Электр станцияларының су шаруашылығын, гидроқұрылыстарын және гидромеханикалық жабдықтарын пайдалану кезінде еңбекті қорғау Ережелері

Қазақстан Республикасы Энергетика индустрия және сауда министрінің 1999 жылғы 26 сәуір N 104 Бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 124 бұйрығымен

      "Маңғышлақ атом энергетика комбинаты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнында БН-350 реакторын пайдаланудың тоқтатылуына байланысты, реактордың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі шараларды жүргізуді қаржыландыру көзінің болмауын, сондай-ақ БН-350 реакторының маңызды қауіпсіздік жүйелерін сақтау жөніндегі өндірістік емес шығындарды "Маңғышлақ атом энергетика комбинаты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны жүзеге асыратынын назарға ала отырып және қаржылық жағдайда тұрақтандыру әрі кәсіпорында өндірістің үздіксіз жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі "Маңғышлақ атом энергетика комбинаты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына, оның өтініші бойынша, 1999 жылға арналған республикалық бюджетке ағымдағы төлемдер бойынша 1999 жылдың 31 желтоқсанына дейін мерзімін ұзартуды заңдарда белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін.
      2. "Маңғышлақ атом энергетика комбинаты" республикалық

 

мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс

министрлігімен бюджетке берешекті 2000-2001 жылдар ішінде өтеудің кестесін

келіссін.

     3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия  және сауда

министрлігі "Маңғышлақ атом энергетика комбинаты" республикалық

мемлекеттік кәсіпорнының бюджетке берешекті өтеудің кестесін орындауын

қамтамасыз етсін.


     Премьер-Министр



   Оқығандар:

  Қобдалиева Н.

  Омарбекова А.