақты өтегеннен кейiн қолданылуы мүмкiн.";

      10) 104-бапта:
      бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не алты айға дейiн қамауға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      екiншi бөлiктiң екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      11) 106-бап алып тасталсын;

      12) 108-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "108-бап. Денсаулыққа жан күйзелiсi жағдайында зиян келтiру

      Жәбiрленушiнiң тарапынан болған зорлықтан, қорлаудан немесе ауыр тiл тигiзуден не жәбiрленушiнiң өзге де құқыққа қарсы немесе моральға жат әрекеттерiнен (әрекетсiздiгiнен), сол сияқты жәбiрленушiнiң ұдайы құқыққа қарсы немесе моральға жат мiнез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психикалық зақым келтiретiн жағдайдан болған қатты жан күйзелiсiнiң (аффект) кенеттен туындауы жағдайында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, -
      екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға немесе екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      13) 111-баптың үшiншi бөлiгi алып тасталсын;

      14) 115-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "115-бап. Соз ауруын жұқтыру

      Өзiнде соз ауруы бар екендiгiн бiлген адамның ауыр зардаптарға әкеп соқтырған осындай ауруды басқа адамға жұқтыруы, сондай-ақ екi немесе одан да көп адамға не көрiнеу кәмелетке толмаған адамға жұқтыруы, -
      бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      15) 154-бап алып тасталсын;

      16) 168-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "168-бап. Билiктi күшпен басып алу немесе билiктi күшпен
                ұстап тұру не Қазақстан Республикасының уәкiлеттi
                органдары мен лауазымды адамдарының құзырына
                кiретiн өкiлеттiктердi шет мемлекет немесе
                шетелдiк ұйым өкiлдерiнiң жүзеге асыруы

      1. Қазақстан Республикасының  Конституциясын  бұзып, билiктi күшпен басып алуға немесе билiктi күшпен ұстап тұруға бағытталған, сол сияқты Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге бағытталған iс-әрекеттер, -
      он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Қазақстан Республикасының, оның уәкiлеттi органдарының немесе лауазымды адамдарының құзырындағы өкiлеттiктердi шет мемлекет немесе шетелдiк ұйым өкiлдерiнiң жүзеге асыруы, -
      бiр мың айлық есептiк көрсеткiштен бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның он айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      17) 175-бапта:
      бiрiншi бөлiк "екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына," деген сөздерден кейiн "не үш жылға дейiн бас бостандығын шектеуге," деген сөздермен толықтырылсын;

      екiншi бөлiктегi "екi жылдан" деген сөздер алып тасталсын;

      18) 177-баптың екiншi бөлiгiнде "екi жылдан" деген сөздер алып тасталсын;

      19) 182-баптың үшiншi бөлiгiнде "екi жылдан" деген сөздер алып тасталсын;

      20) 183-бапта:
      бiрiншi бөлiктiң екіншi абзацы "түзеу жұмыстарына, не" деген сөздерден кейiн "мүлкi тәркiленiп немесе онсыз" деген сөздермен толықтырылсын;

      екiншi бөлiкте:
      в) тармағындағы "жасаса" деген сөзден кейiн нүктелi үтiр қойылып, мынадай мазмұндағы г) тармағымен толықтырылсын:
      "г) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар мен өсiмдiктер түрлерiне, сондай-ақ аулауға толық тыйым салынған жануарларға, не олардан алынатын өнiмдерге қатысты жасалса, -";

      екiншi абзацтағы "онсыз" деген сөз "мүлкi тәркiленiп немесе онсыз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшiншi бөлiктегi "үш жылдан" деген сөздер алып тасталсын;

      21) 185-баптың екiншi бөлiгiнiң екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "бec жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      22) 186-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "186-бап. Жерге заттай құқықтарды бұзу

      1. Азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңмен қорғалатын мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiруге әкеп соққан, күш қолдану арқылы не күш қолданамын деп қорқыту арқылы немесе адамдар тобымен немесе заңсыз тiнтумен ұласып жасалған бөтен жер учаскесiне заңсыз кiрiп кету, сол сияқты бөтен бiреудiң жер учаскесiн заңсыз басып алу -
      екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не екi айдан төрт айға дейiн қамауға немесе екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттердi адамның өз қызмет бабын пайдаланып жасауы, -
      бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      23) 187-бапта:
      бiрiншi бөлiк "бас бостандығынан айыруға" деген сөздерден кейiн "нeмece нақ сол мерзiмге бас бостандығын шектеуге" деген сөздермен толықтырылсын;

