14.12.2001

"Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

      "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" 1998 жылғы 9 шiлдедегi Z980278_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1998 ж., N 16, 220-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. Кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Заң асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық негiздерiн белгiлейдi, асыл тұқымды малдың тектiк қорын сақтауға және көбейтуге, сондай-ақ оны өз төлiнен өсiруге және өнiмдiк сапасын жақсартуға бағытталған, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласымен айналысатын мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн реттейдi.".
      2. 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
      Осы заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) аккредитациялау - белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн заңды тұлғалардың асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) асыл тұқымдық құндылығын анықтау бойынша қызмет көрсету жөнiндегi жұмысты жүзеге асыруға құқылы болуын стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның ресми тануы;
      2) аттестат - асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган беретiн, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң қызметiн мемлекеттiң тануын куәландыратын құжат;
      3) аттестаттау - асыл тұқымды өнiмнің (материалдың) асыл тұқымдық құндылығын анықтау жөнiнде қызмет көрсететiн жеке және заңды тұлғаларды қоспағанда, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлерге мезгiл-мезгiл жүргiзетiн комиссиялық бағалау;
      4) бағалау - малдың асыл тұқымдық құндылығының деңгейiн тиiстi сынып бере отырып, оларды белгiлер кешенi (тұқымдылығы, өнiмдiк сапасы, сыртқы тұрпаттық-бiтiмдiк ерекшелiктерi) бойынша бағалау арқылы анықтау;
      5) асыл тұқымды малдың мемлекеттiк кiтабы - Қазақстан Республикасында бар, шығу тегi, өнiмдiлiгi мен асыл тұқымдық сапасы жағынан неғұрлым құнды белгiлi бiр тұқымға жататын мал туралы деректер жиынтығы;
      6) асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмi - асыл тұқымды малдың және асыл тұқымды мал табындарының сан және тұқым құрамы туралы деректер жиынтығы;
      7) асыл тұқымды өнiм (материал) сату жөнiндегi дистрибьютерлiк орталық (бұдан әрi - дистрибьютерлiк орталық) - асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган аттестаттаған, асылдандырушылар деп танылған асыл тұқымды малдың ұрығы мен эмбриондарын сатып алуға, сақтауға және сатуға маманданған заңды тұлға;
      8) мал - адам өсiретiн, ауыл шаруашылық өндiрiсiне тiкелей қатысы бар ауыл шаруашылығы малы мен құсының барлық түрi;
      9) зауыттық тип - тұқымның бiр бөлiгi болып табылатын, сол тұқымға ортақ қасиеттермен қатар өнiмділiгi, тұрқы мен бiтiмiнiң сипаты жөнiнен өзiнiң кейбiр айрықша ерекшелiктерi бар, өсiрiлетiн аймақтың жағдайына жақсы бейiмделген, ауруға төзiмдi ауыл шаруашылық малының тобы;
      10) кросс - малдың бiр тұқымдық желiсiн басқа бiр тұқымдық желiсiмен шағылыстырудан тарайтын мал тобы;
      11) тұқымдық желi - бiр немесе бiрнеше үздiк тұқымдық малдан тарайтын ауыл шаруашылық малының бiр тұқым iшiндегi немесе тұқымаралық тобы;
      12) ен салу (таңбалау) - тиiстi малды дәл сәйкестендiруге мүмкiндiк беретiн нөмiр салу (татуировка жасау, таңба басу, сырға тағу) арқылы асыл тұқымды малды белгiлеу;
      13) асыл тұқымды өнiм (материал) - асыл тұқымды мал, оның ұрығы, эмбриондары;
      14) асыл тұқымдық құндылық - асыл тұқымды малдың тектiк әлеуетiнiң төлдiң шаруашылыққа пайдалы белгiлерiне ықпал ететiн деңгейi;
      15) асыл тұқымды мал шаруашылығы - мал шаруашылығының малды асылдандыру жұмысының жүйесiмен қамтылған, тектiк әлеуетi жоғары малды өз төлiнен өсiруге, оларды сақтауға және өсiруге бағытталған саласы;
