"Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға тұлғалардың құқықтарын растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 114 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2025 жылғы 24 қыркүйектегі № 520 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 24 қыркүйекте № 36924 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға тұлғалардың құқықтарын растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 114 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10420 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға тұлғалардың құқығын растайтын құжаттардың тізбесінде:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға, жәбірленушіге - күдікті ретінде тану туралы қаулы, оған қатысты прокурор айыптау актісін жасаған айыпталушыға, сотталушының айыптау үкімі, сотталушының үкімі, соттың ақтау қаулысы, жәбірленуші деп тану туралы қаулы.

      Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес қорғалуға құқығы бар куәгерге - қылмыстық процестi жүргізетін органның қорғаушымен қамтамасыз ету туралы қаулысы.".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтерді ұйымдастыру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Әділет министрі Е. Сарсембаев