Еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің импортты лицензиялау ережелері туралы хаттаманы бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 468 Заңы. Заң қолданысын тоқтатты - ҚР 25.10.2012 № 46-V Заңымен

      Ескерту. Заң қолданысын тоқтатты - ҚР 25.10.2012 № 46-V Заңымен.

      Минскіде 2000 жылғы 30 қарашада жасалған Еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің импортты лицензиялау ережелері туралы хаттама бекітілсін.

Қазақстан Республикасының


Президенті



      Ресми

      куәландырылған

      мәтін

Еркiн сауда аймағын құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң импортты лицензиялау ережесi туралы
ХАТТАМА

      Қол қойғандар:
      Әзірбайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Грузия, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Украина
      Ратификациялық грамоталарды тапсырды:
      Тәжікстан Республикасы - 2001 жылғы 31 шілдеде депонирленген;
      Украина - 2001 жылғы 21 желтоқсанда депонирленген;
      Беларусь Республикасы - 2001 жылғы 22 желтоқсанда депонирленген;
      Армения Республикасы - 2002 жылғы 16 мамырда депонирленген;
      Қазақстан Республикасы - 2003 жылғы 12 тамызда депонирленген.
      Хабарлама бергендер:
      Әзірбайжан Республикасы - 2001 жылғы 17 қыркүйекте депонирленген
      (Келісімді бекіту жөнінде Президент
      қол қойған Заңды Парламенттің қабылдауы
      туралы)
      Хаттама 2001 жылғы 21 желтоқсанда күшіне енді
      Келесі мемлекеттер үшін күшіне енді:
      Тәжікстан Республикасы - 2001 жылғы 21 желтоқсанда;
      Әзірбайжан Республикасы - 2001 жылғы 21 желтоқсанда;
      Украина - 2001 жылғы 21 желтоқсанда;
      Беларусь Республикасы - 2001 жылғы 22 желтоқсанда;
      Армения Республикасы - 2002 жылғы 16 мамыр;
      Қазақстан Республикасы - 2003 жылғы 12 тамызда.

      Бұдан әрi - Тараптар деп аталатын, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Үкiметтерi,

      Еркiн сауда аймағын құру туралы 1994 жылғы 15 сәуiрдегi келiсiм және Еркiн сауда аймағын құру туралы 1994 жылғы 15 сәуiрдегі келiсімге Тараптар мемлекеттерiнiң кедендiк аумағында еркiн сауда режимiн қамтамасыз ету бөлiгiнде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы 1999 жылғы 2 сәуiрдегi хаттама бойынша өздерiнiң мiндеттерiн орындау мақсатында,

      еркiн сауда аймағының тиiмдi жұмыс iстеуі үшін Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларын жақындастыруға ұмтыла отырып,

      тауарлар импортын лицензиялау рәсiмдерiн тиiсiнше пайдаланбау өзара сауданың дамуын тежеуi мүмкiн екендiгiн мойындай келiп,

      төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап Қолданылу аясы

      Осы Хаттамамен белгiленген импортты лицензиялау ережесi Тараптардың бiрiнiң кедендiк аймағынан шығатын және басқа Тараптардың кедендiк аумақтары үшiн арналған тауарлар импортына байланысты туындайтын өзара қатынастарды реттейді.

      Тараптар мемлекеттерiнiң кедендік аумағы олардың ұлттық заңнамаларына сәйкес белгiленеді.

2-бап Жалпы ережелер

      1. Осы Хаттаманың мақсаты үшін тауарлар импортын лицензиялау өтiніштің және/немесе лицензияны ресiмдеуге қажеттi өзге құжаттардың негiзiнде тауарлардың белгiлi бiр түрлерiнiң импортына тараптың уәкiлеттi мемлекеттi органының лицензия беруiн көздейтiн, сыртқы сауда қызметiн реттейтiн әкiмшiлiк шара ретiнде белгiленедi.

      2. Тараптардың әрқайсысы импортты лицензиялаудың ережесiн, сондай-ақ оларға енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар туралы ақпарат ұлттық ресми басылымдарда жариялайды және Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының атқарушы комитетiне хабарлайды.

      Ресми жарияланым ұлттық заңнамамен және әрбiр Тараптың мемлекетiнiң халықаралық мiндеттерiмен белгiленген мерзiмдерде жүзеге асырылады.

      3. Лицензия беру туралы өтiнiш нысаны және оны берудiң тәртiбi туралы мүмкiндігінше оңайлатылуы және ұлттық заңнаманың талаптарына және импорттаушы тарапты мемлекетінiң халықаралық мiндеттемелерiне сәйкес болуы тиiс.

