"Жылжымалы құрамды, арнайы жылжымалы құрамды сыныптау тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 19 шiлдедегi № 250 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 3 ақпандағы № 21 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 4 ақпанда № 37940 болып тіркелді.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жылжымалы құрамды, арнайы жылжымалы құрамды сыныптау тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 19 шiлдедегi № 250 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34783 болып тіркелген).

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін атқарушы
М. Калиакпаров