16.11.2001

Халықаралық патенттік жіктеме туралы Страсбург келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы

      Страсбургте 1971 жылғы 24 наурызда жасалған Халықаралық патенттік жіктеме туралы Страсбург келісіміне Қазақстан Республикасы қосылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПАТЕНТТІК ЖІКТЕМЕ ТУРАЛЫ
СТРАСБУРГ КЕЛIСIМI

(2003 жылғы 24 қаңтарда күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты)

(1971 жылғы 24 наурыз)

      Уағдаласушы Тараптар:
      патенттердiң, авторлық куәлiктердiң, пайдалы модельдердiң және пайдалылығы жөнiндегi куәлiктердiң жалпыға ортақ бiрыңғай жiктеме жүйесiн қабылдау ортақ мүдделерге жауап бередi және өнеркәсiптiк меншiк саласында анағұрлым тығыз халықаралық ынтымақтастықты қалыптастырады, сондай-ақ бұл саладағы ұлттық заңнаманы үйлестiруге жәрдемдеседi деп есептей отырып,
      Соған сәйкес Еуропалық Кеңес Өнертапқыштыққа арналған патенттердi халықаралық жiктеменi құрған 1954 жылғы 19 желтоқсандағы Өнертапқыштыққа арналған халықаралық жiктеме патенттерi бойынша Еуропалық конвенцияның маңызын тани отырып,
      Бұл Жiктеменiң ортақ құндылығын және оның Өнеркәсiптiк меншiктi қорғау жөнiндегi Париж конвенциясына қатысушы барлық елдер үшiн маңызын назарға ала отырып,
      Дамушы елдер үшiн бұл Жiктеменiң маңызын, олардың осы заманғытехникалық жетiстiктердiң тұрақты ұлғаюы деңгейiне қол жеткiзуiнжеңiлдететiнiн назарға ала отырып,
      1883 жылғы 20 наурызда қабылданған, 1900 жылғы 14 желтоқсандаБрюссельде, 1911 жылғы 2 маусымда Вашингтонда, 1925 жылғы 6 қарашадаГаагада, 1934 жылғы 2 маусымда Лондонда, 1958 жылғы 31 қазанда Лиссабонда және 1967 жылғы 14 шiлдеде Стокгольмде қайта қаралған Өнеркәсiптiк меншiктi қорғау жөнiндегi Париж конвенциясының 19-бабын назарға ала отырып,төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап Арнайы одақты құру
Халықаралық жіктеменi қабылдау

      Осы Келiсiм қолданылатын елдер Арнайы одақ құрады жәнеөнертапқыштыққа, авторлық куәлiктерге, пайдалы модельдерге және пайдалылық туралы куәлiктерге арналған патенттердiң бiрыңғай жiктелуiн қабылдайды. Жiктеме "Халықаралық патенттiк жiктеме" (бұдан әрi - "Жiктеме" деп аталатын) деп аталады.

2-бап Жiктеменi анықтау

      (1)(а) Жiктеме:
      (i) 1968 жылғы 1 қыркүйекте Еуропа Кеңесiнiң Бас хатшысы күшiне енгiзген және жариялатқан 1954 жылғы 19 желтоқсандағы Өнертапқыштыққа арналған халықаралық жiктеме патенттерi бойынша Еуропалық конвенцияның ережелерiне сәйкес әзiрленген мәтiндi (бұдан әрi "Еуропалық конвенция" деп аталатын);
      (іi) осы Келiсiм күшiне енгенге дейiн Еуропалық конвенцияның 2(2)-бабына сәйкес күшiне енген өзгерiстердi;
      (iii) 6-баптың ережелерiне сәйкес күшiне енетiн 5-бапқа сәйкес кейiнiрек енгiзiлген өзгерiстердi қамтиды.
      (b) Жiктеме мәтiнiне енгiзiлген нұсқау мен ескертпелер осы мәтiннiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
      (2)(а) (I)(а)(i) тармақта аталған мәтiн әрқайсысы ағылшын және француз тiлдерiнде екi түпнұсқа дана болып жасалады, осы Келiсiм қол қою үшiн ашылатын күнi, бiр данасы Еуропа Кеңесiнiң Бас хатшысына және екiншiсi - 1967 жылғы 14 шiлдедегi Конвенция негiзiнде құрылған Дүниежүзiлiк санаткерлiк меншiк ұйымының Бас директорына (бұдан әрi тиiсiнше "Бас директор" және "Ұйым" деп аталатын) тапсырылады.
      (b) (І)(а)(ii) тармақта аталған өзгерiстер әрқайсысы ағылшын және француз тiлдерiнде екi түпнұсқа данада, бiр данасы - Еуропа Кеңесiнiң Бас хатшысына және екiншi данасы - Бас директорға сақтауға тапсырылады.
      (с) (1)(а)(iii) тармақта аталған өзгерiстер ағылшын және француз тiлдерiндегi бiр түпнұсқа данада ғана Бас директордың сақтауына тапсырылады.