      екiншi бөлiк "қамауға," деген сөзден кейiн "не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге," деген сөздермен толықтырылсын;

      24) 193-баптың екiншi бөлiгiнде "екi жылдан" деген сөздер алып тасталсын;

      25) 196-баптың екiншi бөлiгiнде "екi жылдан" деген сөздер алып тасталсын;

      26) 209-бапта:
      бiрiншi бөлiк "сотталған адамның" деген сөздерден кейiн "мүлкi тәркiленiп не онсыз," деген сөздермен толықтырылсын;

      екiншi бөлiкте "немесе онсыз екi жылдан" деген сөздер алып тасталсын;

      27) 242-бап "түзеу жұмыстарына," деген сөздерден кейiн "не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге," деген сөздермен толықтырылсын;

      28) 257-бапта:
      бiрiншi бөлiк "түзеу жұмыстарына," деген сөздерден кейiн "не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге," деген сөздермен толықтырылсын;

      екiншi бөлiкте "бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға" деген сөздер "бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе нақ осы мерзiмге бас бостандығынан айыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      29) 275-баптың екiншi бөлiгiнiң екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "бec жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не нақ осы мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      30) 281-баптың үшiншi бөлiгiнде "екi жылдан" деген сөздер алып тасталсын;

      31) 282-баптың үшiншi бөлiгiнде "екi жылдан" деген сөздер алып тасталсын;

      32) 283-баптың үшiншi бөлiгiнде "екi жылдан" деген сөздер алып тасталсын;

      33) 285-баптың үшiншi бөлiгiнде "eкi жылдан" деген сөздер алып тасталсын;

      34) 286-баптың екiншi бөлiгiнде "екi жылдан" деген сөздер алып тасталсын;

      35) 287-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "287-бап. Су жануарлары мен өсiмдiктерiн заңсыз алу

      1. Балықты және өзге де су жануарларын немесе өсiмдiктерiн заңсыз алу, егер бұл әрекет:
      а) елеулi зиян келтiре отырып;
      б) жарылғыш және химиялық заттарды, электр тогын, не су жануарлары мен өсiмдiктерiн жаппай жоюдың өзге де тәсiлдерiн қолдана отырып жасалса, -
      екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп не онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.
      2. Дәл сол әрекет:
      а) бiрнеше рет;
      б) балықтардың бекiре тұқымдас түрлерiне қатысты;
      в) ұрық шашу орындарында немесе оларға бару жолдарында;
      г) адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып;
      д) адамдар тобы алдын ала сөз байласып;
      e) өздiгiнен жүретiн жүзгiш көлiк құралы пайдаланылып;
      ж) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және төтенше экологиялық жағдай аумақтарында жасалса, -
      бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, iрi зиян келтiре отырып жасалған не ұйымдасқан топ жасаған әрекет, -
      сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп, екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      36) 288-бапта:
      бiрiншi бөлiкте:
      а) тармағындағы "iрi" деген сөз "елеулi" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екiншi абзацтағы "түзеу жұмыстарына, не" деген сөздерден кейiн "қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп, не онсыз" деген сөздермен толықтырылсын;

      екiншi бөлiкте:
      бiрiншi абзац "пайдаланып" деген сөзден кейiн "әлденеше рет" деген сөздермен толықтырылсын;

      екiншi абзац "айыппұл салуға, не" деген сөздерден кейiн "қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп, не онсыз" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, iрi зиян келтiрiп не ұйымдасқан топ жасаған әрекет -
      сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      ескертудегi "жүз есе асып түсетiн", "үш жүз есе асып түсетiн" деген сөздерден кейiн тиiсiнше "және одан да көп" деген сөздермен толықтырылсын;

      37) 290-баптағы "шектеуге немесе" деген сөздерден кейiн "сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп," деген сөздермен толықтырылсын;

      38) 291-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "291-бап. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу

      1. Барлық топтағы ормандарда ағаштар мен бұталарды, сондай-ақ орман қорына кiрмейтiн ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, сол сияқты өсуiн тоқтату дәрежесiне дейiн зақымдау, егер бұл әрекеттер елеулi зиян келтiрсе, -
      жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп немесе онсыз алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
      2. Дәл сол әрекет:
      а) бiрнеше рет;
      б) адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып;
      в) iрi зиян келтiрiле отырып жасалса, -
      екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда не ұйымдасқан топ жасаған әрекеттер, -
      бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      39) 299-баптың бiрiншi бөлiгi "айыппұл салуға," деген сөздерден кейiн "не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге," деген сөздермен толықтырылсын;

