1-бап. Елтаңбалық алым
1. Елтаңбалық алым - аударымдық және жай вексельдердi (бұдан әрi - вексельдердi) толтырған кезде, вексель қағазын сату кезiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн вексельдер бойынша құқықтар мен мiндеттердiң пайда болуына, өзгеруiне немесе тоқтатылуына бағытталған алғашқы iс-қимылды (индоссация жасау, авальдау, акцепт, инкассоға беру және басқаларын) осы аумақта жасаған кезде заңды және жеке тұлғалардан бiржолғы алынатын төлем.
2. Елтаңбалық алым осы Заңда белгiленген тәртiппен төленедi.
2-бап. Вексель қағазы
1. Вексель қағазы - белгiлi бiр дәрежедегi қорғанышы бар және вексельдi толтыруға арналған елтаңбалық қағаздың бiр түрi. Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе осы аумаққа әкелiнетiн вексель қағазының қорғаныш дәрежесiне қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi. (РҚАО-ның ескертуі: қараңыз. V011494_ ).
2. Вексель қағазын шығаруға байланысты қызмет елтаңбалық қағаз шығаруға байланысты қызметтi лицензиялау туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялануға тиiс.
3. Қазақстан Республикасының аумағында вексельдердi жай қағазға толтыруға да болады.
3-бап. Елтаңбалық алымның мөлшерi
1. Осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, елтаңбалық алым вексель сомасының 0,1%-i мөлшерiнде төленедi. Төленуге тиiс елтаңбалық алымның сомасын есептеген кезде толық емес он мың теңге деп жазылған вексельдiң сомасы толық он мың теңгеге жеткiзiлiп
дөңгелектенедi. 2. Шетел валютасымен толтырылған вексельдiң сомасы елтаңбалық алым салу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң елтаңбалық алым төленетiн күнгi ресми бағамы бойынша белгiленедi. 4-бап. Елтаңбалық алымды төлеуден түскен түсiмдер Елтаңбалық алымды төлеуден түскен түсiмдер республикалық бюджетке есепке алынады. 5-бап. Елтаңбалық алымды төлеу тәртiбi 1. Вексель берушi елтаңбалық алымды мына жағдайларда төлейдi:
1) вексель қағазына вексельдi толтырған кезде, егер оның сомасы он мың теңгеден аспайтын болса, елтаңбалық алым толық төлендi деп есептеледi;
2) вексель қағазына вексельдi толтырған кезде, егер оның сомасы он мың теңгеден асатын болса, елтаңбалық алым он мың теңгеден төлендi деп есептеледi; төленген елтаңбалық алым мен вексель сомасынан алынатын елтаңбалық алымның толық сомасы арасындағы айырмашылық оны банктер арқылы енгiзу және осы вексельге түбiртектi қоса тiркеп беру жолымен төленедi;
3) вексельдi жай қағазға толтырған кезде елтаңбалық алымның сомасы банктер арқылы енгiзiледi және вексельге елтаңбалық алымның төленгенi туралы түбiртектi қоса тiркеп беру жолымен расталады.
2. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде толтырылған вексельдердi оның аумағына әкелген кезде елтаңбалық алымды вексель бойынша құқықтар мен мiндеттемелердiң пайда болуына, өзгеруiне немесе тоқтатылуына бағытталған алғашқы iс-қимылды Қазақстан Республикасының аумағында жасаған тұлға төлейдi және ол вексельге елтаңбалық алымның төленгенi туралы түбiртектi қоса тiркеп беру жолымен расталады.
3. Вексель қағазын сатқан кезде елтаңбалық алымды вексель қағазын дайындаушылар немесе оны Қазақстан Республикасының аумағына әкелген тұлғалар өндiрiп алады және ол республикалық бюджеттiң кiрiсiне вексель қағазын өткiзгеннен түскен табысты есептеген кезден бастап үш күннен кешiктiрiлмей аударылады. Вексель қағазын дайындаған немесе оны Қазақстан Республикасының аумағына әкелген тұлғадан вексель қағазын сатып алған тұлға елтаңбалық алымның сомасына қоса оған вексель қағазының құнын да төлеуге тиiс.
6-бап. Елтаңбалық алымды төлегенге дейiн вексельден
туындайтын құқықтарды тоқтата тұру
Елтаңбалық алымды төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында вексельден туындайтын құқықтар елтаңбалық алымның толық сомасы төленгенге дейiн тоқтатыла тұрады және ол елтаңбалық алымның толық сомасы төленген кезден бастап қайта жалғасады.
7-бап. Елтаңбалық алымды үшiншi тұлғаның толықтырып төлеуi
1. Елтаңбалық алым толық төленбеген жағдайда оны вексель берушi де, вексель ұстаушы да немесе басқа тұлға да толықтырып төлеп, вексельге оның толықтырылып төленгенi туралы түбiртектi қоса тiркейдi.
2. Вексель ұстаушының, сондай-ақ елтаңбалық алымның сомасын толықтырып төлеген өзге де тұлғаның вексель берушiден Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оны өтеудi талап етуге құқығы бар.
8-бап. Елтаңбалық алымды төлеу кезiндегi жеңiлдiктер
1. Вексельдi толтырған кезде елтаңбалық алым төлеуден мыналар босатылады:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен оның бөлiмшелерi;
2) Қазақстан Республикасының Yкiметi - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң белгiлi бiр мемлекеттiк бағдарламасына байланысты сатып алынатын тауарлар үшiн вексельдердi толтырған кезде;
3) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негiздер бойынша вексельдердi толтырған кезде, егер Қазақстан Республикасының Үкiметi осы вексельдер бойынша авальшы болса.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен оның бөлiмшелерi
Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде толтырылып, оның аумағына әкелiнген вексельдер бойынша құқықтар мен мiндеттемелердiң пайда болуына, өзгеруiне немесе тоқтатылуына бағытталған алғашқы iс-қимылды жасаған кезде осы вексельдер бойынша елтаңбалық алым төлеуден босатылады. 9-бап. Елтаңбалық алымның толық және уақтылы төленуiн бақылау Аударымдық және жай вексельдерге қатысты елтаңбалық алымның толық және уақтылы төленуiн бақылауды салық қызметi органдары жүзеге асырады. 10-бап. Қорытынды ережелер Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн Қазақстан Республикасының аумағында толтырылған, сондай-ақ оның шегiнен тыс жерлерде толтырылып, Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген вексельдер елтаңбалық алым төлеуден босатылады. Қазақстан Республикасының Президентi Мамандар: Қасымбеков Б.А. Багарова Ж.А.