      Лицензия беру туралы өтiнiш жасаған кезде импорттаушы тараптың мемлекеттiк органы лицензияны ұлттық заңнамаға және импорттаушы Тарап мемлекетінiң халықаралық мiндеттемелерiне сәйкес тиiсiнше ресiмдеуге қажеттi құжаттар мен ақпаратты талап ете алады.

      4. Осы Хаттаманың шарттары Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық мүдделерiне қайшы келетiн немесе коммерциялық құпияны сақтауға шаруашылық жүргiзушi субъектілердiң заңды құқықтарын бұзатын жасырын ақпаратты жария етудi тараптардан талап етедi.

3-бап Тауарлар импортын автоматты түрде лицензиялау

      1. Тауарлар импортын автоматты түрде лицензиялау Тараптар мемлекеттерiнiң кедендiк аумағына тауарлар импортына сандық шектеу немесе рұқсат беру тәртібiн енгізу мақсаттарын көздемейтiн, сыртқы сауда қызметін реттеудiң әкiмшілік шарасы болып табылады.

      Тауарлар импортын автоматты түрде лицензиялау мiндеттi сипатқа ие және кез келген жағдайда жүзеге асырылады. Мүдделі шаруашылық жүргізуші субъект белгіленген тәртіппен ұсынған өтiнiш және/немесе өзге де құжаттар лицензия алу үшiн негіз болып табылады.

      2. Тауарлар импортын автоматты түрде лицензиялау мынадай принциптерді сақтаған кезде жүзеге асырылады:

      а) тауарлар импортына лицензия алудың рәсiмi лицензияланатын тауарлардың импортын шектемеу үшiн барынша оңайлатуы тиiс;

      б) тауарлар импортына лицензия беру туралы өтiнiш және/немесе өзге де қажетті құжаттарды тапсырған және импорттаушы Тараптың нормативтiк-құқықтық актілерiмен көзделген барлық нысандылықтарды орындаған Тараптардың барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi меншiк нысанына қарамастан мұндай лицензияны алуға тең құқыққа ие болады;

      в) лицензия беру туралы өтiнiштi және/немесе өзге қажеттi құжаттарды тауарларды кедендік ресiмдеуге дейiн кез келген жұмыс күнi беруге болады;

      г) лицензия мүмкіндігінше кiдiртпестен берiледi, бұл ретте беру мерзiмi өтiнiштi және/немесе белгiленген талаптарға жауап беретiн өзге қажеттi құжаттарды алған күннен бастағанда 15 жұмыс күннен аспауы тиiс.

      3. Тауарлар импортын автоматты түрде лицензиялау оның енгiзiлуiне себепшi болған жағдайлар сақталғанға дейiн қолданылатын уақытша шара болып табылады.

4-бап Сандық шектеулер немесе рұқсат беру тәртiбiн белгілеу мақсатында тауарлар импортын лицензиялау

      1. Сандық шектеулер немесе рұқсат беру тәртiбiн белгiлеу кезiнде импортты лицензиялау Тараптардың кедендік аумақтарына тауарлар импортының белгілi бiр түрiне сандық шектеу немесе рұқсат беру тәртiбiн белгілеу жағдайында қолданылатын, сыртқы экономикалық қызметті әкімшілік реттеу шарасы болып табылады.

      Сандық шектеулер немесе рұқсат беру тәртiбiн белгілеу кезiнде лицензиялаудың рәсiмi осы Хаттаманың 2-бабына, сондай-ақ осы баптың 2-9-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады және ол енгiзiлiп отырған мақсат барабар болуы тиiс.

      2. Импортты сандық шектеудi көздемейтiн лицензиялауды енгізу жағдайында Тараптарға мұндай лицензиялау енгiзудiң себебiн түсiндiретiн ақпарат берiлуi тиiс.

      3. Белгiлi бiр тауармен сауда жасауға мүдделi Тараптың сұрауы бойынша сұрау жасалған Тарап мыналарға:

      импортты шектеудің қолданылуына;

      импортталатын тауарлардың көлемін көрсете отырып, лицензиялаудың санына;

      Тараптардың мемлекеттерiнен импортталатын, лицензияланатын тауардың құны және/немесе көлемi туралы статистикалық деректерге қатысты ақпарат береді.