      16) асыл тұқымды мал - өнiмдiлiк типiне, бағыты мен деңгейiне, тұқым стандартына сай келетiн, құжатпен расталған шығу тегi бар таза тұқымды, тұқымы жақсы, өнiмдiлігі жоғары мал;
      17) малды асылдандырушы шаруашылық - асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган аттестаттаған, белгiлi бiр түр мен тұқымға жататын асыл тұқымды малды өсiру мен сатуды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъект;
      18) асыл тұқымды мал зауыты - асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган аттестаттаған, белгiлi бiр тұқымға жататын сапасы анықтаудан өткен зауыттық, бiр тұқым iшiндегi, аймақтық типке, зауыттық тұқымдық желiге, кроссқа, тұқым тобына жататын құндылығы жоғары малды өсiрумен, жетiлдiрумен және сатумен айналысатын шаруашылық жүргiзушi субъект;
      19) малды асылдандырушы орталық - асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган аттестаттаған, асыл тұқымды тұқымдық мал ұстайтын, олардың ұрығын алумен, жинақтаумен, сақтаумен, сондай-ақ асылдандырушылар деп танылған тұқымдық малдың ұрығын сатумен айналысатын заңды тұлға;
      20) тұқым - адамның шығармашылық қызметiнiң ықпалымен белгiлi бiр шаруашылық және табиғи жағдайда қалыптасқан, "өз iшiнде" өсiру үшiн саны жеткiлiктi және iрiктеп алып, iрiктеп бөлiп, тектiк типiне сәйкес келетiн технологиялық жағдай жасап, қолдау көрсетiлетiн шаруашылық және асыл тұқымдық құндылығы, сондай-ақ оны бiр түрге жататын басқа тұқымдардан ерекшелендiретiн морфологиялық, физиологиялық және шаруашылыққа пайдалы қасиеттерiнiң белгiлi бiр өзгешелiгi бар шығу тегi ортақ бiр түрiне жататын ауыл шаруашылық малының тобы;
      21) шектеулi тектiк қоры бар тұқым - сирек кездесетiн және дүние жүзінде өзiне ұқсасы жоқ, селекциялық мақсаттарда пайдалану үшiн қажет және құрып кету қаупi төнген отандық тұқымға жататын мал тобы;
      22) малдың ата-тегi - бiрнеше буын төлдiң ата-енесi және арғы тегi туралы мәлiметтер келтiрiлген, асыл тұқымды малдың шығу тегi;
      23) қолдан шағылыстыру - жеке-жеке iрiктелiп алынған малды маманның бақылауымен шағылыстыру;
      24) сәйкестiк сертификаты (асыл тұқымдық куәлiк) - аккредитацияланған органдар беретiн, асыл тұқымды малдың шығу тегiн, өнiмдiлiгiн және өзге де сапасын, сондай-ақ ата-енесiнің шығу тегiн және ұрықтың немесе эмбрионның сапасын растайтын құжат;
      25) тұқым тобы - тұқымдағы үздiк аналық малдан тарайтын буындағы ұрғашы малдан тұратын өнiмдiлiгi жоғары асыл тұқымды мал тобы;
      26) тұқым стандарты - малды бағалаған кезде өнiмдiлiгi, тұрқының типi мен шығу тегi жөнiнен тұқымға қойылатын, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен нормативтiк құжаттарда белгiленген ең төмен талаптар;
      27) эмбриондарды телу (алмастырып салу) - құндылығы жоғары малдан төл басын көбiрек алудың биотехнологиялық тәсiлi;
      28) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган - асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк саясатты берiлген өкiлеттiк шегiнде iске асыратын орталық атқарушы орган;
      29) малды өз төлiнен өсiру жөнiнде қызмет көрсететiн жеке және (немесе) заңды тұлғалар - асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган аттестаттаған, малды өз төлiнен өсiру жөнiнде қызмет көрсететiн жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
      30) малдың асыл тұқымдық құндылығын анықтау жөнiнде қызмет көрсететiн жеке тұлғалар - стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен аттестаттаудан өткен жеке тұлғалар;
      31) эмбрион - ұрықтанған жұмыртқа клеткадан дамитын ұрық;
      32) малдың асыл тұқымдық құндылығын анықтау жөнiнде қызмет көрсететiн заңды тұлғалар - стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган аккредитациялаған заңды тұлғалар (тұқым қуалаушылық-тектiк, төзiмдiлiк-тектiк зертханалар, сүттiң, жүннiң сапасын селекциялық бақылау зертханалары, ипподромдар, мал шаруашылығының бақылау-сынақ станциялары және басқалар).".
