29.12.2003

Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне жер қатынастарын реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

      Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; 2003 жылғы 5 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" газетiнде және 2003 жылғы 4 желтоқсанда "Казахстанская правда" газетiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне салық салу мәселелерi жөнiнде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2003 жылғы 1 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
      448 және 450-баптардың мәтінiнде "жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық уәкiлеттi органмен", "жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық уәкiлеттi органдар", "жep ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық уәкiлеттi орган" деген сөздер тиiсiнше "жергiлiктi атқарушы органмен", "жергiлiктi атқарушы органдар", "жергілiктi атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылық серiктестiктер туралы" 1995 жылғы 2 мамырдағы N 2255 заң күшi бар Жарлығына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 7, 49-құжат; N 15-16, 109-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 205, 210-құжаттар; 1998 ж., N 5-6, 50-құжат; N 17-18, 224-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат):
      17-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      "6-1. Қатысушы толық серiктестiктен шыққан кезде құқығы (соның iшiнде шартты жер үлесiне құқығы) серiктестiктiң жарғылық капиталына салым ретiнде берiлген жер учаскесiн нақтылы бөлiп шығару Қазақстан Республикасының жер заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.".

      3. "Өндiрiстiк кооператив туралы" 1995 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 20, 119-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 12, 183-құжат; N 13-14, 205-құжат; 2001 ж., N 17-18, 242-құжат):
      13-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4-1. Кооператив мүшесi одан шыққан кезде құқығы (соның iшiнде шартты жер үлесiне құқығы) өндiрiстiк кооперативке жарна ретiнде берiлген жер учаскесiн нақтылы бөлiп шығару Қазақстан Республикасының жер заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.".

