21.12.2000

Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      1. "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегі Z990365_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 8, 238-құжат; N 23, 925-құжат):
      1) 4-бапта:
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері;";
      9) тармақша "Ардақты ана" атағын алған" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 7-бапта:
      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "7-1) Кеңес Одағының Батырларына, Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне - 9,0 айлық есептік көрсеткіш;";
      12) тармақша "Ардақты ана" атағын алған" деген сөздерден кейін ", І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Заңды

күшіне енгізу туралы" 1993 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстан Республикасы 
Жоғарғы Кеңесінің Қаулысына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 
Жаршысы, 1993 ж., N 8, 158-құжат; 1995 ж., N 23, 143-құжат):
     4-тармақтың екiншi, үшiншi және төртiншi абзацтары алып тасталсын.
     2-бап. 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн, I және 
II дәрежелi "Ана даңқы" ордендерiмен марапатталған адамдарға арнаулы 
мемлекеттiк жәрдемақылар төлеуге қатысты нормаларды қоспағанда, осы Заң 
2000 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi.
     
     
     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
     
     
     Мамандар: 
       Қасымбеков Б.А. 
       Икебаева Ә.Ж. 
     
      
      



Дата вступления в силу:  01.01.2000
Дата изменения акта:  21.12.2000
Дата принятия акта:  21.12.2000
Информация об официальном опубликовании акта:  "Егемен Қазақстан" 2000 жылғы 23 желтоқсан N 324
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  102000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  7765
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  130_II
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  003005000000 / 004000000000 / 001008000000
Форма акта:  ЗАК
Юридическая сила:  0400
Язык акта:  kaz