04.06.1998

2 аудит Ережелерін (стандартын) "Аудит жүргізудің шарттары" бекіту туралы

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 179 бұйрығымен.

Үзінді:

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңның 27-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Ж.Н. Айтжанова) бір апта мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және ресми баспа басылымдарына Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп тану туралы хабарласын.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                     Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің   
2008 жылғы 15 сәуірдегі
N 179 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасының күшін жойған кейбір
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1.  ........ .
      2.  ........ .
      3. "2 аудит Ережелерін (стандартын)»"Аудит жүргізудің шарттары" бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп әдіснамасы және аудит департаментінің 1998 жылғы 4 маусымдағы N 91 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 580 болып тіркелді).
      4.  ........ .
      5.  ........ .
      6.  ........ .
      7.  ........ .
      8.  ........ .
      9.  ........ .
      10. ........ .
      11. ........ .
      12. ........ .
      13. ........ .
      14. ........ .
      15. ........ .
      16. ........ .
      17. ........ .
      18. ........ .
      19. ........ .
      20. ........ .
      21. ........ .
      22. ........ .
      23. ........ .
      24. ........ .
      25. ........ .
      26. ........ .
      27. ........ .
      28. ........ ."
_____________________________________

      Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы өзгергенде N 2732  Z952732_ "Бухгалтерлік есеп туралы" Заң күшіне ие Жарлығының, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2200  Z952200_ "Лицензиялау туралы" Заң күшіне ие Жарлығының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 18 желтоқсандағы Қаулысымен бекітілген "Бухгалтерлік есеп әдіснамасы және аудит Департаменті туралы" Ережелердің негізінде 
 

                                  БҰЙЫРАМЫН: 
 

        1. 2 аудит Ережелері (стандарты) "Аудит жүргізудің шарттары" бекітілсін. 
      2. Осы Ережелер (стандарт) аудитор мен қажеткер арасындағы келісімдік қатынастарды үйлестіру жөніндегі басшылықты және қажеткердің міндеттеме шарттарын біршама төмен сенімдегі міндеттемелерге ауыстыру туралы өтінішіне орай аудитордың жауап беруін қамтамасыз етеді деп тағайындалсын. 
      3. Осы Ережелер (стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген күннен күшіне енеді. 
      4. Аудиторлық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі Басқарманың бастығы С.Н. Пироговскаяға бекітілген Ережелерді тағайындалған заң актілері негізінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеу міндеттелсін. 
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Бухгалтерлік есеп әдіснамасы және аудит Департаментінің енгізу және бақылау бөліміне осы бұйрықты және 2 аудит Ережелерін (стандарт) "Аудит жүргізудің шарттарын" мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап бір апта уақыт ішінде 

  Департаменттің облыстық басқармаларына, комитеттер мен министрліктерге 

жеткізу тапсырылсын.

     6. Бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы 

Министрлігінің Бухгалтерлік есеп әдіснамасы және аудит Департаменті 

директорының орынбасары Л.Ж. Айтқожинаға жүктелсін.

           Директор 

             Кіріспе

           1. Аудиттің осы Ережелері (стандарты) төмендегі жағдайларға басшылық 

жасайды:

     1) аудитор мен қажеткер арасындағы келісімдік қатынастарды 

үйлестіреді;
 

        2) қажеткердің міндеттеме шарттарын біршама төмен сенімдегі міндеттемелерге ауыстыру туралы өтінішіне орай аудитордың жауап беруін қамтамасыз етеді. 
      2. Аудитор мен қажеткер өзара келісімдік қатынастарды міндеттеме-хат формасында немесе келісім-шарттың заң актілеріне сәйкес басқа да түрлері арқылы үйлестіреді. 
      3. Осы Ережелер (стандарт) қаржылық есепке жасалатын Аудит жөніндегі міндеттеме-хат әзірлеуге пайдаланылады. Сонымен қатар олар қосымша қызметтер жөніндегі міндеттеме-хаттарды әзірлеу кезінде де қолданылады. Қажет болған жағдайда басқа қызметтерді, мәселен салық тәртібі, бухгалтерлік есеп турасында кеңес беру қызметі немесе басқа да мәселелерді қамтамасыз ету бойынша жекелей міндеттеме-хат әзірленуі тиіс. 
      4. Аудиттің мақсаттары, көлемі (масштабы) және аудитордың міндеттемелері заң актілері негізінде тағайындалған жағдайда аудитордың міндеттеме-хатты қажеткер үшін ақпарат ретінде қарауына болады. 
 