3-бап Жiктеменiң тiлдерi

      (1) Жiктеме ағылшын және француз тiлдерiнде әзiрленедi, әрi екi мәтiн де толық дәлме-дәл сәйкес болып табылады.
      (2) Жiктеменiң испан, немiс, португал, орыс және жапон тiлдерiндегi, сондай-ақ 7-бапта аталғандай, Ассамблея айқындайтын басқа да тiлдердегi ресми мәтiндерi Ұйымның Халықаралық бюросы (бұдан әрi "Халықаралық бюро" деп аталатын), мүдделi үкiметтермен кеңескеннен кейiн не бұл үкiметтердiң ұсынған аудармасы негiзiнде не басқа әдiспен Арнайы одақ немесе Ұйымның бюджетi үшiн қаржылық салдарға соқтырмайтындай етiп әзiрленедi.

4-бап Жiктеменi пайдалану

      (1) Жiктеменiң ерекше әкiмшiлiк сипаты болады.
      (2) Арнайы одақтың әрбiр елiнiң Жiктеменi негiзгi немесе қосымша жүйе ретiнде пайдалануға құқығы бар.
      (3) Арнайы одақ елдерiнiң құзыреттi органдары:
      (i) олар беретiн патенттерге, авторлық куәлiктерге, пайдалы модельдерге және пайдалылығы туралы куәлiктерге, сондай-ақ олардың осы органдармен жарияланатынына немесе тек олардың көпшiлiкке таныстыру үшiн айтылатынына қарамастан қорғаудың аталған түрлерiне жататын өтiнiмдерге және
      (іi) жарияланым түрiнде ресми басылымдарда жарияланатын хабарландыруларға немесе (i) тармақшасында аталған құжаттардың қосымшасына
      (i) тармақта аталған құжаттың қатысы бар, өнертапқыштыққа қолданылатын жiктеменiң толық индекстерiн енгiзедi.
      (4) Осы Келiсiмге қол қою кезiнде немесе бекiту грамотасын немесе қосылу жөнiндегi актiнi сақтауға тапсыру кезiнде:
      (i) кез келген ел жiктеменiң топтарына немесе кiшi топтарына жататын индекстердi, бұл (3)-тармақта көзделгендегiдей, тек қана көпшiлiкке таныстыру үшiн қойылған өтiнiмдерде, сондай-ақ осы өтiнiмдерге жататын хабарламаларға қосуды өзiнiң мiндеттемесiне алмайтынын мәлiмдей алады, және
      (ii) жаңалыққа сараптама, мейлi ол әдеттегi немесе кейiнге қалдырылған сараптама болсын жүргiзбейтiн және онда патенттердi беру рәсiмi немесе қорғаудың басқа да түрлері техникалар деңгейiнiң жағдайын анықтау үшiн iздену жүргiзудi көздемейтiн, кез келген ел, Жiктеменiң топтары мен кiшi топтарына жататын индекстердi (3)-тармақта аталған құжаттар мен хабарламаларға қосуды өз мiндеттемесiне алмайтынын мәлiмдей алады. Егер мұндай жағдайда тек қана қорғаудың кейбiр түрлерiне немесе техниканың кейбiр саласына қатысты жүзеге асатын болса, осы ел аталған мән-жайларға қатысты ғана ескертпе жасай алады.
      (5) "Халықаралық патенттiк жiктеме" сөздерi алдына келетiн Жiктеме индекстерi немесе Сарапшылар комитетiмен анықталатын бұл сөздердiң қысқартылуы, 5-бапта аталған қарайтылған әрiппен немесе олар енгiзуге тиiс 3(1)-тармақта аталған әрбiр құжаттың басында анық көрiнетiндей әдiспен басылады.
      (6) Егер Арнайы одақтың кез келген елi қандай да бiр үкiметаралық органға патенттердi берудi тапсырса, ол осы органның осы бапқа сәйкес Жiктеменi пайдалануын қамтамасыз ететiн барлық ықтимал шараларды қабылдайды.