      4. "Шаруа (фермер) қожалығы туралы" 1998 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 2-3, 26-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 26-құжат):
      1) 1-баптың 5-тармағының екiншi бөлiгiндегi екiншi сөйлем алып тасталсын;
      2) 2-бапта "жер пайдалану" деген сөздер "жер учаскесiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "5-бап. Шapуa (фермер) қожалығы мүшелерiнiң мүлкiн және жер
              учаскесiне құқығын мұраға алу
      Шаруа (фермер) қожалығының мүлкi және жер учаскесiне құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен мұраға алынады.";
      4) II тараудың тақырыбында "жер пайдалану" деген сөздер "жер учаскесiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "6-бап. Шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн жер учаскесiн
              беру
      1. Жер учаскелерi Қазақстан Республикасының азаматтарына шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн - жеке меншiк құқығымен немесе 49 жылға дейiнгi мерзiмге уақытша өтеулi жер пайдалану құқығымен, ал шалғайдағы мал шаруашылығын жүргiзу үшiн (маусымдық жайылымдар) осы Заңға және Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен берiледi.
      Шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiне жеке меншiк құқығын беру ақылы негiзде жүзеге асырылады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының азаматтары жер учаскесiне жеке меншiк құқығын Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес айқындалатын оның кадастрлық (бағалау) құнына тең бағамен не жеңiлдетiлген бағамен алуы мүмкiн.
      Жер учаскесiн сатып алу сомасын төлеу жер учаскесiне жеке меншiк құқығын алған тұлғаның жазбаша өтiнiшi бойынша он жыл мерзiмге дейiн ұзартылып жүргiзiлуi мүмкiн.
      Оралмандарға шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшін жep учаскелерiн беру уақытша жер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады.
      2. Жеке еңбегiмен қатысу негiзiнде шаруашылық жүргiзетiн, арнаулы ауыл шаруашылығы бiлiмi мен бiлiктiлiгi бар, ауыл шаруашылығында iс жүзiндегi жұмыс тәжiрибесi бар және осы ауданда, қалада, ауылда (селода), кентте тұратын азаматтар шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн жер учаскесiн алуға басым құқықты пайдаланады.
      3. Қайта ұйымдастырылатын мемлекеттiк ауыл шаруашылығы ұйымдарының құрамынан шығатын азаматтарға шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн аталған оның ұйымдардың жерiнен жep учаскелерi берiледi, оларды кадастрлық бағалау шаруашылық бойынша (алқаптар бойынша) орта деңгейде болуға тиiс.
      4. Өздерiне тиесілi жер учаскелерiне құқықтарын, оның iшiнде шартты жер үлестерiне құқықтарын шаруашылық серiктестіктердің жарғылық капиталына салым ретiнде немесе өндiрiстiк кооперативтерге жарна ретiнде берген азаматтар шаруа (фермер) қожалығын ұйымдастыру үшiн қатысушылар (мүшелер) құрамынан шыққан кезде үлесiн немесе пайын, жер учаскесiн қоса алғанда, нақтылы бөлiп шығаруға (бөлiсуге) не өздерiнiң қалауы бойынша жер үлесiнiң немесе пайының құнын төлетiп алуға құқылы.
      Үлестi немесе пайды нақтылы бөлiп шығару (бөлiсу) шаруашылық серiктестiкке қатысушының немесе өндiрiстiк кооператив мүшесiнiң талабы бойынша және шаруашылық серiктестiктiң немесе өндiрiстiк кооперативтiң келiсiмiмен жүзеге асырылады.
      Шаруашылық серiктестiкке қатысушының немесе өндiрiстiк кооператив мүшесiнiң жарғылық капиталға пайдалануға ғана берген жер учаскесi сыйақысыз нақтылы қалпында қайтарылады.
      Қатысушылар (мүшелер) құрамынан шығу және жер учаскесiн бөлiп шығару туралы өтiнiш ауыл шаруашылығы ұйымына берiледi.
      Шаруа (фермер) қожалығын ұйымдастыру үшiн үлес немесе пай есебiне нақтылы бөлiп шығарылатын жер учаскесiнiң орналасқан жерi шаруашылық серiктестiктердiң, өндiрiстiк кооперативтердiң құрылтай құжаттарында көзделген тәртiппен немесе тараптардың келiсiмiмен айқындалады.
      Құрылтай құжаттарында жер учаскесiн бөлiп шығару (бөлiсу) тәртiбi болмаған жағдайда, осы баптың 5-тармағының ережелерi қолданылады.
      5. Үлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) қатысушы болып табылатын және шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн қатысушылар құрамынан шығатын азаматтарға жер учаскелерi үлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) қатысушылардың жалпы жиналысында бекiтiлген, үлестiк меншiктегi (үлестiк жер пайдаланудағы) жер учаскесiн пайдалану тәртiбiне сәйкес берiледi. Yлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) қатысушыларды жер учаскелерiн пайдалану тәртiбiн бекiту жөнiндегi алдағы жиналыс туралы хабардар ету оның өткiзiлетiн күнiнен кемiнде бiр ай бұрын жазбаша нысанда, қолхат алу арқылы жүргiзiледi. Тиiсiнше хабарланған жағдайда, үлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) қатысушылардың немесе олардың өкiлдерiнiң кемiнде елу процентi қатысқан кезде, жиналыс заңды деп есептеледi. Шешiм жиналысқа қатысқан үлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) қатысушылардың немесе олардың өкiлдерiнiң жай көпшiлiк даусымен қабылданады және хаттамамен ресiмделедi. Хаттамаға жиналыста болған үлестiк меншiкке (үлестiк жep пайдалануға) қатысушылардың немесе олардың өкiлдерiнiң барлығы қол қояды.
