07.03.2002

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Шу және Талас өзендеріндегі мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану туралы келісімді бекіту туралы

      Астанада 2000 жылғы 21 қаңтарда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Шу және Талас өзендеріндегі мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану туралы келісім бекітілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қырғыз Республикасы
Үкiметiнiң арасындағы Шу және Талас өзендерiндегi
мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы
құрылыстарын пайдалану туралы
КЕЛIСIМ

(2002 жылғы 16 сәуірде күшіне енді - ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2002 ж., N 6, 48-құжат)

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қырғыз Республикасының Yкiметi,
      Шолпан Ата қаласында 1994 жылдың 30 сәуiрiнде қол қойылған Қазақстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы және Қырғыз Республикасының арасындағы Бiрыңғай экономикалық кеңiстiктi құру туралы шартты басшылыққа ала отырып;
      су ресурстарының әлеуметтiк, экономикалық және экологиялық құндылығын тани отырып;
      су ресурстарын пайдаланудағы өзара тиiмдi ынтымақтастыққа және мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарын пайдаланудың сенiмдiлiгi мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге зор маңыз бере отырып;
      су ресурстарының саласында жалпыға бiрдей танылған халықаралық құқықтың нормаларына сәйкес су шаруашылығы құрылыстарын тиiмдi пайдалануда неғұрлым жетiлдiрiлген және әдiл шешiмдi табуға ортақ ниет бiлдiре отырып;
      тату көршiлiк, тең құқықтық, өзара көмек көрсету қағидаттарын ескере отырып;
      төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      Тараптар су ресурстарын пайдаланудың, мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарын пайдаланудың және оларға техникалық күтiм жасаудың мақсаты әдiл әрi байыпты негiздегi өзара тиiмдiлiкке қол жеткiзу болуы тиiс екендiгiн таниды.

2-бап

      Тараптар Қырғыз Республикасының меншiгiне жататын мынадай су шаруашылығы құрылыстарын:
      Шу өзенiндегi Орта Тоқай су қоймасын;
      Быстров СЭС-нен Тоқмақ қаласына дейiнгi Шу өзенiндегi Шу темiрбетонды айналма арналарын;
      Батыс және Шығыс Үлкен Шу арнасын, құрылыстарымен бiрге;
      Шу өзенiндегi Шөмiш су торабын;
      Талас өзенiндегi Киров су қоймасын мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарына жатқызады.

3-бап

      Меншiгiнде мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстары бар иеленушi Тарап осы құрылыстарды пайдаланушы Тараптан олардың қауiпсiз және сенiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ететiн қажеттi шығыстарға қатысты өтемақы алуға құқылы.

4-бап

      Тараптар мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануға, техникалық күтiм жасауға жұмсалған шығындарды өтеуге алынатын судың мөлшерiне барабар үлестiк негiзде қатысады және басқа да келiсiлген iс-әрекеттер жасайды.

5-бап

      Мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарын қауiпсiз және сенiмдi пайдалануды қамтамасыз ету үшiн Тараптар жұмыс режимiн белгiлейтiн және оларды пайдалану мен техникалық күтiм жасауға қажетті шығындардың көлемін анықтайтын, тұрақты жұмыс iстейтiн комиссияларды құратын болады.

6-бап

      Тараптар мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану мен техникалық күтiм жасау үшiн жыл сайын қажеттi қаражаттардың бөлiнуiн көздейдi.

7-бап

      Тараптар өздерiнiң ықпал ету аймағындағы мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарын және аумақтарды су тасқындарынан, селдер мен басқа да табиғи құбылыстардың қолайсыз әсерiнен қорғау жөнiнде бiрлескен iс-шараларды жүзеге асыруға мiндеттеме алады.

8-бап

      Күтпеген табиғи құбылыстарға немесе техникалық себептерге байланысты мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарында төтенше жағдайлар туындаған кезде Тараптар бiрiн-бiрi кiдiрiссiз хабардар етуге, оларды болдырмау, басу және зардаптарын жою жөнiнде бiрлескен iс-әрекеттер жасауға тиiстi.

9-бап

      Тараптар мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарында жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жедел және тиiмдi жүргiзу мақсатында бiр-бiрiнiң құрылыстық, жөндеу-пайдалану және өнеркәсiптiк қуаттарын пайдалану қажеттiлiгiн таниды.

10-бап

      Тараптар су шаруашылығы құрылыстары мен су ресурстарын тиiмдi пайдалану мәселелерi бойынша ғылыми-зерттеу және жобалау-iздестiружұмыстарын бiрлесiп жүзеге асыруға келiстi.

11-бап

      Тараптар мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануға және оларға техникалық күтiм жасауға арналған материалдарды, шикiзаттарды, тетiктер мен машиналарды, қызметшiлердi өз мемлекетiнiң аумағы мен шекарасы арқылы кедергiсiз және баж салынбайтын қозғалысына жағдай жасайды.

12-бап

      Осы Келiсiмдi түсiндiруге немесе қолдануға байланысты Тараптардың арасында даулар мен келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды келiссөздер мен консультациялар арқылы шешетiн болады.

13-бап

      Тараптардың келiсуiмен асы Келiсiмге жеке хаттамалармен ресiмделетiн және оның ажырамас бөлiгi болып табылатын өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

14-бап

      Осы Келісім олардың ұлттық заңнамаларында көзделген, Тараптардың мемлекетішілік рәсімдерін орындау туралы соңғы хабарламаны алған күнінен бастап күшіне енеді.
      Осы Келісім 5 жылға жасалады және егер Тараптардың ешқайсысы тиісті мерзімнің өтуінен алты ай бұрын оның қолданылуын тоқтату туралы ниетін басқа Тарапқа хабарламаса, өздігінен келесі бесжылдық мерзімдерге ұзартылатын болады.
      Астана қаласында 2000 жылғы 21 қаңтарда, әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілінде екі түпнұсқа дана болып жасалды, бұл ретте барлық мәтіндердің күші бірдей.
      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады.

      Қазақстан Республикасының         Қырғыз Республикасының
           Үкіметі үшін                     Үкіметі үшін

      Мамандар:
      Қасымбеков Б.А.
      Багарова Ж.А.


Дата изменения акта:  07.03.2002
Дата принятия акта:  07.03.2002
Информация об официальном опубликовании акта:  Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 5, 53-құжат; ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2002 ж., N 6, 48-құжат; "Егемен Қазақстан" 2002 жылғы 12 наурыз N 54
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  102000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  11514
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  301_II
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  032003000000 / 015003000000
Форма акта:  ЗАК / СОГЛ
Юридическая сила:  0400
Язык акта:  kaz