"Астана қаласы барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" Астана қаласы мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы 296/37-VII шешімінің кү

Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 358/47-VIII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 19 желтоқсанда № 37619 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Астана қаласы барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" Астана қаласы мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы 296/37-VII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31530 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихатының төрағасы Т. Зейнұлқабден