      3. 3-баптың тақырыбы мен бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "3-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал
              шаруашылығы туралы заңдары
      Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына K951000_ негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.".
      4. 6-баптың екiншi бөлiгiнде "сертификат (куәлiк)" деген сөздер "сәйкестiк сертификаты (асыл тұқымдық куәлiк)" деген сөздермен ауыстырылсын.
      5. 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "7-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң
              экономикалық қызметiнiң ерекшелiктерi
      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен құрылып, жұмыс iстейдi.
      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң қызметiн қайта бейiмдеуге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жол берiледi.".
      6. 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "9-бап. Асыл тұқымды өнiм (материал) экспорты мен импорты
      Асыл тұқымды өнiм (материал) экспорты мен импорты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Асыл тұқымды өнiм (материал) экспорты Қазақстан Республикасының аккредитацияланған және уәкiлеттi органдары тиiсiнше берген сәйкестiк сертификаты (асыл тұқымдық куәлiк) және ветеринариялық куәлiк болған жағдайда жүзеге асырылады.
      Асыл тұқымды өнiм (материал) импорты экспорттаушы елдiң ресми органдары берген және Қазақстан Республикасының тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдары таныған ветеринариялық куәлiк пен сәйкестiк сертификаты (асыл тұқымдық куәлiк) болған жағдайда жүзеге асырылады.".
      7. 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi
                мемлекеттiк орган және оның қызметiнiң негiзгi бағыттары".
      8. 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "10-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi
               мемлекеттiк органның құзыретi
      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) асыл тұқымды малдың тектiк қорын дамыту, сақтау мен пайдалану бағдарламасын әзiрлейдi және оны Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге ұсынады;
      2) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
      3) асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) асыл тұқымдық құндылығын анықтау және малды өз төлiнен өсiру жөнiндегi нормативтiк құжаттарды бекiтедi;
      4) асыл тұқымды малды және асыл тұқымды мал табындарын есепке алу ережелерi мен нысандарын әзiрлеп, оларды статистика органдарына келiсуге ұсынады және асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердi есепке алуды бекiтiлген нысандар бойынша жүргiзедi;
      5) аттестаттауды жүргiзу тәртiбi туралы, шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге асыл тұқымды мал зауыты, малды асылдандырушы шаруашылық, малды асылдандырушы орталық және дистрибьютерлiк орталық мәртебесiн беру тәртiбi туралы ережелердi әзiрлейдi және оларды Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге ұсынады;
      6) асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) асыл тұқымдық құндылығын бағалау жөнiнде қызмет көрсететiн жеке және заңды тұлғаларды қоспағанда, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердi аттестаттауды жүргiзiп, аттестат бередi;
      7) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдарының нормалары бұзылған жағдайда аттестаттың қолданылуын тоқтата тұрады, қайталап бұзылған жағдайда аттестаттан айыру туралы талап қойып сотқа жүгiнедi;
      8) асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк қолдау жөнiндегi бюджеттiк бағдарламаларды әзiрлейдi;
      9) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiнің әрбiр түрi бойынша және әрбiр субъектiге орай субсидиялануға тиiстi сатылатын асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) жыл сайынғы квотасын аталған мақсаттарға арнап бюджетте көзделген қаражат шегiнде белгiлейдi, олардың нысаналы пайдаланылуын бақылайды;
      10) мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетiстiктердi сынақтан өткiзедi және сапасын анықтайды;
      11) асыл тұқымды малдың мемлекеттiк кiтабын, асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмiн және өндiрiсте пайдалануға рұқсат етiлген селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзедi және басып шығарады;
      12) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк етедi;
      13) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.".