5-бап Сарапшылар комитетi

      (1) Арнайы одақтың әрбiр елi ұсынылған Сарапшылар комитетi құрылады.
      (2)(а) Бас директор патенттiк салада мамандандырылған үкiметаралық ұйымдардың және оларда ең кем дегенде мүше-елдердiң бiреуi осы Келiсiмнiң қатысушысы болып табылатын өкiлдерiн бақылаушы ретiнде Сарапшылар комитетiнiң отырысына шақырады.
      (b) Бас директор өз бастамасы немесе Сарапшылар комитетiнiң өтiнiшi бойынша басқа да үкiметаралық және халықаралық үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлдерiн олар үшiн қызығушылық тудыратын мәселелердi талқылауға қатысуға шақырады.
      (3) Сарапшылар комитетi:
      (i) Жiктемеге өзгерiстер енгiзедi;
      (ii) Арнайы одақ елдерiне Жiктеменi пайдалануға және оның қолданылуын бiрыңғай дамытуға жәрдемдесу мақсатында ұсынымдарды жолдайды;
      (iii) атап айтқанда, дамушы елдердiң мұқтаждықтарын назарға ала отырып, өнертапқыштыққа сараптама жасау кезiнде пайдаланылатын құжаттарды қайта жiктемеде халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдеседi;
      (iv) Арнайы одақтың немесе Ұйымның бюджетi үшiн қаржылық салдарларды болдырмай отырып, дамушы елдердiң Жiктеме қолдануына жәрдемдесетiн барлық басқа да шараларды қабылдайды;
      (v) кiшi комитеттер мен жұмыс топтарын құруға құқығы бар.
      (4) Сарапшылар комитетi рәсiмнiң өз қағидаларын қабылдайды. Бұл қағидалар, (2)(а) тармақта аталған Жiктеменi жетiлдiру жөнiнде елеулi жұмыс көлемiн орындай алатын өзiнiң кiшi комитеттерiнiң және үкiметаралық ұйымдардың жұмыс топтарының отырыстарына қатысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi.
      (5) Жiктеменi өзгерту жөнiндегi ұсыныстарды Арнайы одақтың кез келген елiнiң құзыреттi органы, Халықаралық бюро, (2)(а) тармақтың күшiне орай, Сарапшылар комитетiне ұсынылған кез келген үкiметаралық ұйым және осындай ұсыныстар енгiзу үшiн Сарапшылар комитетiмен арнайы шақырылған кез келген басқа да ұйым енгiзе алады. Ұсыныстар Халықаралық бюроға жiберiледi, ал ол оларды Сарапшылар комитетiнiң мүшелерiне және бақылаушыларына осы аталған ұсыныстар қаралуға тиiстi Сарапшылар комитетiнiң сессиясы басталғанға дейiн кем дегенде екi ай бұрын жолдайды.
      (6)(а) Сарапшылар комитетiнiң әрбiр мүше-елi бiр дауысқа ие болады.
      (b) Сарапшылар комитетi өздерiнiң шешiмдерiн елдерден дауыс беруге келушiлердiң және қатысушылардың жай көпшiлiк дауысымен қабылдайды.
      (с) жiктеменiң негiзгi құрылымын өзгертуге алып келетiн немесе қайта жiктеме жөнiнде елеулi жұмыс туындататын шешiм ретiнде елдерден дауыс беруге келушiлер мен қатысушылардың бестен бiрiмен бағаланатын кез келген шешiм қабылдау үшiн елдерден дауыс беруге келушiлер мен қатысушылар дауысының төрттен үшiнен көпшiлiгi талап етiледi.
      (d) Қалыс қалғандардың дауысы есепке алынбайды.

6-бап Хабарлама және өзгерiстердiң және
басқа да шешiмдердiң күшiне енуi мен жариялануы

      (1) Жiктемеге өзгерiстердi қабылдауға қатысты Сарапшылар комитетiнiң әрбiр шешiмi туралы және Сарапшылар комитетiнiң ұсынымдары туралы Арнайы одақ елдерiнiң құзыреттi органдары Халықаралық бюромен хабарланады. Өзгерiстер хабарлама жөнелтiлген күннен бастап алты айдан кейiн күшiне енедi.
      (2) Халықаралық бюро күшiне енген өзгерiстердi Жiктемеге қосады. Өзгерiстер туралы хабарлар 7-бапта аталған, Ассамблеямен белгiленген мерзiмдi басылымдарда жарияланады.