      40) 312-баптың ескертуi мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Осы бапқа қатысты лауазымды адамдарға осы Кодекстiң 307-бабына ескертуде көрсетiлген лауазымды адамдар, сондай-ақ шет мемлекеттердiң лауазымды адамдары жатады.";

      41) 370-баптың бiрiншi бөлiгi "екi жылға дейiнгi мерзiмге" деген сөздердiң алдынан "екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не" деген сөздермен толықтырылсын;

      42) 372-баптың бiрiншi бөлiгiнде "екi" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;

      43) 375-баптың бiрiншi бөлiгiнде "бiр жылдан" деген сөздер алып тасталсын;

      44) 380-баптың бiрiншi бөлiгiнiң бiрiншi абзацы "зиян келтiрген" деген сөздерден кейiн ", әскери қызметшiлердiң (азаматтардың) немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң елеулi түрде бұзылуына әкеп соққан" деген сөздермен толықтырылсын;

      45) 391-баптың екiншi бөлiгiнде "екi жылдан" деген сөздер алып тасталсын.

      2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж. N 3-4, 66-құжат, N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат):

      1) 33-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "112" деген цифрлар алып тасталсын;

      2) 37-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармағындағы ", Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 67-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда жәбiрленушiнiң сезiктiмен немесе айыпталушымен татуласуы" деген сөздер алып тасталсын;

      3) 75-бапта:
      бесiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Жәбiрленушiнiң өзiне келтiрiлген моральдық зиянды өтеу туралы талап қоюы қылмыстық процесте қаралады. Егер мұндай талап қылмыстық iсте қойылмаса не қараусыз қалдырылса, онда жәбiрленушi оны азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қоюға құқылы.";

      алтыншы бөлiк "өкiлi болуына;" деген сөздерден кейiн "одан дәлелдеу құралы ретiнде қылмыстық iзге түсу органы алып қойған немесе өзi берген мүлiктi, сондай-ақ қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi жасаған адамнан алып қойылған оған тиесiлi мүлiктi алуға, оған тиесiлi құжаттардың түпнұсқаларын алуға; заңда көзделген жағдайларда сезiктiмен, айыпталушымен татуласуға;" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 109-баптың бесiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Осы баптың ережелерiне сәйкес судьяның шығарған қаулысына оны жариялаған сәттен бастап үш тәулiк iшiнде осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдар шағымдануы, сондай-ақ прокурор судьясы қаулы шығарған сот арқылы облыстық және оған теңестiрiлген сотқа наразылық бiлдiруi мүмкiн. Шағымдану мерзiмi өткеннен кейiн iс шағыммен, наразылықпен осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдар мен прокурор хабардар етiле отырып, облыстық немесе оған теңестiрiлген сотқа жiберiледi. Облыстық немесе оған теңестiрiлген соттың судьясы осы баптың үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген ережелер мен мерзiмдердi сақтай отырып, шағымды, наразылықты қарайды және мынадай: шағымды, наразылықты қанағаттандырмай қалдыру және қалалық (аудандық) сот судьясының қаулысын өзгерiссiз қалдыру; шағымды, наразылықты қанағаттандыру және қалалық (аудандық) сот қаулысының күшiн жою туралы шешiмдердiң бiрiн шығарады.";

      5) 116-баптың үшiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Куә ретiнде алдын ала жауап алу барысында сезiктi, айыпталушы берген айғақтар дәлелдер ретiнде танылмайды және айыптау негiзiне алынбайды.";

      6) 134-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "Ұсталған адамды анықтау органына немесе алдын ала тергеу органына әкелгеннен кейiн" деген сөздер "Нақты ұстау сәтiнен бастап" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 152-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алу қолданылған сезiктiнi, айыпталушыны тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу үшiн бiр тергеу изоляторынан басқа тергеу изоляторына ауыстыру (этаптау) прокурордың қаулысы бойынша немесе анықтаушының, тергеушiнiң прокурор санкция берген қаулысы бойынша жүзеге асырылады.";

