Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2025 жылғы 22 мамырдағы № 275 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 22 мамырда № 36139 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволық бағыныстағы ұйымдары үшін тиісті көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 485 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12051 болып тіркелген);

      2) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволық бағыныстағы ұйымдарын телефон байланысымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 612 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12409 болып тіркелген).

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқық түсіндіру және үйлестіру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
Е. Сарсембаев