      Жер учаскесiн пайдалану тәртiбi болмаған кезде үлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) мүдделi қатысушы жep үлесi (жер үлестерi) есебiне жер учаскесiн бөлiп шығару ниетi туралы, оның болжамды орналасқан жерiн көрсете отырып, үлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) қатысушылардың қалғандарын жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi. Жер учаскесiнiң орналасқан жерi жөнiндегi мәселе келiсу рәсiмдерiн өткiзу арқылы не ортақ меншiкке (ортақ жер пайдалануға) қатысушылардың немесе олардың өкiлдерiнiң жалпы жиналысының шешiмi негiзiнде шешiлуi мүмкiн. Жиналыс хабарланған кезден бастап бiр ай iшiнде өткiзiлуге тиiс және ортақ меншiкке (ортақ жер пайдалануға) қатысушылардың немесе олардың өкiлдерiнiң кемiнде елу процентi қатысқан жағдайда заңды деп есептеледi. Шешiм жиналысқа қатысқан үлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) қатысушылардың немесе олардың өкiлдерiнiң жай көпшiлiк даусымен қабылданады және хаттамамен ресiмделедi. Хаттамаға жиналыста болған үлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) қатысушылардың немесе олардың өкiлдерiнiң барлығы қол қояды.
      Егер тиiсiнше хабарланған күннен бастап бiр ай iшiнде үлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) қатысушылардан қарсылықтар келiп түспесе, жер учаскесiнiң орналасқан жерi туралы ұсыныс келiсiлген болып есептеледi.
      6. Азаматтың жергiлiктi атқарушы органға өтiнiшi және бөлiп шығарылатын жер учаскесiнiң орналасқан жерi туралы қоса берiлген келiсiлген материалдар осы Заңның 8-бабына сәйкес оған жер учаскесiне құқық беру үшiн негiз болып табылады.
      7. Шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн алған және ауылда (селода) тұрғын үйi бар азаматтардың үй жанындағы жер учаскесi меншiк құқығымен сақталады, ол шаруа (фермер) қожалығы жер учаскесiнiң құрамына кiрмейдi.
      8. Ауыл шаруашылығы ұйымдарының қызметкерлерi болып табылмайтын азаматтарға шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн жер учаскелерi арнайы жер қорының жерiнен және босалқы жерден берiледі.";
      6) 7-бапта:
      1-тармақтың бiрiншi абзацындағы "тұрақты" деген сөз "уақытша" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Шаруа (фepмep) қожалығын жүргiзу үшiн бiр әкiмшiлiк ауданның (қаланың) шегiнде Қазақстан Республикасының азаматтарында жеке меншiк құқығымен болуы мүмкiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң шектi (eң үлкен) мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) өкiлеттi және атқарушы органдардың бiрлескен ұсыныстары негiзiнде белгiлейдi.";
      7) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "8-бап. Шаруа (фермер) қожалығын ұйымдастыру үшiн жер
              учаскесiн беру тәртiбi
      1. Шаруа (фермер) қожалығын ұйымдастыру үшiн өздерiне арнайы жер қорының жерiнен және босалқы жерден жер учаскелерiне меншiк және (немесе) жер пайдалану құқығы берiлуiне мүдделi азаматтар жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) немесе қалалық атқарушы органға өтiнiш бередi.
      2. Өтiнiште:
      1) жер учаскесiн пайдалану мақсаты;
      2) оның болжамды мөлшерi;
      3) орналасқан жерi;
      4) сұралып отырған пайдалану құқығы;
      5) басқа жер учаскесiнiң болуы (болмауы);
      6) шаруа (фермер) қожалығының құрамы көрсетiлуге тиiс.
      Жер учаскесiне құқық беру туралы өтiнiшке шаруа (фермер) қожалығының басшысы мен мүшелерi қол қояды.
      Өтiнiшке: ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзудiң қысқаша бағдарламасы; шаруашылық басшысының ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi еңбек қызметiн растайтын құжаттар не тиiстi бiлiмi туралы немесе арнаулы дайындықтан өткенi туралы құжат (шартты жер үлесiне құқығы жоқ азаматтар үшiн); салық төлеушi куәлiгiнiң көшiрмесi және шаруа (фермер) қожалығы басшысының мекен-жайы қоса тiркеледi.
      3. Ауыл шаруашылығы ұйымдарының құрамындағы жерден және ортақ меншiктегi немесе ортақ жер пайдаланудағы жерден шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн алатын азаматтар (осы Заңның 6-бабының 3, 4 және 5-тармақтары) өтiнiшке осы баптың 2-тармағында көрсетiлген құжаттардан басқа, бөлiп берiлетiн жер учаскесiнiң орналасқан жерi туралы келiсiлген материалдарды қоса тiркейдi.
      Азаматтардың шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн жер учаскесiн бөлiп шығару туралы ауыл шаруашылығы ұйымына немесе ортақ меншiкке (ортақ жер пайдалануға) қатысушыларға берiлетiн өтiнiшiн олар бiр айдың iшiнде қарауға тиiс. Бұл ретте жер учаскесiн нақтылы бөлiп шығару ауыл шаруашылығы егiс жұмыстары басталғанға дейiн немесе аяқталғаннан кейiн жүргiзiледi. Басқа жағдайларда жер учаскесiн нақтылы бөлiп шығару ауыл шаруашылығы ұйымының немесе ортақ меншiкке (ортақ жep пайдалануға) қатысушылардың келiсiмiмен жүргiзiледi.
      4. Мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiн меншiкке немесе жер пайдалануға алуға мүдделi тұлғаның өтiнiшi негiзiнде, жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық орган тиiстi аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) немесе қалалық атқарушы органның тапсырмасы бойынша, сұралып отырған жер учаскесiн аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлiмделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкiндiгiн айқындайды. Жер учаскесiн пайдалану мүмкiндiгi туралы ұсыныстар оны қарау және қорытынды дайындау үшiн жергiлiктi атқарушы орган жанындағы комиссияға берiледi.
      5. Аталған комиссияның қорытындысы негiзiнде жерге орналастыру жобасы және Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер учаскелерiне тиiстi құқық беру туралы аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) немесе қалалық атқарушы органның шешiмiнiң жобасы дайындалады.
      Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларда, жер учаскесiне құқық беру туралы аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) немесе қалалық атқарушы органның шешiмiн қабылдау үшiн комиссияның қорытындысы талап етiлмейдi. Жер учаскесiне құқық беру туралы аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) немесе қалалық атқарушы органның шешiмi жерге орналастыру жобасының негiзiнде қабылданады.