7-бап Арнайы одақтың Ассамблеясы

      (1)(а) Арнайы одақтың Арнайы одақ елдерiнен құралатын Ассамблеясы болады.
      (b) Арнайы одақтың әрбiр елiнiң үкiметi бiр делегатпен ұсынылады, оның орынбасарлары, кеңесшiлерi мен сарапшылары болады;
      (с) 5(2)(а) бапта аталған кез келген үкiметаралық ұйым Ассамблея отырыстарына бақылаушы болып, ал егер Ассамблея қаулы етсе, онда Ассамблеямен құрылуы мүмкiн мұндай комитеттер мен жұмыс топтарына ұсыныла алады.
      (b) Әрбiр делегацияға кететiн шығындарды оны тағайындаған үкiмет көтередi.
      (2)(а) Ассамблея 5-баптың ережелерiн есепке ала отырып:
      (i) Арнайы одақты сақтау мен дамытуға және осы Келiсiмдi қолдануға жататын барлық мәселелердi қарайды;
      (ii) қайта қарау жөнiндегi конференцияның дайындығына қатысты Халықаралық бюроға нұсқаулар бередi;
      (iii) Бас директордың Арнайы одаққа жататын есептерi мен қызметтерiн қарайды және бекiтедi және Арнайы одақтың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша оған барлық қажеттi нұсқаулықтар бередi;
      (iv) бағдарламаны айқындайды, Арнайы одақтың үшжылдық бюджетiн белгiлейдi және оның қаржылық есептерiн бекiтедi;
      (v) Арнайы одақтың қаржылық регламентiн бекiтедi;
      (vi) жiктеменiң ресми мәтiнiнiң ағылшын және француз тiлдерi мен 3(2) бапта аталған тiлдерден басқа, қай тiлдерде әзiрлеу жөн болатынын шешедi;
      (vii) Арнайы одақтың мақсатын жүзеге асыру үшiн қандай қажет деп санаса, сондай комитеттер мен жұмыс топтарын құрады;
      (viii) (1)(с) тармақтың ережелерiн есепке ала отырып, Арнайы одақтың мүшесi болып табылмайтын қандай елдердiң және қандай үкiметаралық және халықаралық үкiметтiк емес ұйымдардың оның отырыстарына, сондай-ақ өзi құрған кез келген комитет пен жұмыс тобының отырыстарына бақылаушы ретiнде жiберiлетiнiн айқындайды;
      (iх) Арнайы одақтың мақсатына жетуге бағытталған кез келген басқа да тиiсiнше іс-әрекеттердi жүзеге асырады;
      (х) осы Келiсiмнен туындайтын басқа да функцияларды орындайды.
      (b) Басқа да Одақтар үшiн мүдделiлiк туғызатын, әкiмшiлiгiн Ұйым жүзеге асыратын мәселелер бойынша Ұйымның Yйлестiру комитетiнiң пiкiрiн тыңдай отырып, Ассамблея шешiмдер қабылдайды.
      (3)(а) Ассамблеяның әрбiр мүше-елi бiр дауысқа ие болады.
      (b) Ассамблеяның мүше-елдерiнiң жартысы кворумды құрайды.
      (с) Ассамблея кворум болмаған кезде шешiм қабылдай алады, алайда Ассамблеяның барлық мұндай шешiмдерi, оның рәсiмiнiң өз қағидаларына қатысты шешiмдерiн қоспағанда, төменде келтiрiлген шарттар сақталған кезде ғана күшiне енедi. Халықаралық бюро аталған шешiмдердi Ассамблеяның онда ұсынылмаған мүше-елдерiне жiбередi және оларды шешiм жiберiлген күннен бастап үш айлық мерзiм iшiнде олардың бұл шешiмдердi жақтап, оларға қарсы дауыс беретiнiн немесе қалыс қалатынын жазбаша түрде хабарлауға шақырады. Егер осы мерзiм бiткеннен кейiн осындай ретпен дауыс берген немесе қалыс қалғандары жөнiнде хабарлаған елдер саны сессияның өзiнде кворумға жету үшiн жетпей қалған мөлшерге жетсе, мұндай шешiмдер бiр мезгiлде қажеттi көпшiлiктiң сақталатын жағдайында күшiне енедi.
      (d) 11(2) баптың ережелерiн есепке ала отырып, Ассамблея берiлген дауыстың үштен екiсiмен өзiнiң шешiмдерiн қабылдайды.
      (е) Қалыс қалғандардың дауыстары есепке алынбайды.
      (f) Делегат тек бiр ғана мемлекеттiң атынан шығады және оның атынан ғана дауыс бере алады.
      (4)(а) Ассамблея кезектi сессияға, ерекше жағдайларды қоспағанда, Бас директордың шақырылуымен үш жылда бiр рет, нақ сол уақытта және Ұйымның Бас Ассамблеясы орналасқан жерге шақырылады.
      (b) Ассамблея Бас директормен шақырылатын төтенше сессияғаАссамблеяға мүше-елдердiң төрттен бiрiнiң талап етуi бойынша жиналады.
      (с) Бас директор әрбiр сессияның күн тәртiбiн дайындайды.
      (5) Ассамблея өзiнiң рәсiм қағидаларын қабылдайды.

