07.04.1998

1 аудит Ережелерін (стандартын) "Қаржылық есеп-қисап аудитінің мақсатты және жалпы мұраттары" бекіту туралы

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 179 бұйрығымен.

Үзінді:

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңның  27-бабы  1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Ж.Н. Айтжанова) бір апта мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және ресми баспа басылымдарына Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп тану туралы хабарласын.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                     Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің   
2008 жылғы 15 сәуірдегі
N 179 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасының күшін жойған кейбір
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "1 аудит Ережелерін (стандартын) "Қаржылық есеп-қисап аудитінің мақсатты және жалпы мұраттары" бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп әдіснамасы және аудит департаментінің 1998 жылғы 7 сәуірдегі N 56 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 516 болып тіркелді).
      2.  ........ .
      3.  ........ .
      4.  ........ .
      5.  ........ .
      6.  ........ .
      7.  ........ .
      8.  ........ .
      9.  ........ .
      10. ........ .
      11. ........ .
      12. ........ .
      13. ........ .
      14. ........ .
      15. ........ .
      16. ........ .
      17. ........ .
      18. ........ .
      19. ........ .
      20. ........ .
      21. ........ .
      22. ........ .
      23. ........ .
      24. ........ .
      25. ........ .
      26. ........ .
      27. ........ .
      28. ........ ."
_____________________________________

      

       Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2732  Z952732_  "Бухгалтерлік есеп туралы" Заң күшіне ие Жарлығының, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2200  Z952200_  "Лицензиялау туралы" Заң күшіне ие Жарлығының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 18 желтоқсандағы Қаулысымен бекітілген "Бухгалтерлік есеп әдіснамасы және аудит Департаменті туралы" Ережелерінің негізінде бұйырамын: 
      1. 1 аудит Ережелері (стандартты) "Қаржылық есеп-қисап аудитінің мақсаты және жалпы мұраттары" бекітілсін. 
      2. Осы Ережелер (стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген күннен күшіне енеді. 
      3. Аудиторлық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі Басқарманың бастығы С.Н. Пироговскаяға бекітілген ережелерді тағайындалған заң актілері негізінде Қазақстан Республикасы әділет министрлігінде тіркеу міндеттелсін. 
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Бухгалтерлік есеп әдіснамасы және аудит Департаментінің енгізу және бақылау бөліміне осы бұйрықты Департаменттің облыстық басқармаларына, комитеттер мен министрліктерге жеткізу тапсырылсын. 
      5. Бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Бухгалтерлік есеп әдіснамасы және аудит Департаменті директорының орынбасары Л.Ж. Айтқожинаға жүктелсін. 

 
      Директор 

                                       Қазақстан Республикасы Қаржы 

                                        Министрлігінің Бухгалтерлік есеп

                                        әдіснамасы және аудит 

                                        Департаментінің

                                        1998 жылғы 7 сәуірдегі N 56 

                                        бұйрығымен бекітілген

 
                    1 аудит Ережелері (стандарт) 
              Қаржылық есеп-қисап аудитінің мақсаты және 
                            жалпы мұраттары 

 
                              Алматы, 1998 

 
      Кіріспе 

 
      1. Аудиттің осы Ережелері (стандарт) қаржылық есеп аудитінің мақсаты мен негізгі мұраттарын анықтайды. Аудиттің осы Ережелерін (стандарт) аудит Ережелерінің (стандарттарының) негіздерімен байланыстыра оқу шарт. 

 
      Аудиттің мақсаты 

 
      2. Қаржылық есеп-қисаптың аудиттік мақсаты аудиторға қаржылық есептік бүкіл негізгі хал-ахуалы тағайындалған талаптарға сәйкес жасалып-жасалынбағаны жөнінде пікір білдіруге мүмкіндік беру болып табылады. Өзінің қорытындысын жасаған сәтте аудитор төмендегі сөздерді қолданады: "нанымды және объективті жағдайды бейнелейді", немесе "бүкіл негізгі елеулі ахуалдар бойынша объективті түрде көрсетілген" - осы екі сөйлемнің мағынасы бір-бірімен тең. 
      3. Аудитордың қорытындысы қаржылық есепке деген сенімді нығайтады, 

 

алайда тікелей пайдаланушы үшін ол әрекетші тұлғаның келешектегі жақсы 

жұмысына немесе оның басшылығы жұмысының тиімділігіне баға беруге 

жеткілікті мөлшерде негіз бола алмайды.

     

     Аудиттің негізгі мұраттары

     

     4. Аудитордың іс-әрекеті аудиторлар этикасының кодексіне сай болуы 

шарт. Аудитор төмендегідей этикалық мұраттарды басшылыққа алуы тиіс:

     1) тәуелсіздік;

     2) адалдық;

     3) әділдік;

     4) кәсіби білімдарлық және қажетті дәрежедегі ұқыптылық;

     5) сыр шашпаушылық;

     6) кәсіби мінез-құлық;

     7) техникалық стандарттарды басшылыққа алу.

     

 
      5. Аудитор аудитті аудит жүргізілетін кезеңде сақталуға тиісті негізгі мұраттарды, іс-әрекеттерді және ұсынымдарды қамтитын аудит жөніндегі Ережелерге (стандарттарға) сәйкес жүргізуі шарт. 
      6. Аудитор тексеруді жоспарлау және жүргізу барысында қандай да болмасын қаржылық есеп-қисапта жекелеген маңызды бағыттар бойынша бұрмалаушылыққа себеп боларлық жағдайлардың орын алу мүмкіндігін сезіне отырып, белгілі бір мөлшердегі кәсіби сенімсіздік сезімін басшылыққа алуға міндетті. 