      9. 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "11-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi
               мемлекеттiк органның асыл тұқымды мал шаруашылығы
               жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары және олардың өкiлеттiгi
      1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның басшысы әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердiң тиiстi лауазымдарына "Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы" және "Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспектор" деген қосымша арнаулы атауларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен беруге құқылы.
      2. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары:
      1) қызметтiк куәлiгiн көрсеткен жағдайда асыл тұқымды мал шаруашылығының аттестатталған субъектiлерiндегi малды асылдандыру жұмысының, оны есепке алудың және оның есептiлiгiнiң жай-күйiн тексеруге;
      2) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң асыл тұқымды өнiмдi (материалды) ұстау, азықтандыру, сондай-ақ сақтау жағдайларының сәйкестiгiн тексеруге;
      3) аттестатталған жеке және (немесе) заңды тұлғалар көрсететiн қызмет сапасын тексеруге;
      4) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдарының нормалары бұзылған жағдайда, анықталған бұзушылықты жойғанға дейiн асыл тұқымды өнiм (материал) сатуды тоқтата тұруға;
      5) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға қызметтерi Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы заңдарының талаптарына сәйкес келмеген кезде, малды өз төлiнен өсiру жөнiнде қызмет көрсететiн жеке және (немесе) заңды тұлғаларға берiлген аттестаттың қолданылуын тоқтата тұру, асыл тұқымды мал зауытын, малды асылдандырушы шаруашылықты, малды асылдандырушы орталықты және дистрибьютерлiк орталықты аттестаттан айыру туралы ұсыныс енгiзуге;
      6) селекция және асыл тұқымды өнiмнен (материалдан) төл алу саласында жаңа технологиялардың, аспаптардың, жабдықтардың, материалдар мен биотехнологиялық әдiстердiң қолданылуын мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыруға;
      7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыруға құқылы.
      3. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың өздерінің құзыретi шегiндегi актілерiн асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң орындауы мiндеттi.
      4. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) жоғары тұрған органдарға не сотқа шағым жасалуы мүмкiн.".
      10. 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "12-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер
               қызметiн мемлекеттiк аттестаттау
      Мемлекеттiк аттестаттау асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында қызметпен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың өтiнiшi бойынша өткiзiледi.
      Қайтадан аттестаттау аттестаттау мерзiмi аяқталғаннан кейiн мiндеттi түрде өткiзiледi.
      Асыл тұқымды мал зауыты, малды асылдандырушы шаруашылық, малды асылдандырушы орталық, дистрибьютерлiк орталық, сондай-ақ малды өз төлiнен өсiру бойынша қызмет көрсету жөнiндегi жеке және заңды тұлғалар мәртебесiн беру ведомствоаралық сараптама комиссиясының қорытындысы негiзiнде асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмiмен жүргiзiледi.
      Аттестаттауды (қайтадан аттестаттауды) жүргiзу, сондай-ақ мәртебе беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.".
      11. 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "13-бап. Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) мемлекеттiк есепке алу
      Заңдарда белгiленген тәртіппен танылған асыл тұқымды өнiм (материал) мемлекеттiк есепке алынуға тиiс.
      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң асыл тұқымды малының және асыл тұқымды мал табындарының саны мен өнiмдiлiгi туралы деректер асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмiне малдың түрлерi мен тұқымдарына қарай енгiзiледi.
      Шығу тегi, өнiмдiлiгi мен асыл тұқымдық сапасы бойынша неғұрлым құнды мал туралы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң деректерi асыл тұқымды малдың мемлекеттiк кiтабына енгiзiледi.