                    Аудит жөніндегі міндеттеме-хат 
 

        5. Әдетте міндеттеме-хаттың алдында қажеткер тарапынан аудиторға аудит жүргізу жөнінде ұсыныс жасалуы көзделеді. Міндеттемелерді орындау барысында түсініспестікке жол бермеу мақсатында аудитор мен қажеткер міндеттемелерді орындауға кіріспес бұрын осы міндеттеме-хатты әзірлеуге мүдделі болады. Міндеттеме-хатта аудитор өзінің тағайындалуын қабыл алғанын мақұлдайды, аудиттің мақсаттары, көлемі (масштабы), жауапкершілік деңгейі және есеп берудің формалары сипатталып бекітіледі. 
 

                           Негізгі мазмұн 
 

        6. Қажеткерлердің тілек-талаптарына орай Міндеттеме-хаттың түрі мен мазмұны әрқалай болуы мүмкін, алайда оған міндетті түрде мыналар кіреді: 
      1) келісімдік қатынастың негізі, яғни қаржылық есепке жүргізілетін аудиттің мақсаты; 
      2) аудиттің аудитор өз жұмысында басшылыққа алатын іс үстіндегі заң актілеріне және өкілетті органдардың басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сілтеме жасалғандағы көлемі (масштабы); 
      3) ұсынылған қаржылық есептің нақты шындықты бейнелейтіндігі туралы басшы адамның жауапкершілігі; 
      4) аудитор жұмысының қорытындысы жайындағы есептің немесе қорытындылаудың басқа да түрлері; 
      5) аудиттің сынақтық сипатына және бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылаудың жүйелеріне тән шектеулермен қатар басқа шектеулер салдарынан кейбір, тіпті оның ішінде елеулі қателердің байқалмай кету қаупі орын алуы мүмкін екендігі ескертіледі; 
      6) аудитке байланысты сұрау салынатын барлық жазбаларға, құжатнамаларға және басқа да ақпараттарға еркін қол жеткізу; 
      7) ақы төлеу және қаламақы (гонорар) есептеу. 
      7. Аудитор әдетте міндеттеме-хатқа мыналарды енгізеді: 
      1) аудитті жоспарлауға қатысты ұйымдастыру мәселелері; 
      2) компания басшылығы тарапынан аудитке байланысты көрсетілетін мәліметтердің растығын бекітетін жазбаша қолхат алу турасындағы ұсыныс; 
      3) қажеткер тарапына оның міндеттеме шарттарымен келісіп-келіспейтіні және міндеттеме-хатты алғаны турасында ақпарат беруі жайлы өтініш; 
      4) оның қажеткерге арналған басқа да хаттары мен есептерінің сипаттамалары. 
      8. Қажет болған жағдайда міндеттеме-хатқа мыналар енгізілуі мүмкін: 
      1) аудиттің кейбір аспекттеріне байланысты тексеру ісіне басқа 

  аудиторлар мен сарапшыларды енгізу турасындағы келісімдер;

     2) тексеру ісіне ішкі аудиторлар немесе қажеткер тарапынан адамдар 

қатыстыру турасындағы келісімдер;

     3) осының алдындағы аудитордың жұмыс қорытындысын пайдалану 

турасындағы келісімдер;

     4) мүмкін болған жағдайда аудитор міндеттемесін кез-келген түрде 

шектеу;

     5) Аудитор мен қажеткер арасындағы келісімдік қатынастарды одан әрі 

дамыту жөніндегі ұсыныс.

