Мәслихаттың 2024 жылғы 28 наурыздағы № 90 "Бейімбет Майлин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 2025 жылғы 29 қаңтардағы № 142 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 7 ақпанда № 10369-10 болып тіркелді

      Аудан мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Бейімбет Майлин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2024 жылғы 28 наурыздағы № 90 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10173-10 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 6-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхатқа, заңнамаға, сот шешіміне немесе әкімшілік актісіне негізделген өкілеттік бойынша оның өкілі) тоқсанына бір рет "Азаматтарға арналған Үкімет" (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына тұрғын үй көмегін тағайындау үшін жүгінеді немесе Ережеге сәйкес "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

      "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан мәслихаты төрағасының өкілеттіктерін уақытша атқарушы Н. Руднева