      4. Сандық шектеудi белгiлеу мақсатында тауарлар импортын лицензиялауды қолданатын Тарап тауарлардың санын және/немесе құнын белгiлейтiн квоталардың жалпы мөлшерiн, квоталардың қолданылуы басталатын және аяқталатын күнiн және олардың кез-келген өзгерiстерiн осы Хаттаманың 2-бабының 2-тармағында белгiленген мерзiмдерде жариялайды.

      5. Квоталар экспорттаушы мемлекеттер арасында бөлген жағдайда импортты сандық шектеудi қолданатын Тарап басқа мүдделі Тараптарға экспорттаушы мемлекеттердің белгiленген квотадағы үлесi туралы дерек хабарлайды және осы ақпаратты осы Хаттаманы 2-бабының 2-тармағында белгiленген мерзiмдерде жариялайды.

      6. Тараптардың импорттаушы Тараптың нормативтiк-құқықтық актілерінде белгiленген талаптарды орындайтын шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi меншiк нысанына қарамастан лицензия беру туралы өтiнiш жасауға және осы өтiнiштiң қаралуына тең құқыққа ие болады. Егер лицензия берiлмесе, онда өтiнiш беруге оның себебi хабарланады. Өтiніш берушiнiң импорттаушы Тараптың мемлекетiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес мұндай шешiмге шағымдануына немесе қайта қаратуына құқығы бар.

      7. Егер өтiнiштер түсу тәртiбiмен қаралатын болса, онда өтiнiштi қараудың мерзiмi өтiнiштi алған күннен бастап 30 жұмыс күнiнен аспауы тиiс.

      Егер барлық өтiнiштер бiр мезгiлде қаралатын болса, онда өтiнiштердi қараудың мерзiмi өтiнiштер қабылдаудың жарияланған мерзiмiнiң аяқталған күнiнен бастап 60 жұмыс күнiнен аспауы тиiс.

      8. Лицензияның қолданылу мерзiмi импорт күтпеген қысқа мерзiмдi қажеттiліктерді қанағаттандыру үшiн жүзеге асырылатын ерекше жағдайларды есептемегенде импортқа, соның iшiнде көздерден импортқа кедергi жасамауға жеткiлiктi болуы тиiс.

      9. Квоталардың бөлген кезде лицензияда экспорттаушы мемлекет көрсетiледi. Мұндай бөлу болмаған жағдайда лицензиялардың иелерi импорт көздерiн еркiн таңдай алады.

5-бап Тараптардың осы Хаттаманы орындау жөнiндегi іс-қимылдарын үйлестiретiн орган

      Осы Хаттаманың орындалу барысын бақылауды және оның орындалуына қатысты кез-келген мәселелер бойынша консультациялар жүргізудi Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының атқарушы комитеттерi жүзеге асырады.

6-бап Хабарландырулар

      1. Лицензиялау рәсiмiн белгiлейтін немесе бұл рәсiмге өзгерiстер енгізетiн Тараптар бұл туралы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiн тиiстi ақпарат жарияланған күннен бастап 60 күннiң iшiнде хабардар етеді.

      2. Тауарлар импортын лицензиялаудың ережесi туралы хабарландыру мынадай мәлiметтердi қамтиды:

      автоматты түрде лицензиялауға не сандық шектеулер немесе рұқсат беру тәртібiн белгiлеу мақсатында лицензиялауға жататын тiзбесi:

      өтiніштi және/немесе өзге де қажеттi құжаттарды, сондай-ақ лицензиялау туралы ақпаратты табыс ету үшін уәкілеттi мемлекеттiк органның атауы;

      тауарлар импортын лицензиялаудың ережесi жарияланатын ұлттық ресми басылымдардың атауы және жарияланған күнi;

      тауарлар импортын лицензиялауды енгiзудің мақсаты;

      лицензияларды қолдануды болжамды мерзiмi.

      3. Лицензиялау ережесiне өзгерiстер енгiзу туралы хабарландырулар осы баптың 2-тармағында көрсетiлген мәлiметтердi қамтуы тиiс.

      4. Тараптар Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiн осы Хаттаманың 2-бабының 2-тармағында көзделген ақпаратты қамтитын ұлттық ресми басылымдар туралы хабардар етеді.

      5. Тараптар Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiн осы Хаттамаға қатысты мәселелер жөнiндегi заңдар мен басқа да нормативтiк құқықтық актілердiң өзгеруi және олардың қолданылуы туралы хабардар етедi. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитеті алынған ақпаратты жүйеге келтiредi және оны Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің назарына жеткiзедi.