      8) 153-бап мынадай мазмұндағы 12-1-бөлiкпен толықтырылсын:
      "12-1. Iздестiрiлудегi адамды шет мемлекет Қазақстан Республикасына берген жағдайда қамауға алу мерзiмi оның Қазақстан Республикасы аумағына келген күнiнен бастан есептеледi. Бұл ретте адамды шет мемлекеттiң аумағында экстрадициялық қамау тәртiбiмен қамауда ұстау уақыты оны берген жағдайда жазаны тағайындау кезiнде жалпы қамауда ұстау мерзiмiне есептеледi.";

      9) 161-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Осы Koдекстiң 232-бабының үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда мүлiкке тыйым салу прокурордың санкциясынсыз, бiрақ жиырма төрт сағаттың iшiнде оған мүлiкке тыйым салу жүргiзiлгенi туралы хабарлама жiберу арқылы жүзеге асырылады.";

      10) 162-баптың бiрiншi бөлiгi "мүлiктiк" деген сөзден кейiн "және моральдық" деген сөздермен толықтырылсын;

      11) 188-бап мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "4. Қылмыс туралы хабарды немесе арызды тергелу ретi немесе соттылығы бойынша беру кезiнде оқиға болған орынды, сол жердi немесе үй-жайды қарау кезiнде табылған не ұйымдар, лауазымды адамдар немесе азаматтар ұсынған заттар мен құжаттар осы Кодекстiң 223-бабының бесiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен берiледi.";

      12) 192-бапта:
      екiншi бөлiкте:
      "142" деген цифрлар "142 (екiншi бөлiгiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "145-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде)" деген сөздер "145-бабында (үшiншi бөлiгiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "146-155" деген цифрлар "146-153, 155" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "186-бабында (үшiншi бөлiгiнде) деген сөздер "186-бабында (екiншi бөлiгiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "188-бабында (екiншi бөлiгiнде)," деген сөздер алып тасталсын;

      "262-бабында (екiншi бөлiгiнде)," деген сөздер алып тасталсын;

      "266-бабында (екiншi бөлiгiнде)," деген сөздер алып тасталсын;

      "296-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде)," деген сөздер алып тасталсын;

      "319-322" деген цифрлар "319, 320 (екiншi бөлiгiнде), 321, 322" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "327-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде)" деген сөздер "327-бабында (үшiншi бөлiгiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "176-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде)," деген сөздерден кейiн "209 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде)," деген сөздермен толықтырылсын;

      "223-бабында (екiншi бөлiгiнде)" деген сөздер "224-бабында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшiншi бөлiкте:
      бiрiншi сөйлем "Қылмыстық кодексiнiң" деген сөздерден кейiн "176-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде)," деген сөздермен толықтырылсын;

      "191-205" деген цифрлар "191-197, 199-205" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "207-баптарында," деген сөздерден кейiн "209-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде)" деген сөздермен толықтырылсын;

      "222-бабында (екiншi бөлiгiнде)," деген сөздерден кейiн "224-бабында," деген сөздермен толықтырылсын;

      "223-бабында (екiншi бөлiгiнде)," деген сөздер алып тасталсын;

      төртiншi бөлiкте:
      "176-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде)," деген сөздер алып тасталсын;

      "209-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде)," деген сөздер алып тасталсын;

      "224," деген цифрлар алып тасталсын;

      "226, 227-баптарында" деген сөздер "226-бабында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4-2-бөлiкпен толықтырылсын:
      "4-2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң  227-бабында  көзделген қылмыстар туралы қылмыстық iстер бойынша алдын ала тергеудi қылмыстық iстi қозғаған iшкi iстер, қаржы полициясы немесе ұлттық қауiпсiздiк органдары жүргiзедi.";

      13) 285-бапта:
      екiншi бөлiкте:
      "106," деген цифрлар алып тасталсын;

      "141 (бiрiншi бөлiгiнде)," деген сөздерден кейiн "142 (бiрiншi бөлiгiнде)," деген сөздермен толықтырылсын;

      "145 (бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздер "145 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "186 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде)" деген сөздер "186 (бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "187 (бiрiншi бөлiгiнде)," деген сөздерден кейiн "188 (екiншi бөлiгiнде)," деген сөздермен толықтырылсын;

      "262 (бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздер "262" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "266 (бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде)" деген сөздер "266" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "296 (бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздер "296" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "317," деген цифрлардан кейiн "320 (бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздермен толықтырылсын;

      "327 (бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздер "327 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшiншi бөлiкте:
      "192," деген цифрлардан кейiн "198," деген цифрлармен толықтырылсын;

      "222 (бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздерден кейiн ", 223" деген цифрлармен толықтырылсын;