      Асыл тұқымды малы немесе асыл тұқымды мал табындары бар, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер болып табылмайтын жеке және заңды тұлғалар асыл тұқымды өнiмдi (материалды) есепке алуды жүргiзе алады және бар малды немесе асыл тұқымды мал табындарын асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзу мақсатында асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға есеп бере алады.
      Асыл тұқымды малдың мемлекеттiк кiтабы мен мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзiлген деректер мүдделi тұлғалар үшiн қол жетiмдi болып табылады.
      Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) есепке алу нысандарын, асыл тұқымды малдың мемлекеттiк кiтабы және асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмi туралы ережелердi асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган әзiрлеп, бекiтедi.".
      12. 14-бапта:
      1) екiншi бөлiкте "сертификат (куәлiк)" деген сөздер "сәйкестiк сертификаты (асыл тұқымдық куәлiк)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) үшiншi және төртiншi бөлiктер алып тасталсын.
      13. 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "15-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк қолдау
      1. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк қолдау асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламаларының негiзiнде мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк қолдаудың негiзгi нысандары мыналар:
      1) асыл тұқымды малдың, соның iшiнде шектеулi тектiк қоры бар тұқымдардың тектiк қорын сақтауға және қалпына келтiруге бағытталған iс-шараларды субсидиялау;
      2) отандық ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлердiң асыл тұқымды өнiмге (материалға) қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге бағытталған iс-шараларды субсидиялау.
      2. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк қолдаудың бағыттарын, асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) әрбiр түрiне, республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын асыл тұқымды малдың тектiк қорын сақтау және қалпына келтiру жөнiндегi iс-шараларға арналған субсидиялардың нормативтерiн Қазақстан Республикасының Yкiметi асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның ұсынымы бойынша белгiлейдi.
      3. Жергiлiктi атқарушы органдар республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын қолдау нысандарына қатысы жоқ бағыттар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығына қолдау көрсетуге құқылы.
      4. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қаржыландыру заңдарда белгiленген тәртiппен республикалық бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады.".
      14. 16-баптың екiншi бөлiгiнiң бiрiншi абзацында "Мемлекеттiк асыл тұқымды мал қызметiнiң тиiстi органдарымен" деген сөздер "Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен" деген сөздермен ауыстырылсын.
      15. 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "17-бап. Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) тану және
               сәйкестiк сертификатын (асыл тұқымдық куәлiк) беру
      1. Өнiм (материал) мынадай жағдайларда, егер:
      стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi аккредитацияланған орган берген сәйкестiк сертификаты (асыл тұқымдық куәлiгi) болса;
      ұрық аттестатталған малды асылдандырушы орталықтарда асыл тұқымды малдан алынып, сұрыпталса және сәйкестiк сертификаты (асыл тұқымдық куәлiгi) болса;
      эмбрионды малды өз төлiнен өсiру жөнiнде қызмет көрсететiн аттестатталған жеке және (немесе) заңды тұлғалар аттестатталған асыл тұқымды мал зауытынан, малды асылдандырушы шаруашылықтан алып, сұрыптаса және сәйкестiк сертификаты (асыл тұқымдық куәлiгi) болса;
      аурудан және бактериялармен ұрықтанудан амандығы туралы ветеринариялық куәлiгi болса, ол асыл тұқымды деп танылады.
      2. Егер экспорттаушы елдiң ресми органдары импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлiктi асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган таныса және аталған куәлiк халықаралық нормаларға сәйкес келсе, ол асыл тұқымды деп танылады.".
      16. 18-бапта:
      1) бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацында "қолдан ұрықтандыру жөнiндегi ұйымдарда және эмбриондарды телу жөнiндегi ұйымдарда" деген сөздер "асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы аттестатталған субъектiлерде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) бiрiншi бөлiктің бесiншi абзацында "сертификаты" деген сөз "сәйкестiк сертификаттары (асыл тұқымдық куәлiктерi)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) екiншi және үшiншi бөлiктер алып тасталсын.
      17. 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "19-бап. Асыл тұқымды өнімдi (материалды) бағалау
      Асыл тұқымды өнiм (материал) мiндеттi түрде бағалануға тиiс.