                               Бөлімшелерге жүргізілетін аудит

           9. Шаруашылық салалары, бөлімшелері немесе өкілдіктері бар 

субъектілерге аудит жүргізілген жағдайда, егер бұл бөлімшелерге де аудитті 

дәл сол аудитор жүргізетін болса, ол төмендегі мәселелерді ескере отырып 

бұларға міндеттеме-хаттар жіберу мәселесін шешуі тиіс:

     1) бөлімше аудиторын кім тағайындайды;

     2) бөлімше бойынша аудиторлық қорытындының жеке жасалу қажеттігі;

     3) заң актілерінің талаптары;

     4) басқа аудиторлар тарапынан атқарылған жұмыс көлемі;

     5) тексерілуге түскен субъект үшін бөлімшеге иелік етудің маңыздылығы;

     6) бөлімше басшылығының тәуелсіздік деңгейі.

                               Әрі қарайғы аудит
 

              10. Бір қажеткерге қайтадан тексеру жүргізуге тап болған аудитор келісімдік қатынастарды қайта қараудың және іс үстіндегі міндеттеме шарттарын қажеткердің есіне қайта салудың қажеттігі бар-жоғын шешуі тиіс. 
      11. Аудитор жаңадан міндеттеме-хаттар жіберуге негіз болмаған мынадай жағдайларда әрбір мерзім үшін жаңадан міндеттеме-хаттар жібермеу жөнінде шешім қабылдауы мүмкін: 
      1) қажеткер тарапынан аудиттің мақсаттары мен көлемі турасында кез- келген түсініспеушілік белгісі байқалған жағдайда; 
      2) аудит жүргізу шарттары қайта қаралса немесе ерекше жағдайларға сабақталған болса; 
      3) қажеткердің әкімшілігінде, басқару органында немесе қатысушылар құрамында өзгерістер орын алса; 
      4) тексеруге түскен субъекттің іс-әрекетінің бағыт-бағдары мен көлемі едәуір дәрежеде өзгерген болса; 
      5) заң актілерінің талаптарына орай. 
 

                      Міндеттемелердегі өзгерістерді қабылдау 
 

        12. Өз тарапына міндеттеме шарттарын біршама төмен сенімдегі міндеттемелерге ауыстыру туралы өтініш түскен аудитор мұндай өзгерістің қисындылығына қарауы тиіс. 
      13. Қажеткердің мұндай өтініші жағдайдың көрсетілетін қызметке әсерін тигізетін дәрежеде өзгеруіне, қажеткер тарапынан аудит пен оған қосымша көрсетілетін қызметтің әу баста сұрап алынғандағы маңызын жете түсінбеуіне, басшылық тарапынан аудит көлеміне шектеу салынуына немесе басқа да бір белгілі жағдайларға байланысты туындауы мүмкін. Аудитор осындай өтініштің түсуіне себепкер болған нәрселердің барлығын, әсіресе аудит көлеміне шектеу салу мәселесін мұқият зерттеуі қажет. 
      14. Жағдайдың қажеткер талабына әсерін тигізетін дәрежеде немесе қажеткер тарапынан аудит пен оған қосымша көрсетілетін қызметтің әу баста сұрап алынғандығы маңызын жете түсінбеуіне байланысты өзгеруі жағдайды өзгерту үшін негіз болуға жарайды деп есептеледі. Ал егер бұлар қажеткер тарапынан толық емес, теріс немесе қанағаттанғысыз дәрежедегі ақпараттарға байланысты туындап отырғаны анықталған жағдайда мұндай өзгеріс қабылданбайды. 
      15. Аудиттен қосымша қызметтерге сәйкес өзгерістерге келісім бермес бұрын аудитор жоғарыда көрсетілген жағдайлармен қатар осы өзгерістердің заңдағы немесе келісімдегі шарттарға сәйкесіп-сәйкеспейтіндігін қосымша қарауы шарт. 
      16. Егер аудитор міндеттемелерді өзгерту үшін негіз бар деп шешкендей болса және аудитор тарапынан атқарылып жатқан жұмыс осы өзгертілген міндеттеме жөнінде аудит стандарттарын бұзбайтын болса, онда жасалған есеп те өзгертілген шарттарға сәйкес болуы тиіс. Есеп қорытындысын пайдаланушы тарапынан түсініспеушілік қалыптаспауы мақсатында есеп қорытындысында мыналарға сілтеме жасалмайды: 
      1) әу бастағы міндеттемеге; 
      2) әу бастағы міндеттеме келісілген іс-әрекеттерге байланысты жаңа міндеттемелерге өзгертілгендегі және соған байланысты атқарылған іс- әрекеттерге жасалған сілтеме есеп берудің әдеттегі бөлігі ретінде қаралғаннан басқа жағдайда әу бастағы міндеттемеге сәйкес атқарылған кез- келген іс-әрекеттерге. 
      17. Міндеттеме шарттары өзгертілген жағдайда аудитор мен қажеткер жаңа шарттарды үйлестірулері тиіс. 
      18. Қажетті дәрежедегі негіз болмаған жағдайда аудитор міндеттемені өзгертуге келіспеуі керек. Бұған мынадай жағдай мысал бола алады: аудитор дебиторлық қарыз жөнінде жектілікті дәрежеде тиісті аудиторлық дәлелдерді ала алмауы себепті клиент шартты пікір алудан немесе аудитордың пікір білдіруден бастартуынан сескенгендіктен аудит жөніндегі міндеттемені шолу жөніндегі міндеттемеге өзгертуді сұраса, аудитор бұған келіспеуі керек. 
      19. Егер аудитор міндеттемені өзгертуге келіспесе және әу бастағы міндеттемені орындауға мүмкіндігі болмаса, онда ол тексеру жүргізуден бас тартуы керек және осыған байланысты екінші жақты, мәселен осы субъекттің басшылығына тексеруден бас тартуға себеп болған жағдайлар жөнінде ақпарат беру қажеттігі турасында мәселе қоюы керек. 
 

               Мемлекеттік сектордағы субъекттердің қаржылық 
                   есебіне жүргізілетін аудит 
 

        20. Мемлекеттік сектордағы субъекттердің қаржылық есебіне жүргізілетін аудит кезіндегі міндеттеме-хаттың мақсаты осы субъекттерді міндеттеменің сипаты және қатысушы жақтардың міндеттемелері турасындағы ақпараттармен қамтамасыз етуге арналады. Мемлекеттік сектордағы субъекттердің қаржылық есебіне жүргізілетін аудитті реттейтін Заң актілері және басқа да құқықтық нормативтік актілер әдетте аудитор тағайындауға негіз болады және міндеттеме-хатты пайдалану кеңінен тараған тәжірибеге ұласпауы да мүмкін. Солай бола тұрса да міндеттеме-хат екі жаққа да тиімді болары анық. 
      21. Осы стандарттың 12-19 тараулары Мемлекеттік сектордан тыс субъекттердің қаржылық есебіне жүргізілетін аудит кезінде міндеттеме шарттарын біршама төмен сенімдегі міндеттемелерге ауыстыруға әрекет жасалған кезде қолданылады. Мемлекеттік сектордағы субъекттердің қаржылық есебіне жүргізілетін аудит кезінде міндеттеме шарттарын біршама төмен сенімдегі міндеттемелерге ауыстыруға әрекет жасалған кезде қолданылады. Мемлекеттік сектордағы субъекттердің қаржылық есебіне жүргізілетін аудитте аудитордың іс-әрекетін анықтайтындай ерекше талаптар орын алуы мүмкін. Мәселен әкімшілік тарапынан әлдебіреулер, оның ішінде субъект басшысы аудиттің көлемін шектеу жөнінде әрекет жасалған жағдайда аудитор есеп қорытындысын тікелей министрге ұсыну жөнінде міндеттелуі мүмкін. 

                                                                  ҚОСЫМША
 

                    МІНДЕТТЕМЕ-ХАТТЫҢ ЫҚТИМАЛ ҮЛГІСІ 

                                          "А" субъектінің басшылығына немесе

                                         заңды тұлға басқармасының органына
 

        Сіздің _________________(кәсіпорынның аты-жөні) қаржылық есебіне _____ ________(мерзім аралығында) аудит жүргізу жөніндегі алдын-ала түсірген талабыңызды алғанымызды хабарлай отырып, осы хат арқылы өз тарапымыздан келісімімізді және бұл жағдайды түсінетінімізді білдіреміз. Аудит біздің тарапымыздан қаржылық есепке пікір білдіру мақсатында жүргізілетін болады. 
      Тексеру аудит ережелеріне (стандарт) сәйкес жүргізіледі. Біз аудитті осы ережелер (стандарт) негізінде, қаржылық есепте елеулі қателер орын алмаған деген мақсатта жоспарлап жүргіземіз. Аудит қаржылық есептің ашылуы мен көрсеткіштерін сынақтық дәлелдер негізінде тексеру арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар аудит қаржылық есепті әзірлеудегі бухгалтерлік есептің принциптеріне, басшылық тарапынан жасалған елеулі субъективтік баға мен пікірлерге және қаржылық есептің жалпы ұсынымына баға беру негізінде өтеді. 
      Аудитке тән сынақ сипатындағы және басқа да шектеулерге орай, әрі бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау жүйесіне тән шектеулерге байланысты тіпті елеулі қателіктердің де байқалмау тәуекелін жоққа шығаруға болмайды. 
      Қаржылық есеп жөніндегі өз қорытындымызға қосымша біз бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау жүйесінің жүргізілуіне байланысты байқалған кез- келген елеулі кемшіліктер турасында Сізге айырым хат ұсынуды жоспарлаймыз. 
      Біз аудит қорытындысы жөнінде білдірген өз пікіріміз үшін жауаптымыз. Біздің сіздің алдыңыздағы материалдық жауапкершілігіміз қаламақы (гонорар) сомасының мөлшерімен анықталады. 
      Қаржылық есепті әзірлеу турасында Сіздің жауапкер екендігіңізді еске саламыз. Бұл ішкі бақылау жүйесіне және тиісті бухгалтерлік жазбалар жүргізу ісіне, есеп саясатын қолдануға және компанияның активтерін қорғау жүйесіне де қатысты. Аудит жұмысының бір бөлігі ретінде Сізден тексеруге ұсынылған ақпараттың растығын және толықтығын бекітетін жазбаша түрдегі қолхат сұраймыз. 
      Сонымен қатар аудитті өткізуге байланысты бізді кез-келген жазбалармен, құжатнамалармен және басқа да материалдармен қамтамасыз ететін Сіздің адамдарыңызбен арада өзара сенімге негізделген жақсы қарым-қатынастар орнайтынына үміт білдіреміз. 
      Біздің атқарылған жұмыс көлеміне байланысты_______________шотқа аударылып тұратын_____________ сомасындағы қаламақымыз (гонорар) бірқатар факторларға, оның ішінде аудитті атқаруға тағайындалған мамандар тарапынан аудитті өткізуге жұмсалған уақытқа негізделеді. Соның өзінде біздің қызметкерлеріміз үшін сағаттық ақытөлеу қойылымы олардың лауазымдық міндеттеріне, жұмыс тәжірибесіне және тиісті дәрежедегі кәсіби шеберлігіне 

  байланысты болады. 

           Осы хат алдағы уақытқа қашан күші жойылғанға немесе өзгерістер 

енгізілгенге дейін жарамды.

           Қаржылық есепке біздің тарапымыздан аудит жүргізудің шарттары Сіздің 

түсінігіңізге сай келетінінің белгісі есебінде осы хаттың жіберілген 

көшірмесіне қол қойып, бізге қайтадан жолдауыңызды сұраймыз.

                 "А" компаниясының                   "Б"компаниясының                  

           атынан                              атынан

            _______________                     _______________

     (Аты-жөні, лауазымы)               (Аты-жөні, лауазымы)

               _______________                     _______________

     (Айы, күні және жылы)               (Айы, күні және жылы)

           Оқығандар:     

       Багарова Ж.А.

       Икебаева А. Ж. 


Дата вступления в силу:  20.08.1998
Дата изменения акта:  15.04.2008
Дата принятия акта:  04.06.1998
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103002001000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  1885
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  91
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  006010000000
Форма акта:  ПРИК / ПОЛ
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz