16.03.2001

Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне көші-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Z952200_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат):
      15-бап мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
      "Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға байланысты қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензия жұмыс берушi Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерден Республика аумағында жұмыс iстеу үшiн жалдайтын шетел азаматтарын тартуға арнап, Қазақстан Республикасының Үкiметi тұтастай және кәсiптiк топтар бойынша белгiлейтiн квота ескерiле отырып берiледi.".

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 U952337_ заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184-құжат):
      4-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасында тұрақты тұрушылар деп, соған iшкi iстер органдарының берген рұқсатын және шетелдiк азаматтың Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын не азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн алған шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар танылады.";
      6-бапта:
      бiрiншi бөлiк мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек ету бостандығына конституциялық құқығын iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында заң актiлерiмен шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасында еңбек қызметiн жүзеге асыруы жөнiндегi шектеулер белгiленуi мүмкiн.";
      үшiншi бөлiктегi "Шетел азаматтары" деген сөздердiң алдынан "Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын" деген сөздермен толықтырылсын;
      10-бапта:
      бiрiншi бөлiк мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы азаматтарының бiлiм алуға конституциялық құқығын iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында заң актiлерiмен шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасында тегiн жоғары бiлiм алуына шектеулер белгiленуi мүмкiн.";
      екiншi бөлiктегi ", сондай-ақ оқу орындарымен жасасқан контракттар мен шарттар бойынша" деген сөздер алып тасталсын;
      28-бапта:
      в) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының шегiнен қуылуы мүмкiн" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы г) тармақшамен толықтырылсын:
      "г) егер Қазақстан Республикасының азаматымен некеге тұруы оны Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыру үшiн негiз болып табылып, заң актiлерiмен белгiленген тәртiппен неке заңсыз деп танылған жағдайда Қазақстан Республикасының шегiнен қуылуы мүмкiн.";
      екiншi бөлiк мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Олар iшкi iстер органдарының арнаулы мекемелерiнде ұсталады.".

      3. 1997 жылғы 16 шiлдедегi K970167_ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 16, 141-құжат):
      мынадай мазмұндағы 330-1-баппен толықтырылсын:
      "330-1-бап. Шығарып жiберу туралы шешiмдi орындамау
      Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың өздерiне қатысты

қабылданған Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жiберу туралы 
шешiмдердi орындамауы - 
     бiр жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке 
дейiнгi мөлшерде не сотталған адамның бiр айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi 
жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не алты айға 
дейiнгi мерзімге қамауға алуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас 
бостандығынан айыруға жазаланады.". 
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А. 
     
      
      



Дата изменения акта:  16.03.2001
Дата принятия акта:  16.03.2001
Информация об официальном опубликовании акта:  "Егемен Қазақстан" 2001 жылғы 20 наурыз N 57
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  102000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  8367
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  164_II
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  001008000000 / 005004002000 / 028000000000
Форма акта:  ЗАК
Юридическая сила:  0400
Язык акта:  kaz