7-бап Осы Хаттаманың орындалуы

      Тараптар осы Хаттаманың күшiне енген күннен бастап 12 айдың iшiнде:

      осы Хаттаманы iске асыру үшiн қажеттi шаралар қабылдайды;

      осы Хаттаманың 6-бабының 2-тармағына сәйкес қолданылатын режимдердi және лицензиялау ережесін көрсете отырып лицензияланатын тауарлардың тiзбесiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитеті Тараптарға тауарлар импортына қатысты мәселелер жөнінде ақпарат алуға жәрдем көрсетеді.

8-бап Қорытынды ережелер

      1. Осы Хаттама бекiтуге жатады және депозитарийге үшінші бекiту грамотасын өткiзген күннен бастап күшiне енедi. Оны кешірек бекiткен Тараптардың мемлекеттерi үшiн олардың депозитарийге өздерiнің бекiту грамоталарын тапсырған күннен бастап күшiне енеді.

      2. Тараптардың жалпы келiсiмiмен осы Хаттамаға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар осы Хаттаманың күшiне енуi үшін рәсiмге сәйкес жеке Хаттамалармен ресiмделедi.

      3. Осы Хаттаманы қолдануға немесе түсіндіруге байланысты даулы мәселелер консультациялар жолымен шешiледі.

      4. Осы Хаттама күшiне енген күнiнен бастап 5 жыл ішінде қолданылады. Егер Тараптар өзге шешiм қабылдамаса, осы мерзiм аяқталғанда осы Хаттама әрбiр ретте келесi 5 жыл кезеңге автоматты түрде ұзартылады.

      5. Тараптардың кез-келгенi осы Хаттамаға сәйкес туындаған өзiнiң мiндеттемелерiн алдын ала реттей отырып, өзiнiң ой-ниетi туралы шығудан кем дегенде 6 ай бұрын депозитарийге жазбаша хабарландыру жiберу арқылы осы Хаттамадан шыға алады.

      6. Осы Хаттама мұндай қосылу туралы тиiстi құжаттарды депозитарийге беру жолымен оның ережесiн мойындайтын басқа мемлекеттердiң қосылуы үшiн ашық.

      7. Осы Хаттама ескертулерге жол берілмейдi.

      2000 жылғы 30 қарашада Минск қаласында орыс тiлiнде бiр түпнұсқалық данада жасалды. Түпнұсқалық дана Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Атқарушы комитетiнде сақталады, ол осы Шешiмге қол қойған әрбiр мемлекетке оның куәландырылған көшiрмесiн жiбереді.

Әзiрбайжан Республикасының

Молдова Республикасының

Үкiметi үшiн

Үкiметi үшiн

Армян Республикасының

Ресей Федерациясының

Үкiметi үшiн

Үкiметi үшiн

Беларусь Республикасының

Тәжiкстан Республикасының

Үкiметi үшiн

Үкiметi үшiн

Грузия Үкiметі үшiн

Түркiменстан Республикасы үшiн

Қазақстан Республикасының

Өзбекстан Республикасының

Yкіметi үшiн

Үкiметi үшiн

Қырғыз Үкiметi үшін

Украина Республикасының


Үкiметi үшін

Минск-30.11.2000



      Еркiн сауда аймағын құру туралы келiсiмге

      қатысушы мемлекеттердегі импортты лицензиялау

      ережесi туралы Хаттамаға

      Беларусь Республикасының мәлімдемесі

      Беларусь тарапы хаттама мәтінінде қолданылатын "Тараптардың ұлттық заңнамалары", "Тараптардың кедендік аумақтары", "Тараптың уәкілетті мемлекеттік органы", "Тараптардың шаруашылық қызмет субъектілері", "импорттаушы Тараптың нормативтік актілері", "импорттаушы Тараптың ұлттық заңнамасы" ұғымдарын тиісінше келесі мағынада түсінеді: "Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамалары", "Тараптар мемлекеттерінің кедендік аумақтары", "Тарап мемлекетінің уәкілетті мемлекеттік органы", "Тараптар мемлекеттерінің шаруашылық қызмет субъектілері", "импорттаушы Тарап мемлекетінің нормативтік актілері", "импорттаушы Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасы".

Беларусь Республикасының


Премьер-Министрі



      Қоса беріліп отырған мәтін 2000 жылғы 30 қарашада Минск қаласында өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкіметтер басшылары кеңесінің отырысында қабылданған Еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің Импортты лицензиялау ережесі туралы хаттаманың сәйкестендірілген көшірмесі болып табылатынын осымен растаймын. Жоғарыда аталған Хаттаманың түпнұсқалық данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады.

ТМД Атқару комитеті Төрағасының -


Атқарушы хатшысының


бірінші орынбасары