8-бап Халықаралық бюро

      (1)(а) Арнайы одақтың әкiмшiлiк мiндеттерiн Халықаралық бюро жүзеге асырады.
      (b) Халықаралық бюро, атап айтқанда, отырыстарды дайындайды және Ассамблея хатшылығының, Сарапшылар комитетiнiң, және Ассамблеямен немесе Сарапшылар комитетiмен құрыла алатын осындай басқа да комитеттер мен жұмыс топтарының функцияларын орындайды.
      (с) Бас директор Арнайы одақтың басты лауазымды тұлғасы болып табылады және Арнайы одақтың атынан өкiлдiк етедi.
      (2) Бас директор және ол мүшелiкке тағайындаған кез келген қызметкер Ассамблеяның, Сарапшылар комитетiнiң және Ассамблеямен немесе Сарапшылар комитетiмен құрыла алатын басқа да осындай жұмыс топтарының барлық отырыстарына дауыс беру құқығынсыз қатысады. Бас директор немесе ол тағайындаған мүше қызметкер ех оffiсiо осы органдардың хатшысы болып табылады.
      (3)(а) Халықаралық бюро Ассамблеяның нұсқауларына сәйкес қайта қарау жөнiндегi конференцияны дайындайды.
      (b) Халықаралық бюро қайта қарау жөнiндегi конференция мәселелерiн дайындауда үкiметаралық және халықаралық үкiметтiк емес ұйымдармен кеңесуi мүмкiн.
      (с) Бас директор және ол тағайындаған тұлғалар қайта қарау жөнiндегi конференциялардың жұмысына дауыс беру құқығынсыз қатысады.
      (4) Халықаралық бюро өзiне жүктелген басқа да кез келген мiндеттердi орындайды.

9-бап Қаржылар

      (1)(а) Арнайы одақтың бюджетi болады.
      (b) Арнайы одақтың бюджетi Арнайы одақтың меншiктi түсiмдерi мен шығыстарынан, Одақтар үшiн ортақ оның шығыстар бюджетi жарнасынан, сондай-ақ тиiстi жағдайларда, Ұйым Конференциясы бюджетiне аударымдардан тұрады.
      (с) Одақтар үшiн жалпы шығыстар болып тек осы Арнайы одаққа ғана емес, бiр мезгiлде әкiмшiлiгiн Ұйым жүзеге асыратын басқа да бiр немесе бiрнеше Одақтарға жататын шығыстар саналады. Арнайы одақтың осы жалпы шығыстағы үлесi осы шығыстардағы оның мүдделiлiгiне сәйкес келедi.
      (2) Арнайы одақтың бюджетi әкiмшiлiгiн Ұйым жүзеге асыратын басқа да Одақтардың бюджеттерiмен үйлестiру талаптары тиiсiнше есепке ала отырып қабылданады.
      (3) Арнайы одақтың бюджетi мынадай көздерден:
      (i) Арнайы одақ елдерiнiң жарналарынан;
      (ii) Арнайы одаққа жататын Халықаралық бюро көрсететiн қызметтер үшiн алымдар мен төлемдерден;
      (iii) Одаққа жататын Халықаралық бюро жарияланымдарын сатудан және мұндай жарияланымдарға құқықтарды беруден түскен түсiмдерден;
      (iv) сыйға тартулардан, мұрагерлiк қаржылардан және жәрдем ақшалардан;
      (v) рентадан, пайыздардан және басқа да кiрiстерден қаржыландырылады.
      (4)(а) (3)(i) тармақта аталған жарнаны анықтау үшiн, Арнайы одақтың әрбiр елi Өнеркәсiптiк меншiктi қорғау жөнiндегi Париж одағында ол қайсысына жатса, нақ сол сыныпқа жатады және өзiнiң жылдық жарнасын осы Париж одағының осы сыныбы үшiн белгiленетiн сол аталған бiрлiктер саны негiзiнде төлейдi.
      (b) Арнайы одақтың әрбiр елiнiң жылдық жарнасы төлеуге барлық жарна төлеушi елдер бiрлiктерiнiң жалпы санына оның бiрлiктерiнiң саны қалай жататын болса, төлеуге жататын барлық елдердiң Арнайы одақтың бюджетiне жарналарының жалпы сомасына солай жататын сомаға тең.
      (с) Жарна әр жылдың бiрiншi қаңтарынан бастап төленуге тиiстi.
      (d) Жарналар төлеу жөнiнде берешегi бар ел, егер оның берешегiнiң сомасы соңғы толық екi жылда одан төленуге тиiстi жарналар сомасына тең не одан асып түссе Арнайы одақтың кез келген органында дауыс құқығын жоғалтады. Алайда Арнайы одақтың кез келген органы мұндай елге, егер төлемнiң кешiктiрiлуi ерекше және болмай қоймайтын жағдайлар нәтижесiнде болғанына ол әлi көз жеткiзiп тұрған кезге дейiн бұл органда дауыс беру құқығын пайдалануын жалғастыруға рұқсат бере алады.
      (е) Бюджет жаңа қаржылық кезең басталғанға дейiн қабылданбаған жағдайда, онда қаржы регламентiмен көзделген тәртiпке сәйкес, бюджет өткен жылдың деңгейiнде жұмыс iстейдi.
      (5) Арнайы одақтың атынан Халықаралық бюро көрсеткен қызметтер үшiн тиiстi алымдар мен төлемдер мөлшерiн бұл жөнiнде Ассамблеяға баяндайтын Бас директор белгiлейдi.
      (6)(а) Арнайы одақтың бiр жолғы төлемнен құралатын, Арнайы одақтың әрбiр елi енгiзетiн айналым қаражаттарының қоры болады. Егер айналым қаражаттарының қоры жеткiлiксiз болса, Ассамблея оны ұлғайту жөнiндегi мәселенi шешедi.
      (b) Әрбiр елдiң бастапқы төлемдерiнiң мөлшерi, аталған қорға немесе оның осы қорды ұлғайтудағы үлесі қордың құрылған немесе оны ұлғайту жөнiнде шешiм қабылданған жылдағы бұл елдiң жарнасына үйлесiмдi келедi.
      (с) Төлемнiң осы үйлесiмi мен шарттарын Бас директордың ұсынысы бойынша Ұйымның Yйлестiру комитетiнiң пiкiрiн тыңдағаннан кейiн Ассамблея белгiлейдi.
      (7)(а) Аумағында Ұйымның штаб-пәтерi бар елмен штаб-пәтер туралы жасасылған келiсiмде, айналым қаражаттарының қоры жеткiлiксiз болып қалған жағдайларда, бұл елдiң аванстар беруi көзделедi. Бұл аванстар сомасы және берiлетiн шарттар әрбiр жағдайда мұндай ел мен Ұйым арасында жасалатын ерекше келiсiмнiң нысаны болып табылады.
      (b) (а)-тармақшасында аталған ел сияқты Ұйымның да жазбаша хабарлау жолымен аванстар беру туралы мiндеттеменiң күшiн жоюға құқығы бар. Күшiн жою хабарлама қай жылы жiберiлген болса, сол жыл бiткеннен кейiн үш жыл өткен соң күшiне енедi.
      (8) Қаржылық тексеру Арнайы одақтың бiр немесе бiрнеше елдерiнiң қаржы регламентiнiң қағидаларына сәйкес немесе олардың келiсiмiмен Ассамблея тағайындайтын сырттан келетiн тексерушiлермен жүзеге асырылады.

