Қаражал қалалық мәслихатының 2024 жылғы 23 мамырдағы № 159 "Қаражал қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ұлытау облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 335 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 29 желтоқсанда № 37708 болып тіркелді

      Қаражал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қаражал қалалық мәслихатының 2024 жылғы 23 мамырдағы № 159 "Қаражал қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №123-20 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің атауы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қаражал қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидаларын бекіту туралы";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қаражал қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.";

      көрсетілген шешіммен айқындалған, Қаражал қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:

      көрсетілген шешімінің 1 қосымшасының атауы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қаражал қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары";

      көрсетілген шешімнің 5 тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші мынадай нормалар шегінде есептейді:

      1) тұтынушылар үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметті тұтыну нормалары пәтерде бір адамға он бес текше метрден аспайды;

      тұрғын үйді жылытуға жеке тұрғын үйдің тұтынушылары үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметті тұтыну нормалары бір шаршы метрге он бес текше метрден аспайды;

      2) табиғи монополиялар саласындағы қызметті реттейтін өңірлік уәкілетті орган белгілеген нормаларға сәйкес тұтынушы үшін электрмен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары;

      3) тұтынушы үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерінің нормалары:

      бір адамға төрт текше метрден аспайтын суық су;

      бір адамға екі текше метрден аспайтын ыстық су;

      4) есептеу аспаптары бар тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары айына бір шаршы метрге нөл бүтін жиырма бес мың гигакалориядан аспайды.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 34) тармақшасына сәйкес облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі бекітетін бір шаршы метр үшін есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары;

      5) қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкету (қоқыс шығару) бір адамға алты жүз елу теңгеден аспайды;

      6) лифттерге қызмет көрсету бір пәтерге мың үш жүз теңгеден аспайды;

      7) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді ұлғайту бөлігінде байланыс қызметтері бір абонент үшін мың үш жүз тоқсан тоғыз теңгеден аспайды;

      8) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге бір шаршы метр үшін алпыс теңгеден аспайтын шығыстар;

      9) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы бір шаршы метр үшін жүз жиырма теңгеден аспайды;

      10) бір адамға арналған шаршы нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр пайдалы алаң, бірақ жалғыз тұратын адам үшін нақты алынатын алаң отыз шаршы метрден аспайды.";

      көрсетілген шешімнің 9 тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "9. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкімет" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.".

      2. "Қаражал қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қаражал қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихаттың төрағасы З. Оспанова