      6. Жер учаскесiне құқық беру туралы аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) немесе қалалық атқарушы органның шешiмi тиiстi жерге орналастыру жобасы бекiтiлген күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей қабылданып, жер учаскесiне меншiк құқығын немесе жер пайдалану құқығын беру туралы шешiмнiң көшiрмесi шешiм қабылданған кезден бастап жетi күн мерзiмде өтiнiш берушiге тапсырылады.
      Жер учаскесiне құқық беруден бас тарту комиссия қорытындысының негiзiнде аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) немесе қалалық атқарушы органның шешiмiмен ресiмделедi және шешiмнiң көшiрмесi ол қабылданғаннан кейiн жетi күн мерзiмде өтiнiш берушiге тапсырылады.
      7. Жер учаскесiне құқық беру туралы аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) немесе қалалық атқарушы органның шешiмi қабылданғаннан кейiн белгiлi бiр жердегi жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу жүргiзiледi және жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық органдар жер учаскесiне құқықты куәландыратын тиiстi құжаттарды (жер учаскесiне жеке меншiк құқығы актiсiн, уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығы актiсiн, уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығы актiсiн) бередi.
      8. Жер учаскесiне құқықты куәландыратын құжат шаруа (фермер) қожалығына ресiмделедi және Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес барлық жеке меншiк иелерiн (жер пайдаланушыларды) көрсете отырып, шаруа (фермер) қожалығының басшысына берiледi.
      9. Шаруа (фермер) қожалығының жер учаскесiне құқығы жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеуден өткiзген күннен бастап пайда болады.";
      8) 9-бапта:
      тақырыпта "жер пайдалануы" деген сөздер "жер учаскесi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақтағы "және тегiн жер пайдалануға уақытша берiлетiн" деген сөздер алып тасталсын;
      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Шаруа (фермер) қожалығына берiлген жер учаскесi ортақ бiрлескен немесе ортақ үлестiк меншiк (ортақ бiрлескен немесе ортақ үлестiк жер пайдалану) құқығында болады.
      3. Жер учаскесiне жеке меншiк құқығы бар шаруа (фермер) қожалығы оны иелену, пайдалану және билiк ету құқығын өз қалауынша, мемлекеттiк органдардың қандайда бiр рұқсатын алмай жүзеге асырады.
      Уақытша жер пайдалану құқығы бap шаруа (фермер) қожалығы көрсетiлген құқықтарды уақытша жер пайдалану туралы шартқа сәйкес жүзеге асырады.
      Шаруа (фермер) қожалығы жеке меншiк құқығындағы жер учаскесiне қатысты, соның iшiнде толық құнына сатып алынған жер учаскесi бойынша - ол мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап және жеңiлдетiлген бағамен сатып алынған жер учаскесi бойынша - ол мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он жылдан кейiн, нысаналы мақсатын өзгертпей, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тыйым салынбаған кез келген мәмiле жасай алады.
      Шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн уақытша жер пайдалану құқығымен берiлген жер учаскелерiне қатысты мәмiлелер жасасуға, сондай-ақ оларды кейiнгi жер пайдалануға беруге жол берiлмейдi.";
      4-тармақта "Тұрақты" деген сөз "Жер учаскесiне жеке меншiк құқығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 10-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын: "Шаруа (фермер) қожалығының жep пайдалану жөнiндегi құқықтары";
      1-тармақта:
      4) тармақшада "мемлекет мұқтажына" деген сөздер "мемлекеттiк қажеттiктер үшiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) жердi аймақтарға бөлуге сәйкес құндылығы төмен алқаптарда шаруашылық қажеттерi үшiн, жер учаскесiнiң нысаналы пайдалану мақсатына қайшы келмейтiн тұрғын үйлердi, өндiрiстiк, тұрмыстық және өзге де үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) меншiк құқығымен тұрғызуға;";
      10) 12-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      "12-бап. Шаруа (фермер) қожалығының жер учаскесiне жеке меншiк құқығын және жер пайдалану құқығын тоқтату";
      1-тармақта:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жер учаскесiне жеке меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы:";
      екiншi абзац "жер пайдалану" деген сөздердiң алдынан "жер учаскесiне жеке меншiк құқығынан немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшiншi абзацта "жер пайдалану құқығын" деген сөздер "жер учаскесiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртiншi абзацта "жер пайдалану құқығына төлеттiрiп алу" деген сөздер "жер учаскесiнен немесе жер пайдалану құқығынан өндiрiп алу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтың бiрiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Жер учаскесi берiлген кезден бастап бiр жыл iшiнде оны тиiстi нысанасына орай мақсатқа сай пайдаланылмаған жер ретiнде, егер бұдан ұзақ мерзiм Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмесе, шаруа (фермер) қожалығынан алып қоюға болмайды.";
      11) 17-баптың 1-тармағында "мүлкi мен" деген сөздер "мүлкiн, жер учаскесiн және" деген сөздермен ауыстырылсын;
      12) 18-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын;
      13) 20-бапта:
      1-тармақ "жер пайдалану" деген сөздердiң алдынан "жер учаскесiне жеке меншiк құқығы немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақ "мүлiктi" деген сөзден кейiн ", жер учаскесiн" деген сөздермен толықтырылсын.