      Бағалауды асыл тұқымдық құндылықты анықтау жөнiнде қызмет көрсететiн аттестатталған жеке және (немесе) аккредитацияланған заңды тұлғалар асыл тұқымды малдың шығу тегiн, өнiмдiлiгiн, олардың тектiк ақаулығы жоқтығын, сондай-ақ ұрықтың немесе эмбриондардың шығу тегi мен сапасын анықтау және құжатпен растау мақсатында жүргiзедi.".
      18. 20-бапта:
      1) екiншi бөлiкте "тексеру асыл тұқымды мал белгiленген өнiмдiлiк деңгейiне жеткiзiлген асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi ұйымдарда жүргiзіледi." деген сөздер "тексерудi малдың асыл тұқымдық құндылығын анықтау жөнiнде қызмет көрсететiн аттестатталған жеке және (немесе) аккредитацияланған заңды тұлғалар жүргiзедi." деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) үшiншi бөлiк алып тасталсын;
      3) төртiншi бөлiкте "Қазақстан Республикасының Yкiметi арнайы уәкiлеттiк берген асыл тұқымды мал шаруашылығын басқару жөнiндегi мемлекеттiк орган бекiтетiн әдiстемеге сәйкес" деген сөздер "асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейтiн тәртiппен" деген сөздермен ауыстырылсын.
      19. 21-бапта "Мемлекеттiк асыл тұқымды мал өсiру қызметi" деген сөздер "Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздермен ауыстырылсын.
      20. 5-тараудың тақырыбында "қызметтi" деген сөз "субъектiлердiң қызметiн" деген сөздермен ауыстырылсын және бұдан әрi мәтiн бойынша;
      22-бапта:
      1) 22-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "22-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер";
      2) бiрiншi бөлiкте "асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi ұйымдар және жеке тұлғалар" деген сөздер "жеке және заңды тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) екiншi бөлiкте "азаматтарға" деген сөздер "жеке тұлғаларға" деген

сөздермен ауыстырылсын, "асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi 
ұйымдардың" деген сөздер "асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы 
субъектiлердiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
     4) үшiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
     "Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер уәкiлеттi 
мемлекеттiк орган бекiткен нысандар бойынша деректердi есепке алуды 
жүргiзедi және есептiлiктi табыс етедi.".
     21. 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:
     "23-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
              субъектiлердiң түрлерi
     Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлерге:
     асыл тұқымды мал зауыттары;
     малды асылдандырушы шаруашылықтар;
     малды асылдандырушы орталықтар;
     дистрибьютерлiк орталықтар;
     малды өз төлiнен өсiру жөнiнде қызмет көрсететiн жеке және (немесе) 
заңды тұлғалар;
     малдың асыл тұқымдық құндылығын анықтау жөнiнде қызмет көрсететiн 
жеке және (немесе) заңды тұлғалар жатады.".
     22. 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:
     "24-бап. Асыл тұқымды мал зауыттары қызметiнiң негiзгi бағыттары 
     Асыл тұқымды мал зауыттары қызметiнiң негiзгi бағыттары:
     белгiлi бiр тұқымдарға жататын сапасы анықталған зауыттық типтегi 
малды өсiру, жетiлдiру және сату;


      асыл тұқымды малдың, соның iшiнде шектеулi тектiк қоры бар тұқымдардың тектiк әлеуетiн асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудың бекiтiлген бағдарламалары шеңберiнде және ғылым жетiстiктерiне сәйкес жетiлдiру;
      ауыл шаруашылық малының жаңа тұқымдарын, зауыттық типтерiн, тұқымдық желiлерiн, кросстарын және тұқым топтарын өсiрiп шығару болып табылады.".
