"Кеден баж салықтарын төлеу жөнiндегi мерзiмiн ұзарту және бөлiп төлеудi ұсынудың тәртiбi туралы" Нұсқауды күшiне енгiзу жөнiнде

Бұйрық Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы кеден комитетi 1995 жылғы 25 тамыз N 88-П Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1995 жылғы 26 қазанда N 117 тіркелді. Күші жойылды -  Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 16 ақпандағы N 166 бұйрығымен. ~V011417

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын Z952444_ жүзеге асыру мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң аталған Заң күшi бар Жарлығына сәйкестендiрсiн;
      екi ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының жұмыс iстеп тұрған мамандандырылған мемлекеттiк банктерi мен акционерлiк Халық банкiнiң құқықтық мәртебесiн нақтылауға, олардың қызметiн мемлекеттiк реттеудiң принциптерi мен тетiгiн, қайта құру мен тарату тәртiбiн анықтауға шаралар қолданатын болсын.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi:
      Ұлттық Банктiң нормативтiк актiлерiн "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкестендiрсiн;
      1996 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi мерзiмде екiншi деңгейдегi банктердiң құрылтай құжаттарын осы Жарлықтың талаптарына сәйкестендiру жөнiнде шаралар қолдансын.
      3. Осы Қаулы жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
           Президентi