      8-1-бөлiкте ", 223 ( бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздер алып тасталсын;

      14) 448-баптың бесiншi бөлiгiнде "444" деген цифрлар "423-1" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      15) 453-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақпен толықтырылсын:
      "1-1) қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталып, бақылаудан жасырынған және жазасын өтеуден жалтарған адамдарға қатысты iздестiру жариялау мен бұлтартпау шарасын таңдау туралы;";

      16) 454-баптың төртiншi бөлiгiндегi "5-тармағымен" деген сөз "1-1 және 5-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 459-баптың екiншi бөлiгiнiң 1) тармағындағы "446" деген цифрлар "423-3" деген цифрлармен ауыстырылсын.

      3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Қылмыстық-атқару кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 24, 337-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; N 8, 189-құжат; N 18, 339-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 23-24, 192-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат):

      56-бапта:
      1-тармақтағы "және мемлекеттiк наградалардан", "немесе оны мемлекеттiк наградамен марапаттаған" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң  50-бабының  екiншi бөлiгiне сәйкес сотталушыны құрметтi атақтан, әскери, арнаулы немесе өзге де атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, бiлiктiлiк сыныбынан немесе мемлекеттiк наградадан айыру туралы шешiм қабылдаған кезде тиiстi мемлекеттiк орган осы баптың 2-тармағында көрсетiлген шараларды қабылдайды. Мемлекеттiк наградаларды оларға қоса берiлген құжаттармен бiрге алып қоюды олар болатын жердегi қылмыстық-атқару инспекциясы жүргiзедi.".

      4. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы 2001 ж., N 5-6, 24-құжат, N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат):

      1) 45-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Осы Кодекстiң 461-472, 476-баптарында көзделген жағдайларда қолданылған әкiмшiлiк жаза түрлерi туралы ақпарат уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүргiзушi куәлiгiнiң талонына енгiзiледi.";

      2) 55-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "ал" шылауы "жеке адамға қарсы құқық бұзушылық үшiн, сондай-ақ" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 69-баптың үшiншi бөлiгi "әкiмшiлiк құқық бұзушылық кезiнде" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ қоғамның және мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне қол сұғатын қаржы мен бюджет саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) мынадай мазмұндағы 9-1-тараумен толықтырылсын:

      "9-1-тарау. Жеке адамға қол сұғатын әкiмшiлiк құқық
                  бұзушылықтар

      79-1-бап. Ұрып-соғу

      Тән ауруына ұшырататын, бiрақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң  105-бабында  көзделген зардаптарға әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiн қамауға әкеп соғады.

      79-2-бап. Денсаулыққа жан күйзелiсi жағдайында зиян келтiру

      Жәбiрленушiнiң тарапынан болған зорлықтан, қорлаудан немесе ауыр тiл тигiзуден не жәбiрленушiнiң өзге де құқыққа қарсы немесе моральға жат әрекеттерiнен (әрекетсiздiгiнен), сол сияқты жәбiрленушiнiң ұдайы құқыққа қарсы немесе моральға жат мiнез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психикалық зақым келтiретiн жағдайдан болған қатты жан күйзелiсi (аффект) кенеттен туындаған кезде денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтiру, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiн қамауға әкеп соғады.

      79-3-бап. Денсаулыққа абайсызда орташа ауырлықтағы зиян
                келтiру

      Денсаулыққа абайсызда орташа ауырлықтағы зиян келтiру, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүз елуге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiн қамауға әкеп соғады.

      79-4-бап. Соз ауруын жұқтыру

      Өзiнде соз ауруы бар екендiгiн бiлген адамның басқа адамға осы ауруды жұқтыруы, егер бұл iс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiн қамауға әкеп соғады.";

      5) 84-бап мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Лауазымды адамның осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi жасауы, егер бұл әрекеттер азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiне зиян келтiрсе, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      6) 139-баптың бiрiншi бөлiгiнiң бiрiншi абзацы "сәйкес келмеу," деген сөздерден кейiн "егер мұндай iс-әрекеттердiң құрамында қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса," деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 159-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "159-бап. Тұтынушыларды алдау

      1. Сауда қызметiн және қызметтер көрсетудi жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлердiң немесе ұйымдардың кем өлшеуi, таразыдан жеуi, кем есептеуi, тауардың (қызметтер көрсетудiң) тұтыну қасиеттерi немесе сапасына қатысты адастыруы немесе тұтынушыларды өзгедей алдауы, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлер мен лауазымды адамдарға - бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
      үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр қызмет түрiне берiлетiн лицензиядан айыру және қызметiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу арқылы азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi, жеке кәсiпкерлер мен лауазымды адамдарға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      8) 298-бапта:
      бiрiншi бөлiктiң бiрiншi абзацы "және осы баптың екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген аң аулау ережелерiн бұзу" деген сөздермен толықтырылсын;

      екiншi бөлiктiң бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Жарылғыш құрылғыларды, авиа,- авто,- мотокөлiк құралдарын, оның iшiнде қарда жүретiн техниканы қолданып заңсыз аң аулау, сондай-ақ бiр жыл iшiнде аң аулау ережелерiн екi рет және одан да көп бұзу, -";

      9) 356-бапта:
      тақырыбы "кедергi келтiру," деген сөздерден кейiн "қаулыларын," деген сөзбен толықтырылсын;

      үшiншi бөлiкте:
      "нұсқауларды" деген сөзден кейiн ", қаулыларды" деген сөзбен толықтырылсын;

      10) 461-баптың екiншi бөлiгiнiң бiрiншi абзацындағы "тiркелген" деген сөз алып тасталсын;

      11) 462-бапта:
      бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгiнен бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi" деген сөздер "айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден екiге дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға" деген сөздер "айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе төрт айдан алты айға дейiн көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "бec айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға немесе екi айдан төрт айға дейiнгi мерзiмге көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруға" деген сөздер "айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 463-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлiкпен толықтырылсын:
      "1-1. Белгiленген талаптарды бұзып, қарама-қарсы бағыттағы жолға шығу -
      айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруға әкеп соғады.";

      13) 465-баптың екiншi абзацындағы "алты айға" деген сөздер "үш айдан бiр жылға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 467-бапта:
      бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "бip жылға" деген сөздер "алты айдан бiр жылға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "екi жылға" деген сөздер "бiр жылдан екi жылға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 468-баптың екiншi бөлiгiнiң екiншi абзацындағы "үш айдан алты айға" деген сөздер "алты айдан бiр жылға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 470-бапта:
      бiрiншi бөлiкте:
      бiрiншi абзац "куәлiгi" деген сөзден кейiн "немесе жүргiзушi куәлiгiнiң орнына берiлген куәлiгi" деген сөздермен толықтырылсын;

      екiншi абзацтағы "екiден бiр бөлiгiнен бiр айлық есептiк көрсеткішке" деген сөздер "бiрден екiге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "сегiз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде" деген сөздер "айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 484-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "484-бап. Көлiк құралдарын жүргiзушi азаматтардың
                пайдалану және жол жүрiсi ережелерiн үнемi
                бұзуы

      1. Көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн үнемi бұзу, яғни бiр жыл iшiнде осы Кодекстiң 246, 247, 461, 468, 470, 474, 475 және 483-баптарында көзделген бiрнеше құқық бұзушылықты жасау, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе азаматтарды үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруға және көлiк құралдарын пайдалануға жауапты лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Көлiк құралдарын жүргiзушi азаматтардың жол жүрiсi ережелерiн үнемi бұзуы, яғни бiр жыл iшiнде осы Кодекстiң 461, 462, 463, 464, 465, 466, 468, 469, 470 және 471-баптарында көзделген бiрнеше құқық бұзушылықты жасауы, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе азаматтарды үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруға әкеп соғады.";

      18) 541-баптың бiрiншi бөлiгi:
      "осы Кодекстiң" деген сөздерден кейiн "79-1, 79-2, 79-3, 79-4," деген цифрлармен толықтырылсын;

      "158," деген цифрлардан кейiн "159 (екiншi бөлiгiнде)," деген сөздермен толықтырылсын;

      19) 543-бапта:
      бiрiншi бөлiк "159" деген цифрлардан кейiн "(бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздермен толықтырылсын;

      екiншi бөлiктiң 2) тармақшасы "159" деген цифрлардан кейiн "(бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздермен толықтырылсын;

      20) 558-баптың тақырыбы мен мәтiнi "ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң", "ұлттық қауiпсiздiк комитетiне" деген сөздерден кейiн тиiсiнше ", Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң", "Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiне" деген сөздермен толықтырылсын;

      21) 570-1-баптың бiрiншi бөлiгi "159" деген цифрлардан кейiн "(бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздермен толықтырылсын;

      22) 618-бапта:
      бiрiншi бөлiкте:
      7) тармақша "ұстау" деген сөзден кейiн ", жеткiзу және пайдалануға тыйым салу" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
      "8) тексеру;
      9) жеке адамның алкогольмен, есiрткiмен немесе уытқұмарлықпен масаю күйiн медициналық куәландыру.";

      23) 620-бапта:
      9) тармақшадағы "мен қаржы полициясы" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "9-1) белгіленген басқару тәртiбiне және мемлекеттiк билiк институттарына қол сұғатын кәсiпкерлiк қызмет, сауда және қаржы, салық салу салаларындағы құқық бұзушылықтарды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердiң ведомстволық бағыныстылығына сәйкес - қаржы полициясы органдарының лауазымды адамдары;";

      24) 625-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Алып келудi қаржы полициясы органдары қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша тиiсiнше Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi мен Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес жөнiндегi агенттiгi (қаржы полициясы) белгiлеген тәртiппен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарап жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) ұйғарымы негiзiнде iшкi iстер және қаржы полициясы органдары жүргiзедi.";

      25) мынадай мазмұндағы 627-1 және 627-2-баптармен толықтырылсын:

      "627-1-бап. Тексеру

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың iздерiн, өзге де материалдық объектiлердi, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру үшiн маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында уәкiлеттi лауазымды адам өз өкiлеттiктерi шегiнде сол жердi, заттарды, құжаттарды, тiрi адамдарды тексеруге құқылы.

      627-2-бап. Тексеру жүргiзудiң жалпы ережелерi

      1. Тексеру, әдетте, қажеттiлiк туындаған жағдайда дереу жүргiзiледi. Тексеру жүргiзiлгенi туралы хаттама толтырылады.
      2. Тексеру куәгерлердiң қатысуымен жүргiзiледi. Айрықша жағдайларда (жету қиындық тудыратын жерлерде, тиiстi байланыс құралдары болмаған кезде немесе басқа объективтi себептерге байланысты азаматтарды куәгерлер ретiнде тартуға мүмкiндiк болмағанда) тексеру куәгерлердiң қатысуынсыз, бiрақ бұл ретте оның барысы мен нәтижелерiн айғақтап көрсететiн техникалық құралдар қолданыла отырып жүргiзiледi.
      3. Қажет болған жағдайда тексеру құқық бұзушының, жәбiрленушiнiң, куәлердiң, сондай-ақ маманның қатысуымен жүргiзiледi.
      4. Табылған iздер мен өзге де материалдық объектiлердi тексеру әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде жүзеге асырылады. Егер тексеру үшiн қосымша уақыт қажет болса немесе табылған затты сол жерде тексеруге елеулi қиындықтар туындайтын болса, объектiлер алып қойылуы және буып-түйiлген, мөр басылған күйiнде, зақым келтiрiлмей, тексеруге қолайлы жерге жеткiзiлуi мүмкiн.
      5. Тексеру кезiнде барлық табылған және алып қойылған заттар куәгерлерге, басқа да тексеруге қатысушыларға көрсетiлуге тиiс, ол жөнiнде хаттамаға белгi қойылады.
      6. Тек қана iске қатысы бар объектiлер алып қойылуға тиiс. Алып қойылған объектiлер буып-түйiлiп, мөр басылады және уәкiлеттi лауазымды адам мен куәгерлердiң қол қоюы арқылы расталады.
      7. Тексеруге қатысушы адамдар өз пiкiрлерiнше iстiң мән-жайын анықтауға септiгiн тигiзуi мүмкiн дегеннiң бәрiне уәкiлеттi лауазымды адамның назарын аударуға құқылы.
      8. Қажет болған жағдайларда тексеру кезiнде тексерiлетiн объектiлер өлшенедi, олардың жоспарлары мен сызбалары жасалады, сондай-ақ суретке түсiрiледi және өзге де құралдармен түсiрiлiп алынады, ол туралы хаттамаға белгi жасалып, оған аталған материалдар қоса тiркеледi.";

      26) 630-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "630-бап. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi ұстау,
                жеткiзу және пайдалануға тыйым салу

      1. Осы Кодекстiң 283-285, 287, 289, 297, 298, 298-1, 302-306, 447, 447-1, 447-2, 447-3, 447-4, 451, 453, 457, 460, 461, 463 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 467-471-баптарында көрсетiлген бұзушылық жасалған кезде осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген уәкiлеттi лауазымды адам көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi ұстау себептерi жойылғанға дейiн оларды ұстауға, уақытша сақтау үшiн арнаулы алаңдарға немесе тұрақтарға, оның iшiнде басқа көлiк құралын (эвакуаторды), шағын көлемдi кеменi пайдалана отырып жеткiзу немесе мемлекеттiк тiркеу нөмiрлiк белгiлерiн алып қою арқылы көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi жеткiзуге және пайдалануға тыйым салуға құқылы.
      Көлiк құралын уақытша сақтау үшiн арнаулы алаңдарға немесе тұрақтарға жеткiзу (эвакуациялау) көлiк құралдарын жүргiзушiлер тоқтау немесе тоқтап тұру ережелерiн бұзған және өздерi сол жерде болмаған жағдайларда, сондай-ақ жүргiзушiлердiң қайда екенiн анықтау мүмкiн болмаса, олар жолда қараусыз қалдырған көлiк құралдарына қатысты да қолданылуы мүмкiн.
      2. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi ұстауды, жеткiзудi және пайдалануға тыйым салуды жол полициясының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралын жүргiзушi адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жағдайда әскери автомобиль полициясының, өз өкiлеттiктерi шегiнде көлiк бақылау органдарының, орман және аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, балық қорғау органдарының (орман, балық, аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдарды бұзған кезде) лауазымды адамдары жүргiзедi.
      3. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi ұстау, жеткiзу және пайдалануға тыйым салу туралы белгіленген нысандағы акт жасалып, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға қоса тiркеледi.
      Пайдалануға тыйым салынатын ақауы бар немесе тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген немесе мемлекеттiк техникалық тексеруден өтпеген, сол сияқты мемлекеттiк тiркеу нөмiрлiк белгiлерi жоқ не жасырын, қолдан жасалған немесе мемлекеттiк стандартқа сай емес нөмiрлiк белгiлерi бар көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi пайдалануға тыйым салынады.
      4. Ұсталған көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi сақтау жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша құрылатын және коммуналдық меншiк болып табылатын арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда жүзеге асырылады.";

      27) 636-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасында:
      бiрiншi абзац:
      "iшкi iстер органдарының (" деген сөздерден кейiн "79-1, 79-2, 79-3, 79-4," деген цифрлармен толықтырылсын;

      "143," деген цифрлардан кейiн "159 (екiншi бөлiгi)," деген сөздермен толықтырылсын;

      жиырма екiншi абзац "органдарының (" деген сөзден кейiн "177," деген цифрлармен толықтырылсын;

      жиырма алтыншы абзац "138," деген цифрлардан кейiн "139," деген цифрлармен, "148-158," деген цифрлардан кейiн "159 (екiншi бөлiгi)," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы қырық бiрiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң және мәслихаттардың тексеру комиссияларының (177, 356-баптар);";

      28) 638-бапта:
      бiрiншi бөлiктегi "салық тексерiсi барысында анықталған салық салу саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық бойынша - ол аяқталғаннан кейiн" деген сөздер "салық салу не бюджет қаражатын пайдалану саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық бойынша - тиiстi тексеру аяқталғаннан кейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшiншi және төртiншi бөлiктермен толықтырылсын:
      "3. Сараптама жүргiзу талап етiлетiн жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама сараптама қорытындысы алынған сәттен бастап бiр тәулiк iшiнде жасалады.
      4. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген талаптар жеке адамның анықталмауына байланысты атқарылмауы мүмкiн жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама осы бапта белгiленген мерзiмдерде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсi бойынша жасалады.";

      29) 700-бап мынадай мазмұндағы 5-1-бөлiкпен толықтырылсын:
      "5-1. Осы Кодекстiң 461-472, 476-баптарында көзделген ескерту, айыппұл салу, арнаулы құқығынан айыру түрiндегi әкiмшiлiк жаза шығарылған кезде оны уәкiлеттiк берiлген лауазымды адам уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен ресiмдейдi және жүргiзушi куәлiгiнiң талонында белгiлейдi.".

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

      


Дата изменения акта:  09.12.2004
Дата принятия акта:  09.12.2004
Информация об официальном опубликовании акта:  Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 23, 139-құжат; "Егемен Қазақстан" 2004 жылғы 28 желтоқсан N 315
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  102000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  22148
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  10
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  001008000000 / 029002000000 / 028000000000 / 031012000000
Форма акта:  ЗАК
Юридическая сила:  0400
Язык акта:  kaz