      5. "Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы" 1998 жылғы 22 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 5-6, 49-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат):
      23-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      "7. Құқығы (соның iшiнде шартты жер үлесiне құқығы) серiктестiктiң жарғылық капиталына салым ретiнде берiлген жер учаскесiн нақтылы бөлiп шығару Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.".

      6. "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы" 1998 жылғы 20 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 7-8, 79-құжат; 2001 ж., N 15-16, 228, 229-құжаттар; 2002 ж., N 6, 75-құжат):
      3-1-баптың 3-тармағының бiрiншi сөйлемiнде "Уақытша өтеусiз жер пайдалануға" деген сөздер "Уақытша жер пайдалануға" деген сөздермен, "жер пайдалану құқығы сатып алынбай жүзеге асырылады" деген сөздер ", егер жер пайдалану құқығы мемлекеттен сатып алынбаған болса, сатып алынбай жүзеге асырылады" деген сөздермен ауыстырылсын.

      7. "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" 1998 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 14, 200-құжат; N 22, 308-құжат; N 24, 443-құжат; 2001 ж., N 13-14, 173, 176-құжаттар; N 24, 338-құжат):
      2-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қала маңындағы аймаққа кiретiн жердi пайдаланудың тәртiбi мен режимiн қаланың атқарушы органының аумағы қала маңындағы аймаққа кiретiн облыстық атқарушы органмен келiсiлген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.".

      8. "Бюджет жүйесi туралы" 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 7, 225-құжат; N 20, 731-құжат; N 21, 783-құжат; N 23, 916, 928, 930-құжаттар; 2000 ж., N 21, 395-құжат; 2001 ж., N 1, 6-құжат; N 10, 123-құжат; N 23, 310-құжат; 2002 ж., N 18, 160-құжат; 2003 ж., N 14, 100-құжат):
      1) 9-баптың 1-тармағының жиырма үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "жер қатынастарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөнiндегi республикалық деңгейдегi iс-шараларды;";
      2) 11-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында:
      б) тармақшасы мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
      "жер учаскелерiн жалдау құқығын сату төлемақысының түсімі;";
      в) тармақшасының үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "жер учаскелерiн сатудан түсетiн түсiмдер;";
      3) 12-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы он бесiншi абзацпен толықтырылсын:
      "жер қатынастарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөнiндегi жергiлiктi деңгейдегi iс-шараларды;";
      4) 25-баптың 2-тармағының бiрiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жергiлiктi бюджеттерге шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдердiң олардың бекiтiлген тоқсандық көлемдерiнен асатын бөлiгiн және мемлекеттiң ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн жеке меншiкке сатуынан түсетiн қаражатты бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын тәртiппен тиiстi жергiлiктi бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударады.".

      Қазақстан Республикасының
      Президентi


Дата изменения акта:  29.12.2003
Дата принятия акта:  29.12.2003
Информация об официальном опубликовании акта:  Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 24, 178-құжат; "Егемен Қазақстан" 2003 жылғы 6 қаңтар N 2
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  102000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  17979
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  512
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  001008000000 / 011002000000
Форма акта:  ЗАК
Юридическая сила:  0400
Язык акта:  kaz