      23. 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "25-бап. Малды асылдандырушы шаруашылықтар қызметiнiң негiзгi
               бағыттары
      Малды асылдандырушы шаруашылықтар қызметiнiң негiзгi бағыттары:
      асыл тұқымды малдың белгiлi бiр тұқымдарын, тұқымдық желiлерiн, типтерiн және кросстарын, соның iшiнде шектеулi тектiк қоры бар тұқымдарды ұстау, оларды өз төлiнен өсiру, өсiру, сондай-ақ шығарылған асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сату;
      асыл тұқымды малдың тектiк әлеуетiн асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудың бекiтiлген бағдарламалары шеңберiнде және ғылым жетiстiктерiне сәйкес жетiлдiру болып табылады.".
      24. 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "26-бап. Малды асылдандырушы орталықтар қызметiнің негiзгi
               бағыттары
      1. Малды асылдандырушы орталықтар қызметiнiң негiзгi бағыттары:
      1) тұқымдық малдың ұрығын алу, жинақтау және сақтау;
      2) тұқымдық малдың асыл тұқымдық құндылығын төлдiң сапасына қарай анықтау;
      3) асылдандырушылар деп танылған тұқымдық малдың ұрығын сату;
      4) эмбриондарды сатып алу, сақтау және сату;
      5) ұрық пен эмбриондарды пайдалану нәтижелерiн есепке алу, олар туралы деректер банкiн жүргiзу;
      6) тектiк қормен алмасуды жүзеге асыру болып табылады.
      2. Малды асылдандырушы орталықтардағы тұқымдық малдың тұқым және сан құрамын асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган ғылыми ұйымдармен бiрлесе отырып, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламасының шеңберiнде аймақтық мамандануға, тұқым жерсiндiрiлуiне қарай және Қазақстан Республикасының аналық малды қолдан ұрықтандыруды өткiзуге арналған ұрыққа деген қажеттiлiктерiн ескере отырып, белгiлейдi.".
      25. 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:

     "27-бап. Асыл тұқымды өнiм (материал) сату жөнiндегi
              дистрибьютерлiк орталықтар қызметiнің негiзгi бағыттары
     Асыл тұқымды өнiм (материал) сату жөнiндегi дистрибьютерлiк 
орталықтар қызметiнiң негiзгi бағыттары асылдандырушылар деп танылған 
тұқымдық малдың ұрығын және эмбриондарды сатып алу, сақтау және сату болып 
табылады.".
     26. 28-бап мынадай редакцияда жазылсын:
     "28-бап. Малды өз төлiнен өсiру жөнiнде қызмет көрсететiн жеке және
              (немесе) заңды тұлғалар қызметiнiң негiзгi бағыттары
     Малды өз төлiнен өсiру жөнiнде қызмет көрсететiн жеке және (немесе) 
заңды тұлғалар қызметiнiң негiзгi бағыттары:
     қолдан шағылыстыру;
     қолдан ұрықтандыру;
     эмбриондарды телу (алмастырып салу) болып табылады.".
     27. 5-тарау мынадай редакциядағы 28-1-баппен толықтырылсын:
     "28-1-бап. Малдың асыл тұқымдық құндылығын анықтау жөнiнде
                қызмет көрсететiн жеке және (немесе) заңды тұлғалар
                қызметiнiң негiзгi бағыттары
     Малдың асыл тұқымдық құндылығын анықтау жөнiнде қызмет көрсететiн 
жеке және (немесе) заңды тұлғалар қызметiнiң негiзгi бағыттары асыл 
тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен 
әдiстемелерге сәйкес асыл тұқымды малдың асыл тұқымдық құндылығын және 
асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) сапасын анықтау оларды сәйкестендiру 
болып табылады.".
     28. 6-тарау алып тасталсын.
     
     Қазақстан Республикасының
             Президенті 
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А. 
     
      
      



Дата изменения акта:  14.12.2001
Дата принятия акта:  14.12.2001
Информация об официальном опубликовании акта:  Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 23, 318-құжат; "Егемен Қазақстан" 2001 жылғы 17 желтоқсан N 291
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  102000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  10673
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  269-II
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  017005000000 / 001008000000
Форма акта:  ЗАК
Юридическая сила:  0400
Язык акта:  kaz