Қазақстан Республикасы азаматтық хал актiлердi жазу органының қызметкерлерiн аттестациялау туралы Ережесін және Орталық аттестациялық комиссия жөніндегі Ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрiнiң бұйрығымен бекiтiлген 1998 жылғы 9 сәуір N 280. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 29 cәуірде тіркелді. Тіркеу N 505. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 4 қарашадағы N 325 (V043191) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Z952235_ Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат; N 12, 88-құжат; N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180, 181-құжаттар; N 11-12, 257-құжат; N 15, 281-құжат; N 23-24, 416-құжат; 1997 ж., N 4, 51-құжат; N 7, 82-құжат; N 10, 112-құжат; N 11, 144-құжат; N 12, 184, 188-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 20, 263-құжат; 1997 жылғы 12 желтоқсанда "Егемен қазақстан" және Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      94-3-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жер қойнауын пайдалануға белгiленген тәртiппен жасалған келiсiм-шартта белгiленген және мiндеттi салық сараптамасынан өткен салық режимi, сол келiсiм-шарттың қолданылу мерзiмi бiткенге дейiн өзгерiссiз қолданыла бередi, бұған келiсiм-шарттың салық режимiне өзгерiстер келiсiм-шарт тараптарының келiсiмi бойынша енгiзiлiп, Қазақстан Республикасы мен келiсiм-шарт бойынша жер қойнауын пайдаланушының бастапқы экономикалық мүдделерi арақатынасының өзгеруiне әкеп соқпайтын жағдайлар қосылмайды.".
      2-тармақ алып тасталсын.
      179-бапта:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Құзыреттi орган мен отандық немесе шетелдiк жер қойнауын пайдаланушылардың арасында 1996 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарда, сондай-ақ осы жер қойнауын пайдаланушылармен бұрын жасалған келiсiм-шарттарды орындау үшiн аталған күннен кейiн жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарда және 1996 жылғы

1 қаңтардан бастап жасалып, мiндеттi салық сараптамасынан өткен жер
қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарда айқындалған салық
салу талаптары сақталады және олардың қолданылуының күллi белгiленген
мерзiмi бойы күшiнде болады.".

     Қазақстан Республикасының
            Президентi
     
     
     
     
     оқығандар:
     
     Багарова Ж.
     Икебаева А.