 
      Аудиттің көлемі 

 
      7. "Аудиттің көлемі" деген термин дәл сол жағдайда аудиттің мақсатына жетуге бағытталған аудиторлық қимыл-әрекеттерге қатысты болады. Осы қимыл- әрекеттер аудитор тарапынан аудит жөніндегі Ережелерді (стандарттарды), Қазақстан Республикасының Заң актілерін, сонымен қатар аудиторлық тексеруді жүргізудің алдын-ала келісілген шарттары мен есеп жүргізу жөніндегі талаптарды ескере отырып белгіленуі тиіс. 

 
      Ақылға сиымды сенім 

 
      8. Аудит жөніндегі Ережелерге (стандарттарға) сәйкес аудит жалпы алғанда қаржылық есеп-қисапта елеулі қателіктер болмайды деген мағынадағы ақылға сиымды сенімді басшылыққа алады. Ақылға сиымды сенім дегеніміз - жалпы алғанда қаржылық есеп-қисапта елеулі қателіктер болмайды деген мағынадағы жоғары дәрежедегі, алайда абсолюттік емес сенімді дәлелдейтін фактілерді жинауға қатысты ұғым. Ақылға сиымды сенім аудиттің бүкіл процесіне қатысты болады. 
      9. Аудитор тарапынан елеулі қателіктерді іздеп табуға кедергі келтіретін төмендегідей факторларға сәйкес аудитор үшін абсолюттік сенімнің салтанат құруы мүлде мүмкін емес: 
      1) сынақтан өткізуді қолдану; 
      2) бухгатерлік есепке және ішкі бақылау жүйелеріне тән шектеулер (мәселен, сыбайластық мақсатта сөз байласу мүмкіндігі); 
      3) аудиторлық дәлелдердің көпшілігінің сипаттары қорытындыдан гөрі иландыруға бейім. 
      10. Аудитор тарапынан пікір қалыптастыру бұлардан басқа төмендегідей жайттар арқылы да дәйектеледі: 
      1) аудиторлық дәлелдерді жинақтау, мәселен аудиторлық іс-әрекеттердің сипаттарын, мерзімін және көлемін анықтау; 
      2) жинақталған дәлелдер негізінде қорытынды жасау, мәселен қаржылық есеп-қисаптарды әзірлеу барысында басшылық тарапынан берілген бағаның ақылға сиымдылығын анықтау; 
      11. Қорытынды жасау кезінде (мәселен өзара байланысты жақтармен екі арадағы іс-қимылдар бойынша) қаржылық есеп-қисаптың белгілі бір жайттары турасындағы дәлелдердің иланымдығына басқа да бір шектеуші факторлар әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты Аудит жөніндегі Ережелердің (стандарттар) кейбір жерлерінде төмендегі жағдайларда жеткілікті дәрежеде аудиторлық дәлелдерді қамтамасыз ететін тиісті іс-әрекеттер күні бұрын ескеріледі: 
      1) елеулі бұрмалаушылық тәуекелін күшейте түсетін ерекше жағдайларда; 
      2) елеулі бұрмалаушылықтардың орын алғанын аңғартатын кез-келген белгілер байқалған жағдайларда. 

 
      Қаржылық есеп үшін жауапкершілік 

 
      12. Қаржылық есеп-қисаптар бойынша аудитор белгілі бір пікірді қалыптастыру және оны білдіру үшін жауапты болғанымен, қаржылық есеп-қисапты жасау және оны көрсету үшін жауапкершілік заңды тұлғаның басшысына тән болып қала береді. Қаржылық есеп-қисаптың аудиті ешқандай басшыны жауапкершіліктен құтқармайды. 

 
      Мемлекеттік сектордағы тұлғалардың қаржылық есебінің аудиті 

 
      13. Аудиттің негізгі мұраттары барлық тұлғалардың, оның ішінде мемлекеттік секторлардың қаржылық есеп-қисаптарының аудиті кезінде өзгеріссіз қала береді. Солай бола тұрса да мұндай салалардың аудиті өзінің мақсаттары мен көлемі жөнінен өзгешеленуі мүмкін. Бұл аудитордың өкілеттілігіндегі, іс үстіндегі заң актілеріндегі немесе қаржылық есепке қойылған талаптардағы ерекшеліктердің салдарынан болатын іс. Мәселен, мемлекеттік сектордағы тұлғалар қосымша түрде қаржылық есеп жүргізу турасында міндеттелуі мүмкін. 
      14. Мемлекеттік сектордағы тұлғаларға аудит жүргізілгенде аудитор 

 

өзінің өкілеттігіне әсер ететін іс үстіндегі бүкіл заң актілерінің және 

құқықтық нормативтік актілердің талаптарын, оның ішінде ұлттық қауіпсіздік 

мүдделерін назарда ұстайды. Мемлекеттік сектордағы тұлғаларға аудит 

жүргізетін аудитордың өкілеттігі бұдан әрі көрі ерекшелеу немесе көлемді 

сипатта болып, кең ауқымдағы мәселелерді қамтуы мүмкін. Сондай-ақ, 

аудиттің маңызы мен стилінде де белгілі бір өзгешеліктер болуы мүмкін. 

Алайда мұндай өзгешеліктер аудиттің негізгі мұраттарына ықпал ете алмайды.

     

     Мамандар:

       Багарова Ж.А.

       Икебаева А.Ж. 

    

      

      


Дата вступления в силу:  26.05.1998
Дата изменения акта:  15.04.2008
Дата принятия акта:  07.04.1998
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103002001000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  697
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  56
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  006010000000
Форма акта:  ПРИК / ПОЛ
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz