"Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру қағидаларын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушысының 2023 жылғы 10 тамыздағы № 221 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 17 наурыздағы № 97-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 19 наурызда № 35839 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру қағидаларын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушысының 2023 жылғы 10 тамыздағы № 221 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33311 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру қағидаларында:

      4-тармақ 1) тармақшасында орыс тіліндегі мәтіні өзгереді, қазақ тілінде мәтіні өзгермейді.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
К. Искаков