10-бап Келiсiмдi қайта қарау

      (1) Осы Келiсiм ара-тұра Арнайы одақ елдерiнiң арнайы конференцияларында қайта қаралуы мүмкiн.
      (2) Қайта қарау жөнiндегi конференцияны шақыру туралы шешiмдi Ассамблея қабылдайды.
      (3) 7, 8, 9 және 11-баптарға түзетулер қайта қарау жөнiндегi конференцияда немесе 11-баптың ережелерiне сәйкес қабылдануы мүмкiн.

11-бап Келiсiмнiң кейбiр ережелерiне түзетулер

      (1) 7, 8, 9-баптарға және осы бапқа түзетулер енгiзу жөнiндегi ұсыныстарды Ассамблеяның кез келген елi немесе Бас директор жасай алады. Мұндай ұсыныстарды Ассамблеяда қаралғанға дейiн кем дегенде алты ай бұрын Бас директор Арнайы одақ елдерiне жiбередi.
      (2) 1-тармақта көзделген, баптарға түзетулердi Ассамблея қабылдайды, бұл үшiн берiлген дауыстың төрттен үш көпшiлiгi талап етiледi; алайда 7-бапқа және осы тармаққа кез келген түзету берiлген дауыстың бестен төртi болатын көпшiлiк дауыспен қабылданады.
      (3)(а) (1)-тармақта көзделген баптарға кез келген түзету, оны қабылдау туралы әрбiр елдiң конституциялық рәсiмiне сәйкес жүзеге асырылған жазбаша хабарламаны бұл түзетулердi қабылдау кезiнде Арнайы одақтың мүшесi болған елдердiң төрттен үшiнен Бас директор алғаннан кейiн бiр айдан соң күшiне енедi.
      (b) Көрсетiлген баптарға осылайша қабылданған кез келген түзету, түзетулер күшiне енген кезде Ассамблея мүшесi болып табылатын барлық елдер үшiн мiндеттi; алайда Арнайы одақ елдерiнiң қаржылық мiндеттемесiн ұлғайтатын кез келген түзету тек осындай түзетудi өздерiнiң қабылдағаны жөнiнде хабарлаған елдер үшiн ғана мiндеттi болып табылады.
      (с) (а) тармақшасының ережелерiне сәйкес қабылданған кез келген түзету (а) тармақшасының ережелерiне сәйкес аталған түзету күшiне енген күннен кейiн Арнайы одақтың мүшесi болатын барлық елдер үшiн мiндеттi.

12-бап Келiсiмге қатысу

      (1) Өнеркәсiптiк меншiктi қорғау жөнiндегi Париж конвенциясына қатысушы кез келген ел мынадай жолмен:
      (i) Бекiту грамотасын сақтауға тапсыра отырып, Келiсiмге қол қою немесе
      (ii) Келiсiмге қосылу жөнiндегi актiнi сақтауға тапсыру арқылы осы Келiсiмнiң тарабы бола алады.
      (2) Бекiту грамотасы немесе қосылу жөнiндегi актi Бас директорға сақтауға тапсырылады.
      (3) Өнеркәсiптiк меншiктi қорғау жөнiндегi Париж конвенциясының Стокгольм актiсiнiң 24-бабының ережелерi осы Келiсiмге қолданылады.
      (4) 3 тармақ Арнайы одақтың қандай да бiр елiмен осы Келiсiмдi қолданатын басқа да елдердiң аумағында көрсетiлген тармақ күшiне қатысты нақты жағдайды бiлдiретiн үнсiз тану немесе қабылдау ретiнде түсiндiрiлуi тиiс емес.

13-бап Келiсiмнiң күшiне енуi

      (1)(а) Осы Келiсiм бекiту грамоталары немесе қосылу жөнiндегi актiлердi:
      (і) осы Келiсiм қол қоюға ашылған күнi Еуропа конвенциясына қатысушы болып табылатын елдердiң үштен екiсi және
      (ii) өнеркәсiптiк меншiктi қорғау жөнiндегi Париж конвенциясына қатысушы, бұрын Еуропа конвенциясының қатысушысы болып табылмаған үш ел және кемiнде олардың бiреуi патенттерге немесе авторлық куәлiктерге берiлген өтiнiмдер саны жыл сайын Халықаралық бюро жариялайтын соңғы жыл сайынғы статистикалық деректерге сәйкес 40 мыңнан асатын ел, бекiту грамотасы немесе қосылу жөнiндегi актiнi сақтауға тапсырған күннен кейiн бiр жылдан соң күшiне енедi.
      (b) Осы Келiсiм олар үшiн (а) тармақшасына сәйкес күшiне енетiн елдер санына жатпайтын кез келген елге қатысты, егер бекiту грамотасы мен қосылу жөнiндегi актiде анағұрлым кейiнiрек күн көрсетiлмесе, Бас директор оны бекiту мен қосылу күнi туралы хабарлама жасағаннан кейiнгi бiр жылдан соң күшiне енедi. Осы Келiсiм соңғы жағдайда бұл елге қатысты осылайша көрсетiлген күнi күшiне енедi.
      (с) Осы Келiсiмдi бекiтетiн немесе оған қосылатын Еуропа конвенциясына қатысушы-елдер күшiн жою осы елдерге қатысты, осы Келiсiм күшiне енген күннен кешiктiрiлмей күшiне енген жағдайда, аталған Конвенцияның күшiн жоюға мiндеттi.
      (2) Бекiту немесе қосылу автоматты түрде осы Келiсiммен белгiленген барлық ережелердi тануға және барлық артықшылықтарды алуға әкеп соғады.

14-бап Келiсiмнiң қолданылу мерзiмi

      Осы Келiсiмнiң Өнеркәсiптiк меншiктi қорғау жөнiндегi Париж конвенциясында қандай болса, сондай қолданылу мерзiмi болады.

15-бап Күшін жою

      (1) Арнайы одақтың кез келген елi Бас директорға хабарлама жiберу жолымен осы Келiсiмнiң күшiн жоя алады.
      (2) Күшiн жою Бас директор хабарламаны алған күннен бастап бiр жылдан кейiн күшiне енедi.
      (3) Осы баппен көзделген күшiн жою құқығын Арнайы одаққа мүше болған күннен бастап бес жыл өткенге дейiн ешқандай ел қолдана алмайды.

16-бап Қол қою, тiлдер, хабарлама, депозитарий функциялары

      (1)(а) Осы Келiсiмге ағылшын және француз тiлдерiнде бiр данада қол қойылады, әрi екi мәтiн де толығымен дәлме-дәл сәйкес.
      (b) Осы Келiсiм Страсбургте 1971 жылдың 30 қыркүйегiне дейiн қол қою үшiн ашық.
      (с) Осы Келiсiмнiң түпнұсқа мәтiнi қол қою үшiн ол жабылған соң, Бас директорда сақталады.
      (2) Бас директор мүдделi үкiметтермен кеңескеннен кейiн ресми мәтiндер испан, немiс, португал, орыс және жапон тiлдерiнде, сондай-ақ Ассамблея белгiлеген басқа да тiлдерде әзiрленедi.
      (3)(а) Бас директор осы Келiсiмнiң қол қойылған, тиiсiнше өзi куәландырған мәтiнiнiң екi көшiрмесiн, оған қол қойған барлық елдердiң үкiметтерiне және сұрау салуы бойынша басқа да кез келген ел үкiметiне жiбередi. Бас директор, сондай-ақ тиiсiнше өзi куәландырған бiр көшiрменi Еуропа Кеңесiнiң Бас хатшысына жiбередi.
      (b) Бас директор осы Келiсiмнiң тиiсiнше өзi куәландырған, кез келген түзетулердiң екi көшiрмесiн Арнайы одақтың барлық елдерiнiң үкiметтерiне және сұрау салуы бойынша басқа да кез келген ел үкiметiне жiбередi. Бас директор, сондай-ақ тиiсiнше өзi куәландырған бiр көшiрменi Еуропа Кеңесiнiң Бас хатшысына жiбередi.
      (с) Бас директор сұрау салуы бойынша осы Келiсiмге қол қойған немесе оған қосылған кез келген елдер үкiметiне тиiсiнше өзi куәландырған Жiктеменiң ағылшын немесе француз тiлдерiндегi көшiрмесiн ұсынады.
      (4) Бас директор осы Келiсiмдi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Хатшылығында тiркейдi.
      (5) Бас директор Өнеркәсiптiк меншiктi қорғау жөнiндегi Париж конвенциясына қатысушы - барлық елдердiң үкiметтерiн және Еуропа Кеңесiнiң Бас хатшысын:
      (i) қол қойылғаны туралы;
      (ii) бекiту грамоталары мен қосылу жөнiндегi актiлердiң сақтауға тапсырылғандығы туралы;
      (iii) осы Келiсiмнiң күшiне енген күнi туралы;
      (iv) Жiктеменi пайдалану жөнiндегi ескертпелер туралы;
      (v) осы Келiсiмге түзетулердiң қабылданғаны туралы;
      (vi) осындай түзетулердiң күшiне енетiн күндерi туралы;
      (vii) алынған күшiн жоюлар туралы хабардар етедi.

17-бап Өтпелi ережелер

      (1) Осы Келiсiм күшiне енгеннен кейiнгi екi жылдың ішiнде Еуропа конвенциясына қатысушы әлi Арнайы одақтың мүшелерi болып табылмайтын елдер, егер олар мұны қаласа Сарапшылар комитетiнiң осындай, егер олар Арнайы одақтың мүшелерi болғандағыдай, құқықтарын пайдалана алады.
      (2) (1)-тармақта аталған мерзiм өткеннен кейiнгi үш жылдың iшінде аталған тармақта аталған елдердiң Сарапшылар комитетiнiң отырыстарына, ал егер аталған Комитет қаулы шығарса, онда ол құрған кез келген кiшi комитетке немесе жұмыс тобына бақылаушылар болып ұсынылуы мүмкiн. Бұл елдер осы кезең iшiнде 5(5)-бапқа сәйкес Жiктемеге өзгерiстер енгiзе алады және 6(1)-бапқа сәйкес Сарапшылар комитетiнiң шешiмдерi мен ұсынымдары туралы хабарландырылуға тиiс.
      (3) Осы Келiсiм күшiне енгеннен кейiнгi бес жыл iшiнде Еуропа конвенциясына қатысушы - бiрақ әлi де Арнайы одақтың мүшелерi болып табылмайтын елдер, Ассамблея отырыстарына, ал егер Ассамблея қаулы етсе, ол құрған кез келген комитетке немесе жұмыс тобына бақылаушылар болып ұсынылуы мүмкiн.

      Мамандар:

      Багарова Ж.А.,

      Жұманазарова А.Б.


Дата изменения акта:  16.11.2001
Дата принятия акта:  16.11.2001
Информация об официальном опубликовании акта:  Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 21-22, 287-құжат. "Заң газеті" 2001 жылғы 21 қараша N 50
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  102000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  10400
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  257_II
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  032003000000
Форма акта:  ЗАК / СОГЛ
Юридическая сила:  0400
Язык акта:  kaz