Алматы қаласы Әкімінің 1999 жылғы 4 маусымдағы N 501 "Арнайы қалалық жәрдемақы туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Алматы қаласы Әкімінің 1999 жылғы 21 желтоқсандағы N 1229 шешімі. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2000 жылғы 25 қаңтарда N 95 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы N 4/1119 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 27.12.2013 N 4/1119 қаулысымен.
      Созылмалы бүйрек ауруы бар І-ші топтағы мүгедектерге нақты материалдық көмек көрсету мақсатында және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 сәуірдегі "Азаматтардың кейбір топтарына жеңілдік беру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңын басшылыққа ала отырып Алматы қаласының Әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Алматы қаласы Әкімінің 1999 жылғы 4 сәуірдегі N 501 шешімінің "Арнайы қалалық жәрдемақыны төлеу және оны тағайындау тәртібі туралы" Ережесіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      "созылмалы бүйрек ауруы бар І-ші топтағы мүгедектерден басқасы" сөзімен 5-тармақ толықтырылсын;
      "созылмалы бүйрек ауруы бар І-ші топтағы мүгедектер" сөзімен 6-тармақ толықтырылсын.
      2. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы (В.Н.Девятко) созылмалы бүйрек ауруы бар І-ші топтағы мүгедектердің есіне осы шешімді жеткізсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің орынбасары Ә.Ж.Ыбыраевқа жүктелсін.

      Алматы қаласының Әкімі